Соңғы құрылысы. Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың - камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтаңда ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманьщ арасыңда түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасьшан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтық өзіне төн гистологиялық элементтері — сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары жөне өзектік сәулелердің паренхималары бар, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасьшан тұратьш соңғы ксилеманы бөліп шьгғарады.
Атап көрсеткен жөн, соңғы сүректің элементтері, әдетте соңғы қабықтың элементтерінен әлде қайда көп бөлінеді. Камбийдің белсенділігінің нәтижесінде сабақ қалыңдап жуаңдайды. Соңғы құрылысқа ауысқаңда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан, алғашқы және соңғы қабықтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен тұрады.
Сабақтың соңғы құрылысының алуан түрлілігі, оның алғашқы құрылысының алуан түрлілігіне, сонымен бірге камбийдің белсенділігіне байланысты болып келеді. Сабақтың соңғы құрылысының мынадай типтері ерекше кең таралған: шоқсыз, аралық, шоқты. Құрылысы шоқсыз болып келген жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен түзіліп қалыптасады да, көп ұзамай камбийге айналады. Яғни, сабақтың алғашқы және соңғы құрылысыңда да флоэма мен ксилеманың элементтері тұтас цилиңдрдің бойымен орналасады. Сабақтың құрылысының бұл типі ағаштарға (қылқанжапырақтыларға және жалпақ жапырақтыларға), сонымен бірге кейбір шөптесін өсімдіктерге тән (қызыл бояу, шырмауықгүл, зығыр және басқалар).
Қарағайдың сабағының ортасында аздаған қабықшалары жұқа клеткалардың участогі - өзек орналасады. Өзектен шетке қарай сабақтың көп бөлігін сүрек қабаты (ксилема) алып жатады. Ол трахеидтерден тұратын шеңберлі қабаттар — жылдық сақиналар түзеді. Жылдық сақинаның түзілуін камбийдің жылдың маусымына қарай белгілі бір ырғақпен (ритммен) жұмыс жасауына байланысты болады. Камбийдің ең белсенділік көрсететін уақыты көктем. Осы кезде камбийден қабышалары жұқа, қуысы кең өткізгіштік қызмет атқаратын түтіктер (трахеидтер) пайда болады. Жазда камбийдің белсенділігі біршама төмевдейді де, қабықшалары қалың, қуыстары тар, негізінен арқаулық (беріктік) қызмет атқаратын түтіктер түзіледі. Қыста салқынға байланысты өсімдіктердің вегатативтік кезеңі үзіледі. Соған байланысты камбийдің жұмысы тоқтайды. Сондықтанда жазғы сүректен, көктемге өту күрт болғандықтан, жылдық сақиналар жақсы байқалады.