Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет29/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Күнбағыстың сабағының сыртын, үлкен көп клеткалы түктері бар (трихомалары) эпидермис жауып тұрады, оның астында арқаулық ұлпа — колленхима орналасады. Колленхиманың астында алғашқы қабықтың паренхимасының аздаған қабаты жатады, ол эндодерманың иректелген қабатымен аяқталады. Паренхимада схизогендік смола жолдары болады. Сонымен, алғашқы қабық колленхимадан, негізгі паренхимадан, эндодермадан тұрады.
Алғашқы қабықтан өзекке қарай, орталық цилиңдр орналасады. Ол шеңбердің бойымен қабыкдтсы жұқа паренхималық клеткаларымен алмасып келіп отыратын, склеренхиманың участкелерінен тұратын, перициклдік зонадан басталады. Склеренхиманың сілемдері (тяжи), қалай болса солай емес, коллатеральды сосудталшық шоқтарымен комплексте болады және олар шоқтың флоэмалық бөлігіне жанасып жатады. Шоқтары ашық, олар сабақтың айналасында бірқалыпты орналасады. Шоқтық камбийдің бірнеше иілген зонасы, шоқтың деңгейінен асып, шоқаралық камбийдің иілген доғасьш түзеді. Камбийдің жалпақ зонасы оның белсеңділігінің дәлелі. Шындығында, екі айдың ішінде күнбағыстың сабағы 8—10 есе жуандайды. Шоқаралық камбий прокамбийден өткізгіш шоқтары түзілгеннен кейін, негізгі паренхимадан пайда болады. Осыдан кейін барып шоқтық камбийдің жұмысы басталады. Шоқаралық камбий жаңа өткізгіш шоғының элементтерін: сабақтың өзегіне қарай ксилеманы және шетіне қарай флоэманы береді. Біртіндеп ескі және жаңа шоқтар ұлғайып қосылады. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесіңде шығыңқы өсінділері бар, өзекке және флоэманың тұтас қабатына өтіп жататын, камбийдің біртұтас қабаты пайда болады. Озектің үлкен клеткалардан тұратын паренхимасы, сабақтың негізгі бөлігін түзеді. Құрылысы шоқтық болып келген, сабақтың алғашқы құрылысы, осыған дейінгі жағдайдағы секілді шоқтық болып келеді. Айырмашылығы камбийдің белсенділігіне бай ланысты болады. Шоқтық камбий соңғы флоэманың және соңғы ксилеманың элементтеріне, ал шоқаралық камбий тек өзектік сөулелерді түзетін паренхимаға айналады. Сонымен сабақтың соңғы құрылысыңда, өткізгіш ұлпалардың шоқ түзіп орналасуы сақталып отырады. Сабақтың мұңдай құрылысын бірқатар, шөптесін өсімдіктерден кездестіруге болады (кирказон, асқабақ, сүйелшөп-чистотел және басқалар).
Кирказонның сабағының эпидермисі, кути-куламен жабылған болып келеді. Оның астыңда көбіне табақшалы, сиректеу бұрыштық колленхима орналасады. Паренхимасы қабықшасы жұқа, ірі клеткалардан тұрады. Олардың кейбіреулеріңде друз түрінде қымыздық (щавель) қышқылы кальцийдің кристалдары болады. Алғашқы қабық қабаты эндодермамен аяқталады.
Орталық хщлиңдрдің сыртқы қабатыньщ клеткалары — склеренхималар перицикдден пайда болған. Сабақтың көлденең кесіңдісіңде склеренхималар көпбұрышты, бір-біріне тығыз жанасып жататын, қабықшалары қалың, қарапайым поралары бар клеткалардан тұрады. Склеренхималық шеңбердің ішкі шекарасы толқьінды болып келеді. Шоқтың үстінде ол өдетте көтеріңкі, ал шоқтардың арасында ойыстау больш тұрады.
Коллатеральды өткізгіш шоқтары, шеңбердің бойымен, бір қатарға орналасады. Флоэмасы өзін қоршаган паренхимадан, біршама ұсақ клеткаларымен ажыратылады. Ол електі түтіктерден, серіктік клеткалардан және қабықшалары жұқа тін паренхималарынан тұрады. Шоқтың сыртында орналасқан алғашқы флоэманың түрі өзгеріске ұшырайды. Камбийден пайда болған соңғы ксилема, диаметрі үлкен түтіктерден (торлы түтіктерден), сүректік талшықтардан және сүректік паренхималардан тұрады. Алғашқы ксилема өзекпен шекерада орналасады. Ол диаметрі кішкентай, аздаған сақиналы, спиральды түтіктерден және трахеидтерден тұрады.
Ксилема мен флоэманың арасыңда камбий зонасы жатады. Камбийдің шоқтары, алғашқы өзектік сәулелермен бөлініп тұрады. Дамудың соңғы фазаларында, өзектік сәулелердің паренхимасынанда камбий түзіледі. Шоқаралық камбийдің участкелері шоқтық камбиймен жалғасып, тұтас камбийлі шеңбер түзеді. Шоқаралық камбий тек өзектік сәулелердің паренхимасын береді.
Өзек сирек орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Олардың да кейбіреулеріңде друздар болады.
Қорыта келе атап өткен жөн, қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы, ағаштармен бұталарға қарағанда алуан түрлі болып келеді. Оның өзі шөптесін өсімдіктердің жоғарғы деңгейде маманданғандығының белгісі болып есептелінеді. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысының ағаштардан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктеріне: феллогеннің болмауын немесе оның нашар жетілуін, паренхималық клеткаларының көп басым болуын, камбийдің қызметінің нашарлауын, механикалық ұлпалардың және кейбір өткізгіш ұлпалардың редукцияға ұшырауын жатқызуға болады.
Дара жарнақты жабык, тұқымдылардың сабағының кұрылысы.
Тамырлары секідді сабақтарының да құрылысы тек алғашқы болып келеді. Құрылысының типі шоқты. Сосудталшық шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіңдісіңде олар, негізгі паренхиманың барлық жеріңде ретсіз шашылып жатады. Алғашқы қабық қабатымен орталық цилиңдрдің арасында көп жағдайда айқын байқалатын шекара жоқ. Сабақтардың механикалық мықтылығын қамтамасыз ету үшін, склеренхималық шоқтармен бірге, эпидерма мен паренхималық клеткалардың қалыңдаған және сүректенген қабықшаларының да қатысы болады. Дара жарнақтыларда камбий түзілмегенімен, олардың кейбіреулеріңде (негізінен ағашты лалагүлділерде) перициклден меристемалардың пайда болуына байланысты, екінші реттік жуандау байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет