Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз. Оң зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары 16, а-суретте көрсетiлген. Ал, 16, б-суретте терiс зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары кескiнделген. Осындай көрiнiстi электрлiк сұлтан деп аталатын қарапайым құрылғы көмегiмен байқауға болады. Оған заряд бергенде, оның қағаз жолақтары әр жаққа тебiлiп электр өрiсiнiң күш сызықтары бойымен орналасқанын көремiз. Зарядталған бөлшек электр өрiсiне енгенде, оның жылдамдығы көбеюi де азаюы да мүмкiн. Егер бөлшек заряды q > 0 болса, онда күш сызықтары бойында оның жылдамдығы артады, ал керi бағытта тежеледi. Егер бөлшек заряды q < 0 болса, онда бәрi керiсiнше болады: күш сызықтары бағытында тежелiп, керi бағытта үдетiледi.
Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі злектростатикалықдеп аталады.
Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді.Осы күштің әрекетінен электр заряды (зарядталған дене) орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде электр өрісі жұмыс атқарады.Осы жүмыс электр өрісінің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады.
-шамасы электр өрісінің потенциалы деп аталады.Потенциалдар айырымы-электр өрісің энергетикалық силаттамасы. Конденсатор, конденсатордың құрылысы.Конденсатор деп калындығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз,диэлектрик қабатымен бөлінген өткізгіштен тұратын денелердің жүйесі. Электр сыйымдылық-конденсатордың басты сипатгамасы. C=q/U конденсатордың электр зарядтарын жинау жэне сақтау кабілетін сипаттайды. Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі-1Фарад, 1Ф=Кл/В, 1мкФ=10'6Ф.