Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет24/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Әдебиеттер
1.Ағелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -48 б.
3. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. Изд. Эдиториал УРСС, -526 с.
4. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г. Изд. Просвещение, -480 с.


Лекция № 17,18


Тақырыбы: Сабақ- өркен өсі

Лекция мақсаты: Студенттерді сүректі және шөптесін өсімдіктердің сабағының морфологиялық және анатомиялық құрылысымен таныстырып, сабақтың қызметі туралы білім беру.
Жоспары:
1. Сабақ-өркеннің өсі, оның қызметі және морфологиялық ерекшеліктері
2.Сабақтың алғашқы құрылысы.
3. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы.
4. Көпжылдық ағаш өсімдіктер сабағының анатомиялық соңғы құрылысы.
Лекция мәтіні: Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік жөне қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан (экзогенді) жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек. Сабақ өсімдік денесін жоғары көтеріп тұратын, топырақтан тамыр арқылы сіңірген су мен минералды заттарды жоғары жапыраққа қарай, ал жапырақта түзілетін органикалық заттарды төмен қарай, яғни тамырға қарай жеткізіп отырады. Сонымен қатар, жапырақтардың күн сәулесі жақсы түсетіңдей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сабақ артық қор заттарының жиналатын орны.
Сүректі өсімдіктердің сабақтары мен тамырлары 4—6 мың жыл өмір сүре алады (мамонт ағашы, айдахар ағашы). Кейбір шөптесін өсімдіктердің сабағы 30—45 күн ғана өмір сүреді (эфемерлер).
Сабақтың морфологиялық құрылысына келсек, олар кеңістікте өсу бағытына, орналасуына және пішініне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Кеңістікте орналасуына қарай:
1) Тік сабақ. Тік сабақтар өте мықты болады, қатты желдерге төтеп береді. Мысалы терек, қайың, тал, бидай, күнбағыс т.б. өсімдіктерде кездеседі.
2) Жатаған немесе төселмелі сабақтар (желі сабақ). Жатаған сабақтар өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, топыраққа тиген жерінен қосалқы тамырлар дамиды. Мұндай сабақтар бүлдірген, қияр, асқабақ сияқты өсімдіктерде кездеседі.
3) Өрмелегіш сабақтар – жармасып жоғары қарай тік өрмелеп өсетін жүзім, үрмебұршақ, сияқты өсімдіктерде кездеседі.
4) Шырмалғыш сабақтар – сабақтары жіңішке шырмалып өсетін шырмауық, құлмақ сияқты өсімдіктерде кездеседі.
5) Қысқарған сабақтар. Қысқарған сабақтар өте қысқа. Мұндай өсімдіктердің жапырақтары тамыр мойнына жақын топтасып орналасады. Мысалы, бақбақ, жолжелкен, пияз, аққауданды қырыққабат және т.б.
2. Өсімдік сабағының пішіні көлденең кесіндісіне қарай: жұмыр (емен, үйеңкі, жөке ағаштары); үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы, қаусырмалы, ойыс және дөңес қырлы болып бөлінеді.
3. Консистенциясына қарай шөптесін және сүректі болып келеді.
Қабық ; камбий; сүрек; өзек; өң; тоз; тін.
Сабақ мынадай қызметтер атқарады:
1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) көбеюге қатысады;
4) ортаникалық заттар қорға жиналады;
5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;
6) вегетативтік көбею.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет