Лекция 2 Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК 1 Лекция 3


сынып 12, 13, 14 сабақтар



бет11/20
Дата18.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10317
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

11 сынып 12, 13, 14 сабақтар

Сабақ тақырыбы: Теңайнылмалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар.

Ньютонның 1,2,3, заңдары. Дене импульсі.



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Сабақтағы негізгі материал:

Егер қозғалыстағы денеге басқа денелер әсер етпесе(немесе басқа денелердің әсерлері теңгеріледі),онда белгілі бір санақ жүйесіне қатысты алғанда ілгермелі қозғалыстағы дене өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды.

Дененің жылдадығын тұрақты сақтау құбылысының өзі инерция деп аталады.Сондықтан да сыртқы күштердің әсерлері бір-бірімен теңестіріліп,бірқалыпты қозғала бастаған денелерге қатысты санақ жүйесін инерциялы деп атайды.Ал Ньютонның І заңын инерция заңы деп атайды.Инерциялы деп есептеуге болмайтын санақ жүйелері де бар.

Денелердің үдей қозғалуының себебі оларға басқа денелердің әсер ететіндігінде.Өзара әсерлерлесетін екі дененің үдеулері модульдерінің қатынасы олардың массаларының кері қатынасына тең болады.

m2=-m а2

 m2- дененің массасы,а2-дененің үдеу



 Дененің массасы-бұл оның инерттілігін сипаттайтын шама.Ол әсерлесу кезіндегі масса этолоны үдеуі модулінің дене үдеуі модуліне қатынасымен анықталады

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет –

тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау

туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін

немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа





Қандай да бір биіктікте бос тұрған дененің жерге құлайтыны бәріне белгілі. Жоғары лақтырылған дене кайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тартуы әсерінен болады делінеді. Бұл — жалпылама құбылыс, сол себепті де денелердің тек Жердің тартуы әсерінен еркін түсу заңдарын карастыру ерекше қызықты. Алайда күнделікті бакылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез күлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калыктап түседі.
Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Әрине, денелердің мұндай қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибе нәтижелері бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді. Сол себепті, егер біз денелердің еркін түсуін зерттегіміз келсе, онда ауаның әсерінен толық құтылуымыз керек.

Ең алғаш мұндай тұжырымды италияндық ұлы ғалым ГалилеоГалилей жасаған болатын. Галилей 1583 ж. Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне кез жеткізеді.
Бұл биіктігі 58 метрлік мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті.
Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашкан заңның арқасында Пизакаласының даңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді.

Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп

тексере алмады. Өйткені Галилей емір сүрген XVII ғасырда

ауа соратын арнайы қүралдар, сорғылар өлі жоқ еді.

Оны тек 80 жыл өткеннен соң И.Ньютон жүзеге асырды.

Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дүрыс екенін

дәлелдеді. Ньютон жасаған тәжірибенің мәнісі мынада.

Ұзындығы 1 метрдей шыны түтікке корғасын кесегі (бытыра),

ағаш қабығынан жасалған тығын және күстың қауырсыны салынады.

Түтікті тез теңкерген кезде бұл 20 денелер түтіктің түбіне

әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында

қауырсын түседі. Ал егер түтік ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Осындай ортаның кедергісі болмаган кездегі денелердің тусуі - еркін тусу деп аталады.

Еркін түсу үдеуі g әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы g әрдайым төмен карай бағытталады. Еркін түсу кезінде барлык денелер жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады. Демек, денелердің еркін түсуі теңүдемелі қозғалыстың тамаша мысалы бола алады. Мысалы, егер күлап келе жатқан шарды әрбір тең уақыт аралығы өткен сайын арнайы құрал аркылы суретке түсіріп алып отырса, онда шардың көршілес орындарының арақашықтықтары бойынша қозғалыстың шын мәнінде теңүдемелі екенін анықтауға мүмкіндік туады. Осы аралықтарды өлшей отырып, еркін түсу үдеуінің сандық мәнін де есептеп шығаруға болады. Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын кәрсетеді. Мысалы, жергілікті жердегі ендікке байланысты ол былай өзгереді: 0° —9,78049м/с2; 60° —9,81924 м/с2; 90 — 9,83221 м/с2. Демек, еркін түсу үдеуі полюстерде үлкен болып, ал экваторға жақындаған сайын азаятыны байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет