Лекция 2 Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК 1 Лекция 3



бет14/20
Дата18.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10317
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Қайталау сұрақтар:

  1. Тербелмелі контур дегеніміз не?

  2. Еркін электромагниттік тербелістер неліктен өшеді?

  3. Катушка индуктивтілігінің өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына қалай әрекет етеді?

  4. Конденсатор сыйымдылығының өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына қалай тәуелді?

11 сынып 17 сабақ

Сабақ тақырыбы: Кинематика. Динамика

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Сабақтағы негізгі материал:

Механика


Кинематика Динамика

(қозғалыс) (күш)



Кинематика негіздері:

    1. Қозғалыс материаның ажырамас қасиеті

    2. Түзусызықты теңайналмалы қозғалыс

    3. Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеу

    4. Қисық сызықты қозғалыс

Сипаттайтын шамалар:

  1. жылдамдық

  2. жол, орын ауыстру

  3. уақыт

  4. еркін түсу үдеу, центрге тартқыш үдеу

  5. сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар

Динамика негіздері:

  1. Ньютонның бірінші заңы

  2. Ньютонның екінші заңы

  3. Ньютонның үшінші заңы

  4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

  5. Дененің салмағы,салмақсыздық

Сипаттайтын шамалар:

  1. күш

  2. масса

  3. үдеу

  4. гравитациалық тұрақты

  5. дене салмағы

Қайталау сұрақтар:

1. Механика нені оқытады?

2. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

3. Табиғатта абсалют тыныштықта тұратын дене бола ма?

4. Ғылымда материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті қандай?

5 . Қандай шамаларды векторлық дейді?

6. Қандай шамаларды скалярлық дейді?

7. Вектордың осьтегі проекциясы дегеніміз не?

8. Дененің орын ауыстыру векторы оның координаталары мен қалай байланысады?

9. Қандай жағдайда координата осі проекциясының таңбасы оң немесе теріс болады?


11 сынып 18 сабақ

Сабақ тақырыбы: Молекулалық – кинетиқалық теория негіздері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Сабақтағы негізгі материал:

Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бұл қандай бөлшектер және олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді молекулалар деп атайды. Мысалы, ең кіші бөлшегі — судың молекуласы, ал қанттың ең кіші бөлшегі — қанттың молекуласы және т.б. Молекулалардың өлшемдері қандай?Қант кесегін өте майда етіп үгітуге болатыны белгілі, бидай дәнінен диірменмен тартып ұн алады. Май тамшысы су бетінде жайыла отырып, қалыңдығы адам шашының диаметрінен оңдаған мың есе кіші қабыршық түзеді. Бірақ ұнның түйіршігі мен май қабаты бір немесе көп молекулаға ие. Яғни, бұл заттардың молекулаларының өлшемі, ұн түйіршігі мен қабыршақтың қалыңдығынан кіші. Мынадай салыстыруды келтірейік: орташа алма жер шарынан қанша есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші. Егер барлық денелердің өлшемі миллион есе өссе (бұл кезде адамның саусағының қалыңдығы 10 км тең болар еді), онда молекуланың өлшемі осы оқулықтағы нүктенің жартысына теңелер еді. Қарусыз көзбен молекуланы көру мүмкін емес. Молекулалардың кішілігі сонша, олардың 1000 есе үлкейтетін микроскоппен де көруге болмайды. Биологтарға өлшемдері 0,001 мм микроорганизмдер (мысалы, бактериалар) белгілі. Молекулалар олардан жүздеген, мыңдаған есе кіші. Молекулалардың өлшемдерін анықтау үшін әр түрлі тәжірибелер жасалған. Олардың бірін келтірейік. Таза жуылған үлкен ыдысқа су құйылып, оның үстіне май тамшысы тамызылған. Май су бетіне жайылып қабыршақ түзеді жєне неғұрлым көп жайылған сайын оның қалыңдығы кеми береді. Біршама уақыттан соң майдың жайылуы тоқтаған. Егер, майдың барлық молекулалары су бетінде орналасты деп санасақ (қалыңдығы қабыршақ түзсе), онда молекуланың диаметрін табу үшін, түзілген қабыршақтың қалыңдығын тапса жеткілікті.

Есеп шығару:

Көлемі 0,002 мм2 бір тамшы май судың бетіне тамып ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылады. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықта.



  1. Өзіндік жұмыс.

А) төмендегі сөздердің «физикалық дене затң ұғымдарына қатыстығын ата. Ұшақ, кітап, мыс, қалам, фрафор, су.

Ә) Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсінесің?

Карточкамен жұмыс.

№1 К. Молкула дегеніміз қандай бөлшек?

№2 К. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

№3 К. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер?

№4 К. Диффузияның температураға байланысы бар ма?

№5 К. Заттар қандай күйде бола алады?



11 сынып 19 сабақ

Сабақ тақырыбы: Термодинамика негіздері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Сабақтағы негізгі материал:

МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын енгізу.

МКТ тұргысынан ішкі энергия-денені (жүйені) құрайтын микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу энергиясы. Нақтырақ айтсақ, ішкі энергия дегеніміз:

а) молекулалар мен атомдардың қозгалысының ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;

б) молекулалар мен атомдардың өзара әсерлесуінің потенциальдық энергиясы;

в)атомдардың электрондық қабаттарының энергиясы;

г) ядроның ішкі энергиясы.

Аса жоғары емес температураларда ішкі энергиясын өзгеруі молекулалар (немесе атомдардың) кинетикалық және потенциальдық энергияларының өзгеруі есебінен болады.

U-дененін ішкі энергиясы физикалық шама.

U -дененің ішкі энергиясынын өзгеруі жылу берілу және жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.

Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.

Тұрақты қысымда газдың немесе будың көлемі өзгергенде жұмыс атқарылады, Жүйенің күйін сипаттайтын физикалық шамалар макроскопиялық параметрлер деп аталады, және оларға қысым көлем температура және масса жатады.

Макроскопиялык параметрлердің біреуі тұрақгы , қалған екеуі бір-біріне байланысты өзгеретін процестер изопроцестер деп аталады.

1 .Изобаралык процес p=const,

  1. Изотермиялық процес T=const, рV=const,

  2. Изохоралық процес V=const

3) Изобаралық процесс үшін газ жұмысының формуласын қорытып шығару. А=рV

Жұмыстың геомстриялық түсініктемесі.



ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q=U+A ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:

Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің ішкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=-U

Ал, егер дененің немесе денелер жүйесінің ішкі энергиясы өзгермесе ДІІ =0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия жұмсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының салқындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.

Есеп шығару:



1.Суды айдауға арналған электр аппараты Р қуатты тұтынады. Дистилляцияланған сумен табан ауданы S және биіктігі h ыдысты толтыру үшін, ПӘК-і 80 аппарат қанша уақыт жұмыс істеуі қажет? Су құбырынан су t температурада келіп түседі. Меншікті булану жылуы L, меншікті жылу сыйымдылығы с.

Су айдау үшін жұмсалатын жұмыс: - уақыт.

Пайдалы жұмыс суды қыздыруға және буландыруға қажетті жылу мөлшеріне тең. - судың меншікті жылу сыйымдылығы.

Қондырғының ПӘК-і: - судың массасы;



Сонда осыдан уақытты өрнектейміз:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет