Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет25/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.
1. Қабық - сабақтың сыртқы қабаты. Қабық өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштарда өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да, ішкі клеткалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда орналасқан, тыныс алуға қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсаған клеткаларды жасымықша дейді. Өң (ішке күн сәулесін өткізеді). Қабық тоз (ішке оттегін өткізеді); Тін (беріктік, мықтылық қасиет береді)
Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
2. Камбий - қабықтан кейін орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын сылып тастаса, камбий клеткаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады). Қабықшасы жыртылған клетка ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді.
3. Сүрек - сабақтың едәуір жерін алып жататын, камбийден кейін орналасатын қабат. Клетка пішіндері мен мөлшерлері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке клеткалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қабықшасы қалың сүрек талшықтары қоршайды.
Камбий клеткалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш сабағы жуандап өседі. Ағаштың жасын айыруға болатын жылдық сақиналар түзіледі.
4. Өзек - сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде клеткалары тірі болғандықтан, ортаникалық заттар қорға жиналады. Өзек клеткалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің клеткалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі.
Қос жарнақты өсімдік сабағының анатомиялық алғашқы құрылысы.
Сабақтың анатомиялық құрылысында үш топографиялық аймақ ажыратылады: 1) эпидерма 2) алғашқы қабық 3) орталық цилиндр.
Эпидерма клеткалары өте тығыз орналасқан. Кейбір өсімдіктерде олардан әртүрлі түктер немесе трихомалар дамиды. Эпидерма клеткаларының көлденең кесіндісінде олардың пішіні төрт қырлы, сыртқы қабырғалары бүйірлі, беткі жағы кутинмен жабылған. Эпидерма клетканың арасында устьициелер орналасады.
Алғашқы қабықтың құрылымында коленхима, паренхима, хибренхима (даражарнақтыларда) болады.
Сабақтың алғашқы қабырғаларының ішкі жағында дөңгелек пішінді парынхималық клеткалар болады. Оларда крахиал дәндері және кальций оксалатының кристалдары болуы мүмкін. Алғашқы қабықта организмнен бөлінген арнаулы заттар жинақталатын орындар, ауа қуыстарында кездеседі. Алғашқы қабықтың ең ішкі шекаралық қатарын эндодерма немесе крахмалды қынапша д. а. Себебі онда крахмал дәндері бар.
Орталық цилиндр немесе стела перициклден, өткізгіш ұлпа жүйесінен және өзектен тұрады. Кейде өзек ыдырап орнына ауа қуысы пайда болады.
Морфологиялық құрылысы. Сабақтың көлденең кесіңдісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта) төрт қырлы (ерін гүлділер), қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаңрдест) болып келеді.
Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280—300 м (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары)-ден 1,5 мм дейін (су өсімдігі вольфия).
Анатомиялық құрылысы. Жер бетінің тіршілік ортасы, топырақтағы ортаға қарағанда алуан түрлі және түсі жағынанда басқаша болып келеді. Сондықтанда сабақтың құрылысының тамырға қарағаңда біршама күрделі болып келетіндігі және алуан түрлілігі осы қоршалған ортаға тікелей байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет