Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет6/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Ядроның құрылысы. Клетка ядросын 1831 жылы ағылшын ғалымы Роберт Броун ашты. Ядроның пішіні паренхималық клеткаларды шар немесе эллипс тәрізді, ал прозенхималық клеткаларда бұршақ немесе ұршық тәрізді болып келеді. Өсімдіктің түріне, жасына, ұлпалардың типтеріне байланысты ядроның мөлшері өзгеріп отырады. Ядро клеткадағы зат алмасу, өсу, көбею, тұқым қуалауға қатысады, сонымен қатар белоктар мен ферменттердің синтезделуін реттейді. Ядро құрамындағы белоктардың ішіндегі маңыздылары- нуклеопротеидтер, оларддың мөлшері -22,6 пайыз, қалған белоктар- 51,3 пайыз, ДНҚ-14 пайыз, РНҚ-12,1 пайыз. Сонымен қатар ядрода су, кальций, магний иондарыбар. Ядрода ДНҚ және РНҚ болады, ДНҚ-ның мөлщері жоғары және хромосоманың құрамына енеді. Ядро мынадай бөлімдерден тұрады: Ядро қабықшасынан (мембрана), ядро шырыны немесе нуклеоплазмадан, хроматин және ядрошықтан. Мембрана саңылаулары арқылы ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу жүреді. Хроматин ядро шырынында тор түзіп орналасады. Ядро клетканың бөлінуіне қатысады. Клетканың бөлінуін 1835 ж. алғаш байқаған Г.Моль еді. Ол бөліну арқылы қарапайым организмдердің көбейетінін дәлелдеді. Бөліну процестері:
1. Ядро мен цитоплазма арасындағы қалыпты көлемдік қатынастың бұзылып,цитоплазма мөлшерінің шамадан тыс артуына клетка ішіндегі тіршілікке қажетті нәрселерді ядроның реттей алмайтындай жағдайға келуінен.
2. Клетканың бөлінуге өз дайындығынан, яғни қажетті мөлшерде белок, нуклеин қышқылдары және энергетикалық материалдардың жиналуынан болады. Клетканың бөлінуі әруақытта ядроның бөлінуінен басталады. Оның 3 типі бар: амитоз, митоз және мейоз.
Ядро құрамдастарының құрылысын бөлінуден тыс күйдегі, яғни интерфазалық жасушаларда зерттеу ыңғайлы. Себебі, бөлінуге кіріскен митоздық жасушаларда олар өзгеріп, кейбіреулері бөліну аяқталғанша, тіпті жойылып та кетеді. Әдетте, эукариотты (грекше эн- жақсы, carion- ядро; яғни ядролары жетік қалыптасқан) жасушаларда тек қана бір ядро болады, бірақ көп ядролы және ядросыз жасушаларда ұшырасады. Ядро санының көбеюі жасушалардың зат алмасу деңгейін көтеріп, атқаратын қызметтерін арттырады, ал ядросыз жасушалар бөліну қабілетінен айырылып, ұзақ өмір сүре алмайды.
Информациялық ортасы- ядросынан айырылғандықтан, бұлардың цитоплазмасында ақуыздар синтезі өтпейді және жасушаның оларға тәуелді барлық тіршілік әрекеттері бірте-бірте басылады.
Әртүрлі жасушалар ядроларының ішкі құрылысы ұқсас- олар ядролық қабық, ядрошық, нуклеоплазма және хроматиннен тұрады.
Хроматин- ядроның ең маңызды құрамдас бөлігі, себебі, ол тұқым қуалаушылық ДНҚ молекуласы мен оны жинақтап, конденсациялайтын гистондық және гендер белсенділігін реттейтін гистондық емес ақуыздардың кешенінен тұрады. Яғни, ол - жасушаның генетикалық материалы. Хроматиннің (гр.chrota- боялу) асылай аталу себебі- құрамындағы ДНҚ молекуласының негіздік бояулардағы жақсы боялуы. Ядрода хроматинді анықтау үшін цитохимиялық Фельген реакцияны қолданады. Фиксацияланған материалдың кесінділерін конценрациясы күшті қышқылмен дезоксирибоза қанты арасындағы байланыстарды үзеді. Босатылған 2-дезокси-Д-рибозаның ал-дегид топтары Шифф реактивімен айқындалады. Ядроның ДНҚ-сы бар бөліктері бұл реактивпен көк-күлгін түске боялады. ДНҚ-сы мен РНҚ-сын бір мезетте ажыратып айқындау үшін, метильді жасыл және пиронин бояуларын пайдаланатын Броме әдісін қолданады. Бұл бояу әдісі арқылы хроматиннің ДНҚ-сы метильді жасылмен-жасыл түске, ал ядрошық пен цитоплазмалық РНҚ-лары пиронинмен қызыл түске боялады.
Интерфазалық жасушаның ядросында хроматиннің екі түрі – эухроматин және гетерохроматин бар. Эухроматин – хроматиннің деконденсацияланған жіпшелеріне айналған хроматиннің бұл бөліктері жарық микроскобы арқылы зерттегенде ақшыл болып көрінеді, ал, қызметі жағынан генетикалық активті болады, себебі, олар транскрипция және редупликация өтуіне қолайлы.
Хроматиннің деконденсациялану дәрежесіне қарай жасушаның функциялық ахуалы жайлы пікір құрып айтуға болады. Эухроматині көп, бірақ гетерохроматині аз жасушаларда (ядросы- ақшыл түсті), мысалы гепатоциттерде, гендер белсенділігі, яғни транскрипциясы, демек, жасушадағы ақуыз синтезі де жоғары. Хроматиннің бұл түрлерінің арақатынасы керісінше болса- метаболизм деңгейі, демек, жасуша қызметтері де бәсеңдеген.
Гетерохроматин- хроматиннің конденсацияланған аймақтары. Сондықтан, ол транскрипция өтуіне жабық, яғни генетикалық активті емес бөлігі. Хроматиннің бұл күйі ядроны жарық микроскобымен зерттегенде- базофильді тығыз үйіншіктер, дақтар, ал электрондық микроскоп арқылы- тығыз түйіршіктерінің жинақтары түрінде көрінеді.
Ядрошық- интерфазалық эукариотты жасушаның ядросында орналасқан шар пішінді, негіздік бояулармен интенсивті боялатын, диаметрі 1-3 мнм тығыз денеше.
Ядрошықтың өлшемі жасуша қызметінің белсенділігімен арақатынаста болады. Ірі ядрошықтар, әсіресе эмбриондық, ақуыз синтезі белсенді өтіп жатқан және қатерлі ісіктердің тез өсуші жасушалрына тән. Ядрошықтың сыртқы пішіні және жасуша циклінің фазаларына сәйкес өзгеріледі:митоздың профазасында өлшемі кішірейіп,соңында ол, тіпті, жойылып кетеді, ал, телофазасында- қайтадан қалыптасады. Бұл мәлімет ядрошықтың дербес құрылым емес не органелла еместігін туындысы екендігі анықталды. Ядрошық бес жұп акроцентрикалық хромосомдардың рРНҚ гендері орналасқан бөліктеріне- тұзақтарына тәуелді құрылады. Интерфазалық ядрода бұл гендер өте жоғары жылдамдықпен транскрипцияға ұшырап, ядрошықтың 15% құрайтын химмиялық компоненті- алғашқы рРНҚ синтезделеді. Сондықтан, бұл тұзақтар «ядрошықты ұйымдастырушылар» деп аталады. Митоз аяқталысымен, жасушада 10 ұсақ ядрошықтар пайда болады. Олар тез өсіп, бір-бірімен біріккендіктен, интерфазалық ядроға тән бір немесе екі ядрошықтар қалыптасады. Синтезделген алғашқы рРНҚ процесіне ұшырап, үш түрлі ақырғы рРНҚ-ға айналады. Олар цитоплазмадан ядроға түскен рибосомалық ақуыздармеғн байланысып, болашақ рибосомалардың суббірліктерін құрастырады. Ядроылқ тесіктерден цитоплазмаға өткен кіші мен үлкен суббірліктер бірігіп, рибосомаларға айналады. Сонымен, ядрошықтың атқаратын қызметтері: 1) рРНҚ синтездеу; 2) рибосомалардың суббірліктерін құрастыру. Тұжырымдап айтсақ, ядрошық- рибосомаларды жасайтын орталық.
Ядрошықтың нәзік құрылысын көруге болады. Оның ішінде үш аймағы бар: 1) хромосомдардың ядрошықты ұйымдастырушы- ДНҚ аймақтарына сәйкес нашар боялған құрама бөліктері; 2) көптеген алғашқы рРНҚ-дан тұратын фибрильді компоненті; 3) рибосомалық суббірліктің пісіп жетілмеген бастамаларынан тұратын гранульды құрама бөлігі. Ядрошық өлшемінің өзгеруі ең алдымен азаюына немесе көбеюіне байланысты.
Нуклеоплазма- хроматин және ядрошық орналасқан ядроның коллоидтік жүйесі. Ол сұйық бөліктен, ядролық матрикстен және әртүрлі қоспалардан тұрады.
Ядролық қабық - нуклеоплазманы цитоплазмадан ажырататын арасында перинуклеорлы кеңістігі бар, бинарлық мембраналық жүйе. Ядролық қабықтың мұндай құрылысы бетіндегі әртүрлі орталармен әрекеттесуге мүмкіндік тудырады.
Сыртқы мембранының цитоплазмалық бетінде орналасқан рибосомаларында синтезделген белоктар ЭПТ-тың қуысы- нистернамен байланысқан перинуклеорлы кеңістігіне түсіп отырады. сонымен, ядролық қабық пен перинуклеорлы кеңістікті ЭПТ-ң мамандандырылған бөліктері ретінде қарастыруға болады. Шынында, зат алмасу деңгейіне немесе жасуша бөлімінің фазаларына сәйкес ішкі және сыртқы ядролық мембраналардың қайта құрылуы ЭПТ-ның мембраналары есебінен өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет