Әдебиеттер:
1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г.
5. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г.
Лекция № 27,28
Тақырыбы: Жемістер
Лекция мақсаты: Студенттерді жемістердің құрылысымен, түрлерімен, атқаратын қызметімен таныстыру.
Жоспары:
1. Жемістердің құрылысы.
2.Жемістердің түрлері. Құрғақ жемістер.
3. Шырынды жемістер
4. Бір тұқымды, көп тұқымды жемістер.
Лекция мәтіні: Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін, аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс - көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол бір ғана гүлден дамитын, ішінде тұқымы бар жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп үлкен 2 топқа бөлінеді.
Шырынды жемістердің шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, шырынды, ішінде тұқымдары көп. Мысалы, қызанақ, жүзім, қарақат, алқа, картоп.Жидек тәрізді жемістердің қабығы қальың қатты. Олар: мандарин, апельсин, лимон, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр т.б.Сүйекті жемістердің сыртқы қабығы жұмсақ, шырынды. Ішкі бөлімі сүйектенген, ішіндегі тұқымы біреу немесе бірнешеу (долана). Олар: өрік, шие, алхоры, шабдалы.Құрғақ жемістердің қабы қатты, сүректенген құрғақ (кепкен) болады. Бұлар қақырайтын және қақырамайтын жемістер деп екіге бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістердің жеміс қабы қатты, сүректенген, кей түрінде жарғақ тәрізді жұқа: бұршаққап, бұршаққын, қауашақ.Бұршаққап бір ұялы, Тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады. Бұл бұршақ гүлділерге тән.Бұршаққын қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі шаршы гүлдер тұқымдасына тән (қырыққабат, шомыр, шалқан).Қауашақ- бір және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуана қауашағының қақпақшасы ашылса, сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүлде жіктері шытынап, ұзыннан жарылып қақырайды. Қақырамайтын құрғақ жемістерге дәнек, тұқымша, жаңғаққанатты жемістер жатады. Қанатты жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған Тұқымша жел арқылы таралуға бейімделген (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған т.б.). Дәнек - бір Тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен астық тұқымдастарға (бидай, жүгері, арпа, тары, күріш) тән.
Тұқымшаның дәнектен айырмашылығы, жеміс серігі тұқымымен бірікпеген, көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре). Бұл жемістер күрделі гүлділер Тұқымдастарына жатады.Жаңғаң жемістің қабы ағаштанып, қатайып кетеді (емен жаңғағы, жаңғақ). Грек жаңғағының жеміс серігі алғашында (піспей тұрғанда) шырынды болғандықтан, жаңғақ жеміске жатпайды, құрғақ, жалған сүйекті жеміс деп аталады. Құлпынай жемісі өте шырынды болғанымен, құрғақ жаңғақша жеміске топтастырылады. Себебі көп жаңғақшалары шырынды гүлтабанымен жабылып тұрады. Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктерінің жемістері бөлшекті жаңғақша жемістер деп аталады.
Жеміс деп - ұрықтанғаннан кейін гүл түйінінен пайда болып тұқымдарға қорғаныш болатын жөне олардың таралуын қамтамасыз ететін мүшені айтады.Жеміс кейбір өсімдіктерде (алхоры, сарғалдақ) аналық түйінінен пайда болады. Екінші бір өсімдіктерде жемістің жасалуына тек түйін емес гүлдің басқа бөлімдері де қатысады. Жемістің қабырғасын жеміс серігі деп атайды. Жеміс серігін үш бөлімге бөледі.
1.Экзокарпий - жеміс серігінің сыртын қаптап жатқан бөлімі. Өсімдік жемісінде түрліше түсті, жылтыр, балауыз жұғыны бар (алхоры, (Prunus Z) жүзім т.б.) ал кейбіреулерінде түкті де (мысалы, шабдалы) болады.
2.Эндокарпий - жеміс серігінің ішкі қабаты. Бұл бөлім кейбір өсімдікте қатайып сүйекке айналып кетеді.(өрік, шие, алхоры) кейбіреуінде жұқа үлпек болып қалады (үрмебұршақ, бұршақ т.б.).
3.Мезокарпий — экзокарпий мен эндокарпийдің арасында орналасқан жеміс серігінің негізгі бөлімі. Бұл кейбір өсімдіктерде жетілмей кабыршаққа айналады(бұршақ, үрмебұршақ, сүмбіле), кейбір өсімдікте жақсы жетіледі және шырынды (өрік, шабдалы, алхоры т.б.) болады.
Жемістерді классификациялау
Көп тұқымды Бұршаққап тұқымы жеміс жақтауының екі жағында орналасқан (бұршақ, үрмебұршақ). Бұршаққын қосұялы тұқымдары пердеге бекінген, піскенде жемістің қос жақтауы ашылады (қырыққабат, шомыр, шалқан). Қауашақ қауашағының қақпақшасы ашылса, жіктері шытынап, ұзыннан жарылып қақырайды (мендуана, сүттіген, шегіргүл).
Көп тұқымды жидек. Жидек тұқымы шырын жемісінің ішінде орналасқан (қызан, жүзім, қарақат т.б.). Алма тұқымы құрғақ қабықты камерада жатады, жеміс шырыны гүл түтікшесімен бірігіп кеткен (алма, алмұрт). Асқабақ тұқымы жұмсақ жеміс шырынында жатады. Жеміс серігінің сырты қатайып, ағаштанып кеткен (қарбыз, асқабақ т.б.). Померанец - көп тұқымды, көп ұялы жеміс. Жемісі бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұратын аналықтан дамиды. Жеміс серігінің сыртқы қабатында қабықты тығыз көп мөлшерде бездер бар, оның іші эфир майына толған. Ортаңғы қабаты ақ, ерінді, іші жұқақабықтан тұрады. Онда көптеген. Бір тұқымды жаңғақ тәрізді. Тұқымша жеміс серігі тұқымымен бірікпеген(күнбағыс). Дәнек тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен (бидай, жүгері, арпа, күріш жемістері, дәнек). Жаңғақ жеміс серігі немесе жеміс қабы ағаштанып, қатайыпкеткен тұқымы еркін жатыр. Біртұқымды сүйек тәрізді Сүйекті жемістің сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа шырынды. Ішкі бөлімі сүйектенген, еркін жатыр (өрік, шие, алхоры, шабдалы Жиынтық жемістер Көп жаңғақты – бір жалпы гүлтабанда көптеген құрғақ,ұсақ жеміс жаңғақтардың орналасуы (сарғалдақ ұлпагүл). Көп сүйекті (таңқурай,долана). Қойбүлдірген - көп жаңғақты жемістің ерекше типі. Гүлтабаны күшті бірігіп өсіп кетеді, ол шырынды, етті болады. Оның жоғары бетінде көп мөлшердеқұрғақ қоңыр жаңғақ жемістер орналасады.
Шырынды жемістер. Шырынды жемістердің денесіндегі етінің барлық бөлімі жұмсақ және шырынды болады немесе оның жарым-жартысы катайып барып сүректеніп кетеді. Шырынды жемістер — жидек жеміс (тошала, қызамық, жүзім), жидек тәрізді жеміс (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр) және сүйекті жеміс (алхоры, өрік, шие, шабдалы) деп бөлініп келеді.
Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, құрылысына карай жемістер — нағыз жеміс, жалған жеміс, күрделі жеміс, шоқжеміс болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |