Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет28/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Сүректің құрылысы. Сүректің барлық жерінде, әсіресе жылдық сақиналардың күздік участкесінде смола жолдары орналасады. Трахейдтердің сілемін (массив) радиус бойынша бірқатар паренхималық клеткаладан тұратын өзектік сөулелер қиып өтеді. Олар арқылы горизонталь бағытта әртүрлі заттардың жылжып ағуы жүзеге асады. Сонымен қарағайдың сүрегінің құрылысы басқа қылқанжапырақтылардағы секілді біртектес және соған байланысты қарапайым болып келеді: бұларда түтіктерде, сүректік талшықтарда жоқ, ал сүректік паренхимасы тек өзектік сөулелердің клеткаларынан және смола жолдарының эпителиалдық клеткаларынан тұрады.
Сүрекпен соңғы қабық қабатьшың ортасында камбий орналасқан. Соңғы қабық алғашқы және соңғы флоэмадан және прициклдық зонадан тұрады. Електік түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Олардың арасында біршама үлкен, дөңгелек болып келген тін паренхимасының клеткалары орналасады. Өзектік сөулелері флоэмада да бірқатар клеткалардан тұрады, бірақта олар ксилемадағыларға қарағанда біршама үлкендеу болады. Флоэмадан сыртқа қарай алғашқы қабықтың үлкен паренхималық клеткалары орналасады, олардың ішінде үлкен смола жолдары байқалады. Тозды бір-бірімен алмасып келіп отыратын, қабырғалары жұқа сүректенген клеткалармен, қабырғалары қалың болып сүректенген (ағаштанған) клеткалардың қабаттары түзеді.
Сонымен қылқанжапырақтылардың кабық қабатында екі структуралық ерекшелікті: електі түтіктерінде серіктік клеткалардың болмауын және алғашқы қабағында да, сүргінде де смола жолдарының болуын атап өтуге болады.
Жөкенің сабағының құрылысы қосжарнақгы ағаштарға тән болып келеді. Сабақтың ортасында қабықшалары жұқа болып келетін клеткалардан тұратын өзектің аздаған участоктері ораласады. Өзекті қалың болып келген сүрек қабаты қоршап жатады. Сүрек қабатының өзекпен шектескен жерінде кішілеу төмпешіктер түзіледі. Бұлар негізінен сақиналы және спиральды сосудтардан тұратын алғашқы сүректің участкелері. Соңғы сүректің қарағайдағы секілді жылдық сақиналары болады, олардың көктемгі учаскелері диаметрі үлкен түтіктерден, ал жазғы және күзгі учаскелері трахевдтері басым болып келетін, диаметрі кіші түтіктерден және сүректік талшықтардан түрады.
Сүректің айналысын камбий қоршап жатады, оның сыртында трапеция типтес болып флоэманың участкелері орналасады. Бұл участкелер серіктік клеткалары бар, електі түтіктердің қабаттарынан жөне тін талшықтарының қабаттарымен кезектесіп келіп отыратын тіндік паренхималардан тұрады. Флоэманың участкелерінің арасында жалпақ өзектік сәулелер орналасады, олар сүрек қабатында бір қатар клеткаға дейін жіңішкереді. Флоэма мен өзектік сәулелерден кейін, шеңбердің бойымен кезектесіп келіп отыратын тін талшықтарының тобынан (флоэманың участкелерінің қарсысында) және паренхималық клеткалардан (өзектік сәулелердің қарсысыңда) тұратын перициклдік зона орналасады. Флоэманың участкелері, өзектік сәулелердің паренхимасы және перициклдік зона бірігіп соңғы қабық қабатын түзеді. Соңғы қабықтан сыртқа қарай алғашқы қабық орналасады. Перициклдік зонаға эндодерма жанасып жатады. Ол ағаштарда нашар жетілген жөне өзінен кейін орна-ласқан, ішіңде көп жағдайда қымыздық (шавель) қышқылы кальцийдің кристаддары (друздар) кездесетін үлкен паренхималық клеткалардан айырмашылығы жоқтың қасында болып келеді. Осы паренхималардың сыртыңда табақшалы колленхима мен перидерма орналасады. Кейбір өсімдіктердің (емен, тисс және басқалар) жасы ұлғайған сайын, олардың сүрегінің ескі бөлігінде метаболизмнің өнімдері жиналады — илік заттар, смолалар, камедилер, тұздар, соған байланысты оның түсі қараяды. Бұл ядролык, сүрек деп аталады. Сүректің қабыққа жақын жатқан ақшыл қабатын шел шабық деп (заболонь) атайды.
Зығырдың сабағының үстінде, сырты кутикуламен жабылған эпидермистің үлкен клеткалары орналасады. Эпидерманың астыңда ішінде хлорофилл дәндері бар қабықтың паренхималық клеткаларының аздаған қабаты жатады. Алғашқы қабық біршама үлкендеу клеткалардан тұратын эндодерманың толқынды қабатымен аяқталады. Эндодермадан өзекке қарай дөңгелек немесе көп бұрышты қабықшасы қалың болып келген үлкен клеткалардың тығыз тобы жатады. Бұл перициклден пайда болған тіл талшықтары. Зығырды негізінен сонысы үшін егеді.
Тін талшығынан өзекке қарай флоэманың жүқа қабаты, ал одан әрі камбий орналасады. Соңғы ксилема үлкен поралары бар түтіктерден, трахеидтерден және сүректік талшықтардан тұрады. Өзекпен шектескен жерде алғашқы ксилеманың ұсақ сақиналы жөне спиральды түтіктері орналасады. Ксилеманы қабықшалары сүректенген, тірі паренхималық клеткалардан тұратын, өзектік сәулелер кесіп өтеді. Өзек үлкен клеткалы паренхималардан тұрады, оның ортаңғы бөлігі бұзылып, қуыс түзеді. Сабақтың өтпелі (ауыспалы) құрылысыңда прокамбий жекеленген (бөлектенген) сілемдер түрінде қалыптасады. Мұндай сабақтың алғашқы қүрылысы шоқты болып келеді. Камбий прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхималарынан пайда болады. Шоқтық камбий соңғы флоэмамен соңғы ксилеманың элементтерін береді. Шоқ аралық камбийде, шоқтық камбий секілді флоэма мен ксилеманың элементтерін береді және бұрынғы шоқтардың араыңда жаңа шоқ түзеді. Біртіндеп олардың екеуі де ұлғайып өсіп бірігіп кетуі мүмкін. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесінде, сабақтың ескі бөлігінде, сүрекпен тіннің тұтас қабаты пайда болады. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы осыңдай болады (күнбағыс, топинамбур, сарқалуен жөне басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет