Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет30/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Қарабидайдың сабағының эпидермисінің астында, механикалық ұлпаның қабаты орналасады, оны хлорофилл түзетін паренхиманың участкелері бөліп түрады. Оның үстінен, эпидермисте устьица аппараттарын көруге болады. Сабақтың алғашқы пайда болған (ескі) участкелеріңце, хлорофилл түзетін паренхиманың клеткаларының қабықшалары, эпидермистің клеткаларының қабықшалары секілді сүректенеді. Механикалық ұлпаларда, негізгі паренхималардың шекарасьша жақьш жерде, кішілеу өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі паренхималарда, біршама үлкен, жабық кол-латеральдьі өткізгіш шоқтары, шахмат тектес екі, сиректеу үш қатар түзіп орналасады. Алғашқы қабық байқалмайдьі. Са-бақтың ортасында өзек сақталмайды. Сабақтың жуаңдауының, клеткалардың өсуінің нәтижесінде өзек жыртылады да, оның орнына астық тұқымдастылардың көпшілігіне тән қуыс пайда болады. Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды.
Жүгерінің сабағының қуысы болмайды. Ол түгелімен негізгі паренхимамен жабылады және оның барлық жерінде өткізгіш шоқтары орналасады. Эпидермистің астыңда механикалық ұлпаның жұқа қабаты орналасады. Қара бидайдікі секідді алғашқы қабығы болмайды. Өткізгіш шоқтары жабық коллатеральды. Флоэмасында тіндік паренхимасы болмайды, електік түтіктері және серіктік клеткалары көлденең кесіңдісінен тор тәрізді болып көрінеді. Ксилемасы 3—5 түтіктен тұрады, оның екеуі үлкен болып келеді. Түтіктердің астында қуысы болады. Ксилемасы флоэманы жартылай қоршап тұрады. Шоқ склеренхиманың қабатымен қоршалған болады.


Әдебиеттер
1.Ағелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -48 б.
3. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. Изд. Эдиториал УРСС, -526 с.
4. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г. Изд. Просвещение, -480 с.
Лекция № 19,20




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет