Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет5/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Пластидтер. Пластидтер өсімдік клеткасындағы негізгі органоидтардың бірі. Олар тек өсімдік клеткасына ғана тән. Пластидтерді зерттеумен А.Шимпер (1882ж.) айналысып, олардың құрылысын сипаттаған. Пластидтердің 3 типі бар:

  1. Түссіз мөлдір лейкопластар.

  2. Жасыл түсті хлоропластар.

  3. Сары, қызыл-сары түсті хромопластар.

Пластидтерді зерттеуге К.А.Тимирязев, В.В.Сапажников, М.С.Любименко Т.Н.Годнев т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша пластидтер ұрық және түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болады.
Пластидтердің бір түрі екінші түріне айналып отырады. Хлоропластар уақыт өте келе олардың пигменттерініңбұзылуынан хромопластар пайда болады. Оны күз айларында ағаш жапырақтарының реңінің қызыл- сары, сарғыш болып өзгеруінен көруге болады.
Хлоропласт өсімдіктердің жапырақтары мен жас сабақтарында, піспеген шикі жемістерінде болатын жасыл түсті пигмент. 1791 ж. өсімдік клеткасының құрамынан хлоропласты алғаш тапқан компаретти.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласттың пішіні дөңгелек, сопақша, линза тірізді дәнге ұқсас болып келеді. Сондықтан олардың клеткаларындағы хлоропласты хлорофилл дәндері деп, ал балдырлар клеткасындағы хлоропласты хромотофор деп атайды. Балдырлардың клеткаларында хромотофорлардың саны аз, бірақ көлемі үлкен, пішіні алуан түрлі болады. Мысалы, спирогира балдырында иректелген таспа тәрізді, хломидомонадада табақша түрінде , зигнемада жұлдыз тәрізді болады. Бір клеткадағы хлоропластардың саны 1-ден 50-ге дейін жетеді. Хлоропластың көлемі жоғары сатыдағы өсімдік клеткаларында 2-7 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Құрамында 50 пайыз белок, 33 пайыз липид, 5-10 пайыз хлорофилл, 1-2 пайыз каратиноидтар және аз мөлшерде ДНҚ мен РНҚ бар.
Хроматографиялық әдіспен М.Цвет хлорфиллдің 2 түрін тапты. Оның бірі хлорофилл-а – С55 Н72 О5 N 4 Мg көкшіл жасыл түсті пигмент, екіншісі хлорофилл в –С55 Н70 О6 N4 Мg сарғыш жасыл түсті пигмент. Хлорофилдің құрамында тағы қызғылт сары пигмент каротин және сары түсті пигмент ксантофилл балады.
Хлорофилдің пигменттік құрамы өсімдікткрдің жүйелік топтарына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Жасыл, көк-жасыл, қызыл баодырлар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарында хлорофилл в басым, ал диатомды және қоңыр балдырларда хлорофилл с басым.
Хлоопластың химиялық құрамында 35-55 пайыз белок, 20-30 пайыз липид, 9-10 пайыз хлорофилл, 4-5 пайыз каратиноидтар болады. Сонымен қатар, ДНҚ, РНҚ, Е,К витаминдері, А,Д провитаминдері болатыны анықталған. Хлоропласты шала өткізгіштік қасиеті бар қос қабатты мембрана қаптап тұрады. Ондағы саңылаулар арқылы цитоплазмамен зат алмасуы жүріп отырады.
Цитоплазма органеллалары. Рибосомалар диаметрі 20 нм-дей болатын пішіні шар тәрізді денелер. Олар гиалоплазмада немесе эндоплазмалақ ретикулумда бекініп орналасады. Қызметі белокты синтездеу. Эндоплазмалық ретикулум (тор)- сыртынан мембранамен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардан тұратын жүйе. Ол екі түрде кездеседі: гранулярлы және агранулярлы. Гранулярлы ретикулумда түйіршікті рибосомалар орналасады. Клеткада ферменттерді синтездейді, зат алмасуға қатысады, жаңа мембрана және кейбір органеллалардың пайда болуына қатысады. Ал агранулярлы ретикулум эфир майларын, смола, каучукты синтездеуге қатысады.
Гольджи аппараты диктиосомалар мен Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосома 5-7 жалпақ цистернадардың жиынтығы. Оларда полисахаридтер синтезделеді. Митохондриялардың формасы алуан түрлі-дөңгелек, сопақша гантель немесе цилиндр тәрізді, т.б. Сыртынан екі қабат мембранамен жабылған.
Митохондриялар клеткадағы энергетикалық орталық. Онда көмірсулар, майлар, т.б. органикалық заттар ыдырайды және АТФ синтезделеді.
Хлоропластарда – фотосинтез процесі жүреді. Жоғарыда айтылғандай, биологияға «протоплазма» деген ұғымды 1839 жылы чех ғалымы Я. Пуркинье енгізе, 1862 жылы Келликер ядроны қоршап жатқан сұйықтықты «цитоплазма» (грекше «cytos» - клетка, «plasma» - сұйық зат) деп аталады.
Ядроның пішіні мамандандырылған түрлі жасушаларда әртүрлі болады, шар тәрізді, сопақша, бұршақ, таяқша пішінді, сигменттелген, т.б. Әдетте, ядроның пішіні жасуша пішініне сәйкес. Бірақ, ядроның пішіні мен өлшемі метаболизм белсенділігіне байланысты өзгеріліп тұруы мүмкін. Қарастырылған және басқа да ерекшеліктеріне (өлшемі, жасуша көлемінде орналасуы) қарамастан, әртүрлі жасушалар ядроларының ішкі құрылысы ұқсас- олар ядролық қабық, ядрошық, нуклеоплазма және хроматиннен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет