Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет26/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшыңда алғашқы меристема орналасады (өсу конусы). Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналаады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысыңда ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.
Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астыңда орналасқан арқаулық (механикалық) ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы, оның клеткаларының көптеген бөлігін хлорипластар алып жатады; эндодерма алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дөндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал қынабы деп те атайды.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атай-ды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан түрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар — камбий жөне феллоген пайда болады. Кейде перицикдде паренхималармен бірге склеренхимада болады (перициклдық талшық). Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында қабықшалары жүқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады.
Сабақтың алғашқы құрылысыңдағы байқалатын айырмашылықтар, прокамбийдің түзілу жолдарына байланысты. Жалаңаш түқымдыларда және қосжарнақты жабық тұқымдыларда прокамбий екі түрлі жолмен қалыптасады. Бірінші жагдайда прокамбийдің жекелеген бөліктері (сілемдері-тяжи) тікелей шеңбердің бойымен орналасады. Яғни өткізгіш ұлпалары сабақтың алғашқы құрылысыңда шеңбердің бойымен жекелеген шоқ түрінде орналасады және алғашқы өзектік сәулелерді түзетін паренхиманың учаскілерімен бөлініп тұрады. Екінші жағдайда прокамбий цилиңдрдің бойымен орналасады. Бұл жағдайда сабақтың алғашқы құрылысыңда өткізгіш ұлпалары цилиндрдің бойымен орналасады. Дара жарнақтыларда прокамбийдің участкелері (сілемдері-тяжи), сонымен бірге одан дифференциацияланатын сосуд талшық шоқтары орталық цилиндрдің барлық жерлерінде, тіптен өзегінде де біршама еркін және шашыраңқы орналасады.
Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашыльгғъш көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамьфдың орталық цилиндріңде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытга эпидермасы мен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальды болъш келеді және орталық гшлиндрдің ортасыңда орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет