Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе


Пиязшық - түрі өзгерген жерасты, кейде жерүсті өркені. Оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған өсьтен тұрады да, оның түбіртек



бет33/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Пиязшық - түрі өзгерген жерасты, кейде жерүсті өркені. Оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған өсьтен тұрады да, оның түбіртек немесе түбіршік деп атайды. Түбіртекте бойына су және қоректік зат жинақтайтын шырынды - етженді жапырықтар орналасады. Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары құрғақ, жұқа қабықшалы, олар қорғаушы қызмет атқарады. Қысқарған сабақтын төбелік бүршігінен жерүсті өркені, ал оның түбінен қосалқы тамырлар дамиды. Пиязшықтар негізінен лалагүлділер тұқымдасына тән. Пиязшық- вегетативтік көбею мүшесі. Пиязшықтың ерекше түрі лалагүлділрдің гүл шоғырында немесе вгетативтік өркендерінде, болмаса сабақтағы жапырақ қойнауында қалыптасады. Мұндай пиязшықтар ұсақ, көбеюге арналған, вегетативтік немесе генератитивтік бүршіктер. Пиязшықтың тамырсабақтан және түйнектен ерекше,мұнда негізінен жақсы дамитын сабағы емес, жапырағы.
Түйнек пиязшығы - түйнекпен пиязшықтың арасындағы өтпелі формасы. Сырт көрінісі бойынша пиязшыққа ұқсаста, ал морфологиялық жағынан түйнекке жақын. Оның жапырақ қабыршақтары құрғақ, ал қорылық заттар жуандаған сабағында жинақталады.
Өркеннің жер бетіндегі түрленуіне мұртшалар, столандар, кладодий, филлокладий және тікендер жатады.
Мұртша және жер бетіндегі столандар - бұл тамырсабақпен кәдімгі жер үсті өркендерінің арасындағы өтпелі формалары. Олардың буын аралықтары ұзын және төмен жапырақтары мен қосалқы тамырлары болады. Тамырланған буындардағы қолтық бүршіктен жер үсті өркені өседі.Жер үстіндегі столонның өмірі онша ұзақ емес, көк жапырықты , жылжи өсетін, фотосинтезтеуші, вегетативтік көбеюші және өсімдіктің өсу ауданын молайтатын өркен. Мұртшалардың жасыл жапырағы жоқ, сабақтары өте нәзік, жінішке, буынаралықтары ұзын болады. Төбелік бүршігі тамырланғаннан соң, олар жойылады.
Кладодий- жасыл жапырақ тәрізді, жалпақ, өзгерген сабақ. Бұған мысал, өзінің ұзақ өсуге бейімділігін сақтайтын австралиялық мюленбекия өсімдігінің жалпайған сабағы.
Филлокладий - өсу шекті, жапырақ тәрізді, жалпайған өркен. Оның жалпайған беткі жағында қабыршақта жапырақшалар және гүлшоғырлары пайда болады. Филлокладийға мысал ретінде кірпішөпті алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет