Тақырыбы: Вегетативтік мүшелердің мамандануы және түрлене өзгеруі
Лекция мақсаты: Студенттерге вегетативтік мүшелердің метаморфозы,
құрылысы мен дамуы, өсімдік тіршілігінлегі маңызы туралы білім беру.
Жоспары: 1. Метаморфоз туралы жалпы түсінік. Өркен метаморфоздары.
2.Жапырақтар метаморфоздары,
3. Тамырлар метаморфоздары.
Лекция мәтіні: Өркеннің түрлене өзгеруі. Өркендердің түрлеріне өзгеруі көп жағдайда олардың атқаратын қызметімен:өз бойына артық қор заттарын жинаауымен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткерумен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланыста болады. Өркеннің өзінің сырт пішіні мен бейнесі жағынан өсімдіктің ең өзгергіш мүшесі. Өркеннің мамандануына сыртқы ортаның әсері зор. Оның ең бастылары-жарық, ауа және топырақ ылғалдылығы. Құрғақшылық аймақтарда ассимиляциялық өркен ерекше. Мысалы, олардың жапырақтары немесе сабақтары шырынды, етжеңді болады. Өркеннің су асты және жер асты (топырақ қабатындағы) тіршілігіне байланысты, оның морфологиялық және анатомиялық құрылысы күрт өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайда өркеннің терең маманданғаны сонша, олар түрлене өзгенрді деп айтуға болады. Вегетациялық дәуірдің соңында жапырақтары түсетін ағаштары жылдық өркендері өзінің ассимиляциялық қызметін жоғалталы.Бірақ өркендер жүйесінің негізгі бөлігі -діңі жіне қураған бұтақтары, негізгі ось - қаңқа рөлінде сақталады. Бұлардағы өзгеріс түзуші ұлпа-камбийден жабындық ұлпалар перидерма мен қыртыстың түзілуіне байланысты.
Кейбір шөптесін және жартылый бұта өсімдіктерінде, табиғаты негізінен өркендік құрғақ түбі -каудекс болады. Түбір - қорлық зат жинақтаушы және көптеген жаңарту бүршіктері орналасқан мүше. Оның табиғатының өркендік екендігінің ондағы көптеген жапырық дақтарының немесе іздерінің сақталуынант байқауға болады.Камбийдің қызметіне байланысты түбір жуандай өсіп, біртіндеп көпжылдық тамырға ауысады. Өсімдіктің ескеруіне байланысты, ол біртіндеп бұзылады да (ыдырайды), түбір қурап, өледі. Түбірдегі мұндай өзгеріс алдымен өзекті паренхиманың сөгілуінен, біртіндеп сүрекке таралады да, отрасында қуыс пайда болады. Одан әрі, түбір бірнеше бөліктерге-партикулаларға(латын."партикулярис" - бөлі) бөлінеді. Түбірі бар индивидтің осылайша бөлінуін партикуляция деп атайды.
Өркеннің жер асты түрленуіне тамырсабақ, түйнек, пиязшық, түйнек-пиязшық жуашық және столон жатады.
Тамырсабақта жасыл жапырақтар болмайды, бірақ буын және буынаралықтары айқын байқалады.Мұндағы буындарды оның бойындағы сақталған жапырық іздері,қураған жапырық қалдықтары, қабыршақты жапырақшалар және ондағы қойнаулық бүршіктер арқылы аықтауға болады. Осы бүршіктерден жаңа жерүсті өркендері немесе тамырсабақтың жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды.Тамырсабақтың таырдан ерекшелігі, мұнда тамыр оймақшасы болмайды. Жерүсті өркендері сияөты тамырсабақтың бұтақтануы монопонилді және симподиалі. Топырық қабатында орналасуына қарай тамырсабақ көлбей және тік өсетін болып бөлінеді.Өркеннің тамырсабаққа айналуы оның қоректік заттар қорын жинақтауы, сыртқы орта қолайсыз жағдайларына (мысалы, суық қыс)бейімделуі, шыдауы сияқты қызметтері атқаруына байланысты. Тамырсабақты, көпжылдық шөптесін өсімдіктерде жиі кездестіруге болады. Олардан жыл сайын біржылдық жерүсті өркендері қалыптасады. Тамырсабаұтың ескерген бөліктері біртіндеп өледі. Тамырсабағы көлбей тармақталған өсімдіктерде жерүсті өркендері көп өсіп, олар біршама мол ауданды қамтиды (ақ мия - Goebeliaн, ажырық - Aeluropus т.с.с.). Шығу тегіне қарай тамырсабақ эпиогеогенді және гипогеогенді болып бөлінеді.