Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет36/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Жыныссыз көбею.  Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар (грекше spore - тұқым) құрылық өсімдіктеріне тән, олар өз бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан, ауа толқандары арқылы таралады. Зооспорала (грекше «zoon» - жануар, zoospore – қозғалатын спора) суда, ылғалға қаныққан топырақта өсетін өсімдіктерге тән, бұлар талшықтармен жабдықталған, соның көмегімен өз ортасында қозғала алады. Споралар арқылы төменгі сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі (балдырлар, саңырауқұлақтар), жоғары сатыдағы мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділер көбейеді. Бұл кейінгілерлің тұқым арқылы көбейетіндерден (жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылар) ажырату үшін жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер деп атайды. Өсімдіктерде споралардың пайда болуын споралану дейді.
Споралар – митоз немесе мейоз жолымен пайда болатын арнаулы клеткалар. Митоз жолымен пайда болған спораларды митоспоралар, мейоз жолымен пайда болғандарды мейоспоралар деп атайды. Митоспоралар балдырларға ғана тән, ал мейоспораларға жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Спора және зооспоралар бір клеткадан, сирек жағдайда екі клеткадан тұрады, пішіндері: шар, элипс немесе цилиндр тәріздес. Көпшілік жағдайда гаплоид ядролы, кейбір өсімдіктерде ғана диплоидты немесе дикарионды. Споралар цитоплазмасы қоректік заттарға, әсіресе май мен витаминдерге бай. Спора қабықшасы саңылаулы (пора) болатындықтан, кутин мен балауыз сіңіп, қалыңдай түседі. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды.
Пайда болу орнына қарай, эндоспоралар және экзоспоралар деп бөлінеді. Эндоспоралар арнаулы орындарда жетіледі. Эндоспораларға сәйкес зооспоралар пайда болатын жасушалар немесе мүшелер спорангий және зооспорангий деп аталады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде спорангий бір жасушалы мүше, оның клетка құрамындағы заттар бөліне келіп, споралар жетіледі, споралар санының артуына қарай спорангий қабықшасы жарылып, споралар сыртқа шығады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде спорангий көп жасушалы мүше, оның сыртын бірнеше қабат қабықша қаптап тұрады. Жас спорангий ішінде спорогенді ұлпа қалыптасады, оның жасушаларының мейоз жолымен бөлінуінен мейоспоралар пайда болады.
Жынысты көбею.  Жынысты көбею кезінде физиологиялық қасиеттер тұрғасынан айырмасы бар гаметалар қосылып, зигота пайда болады. Ядролардың қосылуынан жыныс процесін негізгі кезеңі ұрықтану орындалады. Зигота ядросы диплоид хромосомасына ие болады. Зигота ядросының диплоидты хромосомының генетикалық тұрғыдан алғанда әр түрлі ұрпақтың тұқым қуалаушы қасиеттері бірігеді. Пайда болған жас ұрпақтардың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі артуы - жынысты көбеюдің биологиялық мәнін арттырады. Өсімдіктерде гаметалардың әр түрлі болуына байланысты, жыныстық көбеюі түрліше болады. Жынысты көбеюдің қарапайым түрі – хологамия (грекше «холос» - тұтас; «гамео» - некелесу). Кейбір біржасушалы қатты жасуша қабықшалары болмайтын балдырларда тіршілігінің белгілі бір кезеңінде, бір жасушалы организмдер гаметаларының қызметін атқарып, өзара қосылады. Қосылған екі жасуша сырт көрінісі бойынша бірдей. Өсімдіктердің арнаулы мүшесінде – гаметангийда гаметалар жетіледі Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа жасушасы пайда болатын гаметангийлар оогонийлар (грекше «оон» - жұмыртқа; «генес» - туу, шығару) деп, ал жоғары сатыдағылар архегонийлар (грекше «архегонос» - алғашқы, бастапқы) деп аталады. Аталық гаметангийлар екеуінде де антеридий («антерос» - гүлденген) деп аталады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангийі, спорангийлары сияқты – бір жасушалы, жоғары сатыдағыларда – көп жасушалы. Гаметалар қатты қабықшасыз, жалаңаш және талшықтармен жабдықталған.
Жынысты көбеюдің бір түрі – изогамия (грекше «изо» - тең), мұнда қосылатын гаметалар пішіні, көлемі жағынан бірдей, физиологиялық ерекшеліктері жағынан айырмасы бар. Аналық гаметалар «+», ал аталық гаметалар «-», таңбасымен белгіленеді. Изогамия балдырларда және кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі. Гетерогамияда (грекше «гетерос» - әр түрлі, өзгеше) жынысты көбею кезінде қосылатын гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қимылдайды. Жынысты көбеюдің оогамия түрінде гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, талшықсыз, қозғалмайтын болып келеді. Мұны жұмыртқа жасушасы немесе аналық гамета деп атайды. Екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі, цитоплазма мөлшері аз болады. Бұл – аталық гамета немесе сперматозоид (грекше «сперма» - тұқым). Тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде эволюция барысында аталық гаметалары талшықтарын жоғалтқан, қозғалмайды. Олар спермия деп аталады.
Ұрпақ ауысуы және фазалар алмасуы.  Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бірін-бірі толықтырып отырады. Өйткені жыныссыз көбею кезінде түрдің саны артса, жынысты көбеюде ұрпақтың сапасы жақсарады. Сондықтан да өсімдік түрлерінің басым көпшілігіне ұрпақ ауысу тән, яғни жыныссыз ұрпақ жынысты ұрпақпен және керісінше ауысып отырады. Әрқашан гаметофит гаплоидты (n), спорофит диплоидты (2n). Гамета мейоз жолымен, ал спора митоз жолымен бөліну арқылы жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет