Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет41/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Әдебиеттер:
1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г.
5. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г.


Лекция № 29, 30


Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары және және экологиялық топтары


Жоспары:
1.Қоршаған ортаның өсімдіктердің сыртқы формасына әсері.
2.Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы.
3.Өсімдіктердің жастық және маусымдық өзгерістері.


Лекция мәтіні: Өсімдік үшін өмір сүруге өте қолайсыз, ағаш өсімдігі өспейтін, бұта, шөптөсін өсімдіктері сирек, кей жерлерде мүлде өсімдік өспейтін, климаты құргақ, жазы өте ыстық, қысы кейбір жерлерде суықтау, температурасы тәуліктің өзінде өзгеріп, ауытқып тұратын және өсімдіктер ылғи да судың, ылғалдың жетіспеуін сезінетін, материкте үлкен территорияны алып жатқан шөлді жерлер бар. Шөл жағдайы, шөл заңы өте қатал.
Шөл-дала аймақтары Африканың оңтүстігі (Намиб, Карру, Калахари, Африканың солтүстігінде – Сахара), Австралияның орталығы, Орта Азияда (Гоби), Американың орталық аудандары, Аравия, Гуран-Каспий ойпаты, Қазақстан жерінің 80%, Өзбекстанның 70% жерлерін шамамен шөл алып жатыр. Кейбір шөл далаларда өсімдіктер едәуір қалың болып та өседі. Бұлар тек ерте көктемде ғана қаулап өседі де, қуаңшылық мерзімі басталысымен қурай бастайды. Мысалы: Мырзашөлде, Түркменстандағы Копет-Даг беткейлерінде өсетін өсімдіктердің даму сатысы осындай.
Құмды шөлдаланың айырмашылығы, құм бөлшектері тозаңымен салыстырғанда анағұрлым ірі болғандықтан (диаметрі 3-0,5 мм) бір-бірімен қатты нығыздалып орналаспай бөлшек аралық қуыстары мол болады. Сондықтан жауын-шашынның, еріген қардың суы, құмга өте тез сіңеді. Құмда майда тозаң болмағандықтан капилляр жүйесі нашар дамиды да құмға сіңген су, күн қызган кезінде қайтадан жоғары өте баяу көтеріледі. Сондықтан да құмға сіңген су босқа ысырап болмай жылдан-жылға құм қабаттарында жақсы сақталынып жиналады. Демек, құм жауын-шашын жинақтаушы. Құмның мұндай қасиеті қазақ халқына ертеден мәлім. Сондықтан да қазақ арасында "құм бар жерде су бар, су бар жерде тіршілікте бар" -дейтін сөз кең таралған. Құмды жерде өсімдіктің жайқалып өсетіні, онда ылғалды жақсы керетін, өлең шөп, қамыс, бидайық сияқты шөптер, сонымен қатар тораңғы, жиде, тал сияқты бұта және ағаш өсөтіні де осыған байланысты. Құмды жерде өсімдіктердің түрлері де өте көп кездеседі.
Құмның өсімдік тіршілігіне қолайсыз жақтары да бар: ол құмның сусуы. Қатты жел тұрған кезде құм сусып өсімдік тамырлары ашылып, сабақтарын құм басып қалады. Осыған сәйкес құмда өсетін өсімдіктердің қолайсыз жағдайларга айрықша бейімделушілік қасиеттері де бар. Құмды шөлдала өсетін өсімдіктерді псамофиттер деп атайды.
Қиыршықты шөлдала - өсімдік өсуіне ең бір қолайсыз орта. Оның себебі топырақта қиыршықты тастардың өте көп кездесетінінен, топырақтың су сыйымдылығы өте төмендеп, су қоры аз жиналады. Сондықтан да қиыршықты шөлдалада өсімдік өте сирек өседі, аласа келеді, жер бауырлап өседі.
Тасты шөлдала - таста мүк, қынадан басқа өсімдік өсе алмайды. Бірақ тастардың жарықтарында, ойпаттарында қиыршық тас, құм, тозаң жиналады. Өсімдік тамыры тек осындай жерлерге ғана тарап, одан өзіне қажетті сумен қоректік заттарды алып отырады. Қиыршықты шөлдалада өсетін өсімдіктерді хасмофиттер деп атаса, тасты шөлдала өсетін өсімдіктерді литофиттер деп атайды. Шөлдала өңірінде өсімдікке күшті әсер ететін бірнеше факторлар бар: күннің өте ыстықтығы, жауын-шашынның аздығынан топырақта судың тапшылығы, осылардың әсерінен қуаңшылық болуы, будан топырақтың сортаңдануы, шөл далалы өңірде көшпелі, сусымалы құмды аймақтардың көлемінің ұлғаюы.
Шөл дала өсімдіктері осындай табиғаттың қолайсыз жағдайларында тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер. Шөл далада өсетін өсімдіктердің түрі, дала орман өңірімен салыстырғанда анағұрлым аз. Бірақ бұл өсімдіктердің көбісінің халық шаруашылығында жергілікті маңызы өте зор. Мысалы: сексеуіл, жыңғыл қуаты мол отын, жусандардың көптеген түрлері, бүйірген, мортық, еркек шөп, жантақ малдың тамаша азығы; ақ селеу, қияқ, жүзгін сияқты өсімдіктер көшпелі, сусымалы құмды бекітудегі маңызы; тораңғы, жиде тамаша көлеңкелі сая, ал басқа көптеген есімдіктер дәрі-дәрмекке пайдаланылып жүр.
Шөлдала өсімдіктерінің құрылысы айырмашылықтарымен және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қасиеттөрі мен тіршілік ету процестері: ксерофит гректің "ксерос" - құрғақ, "фитон" - өсімдік деген сөздерінен құралған термин. Куаңшылық аймақта тіршілік ететін, осы жағдаға бейімделген өсімдіктер. Шөлдала судың тапшы, күннің ыстық жағдайында өсетін ксерофитті өсімдіктерді, орман өңіріндегі ылғалы мол қоңыр салқын жерде өсетін өсімдіктермен (оларды мезофиттер дап атайды) салыстыратын болсақ сырт пішіндерінің өзінде айқын айырмашылық бар. Мезофиттер биік, жалпақ жапырақты, нәзіктеу, түсі ашық жасыл, гүлдерінің күлте жапырақшалары үлпілдеген әсем түсті болып келеді. Ал ксерофиттер болca, аласа, сидиған, жапырақтары өте кішкене, сұрғылт түсті, гүлдері көріксіз, майда болып келеді. Осы құбылыстар өсімдік формасы мен сыртқы орта жағдайларының арасында белгілі бip жүйедегі байланыс бар екендігіне дәлел. Өсімдік формасы, құрылысы сыртқы орта жағдайларының әсеріне сай қалыптасып, сол ортада бейімделу тарихи-эволюция бағытында дамиды. Бірақ өсімдік организмінің құрылысы тұрақсыз, сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты сол бағытта үнемі өзгере береді деп түсінуге болмайды. Организмнің әртүрлі өзінің тұқым қуалаушылық қасиетіне сай, сыртқы ортаның өзгерген жағдайларының әсеріне едәуір төтеп беріп, өзіне тән ерекшеліктерін сақтап дамиды. Егер сыртқы ортаның жағдайлары организмнің түрінің осы жоспардың дамуына мүмкіндік бергенде ғана, түрдің қасиеті сол жағдайлардың әсер ету бағытында, өзінің табиғи құрылыс айырмашылықтарына сәйкес өзгереді. Сондықтан да шөлдаланың жағдайының біркелкі келген бөлшегін алып қарасақ, көптүрлілігінің құрылысы тіршілік қасиеттері бір-біріне сәйкес келмейтін, бірақ қуаңшылыққа төзімді тектес өсімдіктердің өсетінін байқаймыз. Мысалы: тозаң топырақты шөлдалада ақ қусан, бүйірген, мортық, баялыш, изен сияқты бір-бірінен сыртқы және ішкі құрылысы жағынан да алшақ жатқан бірнеше өсімдік' түрлері бірге өседі. Бұлардың барлығы да біркелкі жағдайда өскенімен, тарихи даму (эволюция) нәтижесінде сол қолайсыз жағдайға түрліше жолмен бейімделген. Организмнің сыртқы орта жағдайларына қалыптасып бейімделушілігі тек сол жағдайлардың табиғатына ғана емес, сонымен қатар организмнің өзінің айырмашылықтарына да, ерекшеліктеріне де байланысты. Ксерофиттердің өздері де біркелкі өсімдіктер емес: олар судың тапшылығы, ауаның өте ыстық жағдайларының әсерімен түрлі өзгерістерге ұшыраған өсімдіктер. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар ксерофиттерді 6 түрге бөледі :
1. Суккуленттер - ксерофиттердің айрықша бір түрі. Бұл латынша "суккулентуз" - шырынды деген сөзден шыққан термин. Суккуленттердің өте көп тараған жерлері Американың орталық, Оңтүстік және Солтүстік сонымен қатар Африканың шөлдала аймақтары. Біздің еліміздің өсімдіктер қорында /флорасында/ суккуленттер онша көп емес.
Суккуленттердің өзі 2 топқа бөлінеді: а) сабақты суккуленттер (кактустар, сүттігендер, стаплиялар). б) жапырақты суккуленттер (алое, агавалар). Орыстың атақты ғалымы К.А. Тимирязев суккуленттер туралы былай деген: "Кактустар мен сүттігендер бір-біріиен систематикалық жағынан өте алшақ жатса да сыртқы жағдайдың әсерімен біркелкі өзгеру нәтижесінде, бұлардың сыртқы пішіні бір-біріне өте ұқсас келеді. Шындығында да егер Мексикада өсетін цереус сияқты кактустар мен сүттігендер (Оңтүстік Африканың шөл далаларында өсетін) бір-біріне ұқсастығы соншалықты ғажайып, ботаник мамандар болмаса, басқа ғалымдар олардың әртүрлі тұқымдас өсімдіктер екендігін ажырата алмайды.
Суккуленттердің ерекшелігі, олардың денесінде су қоры мол жиналатын паренхималық тканьдердің болатындығында. Сондықтан да басқа өсімдіктерге қараганда суккуленттер етті, ісінген тәрізді толық, шырынды болып келеді. Мысалы, Америка шөлдалаларында өсетін кейбір кактустардың түрі паренхималық клеткаларында 100-300 литрге дейін су қоры жиналады да, куаңшылық кезінде осы су қорын өсімдік өз тіршілік қажетіне үнемдеп жұмсап отырады. Суды үнемдеп жұмсау кактустардың қүрылысының ерекшелігіне де байланысты. Олардың жапырағы болмағандықтан, өсімдіктің сыртқы көлемі кіші болып, су буландыруы үнемі жүріп отырады. Оның үстіне кактустардың сыртқы жамылғы тканьдардың клеткалары қалың су өтпейтін кутинмен қапталган және өсімдік денесіндегі суды суландырып шығаратын арнаулы аппа­рат тары устьицалар аз болады. Осындай құрылыс ерекшеліктерінің нәтижесінде өсімдік денесіндегі су қоры үнемделіп жұмсалады. Суды үнемдеп жүмсау олардың клетка протоплазмасында суды байланыстырып ұстап түру қасиеті күшті пентоза заттарының мол болуына баиланысты. Куаңшылық кезеңінде суккуленттердің устьицалары жабық болғандықтан, есімдік денесіндегі су қорының ысырап болуы баяулайды, кейде тоқтайды.
Сабақты суккуленттерге кактустар жатады. Бұлардың 1500-ден астам түрлері негізінде Америка, Мексика, Бразилия, Аргентина шөл далаларында өседі. Сабақты суккуленттердің жапырақтары болмайды.
Кактустардың шаруашылықтагы маңызы ете зор. Опунция, цереус, эхиноцереус сияқты кактустардың кейбір түрлерінің жемістері өте шырынды, тәтті болады. Олардың сырт қабығын тазартып тағам ретінде пайдаланады. Кейбір ірі опунциялардың, эхинокактустардың сабақтарын сыртқы тікенектерінен та­зартып малға жем ретінде пайдаланады. Цереус, грандифлорус кактустардың гүлдерінің күлте жапырақшаларынан жасалған препараттар жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Кейбір Кактустар (мысалы, коколея) кармин атты: бояйтын зат алу үшін кейінгі кезге дейін көп пайдаланылып келді. Ол үшін осы кактустардың плантацияларын өсіріп оның үстіне кошениль деген өсімдік битін таратады. Кошениль денесін бояуыш зат ретінде қолданатын кармин қышқылын сіңіреді де кошенильді жинап, оны ыдысқа салып, үстіне су құйса, кармин қышқылы еріп суға шығады.
Суккуленттердің айырмашылығы олардың су қоры сабақтарында емес, негізінде жапырақтарында жиналады. Оңтүстік Африка шөлдала аймақтарында өсетін алоэ, бұл өсімдік үй жағдайларында өсімдік ретінде өсіру үшін Европаға І700 жылдары алынып келінді. Содан бері басқа елдерге де көп тараған. Бұл өсімдіктің дәрі-дәрмектік қасиеті өте жоғары, сондықтан халық медицинасында да, әсіресе асқазан ауруларына жиі қолданылып жүр.
Жапырақты суккуленттерге агавалар жатады. Агаваны монокарпикалық өсімдіктер дейді. Себебі, бұл өсімдік 13-16 жылдан кейін өмірінде бір-ақ рет гүлдеп жеміс береді де, онан кейінгі тіршілік өтуі аяқталып, қурайды. Агаваның Мексикада 140-қа жуық түрі кездеседі.
Эвксерофиттер. Грек сөзі "еу"- жақсы, нағыз деген тер­мин. Бұл қуаңшылық жағдайына барынша төзімді, көбінесе жапырақтарын түк басқан шөлдала өсімдіктері. Эвксерофиттерге жусандар, баялыш, бүйірген, теріскен, изен сияқты өсімдіктер жатады.
Біздің еліміздің шөлдалаларында жусанның көптеген түрі кездеседі. Жусанның тамыр жүйелері нашар өсетін болғандықтан топыраққа 1,5-2 метр терендікке, ал сортаң топырақты жерлерде 50-60 см тереңдікке дейін ғана енеді.
Баялыш - аласа, тарам-тарам болып өседі. Сабақтарында су қоры жиналатын паренхималық клеткалары болғандықтан шырынды болып келетін бұта өсімдігі. Тамыр жүйесі топырақ түрлеріне қарай 2 метр тереңдікке дейін жетеді.
Теріскен - жапырақтарын түк басқан, сабақтары тарамдалған бұта өсімдік. Тамыр жүйесі кей жағдайда 6 метр тереңдікке дейін жетеді.
Изен - сырт құрылысы жағынан жусанға ұқсас өсімдік, бірақ оның тамыр жүйесі жусанмен салыстырғанда, анағұрлым тереңірек 3-3,5 метрге дейін барады.
Эвксерофиттердің өсу процесі белгілі бір ырғақпен жүреді. Көктем басталысымен, топырақтағы ылғал мол кезінде, өсу процестері қарқынды болады да көктемнің аяқ кезінде гүл бүршіктері пайда болады. Бұл өсімдіктер көбінесе мал жем-шөп ретінде пайдаданылады. Жазғы куаңшылық басталысымен өсімдіктердің өсу процесі баяулайды да, енді біраз уақыттан кейін мүлдем тоқтайды. Ал жаз айларының орта кезінде су жетіспеушілік салдарынан жапырақтары болып, қурап, бірте-бірте түсе бастайды. Бірақ осындай қуаңшылық жағдайдың өзінде олардың гүл бүршіктеріне аса үлкен зақым келмейді. Кейбір ғалымдардың піхірінше қуаңшылық жағдайда жапырақтардың солып, қурауы жапырақта судың буланып, ысырап болуына байланысты ғана емес ескі жапырақтардағы су мен қоректік заттардың өсімдіктің жас мүшелөріне қарай (жас жапырақтарына, сабақтарына, гүл бүршіктеріне) жылжуына байланысты. Осындай биологиялық ерекшеліктердің нәтижесінде куаңшылық жағдайда көптеген өсімдіктердің жапырақтары қурап түскенімен өсімдік өзінің тіршілік процесін сақтап қалады. Бұл сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына бейімделушіліктің бір жолы.
Күзгі жауын-шашын басталысымен эвксерсфиттер тіршілік процесін тағы да жеделдендіріп гүлдеп, түйін тастап даму циклін толық аяқтайды.
Гемиксерофиттер, "гемий" грекше шала деген мағынада. Ксерсфиттерге қарағанда гемиксерофиттердің сумен жабдықталуы "қолайлы" жағдайда болады. Мысалы, жантақ-гемиксерофит өкілі. Жантақ ескен жерді соқамен жыртқан кездің өзінде жантақтың сабағы түп жағынан кесіледі де оның суға дейін баратын тамыр жүйесі топырақтың астыңғы қабатында кем дегенде жыл бойы тірі күйінде сақталады. Тамырда тіршілік процесі жойылмағандықтан тамыр қысымының нәтижесінде тамырға сіңген су жоғары қарай жылжып отырады да кесілген жерінен ағып топыраққа сіңеді. Су жеткілікті болғандықтан жантақ жапырақтары қалың ашық жасыл түсті болып өседі. Стипаксерсфиттер латынша "стипо"- нығыздалған, толық деген сөзден құралған термин. Бұған негізінен шөлдала аймағында өсетін астық тұқымдас өсімдіктер жатады. Мысалы: бидайық, еркек шөп, тырса, көде шөп. Бұлардың тамыр жүйесі шашақты онша көп тереңдікке енбейді. Устьица аппараттары жапырақтың астыңгы жағына емес, үстіне орналасады. Жапырақтың үсті қырлы, қалың кутикула қабатымен қапталған. Жапырақтың үстіндегі қыр аралық сайларында қабығы өте жұқа қозғаушы клеткалар орналасады. Күн қызған кезде бұл клеткалардағы су тез буланады да клетка жиырылады. Осының нәтижесінде жапырақ түтік тәрізді оралады да устьицалар оның ішкі бетінде қалады. Сондықтан судың устьица арқылы булануы тоқталып, өсімдіктегі су басқа ысырап болмайды.
5.Пойкилоксерофиттер - грекше "пойкилос"- әртүрлі деген
сөз. Бұған шөлдала аймағында тіршілік ететін, өзінің су режимін басқа ксерофиттер сияқты реттей алмайтын өсімдіктер жатады. Мысалы: тас бетінде өсетін қына есімдіктері. Олар су мол жағдайда "қаулап" өседі де қуаңшылық кезеңде қурайды. Бірақ осы қураған жағдайда, пойкилоксерофиттер өзінің тіршілік қабілетін жоймайды. Аз да болса ылғал бар кезде шар қайтадан "қаулап" өсе бастайды.
6. Эфемерлер - грекше "эфемерус" - бір күндік деген мағынада яғни даму мерзімі өте қысқа қызғалдақ, мортық, шытыр сияқты көктемгі ылғал мол кезде қаулап есетін, жазғы қуаңшылық басталғанға дейін өзінің даму циклын толық аяқтайтын өсімдіктер тобы жатады. Сондықтан да эфемерлерді кей мамандар қуаңшылықтан қашып құтылатын өсімдіктер деп те атайды.
Галофит деген грек сөзі "галос" - тұз, фигон - өсімдік деген сөзден шыққан. Яғни, бұл сор және сортаң топырақты жерлерде тіршілік ететін топырақтағы түздардың зиянды, улы әсеріне төзімді өсімдіктердің түрлері жатады. Ксерофиттер сияқты галофиттер де біркелкі өсімдіктер емес. Галофиттер бірнеше түрге бөлінеді:
а) Эвгалофиттер - нағыз галофиттер. Бұл термин гректің "ау" жақсы, нағыз "галос" - тұз, "фитон" - өсімдік деген сөздерінен құралған термин. Увгалофиттерді, кейде тұз жинаушы өсімдіктер деп те атайды. Оның себебі топырақтагы тұздар суда еріген күйінде тамыр жүйелері арқылы өсімдікке қабылданылып, оның денесіндегі клетка шырындарында жиналады. Тұздар топырақта неғұрлым көп болса, өсімдік клетка шырындарында солғұрлым көп жиналады. Жиналған тұз өсімдіктердің клетка шырындарының концентрациясы осмос қысымын арттырып сортаң топырақтан - судың қабылдануын жақсартады. Сортаң топырақта өсетін кекпек сияқты өсімдіктің клетка шырынының осмостық қысымы ас тұзының 5-6 процентті ерітіндісіне тең. Бұл өсім­дік тұзы мол топырақтан суды оңай қабылдай алады. Кейбір эвгалофиттердің мүшелері өте сулы, суккулентті болып келеді. Мысалы, қызыл сораңғы, найза қара. Себебі, бұл өсімдіктердің денесінде сумен түздың мөлшері бірдей ұлғаяды. Галофиттердің құрылысының суккулентті болуы, өсімдік денесінде тұздар концентрациясының аса ұлғайып кетпеуін реттеуге бейімделушіліктің бір жолы.
б) Крипгалофиттер - деген гректің "крипо" - бөліп шығару
деген сөзінен құралған. Бұлар денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығарып тұратын өсімдіктер. Бұған кермек, жыңғыл, ала-
бұта сияқты жапырақтарының сыртына бөлініп шыққан тұздардың
жұқа қабыршағы қаптап, соның салдарынан жапырақ сырты жылтырап тұратын өсімдіктер жатады. Кейбір крипгалофиттердің жапырақтарының үстінде өзінің денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығаратын арнаулы бездері болады. Мысалы, кермектің жапырағының 1 шаршы мм көлемінде осындай бездің саны 700-ге дейін жетеді. Бұл бездер бір сағат ішінде 0,05 мг- ға дейін ас тұзын бөліп шығара алады.
в) Гликогалофиттер грекше "гликос" - тәтті деген сөз. Дене мүшелеріне түздарды өткізбейтін гликогалофиттер. Тұзданған сортаң топырақта өскенімен бұл өсімдіктердің (мысалы кейбір сор жерлерде өсетін жусандар) тамырының ішкі анатомиялық құрылысында пробка қабаттары өте ерте пайда болады да, топырақ ерітіндісіндегі тұздар осы пробка қабатынан өте алмағандықтан өсімдік тұз көп мөлшерде жиналмайды.
г) Тұз жинағыш галофиттер. Бұған көкпек, алабұтаның кейбір түрлері жатады. Бұл өсімдіктердің денесіне енген артық тұздар сыртқа бөлініп шықпай жапырақтың астыңғы не үстіңгі бетіне орналасқан қуыс бездерге жиналады.
Псаммофиттер - грек сезі "псамос "- құм.фитон - өсімдік деген сөздерден құралған термин. Құмды шөлдала өсетін негізгі қасиеті сусымалы құмның қолайсыз әсеріне төтеп беруге бейімделген өсімдіктер. Егер сусымалы құмда нәзік, жалпақ жапырақты өсімдіктер өсетін болса, сусу кезінде майда құм қиыршықтары мұндай жапырақтарды тесіп қатты зақымдаған болар еді. Сондықтан да псаммофиттердің басым кепшілігінің жапырақтары өте майда (теріскен) тілімді жіңішке (ақселеу) және өте қатты (қияқ) кейде тіпті жапырақсыз (құлан құйрық, жүзгін) болып келеді. Құрылысы мұндай жапырақтар сусымалы құм сусыған кезінде құм қиыршықтарынан ешқандай зақым шекпейді.
Сусымалы құм сусыған кезінде псаммофиттердің тамырларын көбінесе ашылып қалады не болмаса сабақтары құмға басылып қалады. Ашылып қолған тамырлары құрғақ ауада қадса, аңызақ желдің, ыстықты өткізбей, тамыр бойындағы суды сыртқа шығартпай, тамырдың ішкі тканьдарын құрғақшылықтан қорғайды. Сондықтан да жүзгіннің, шайырдың, теріскеннің көшпелі сусы­малы құмдарда тамырлардың көбі ашық жатса да, өсімдік бұдан еш зақым шекпей көгеріп өсіп тұрады.
Құмда өсетін ақселеу, қияқ, еркек шөп сияқты псаммофиттер көбісінің тамырлары ұзына бойы майда құм қиыршықтарынан құрылған түтікпен қапталған. Оның себебі өсімдік тамыры арқылы сыртқа кілегейлі органикалық зат бөліп шығарып отырады. Шырын зат тамыр айналасындағы майда құм қиыршықтарын бір-бірімен жапсырып, қураған соң қатты цементтелген түтік пайда бола­ды. Тамыр осы түтік ішінде орналасады. Түтік пен тамырдың арасындағы аздаған қуыстықтың ішінде ауа бар. Мұндай түтік құм сусуы кезінде ашылып қалған өсімдік тамырын күн сәулесінің ыстық зардабынан қорғап, аңызақ желді өткізбей, тамырда құрғатпай жақсы сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет