Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет14/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Көп жарнақты тұқымдар - деп морфологиялық құрылысы жағынан екіден артық жарнақтары болатын тұқымдарды айтады да, ал ондай тұқымдары бар өсімдіктерді көп жарнақты өсімд і к т ер деп атайды.
Жоғары сатыдағы өсімдік тұқымдарының морфологиялық жағынан құрылысы әр түрлі болуымен қатар, олардың анатомиялық құрылыстары жағынан да өз ара ерекшеліктері болады.
Дара жарнақты өсімдіктер тұқымының анатомиялық құрылысын зерттеу үшін бидай дәнінен жасалған дайын препараттар болмаса, олардың орнына қара бидай, арпа, сұлы, жүгері өнімдерінің бірін алуға болады. Дәннің көп жерін эндоспсрм, ал оның төменгі жағын ұрық алып жатады (35-сурет).
Дәннің сыртында тұқым қабығымен бірігіп біткен жеміс қабықтары — қауызы — болады да, қауыз бен тұқым қабығының астында оның ұрығы мен эңдоспермі жатады.
"Ұрықтың төменгі жағында жұмырлана біткен жуандау келген алғашқы тамыры, бұның үстіңгі жағында ұрықтын жаңадан шығып келе жатқан алғаш қысабақшасы мен а л ғ а ш қы жапырақшасы және қ а л қ а п ш а с ы жатады. Қалқанша эндосперм мен ұрықтың екі арасында жатады. Эндоспсрм клеткаларындағы қоректік заттардың көпшілігі — крахмал дәндері.
Эндоспермнің сыртын қаптап жатқап бір қабат клеткалары текшеленіп келген. Бұл клеткаларда дәні белок заттарынан тұратын алейрон дәндері болады, сондықтан да оны алейроп қаб а т ы деп атайды.
Алейрон дәндерінің ішінде кристаллид және глобоид деп аталатын ерекше бөлімдері болады.
Қос жарнақты өсімдіктер тұқымының анатомиялық құрылысын зерттеу үшін бұршақтың тұқымын алса да болады.
Бұршақтың тұқымындағы қор заттарының орналасуы бидайдікінен басқаша: бидайдың крахмал дәндері эндоспермінде, алейрон дәндері алейрон қабатының клеткаларында болса, ал бұршақтың әрбір клеткаларында алейрон дандері де, крахмал дәндері де кездеседі.
Сөйтіп, өсімдік тұқымдарының құрылысын зерттей келіп, мынадай қорытынды жасауға болады:
1) жоғары сатыдағы өсімдіктерді тұқым жарнақтарының санына қарай дара жарнақты, қос жарнақты және көп жарнақты деп ажыратады;
2) химиялық құрамына қарай — майлы, крахмалды, белокты тұқым болып бөлінеді: а) к р а х м а л.ды тұқым (крахмалдың мөлшері бидайда 66%) қара бидайда 67%, күріште 70—75% т. б.); ә) майлы тұқым (ушмәлікте майдың мөлшері 70%, зығырда 44%-,: күнбағыста 22—46%, мақтада 24—26%, сояда 17—25%)," б) б.е л ок т ы тұқым (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде белоктың мөлшері— сонда 35—45%;, бұршақта 22—34%).
Табиғатта өсімдіктердің майлы тұқымдары –көп (80%);кездеседі; бұл тұқымдар әрі жеңіл,калоридты болады. Жеңіл болғандықтан тұқым жер бетіне жақсы таралады.
Гүлді өсімдіктер денесінің қалыптасуы бір клеткадан, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан немесе зиготадан басталады. Зиготадан түкымның негізгі бөлігі, жаңа организмнің бас-тамасы үрық пайда болады. Өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар болмай түрғаңда, ұрық тыныштық калыпта болады. Бүл тыныштық әр түрлі өсімдіктерде түрліше мерзімге созы-лады. Түкымның өсе бастаған үрығы — бұл есімдіктердің жеке дамуынын, яғни онтогенездің бастапқы кезеңі. Жеке даму барысыңда жоғары сатыдағы өсімдіктерде, алдымен, барлық вегетативтік, одан кейін генеративтік мүшелер қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет