Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет3/8
Дата11.01.2017
өлшемі3,39 Mb.
#6690
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:


  1. Әлеуметтік экономикалық дамуы

  2. Абсолютизм және оның дағдарысы

  3. Франциядағы XVIII ғасырдағы революциялық ой пікірдің қалыптасуы

  4. Революцияның басталуы

  5. Республиканы жариялау

  6. Якобин диктатурасының орнауы

  7. Термидорлық конвент

  8. Директория және консулдық

  9. Наполеонның ішкі және сыртқы саясаты

  10. Наполеон империясының күйреуі


5-лекция. Таќырыбы: ХҮІІ-ХІХғ 60-шы жылдарындағы Англияның саяси дамуы.

Жоспары:

1.Реставрация үкіметінің саясаты

2.Конституциялық-монархиялық құрылыстың нығаюы

3.Англияның сыртқы және отарлау саясаты



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Барг М.А. Великая английская революция в портретах ее деятелей. – М., 1991

Ивонин Л.И. Дипломатия и революция. Две английские революции и европейская политика ХҮІІ в – Смоленск., 1998

Сүтеева К.А. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ алғашқы буржуазиялық революциялар:Ағылшын буржуазиялық революциясы.Хрестоматия, - Алматы, 1999


Лекция маќсаты: ХҮІІ-ХІХғ 60-шы жылдарындағы Англияның саяси дамуын қарастыру

Лекция мєтіні

Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. XIX ғасырдың алғашқы онжылдығында Англияда капитализм жедел қарқынмен дамыды. Егер XVIII ғасырдың соңында жеңіл өнеркәсіп алда болса, енді өнеркәсіптік өндірістің басқа салалары, атап айтқанда, ауыр өнеркәсіп күшала бастады.

XIX ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. 1811 жылы Англияда сауда мен кәсіпорындарда халықтың 44%-ы жұмыс істеді. Еңбекшілердің жағдайы өте ауыр болды. Ағылшын тауарлары дүние жүзінің барлық елдеріне шығарылды. Бұл үлкен келіктік шығындарды талап етті, сондықтан да өнеркәсіп иелері жұмысшылардың еңбек ақысын азайту арқылы өнімнің бағасьш төмендетуге тырысты. Сондай-ақ өндірісте машиналарды қолдану қоленершілер мен өнеркәсіп иелерінің кедейленуіне өкеп сокты. Өздерінің бакытсыздығын машинадан керген жұмысшылар машиналарды қирата бастады. Бұл қозғалыс машинаны бірінші болып қиратқан жұмысшы Лудданың атымен, луддашылдар қозғалысы деп аталды. Луддашылдар қозғалысы 1811—1812 жылдары кеңөрісалды. 1813 жылы үкімет машиналарды киратқандарға өлім жазасын тағайындады.

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Франция мен Англия арасындағы тартыстың салдары көріне бастады. Наполеон соғыстарынан кейін Англия бірнеше жылдар бойы экономикалық қиыншылықтарды басынан өткізді. Мемлекеттік қарыз 450 млн фунт

стерлингтен асып кетті. Жарты миллионға жуық адам әскер қатарынан босатылды. Үкімет тапсырыстарын он есеге кемітті. Балтық және Солтүстік теңіз порттарынан арзан дақыл (астық) түсе бастады. Баға төмендеп кетті. Құрлықтағы мемлекеттер кедендік дуал арқылы оқшаулана берді.

Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі. ХІХ ғасырдың бас кезінде Англияда саяси және діни бостандық принциптері бекіді. Ақсүйек жер иеленушілер байығанның үстінен байи түсіп, кедейлердің жағдайы одан сайын нашарлап кетті. Қоғамның «билеушілері» тиімді жағдайларын пайдалана білді. Заң шығару билігі парламенттің қолында болды. Аткару билігі—корольге және парламент тағайындаған үкіметке тиді. Қауымдар палатасы—парламенттің төменгі палатасын сайлау кезінде жеңген партиялар үкіметті құрады. Осы партияның жетекшісі премьер-министр болып тағайындалды. Елде сонау XVIII ғасырдың соңында қалыптасқан екі бақталас партия билік етті. Тори партиясы жер қожалығы бар ақсүйектер мен дінбасыларының мүддесін көздеді. Виги партиясы өнеркәсіп және қаржы капиталистеріне сүйенді. Англиядағы сайлау жүйесі ақсүйектердің саяси үстемдігін сақтауға көмектесті.

Жоғарғы палата—лордтар палатасы ақсүйек—пэр өкілдерінен тұрды. Ондағы орын мұрагерлік жолмен беріліл отырды. Жоғарғы палата төменгі палата қабылдаған заң жобаларын бекітті. Қауымдар палатасы—графтық және қалалар сайлаған депутаттардан тұрды.

Жоғары мүліктік ценз салдарынан қауымдар палатасына сайлауға және сайлану құқығына тек ауқатты азаматтар, яғни «жаңа дворяндар», өнеркәсіп және қаржы капиталистерінің ғана қолы жетті.

Англияда көне сайлау жүйесі сақталып қалған болатын. Графтықтар және қалалық шекаралар I Яков король тұсында белгіленген күйіңде сақталды. Бірыңғай сайлау цензі болмады. Сондықтан Бирмингем, Йоркшир сияқты өнеркәсіпті қалалар екі депутаттан жіберді. Сондай екі депутаттан елсіз қалған «шіріген орындар да» (елді мекендер) жіберді. Мұндай «шіріген орындар» лендлордтардың билігінде болды. Олар бұл жерге өз топтарын жинады. 16 млн халықтық сайлауға тек 160 мыңы ғана қатысты.

Парламенттік сайлауға дауыс беру құпия түрде емес, ашық түрде өтті. Сондықтан графтықтағы жергілікті аксүйек-лендлорд (ірі жер иеленуші) өзінің бай жалгерлері—йомендердің қалай дауыс бергенін және оларға қысым көрсетуге болатынын біліп отырды. Жер иеленуші ақсүйектердің қолдарында үкімет тағайындаған жергішкті билік органдары болды.

Парламенттік реформа үшін күрес. 1815 жылы шетелдік астыққа жоғары салық тағайындаған «астық заңдары» қабылданды. Егер ішкі нарықта астық бағасы бір квартер үшін 80 шиллингтен төмен түсіп кеткен жағдайда елге шеттен астық әкелуге тыйым салынды. Бұл астықтың бағасын жоғары деңгейде сақтау үшін қолданылды. Сонымен бірге бұл лендлордтар мен фермерлерге жоғары кірісті сақтауға мүмкіндік берді. Нан жұмысшылар үшін қымбатқа түсті.

Елдегі жағдай шиеленісті. Осы кезде радикалдар арасынан Вильям Коббет (1762—1835) суырылып шығып, халықтың қайыршылық жағдайының себебін ол жетесіз басқарудан көрді. Ол ерлер үшін жалпы сайлау құқығын енгізуді және құпия дауыспен қауымдар палатасын жылда қайта сайлауды ұсынды. Радикалдық Гемпдон клубтары құрылды. Радикалдардың талаптарын мәлімдеген петицияға, яғни ұжымдық шағымға қол жинау қарқынды жүрді. 1817 жылдың қаңтарында радикал топтарының өкілдері парламент үйіне ұзақ тізім түріндегі петицияны кіргізді. Үкімет бұған жауап ретінде көтерілісші қоғамдар іс-әрекетіне тыйым салынғандығы жөнінде Акт қабылдады.

Қарсылық қозғалыстары сан мыңдаған митингілерден көрініс тапты. Насихатшылар халықты билікке араластыруды талап етті. 1819 жылдың тамызында Манчестерде алпыс мың адамдық жиналыс парламенттік реформа мен нанның арзандатылуын талап етті. Көмекке полициялық әскер шақырылды. 11 адам өлтіріліп, 400 адам жараланды. Парламент «көтерілісшілерді тоқтату үшін алты акті» қабылдайды (50-ден артық адам қатысқан жиналысқа, «жеке» әскери жаттығуларға тыйым салу, үндеухат тарату үшін ақша жинауға, сот орындарына қару-жарақты жинап алу үшін тінту жүргізуге рұқсат беру жөніндегі заң).

Вигтер оппозициясы тіпті ақсүйектік үстемдікті жоюға мүмкіндік беретін парламенттік реформа жүргізуді талап етті. Виги партиясының жетекшісі Чарльз Грей осы реформаны жүргізу арқылы ғана Англияны революциядан құтқаруға болады деп есептеді.

1812 жылдан 1827 жылға дейін елді лорд Р. Ливерпул кабинеті басқарды. Осы кабинеттен Джордж Каннинг, Роберт Каслри, Джон Палъмерстон және Роберт Пил сияқты қайраткерлер көзге түсті.

Ішкі заң шығару саласында біршама істер атқарылды. Р.Пил мырза ішкі істер министрі болғанда парламент арқылы қылмыстық құқықтық сипатын жеңілдететін бірнеше актілер қабылдады.

1819 жылы лорд Ливерпул кабинеті әлеуметтік заң шығару саласында маңызды қадам жасады. Утопияшыл социалист Роберт Оуэннің ықпалымен парламент өзінің актісінде 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салды, ал 16 жасқа дейінгілерге жұмыс күнін 10,5 сағ-қа қысқартты.

Нью-Ланаркедегі мақта мата фабрикасыньщ иесі Р.Оуэн 10,5 сағ-ка жұмыс күнін қысқартып, фабрика жанынан мектеп пен балабақша ашып, үлгілі қыстақ тұрғызып, өндірісті жетілдіру және адамгершілік арнасына салу арқылы жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізді.

1831 жылы вигтер қауымдар палатасына заң жобасы мен парламенттік реформа енгізді. Аталған жобада «шіріген жерлер» есебінен жаңа өнеркәсілтік қалаларға орын беруді ұсынды. Сайлаушылар үшін мүліктік цензді төмендету қарастырылды. Тіпті осындай самарқау реформаның өзі ақсүйектер тарапынан қарсы әрекет тудырды.

1832 жылғы сайлау қорытындысы бойынша қауымдар палатасы реформа туралы заң жобасын қабылдады, бірақ лордтар палатасы оны қабылдамады. Заң жобасы қабылданып, заң болып енуі үшін тағы бір сайлау өткізу талап етілді. Нәтижесінде 56 «шіріген жерлер» өкілдік құқығын жоғалтты, екі орындық 31 аймақ бір орынды болды, ірі өнеркәсіпті орталықтар парламенттегі өздерінің екілділігін кеңейтті.

1832 жылғы Парламенттік реформа жер иеленуші үстем тап пен өнеркәсіптік және сауда капиталистері арасындағы саяси тартыстың басты өзегіне айналды. Вигтер билеуші партия дәрежесіне ие болып, торилер оппозицияға өтті. Өзінің 10 жыл бойғы билігі кезінде вигтер бірқатар реформалар жүргізді. Соның бірі қаланың өзін-өзі басқару реформасы еді. Салық төлеушілердің барлығы, яғни 21 жастан жоғары қала тұрғындары қалалық кеңес сайлауына қатысуға құқық алды. Ең алғашқы «фабрикалық заң» қабылданды. Ол заң 9—12 жасқа дейінгі балалардың тоқыма өнеркөсібіндегі жұмыс күнін аптасы 48 сағ-қа дейін, ал 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердікін—68 сағ-қа дейін қысқартты. Бұл заңның орындалуын қадағалау үшін фабрика инспекторы тағайындады. Осының нәтижесінде Англия фабрикалық заңнама жасауда көшбасшы атанды.

Вигтердің мұндай сәтті қадамдары бәсекелестеріне өз саясаттарын қайта қарауға мәжбүр етті. Торилердің көрнекті өкілі Роберт Пил 1834 жылы 1832 жылғы парламент реформасымен келісуге өз жақтастарына үндеу тастады. Р.Пил торилерді жер иеленуші ақсүйектердің мүддесін қорғаушы партиядан халықтың қалың бұқарасына сүйенген партияға айналдыра алды. Содан бастап торилер өздерін консерваторлармыз деп атады. Қазіргі консервативтік партияның тарихы осылай басталды.

Өнеркәсіп төңкерісі. XVIII ғасырда өнеркәсіпте айтарлықтай өзгерістер болды. Ұсақ тауар өндірісін мануфактура өндірісі ығыстырып шығарды. Оны дамытудың қажеттілігі XIX ғасырдағы ағылшын өнеркәсібін түбірімен өзгерткен механика саласындағы жаңалықтар ашуға әсерін тигізеді. 1733 жылы шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылды. 1738 жылы адам қолының көмегінсіз жіп тоқуға арналған машина жасалады. 1764 жылы Дж.Харгривс «Дженни» атты механикалық ұршықты, ал 1771 жылы Р.Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты. 1780 жылы Англияда 20-ға жуық, ал одан 10 жыл өткеннен кейін 150 осы тектес фабрикалар жұмыс істеді.

Өнеркәсіптің басқа салалары да түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1765 жылы Джеймс Уатт бу машинасын құрастырып, 1771 жылы оны жетілдірді. Бу машинасын ойлап табу фабрика өндірісінің дамуына аса үлкен өзгерістер әкелді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының өзен суларының энергиясына тәуелділігі жойылды, бұл фабрикалардың көбеюіне жағдай жасады. Бу машинасын іске косу үшін көмір қажет болды. Бұл көмір өнеркәсібінің дамуына елеулі ықпал етті.

Өнеркәсіптің дамуы Англияда жаңа калалардың пайда болуына, жолдар мен көліктің дамуына ыкпал етті, жаңа тап — өнеркәсіл пролетариаты дүниеге келді. Осылайша XVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне ету кезеңі — өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады.

Өнеркәсіп төңкерісі паровоз дөңгелектерінің тарсылымен аяқталды. 1825 жылы Дж. Стефенсон Стоктон мен Дарлигтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді. 1830 жылы 100 шақырымдық жол тоқыма өндірісі дамыған Манчестерді портты Ливерпулмен байланыстырды. 1850 жылы Англия жалпы ұзындығы 50 мың шақырымға жеткен теміржол торабына ие болды. Темір жол, металлургия, машина жасау, тау-кен және құрылыс ісін алга бастырды. Шойын қорыту үш есеге өсіп, екі млн тоннадан асты. Темір жолға байланысты бу машиналарын жасау және вагон құрылысы енеркәсібі пайда болды. Бірінші орынды тоқыма өнеркәсібі сақтап қалды, әсіресе мақта өндірісі британ экспортының 70%-ын құрады. Бірақ ғасыр ортасында машина өндірісі, оның ішінде машина жасау барлық негізгі құрылымда басым түсті. Өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Англия дүниежүзілік шеберханаға айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады. Шетелге өнім шығару 1850 жылы 1830 жылғы 45 млн фунт стерлингтен 70 млн фунт стерлингке өсті. Лондон дүниежүзілік сауда орталығына айналды.

Жұмысшы қозғалысы. Англияда 30-жылдарда пролетариат бөлініп шығып, өз бағдарламалары және талаптары бар ұйымдарға бірігуге алғаш рет қадам жасады. 1836 жылы бір мезгілде

Лондон жұмысшылар қауымдастығы мен Үлкен Солтүстік Одағы (Лидс) пайда болды. Екі ұйым да өз мақсаттары елдің саяси құрылысын пролетариаттық реформа көмегімен еңбекшілер мүддесіне орай қайта құру екендігін хабарлады. Саяси кесемдер: ағаш ұстасы Уильям Ловетт, журналистер Фергюс О'Коннор, Джеймс 0'Брайен және Джулиан Гарни көзге түсті. Халықтық хартия атты бағдарлама құрастырылды. Ол алты бөлімнен тұрды: ерлер үшін жалпы сайлау құқығы, жабық дауыс беру, саны бойынша тең сайлау округтерін құру, кандидаттар үшін мүліктік цензді алып тастау және т.б. Көптеген митингілерде жүздеген адамдар оның мәтінін жазуға қатысты.

1839 жылы ақпанда Лондонда Хартияның табысқа жетуі үшін күрестің түрлері мен өдістері талқыланған бірінші чартистік конвент жиналды.

XIX ғасырдың 30—50-жылдары Англиядағы пролетариаттың алғашкы бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм» деген атауға ие болды. Чартизм («сһагіег» — хартия, кұжат) деген ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар мен топтардың саяси талаптары көрініс тапты.

Делегаттар арасында қайшылықты пікірлер туындады: біреулер (Ф.О'Коннор, Дж. 0'Брайен) петиция науқанын жақтады; екіншілері Дж. Гарни басшылығымен Хартияға қол жеткізу үшін бір ғана жол—көтеріліс жасаған дұрыс деп есептеді.

6 мамыр күні 1 млн 250 мың қол қойылған Хартия үлкен көтергішке салыньш, парламентке жеткізілді. Бірақ парламенттегілер Хартияны мойындамады.

12 тамыз күні ереуілге шығу келісілген еді, бірақ халық дайын болмай шықты. Үкімет барлық бастамашылар мен жетекшілерді темір торға қамады.

Оқиғаның шиеленісуі чартистер қатарында алауыздық тудырды. Радикалдар өкілдері оларды тастап кетті.

1840 жылы шілдеде Манчестерде Ұлттық чартистік ассоциация ұйымдасқан түрде рәсімделді. 1842 жылы мамырда жаңа петицияны (3,3 млн қол қойылған) парламент қабылдамады. Жауап ретінде Манчестерде, барлық Ланкаширде және басқа көрші графтықтарда, Шотландияда, Уәльсте және Лондонда ереуілдер толқыны жүріп өтті. Бірақ жоқшылық жұмысшыларды фабрикалар мен зауыттарға қайтуға мәжбүр етті. Жетекшілер арасында алауыздық басталды.

Чартизмнің үшінші және соңғы көтерілуі 1847—1848 жылдарға тап келді және бұрынғыдан өзге жағдайларда дамыды — астық туралы заң жойылды, азық-түлік арзан-дады. Жаңа петицияға 5 млн қол жиналды. Оны парла-ментке апаратын күні (1848 жылы 10 сәуірде) кең көлемдегі шеру ұйымдастырылды. Үкімет әскер топтарын әкелді, тақты корғау туралы заң шығарып, шерушілердің Вестминстер үйіне жақындауына тыйым салды. Үшішпі петицияны қарау үшін парламент арнайы комиссия құрды, онда 5 млн қолдың үшеуі жарамсыз деп табылды. Сөйтіп, парламент үшінші рет жұмысшылар талаптарын қабылдамады. О'Коннор митингіге қатысушыларды үкіметке ашық қарсы шықпауға шақырды. Топ тарады.

Жұмысшылар табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалыс бәсеңдей бастады. Тыйым салулар мен қуғын-сүргін бәсеңдеудің себебі бола алған жоқ. Англия күрделі әлеуметтік реформалар кезеңіне өтті. Чартистер күресінің сөтсіздігіне, жұмысшылардың жалпы сайлау құқығына қол жеткізе алмауына олардың басқа таптар тарапынан қолдау таппағандығы себеп болды.

Кәсіподақтарды ұйымдастыру. XIX ғасырдың 50-жыл-дары Англияда көсіподақ қозғалыстары үлкей жетістіктерге жетті. Чартизмнің әсері тредюниондарды күшейтті. Еңбек салаларында тред-юниондар қатары кәбейіп, олардың жұмысшы табына ұйымдық әсері артты. Олар жұмысшылардың кәсіпкерлерге қарсы шығуына көмектесті, ереуілдерді басқарды. Капиталистер жұмысшылардың бүл ұйымдарының көзін жоюға тырысты. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, тред-юниондарды қудалаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланды.

Жаңа көсіподақ жетекшілері өндіріс қожайындарымен серіктестік қатынастар құруға ұмтылды. Ереуілге олар тек қана тредюнион мүшелерінің еңбегі мен өмірін жақсарту үшін капиталистермен келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда ғана шықты.

Үкімет пен өнеркәсіп қожайындары көсіподак пікірлерімен санасуға мәжбүр болды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тредюниондар өздерін күшті сезінді, олар жұмысшылар үшін парламент реформаларын жүргізуді талап етті. Осылайша көсіподақтар пролетариаттың эконо-микалық және саяси құқығы үшін күрес жүргізу түріне айналды. Жұмысшылар қозғалысы қуатты саяси күш болып есептелді.

Баќылау с±раќтары:

1.Англияда екі партиялық жүйенің пайда болуы

2.Ағылшын парламенттік билеу жүйесінің дамуы

3.ХҮІІ-ХІХ ғғ Англияның сыртқы саясаты


6- лекция. Таќырыбы: ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресей.

Жоспары:

1.ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

2.ХҮІІІғ сарай төңкерістері

3.ХҮІІІғ екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы және отарлау саясаты


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История России / Под ред М.М.Горинова М., 2000

Века А.В. История России .Минск, Москва., 2003

Лекция маќсаты: ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресейдің дамуын қарастыру
Лекция мєтіні:

Англияның экономикасы жедел дами бастаған кезде, кейбір Еуропа елдері, оның ішінде Германия, италия, Ресей артта қалды. Бұл елдерде әлі де феодалдық тәртіп үстем болатын.

Феодалдық басыбайлық құрылыс, экономикасының томаға-тұйықтығы, Еуропа елдерімен байланыстарының болмауы – Ресейдің артта қалуының басты себебі осылар еді.

Негізгі бұқара халық – шаруалар помещиктердің, монастрлардың, патша әулетінің меншігінде болатын. Басыбайлылық шаруалардың еңбекке деген ынтасына тұсау салды, сөйтіп елдің дамуына бөгет жасады.

Ресей мәдениет саласында да артта қалды. Бұқара халық арасында ағарту шаралары жүргізілмеді. Мектептер болмады. Ресейдің билеуші тобы, алдыңғы қатарлы білімді адамдарды Батыс Еуропамен салыстырғанда елдің артта қалғандығын байқады. Әскери және өндіріс техникасының мешеулігі, флоттың және теңіз жолдарының болмауы, тіпті мәдениеттің де жұтаңдығы барған сайын айқындала берді.

І Петрдің өкімет басына келуі қарсаңында сарай маңы топтарының арасында күшті күрес жүріп жатқан болатын. Бір топты Алексей михайлович патшаның алғашқы әйелінен туған қызы - ақылды және жігерлі София басқарды, екінші топтың басында патшаның екінші әйелі, Петрдің анасы – Наталья Нарышкина патшайым тұрды. Ұрпақсыз патша Федор Алексеевич өліп, Иван басқару ісіне қабілетсіз болып шыққандықтан патшалыққа 10 жасар Петр лайық деп табылды. 1682 жылдың мамыр айында атқыштар Нарышкинаның көрнекті жақтастарын құртқаннан кейін ағайынды Иван мен Петрдің бірдей патшалық құруын талап етті. Атаққұмар әйел тақты толық иемденуді қалады. Петр балалық шағын Мәскеу түбіндегі Преображенск селосында, құбырларынан жасақталған жауынгерлер тобына басшылық еткен әскери оийындармен өткізді.

1689 жылы атқыштар әскері 17 жасар Петр жағына шықты да, София Новодевичье монастырына қамалды. Сөйтіп, І Петр билігі басталды (1689-1725).

Петрдің сыртқы саясатындағы алғашқы қадамы Ресейді теңіз державасына айналдыру болды. Ол әуелі оңтүстік бағыттан басталды.

Осы мақсатпен азов өзеніне Петрдің тікелей өз басшылығымен құрылған флоттың және артиллерияның көмегімен 1696 жылы Азов алынды.

Азов қамалын алу Ресейдің оңтүстіктегі теңіз жолының тұрақтылығын әлі де толық қамтамасыз ете алмайтын еді. Қара теңіз бен Керч бұғазы түріктердің қолында болатын.

1697 жылы Ресей, Австрия және Венеция арасында Осман империясына қарсы одақ жасалды. Осы одақты бекіту және кеңейте түсу мақсатымен, шетелге 250 адамнан тұратын «Ұлы елшілік» жіберілді (оның құрамында Преображенск полкінің уряднигі Петр Михайлов І Петр патша да бар еді). Елшілік дипломатиялық міндетін атқара алмады. Англия мен Голландия Ресеймен Осман империясына қарсы одақ жасасуға келіспеді. Дегенмен Петр табыссыз болған жоқ. Шетелде жүргенде ол Еуропа елдерінің тұрмыс жағдайы мен танысты.

Солтүстік соғыс және оның нәтижесі. 1699 жылдың жазында Ресей Туркиямен 30жылдық келісім-шарт жасасты. Саксония, Польша және Даниямен одақтасып, Балтық теңізіне шығу мақсатымен 1700 жылдың күзінде Петр Швецияға қарсы соғыс басталады.

18 жастағы швед королі ХІІ Карл Данияны тамыз айында өткен бір шайқаста – ақ жеңіп, бітім жасасуға мәжбүр етті. Бұл жақтан босаған 12 мың таңдаулы армиясын жедел орыс әскерлері тұрған Нарва бекінісіне жеткізді де, 1700 жылдың қараша айында оларға күйрете соққы берді. Швеция сияқты күшті жауға төтеп беруге Ресей әскері дайын емес еді. Сондықтан соғысқа қабілетті армия құру қажет болды.

Ең алдымен Петр тұрақты армия құру туралы шешім қабылдады. 1705 жылдан бастап міндетті әскерге шақыру енгізілді. Барлық дворияндар әскери қызмет атқарып, жалдамалы шетел офицерлерін алмастыруға міндетті болды. Ресейде бірінші Преображенск және Семенов гвардия полктері ұйымдастырылды. Солтүстік соғысы басталған кезде әскер қатарына 40 мың адам болса, 1708 жылы олардың саны 113 мыңға жетті.

І Петр кеме жасау жұмысын Солтүстік соғысына дейін, Азов жорығына дайындық кезінде басталған болатын. Бірінші орыс Балтық эскадрасы теңізге 1703 жылы түсірілді. Балтық флотына арналып барлығы 439 ескекті кеме, 207 желкенді кеме жасалды. Оларда 28 мың теңізші қызмет атқарды.

Армияны қайта қаруландыру Петрді алғашқы ірі жеңістерге жеткізді.

1709 жылы 27 маусым күні өткен Полтава шайқасы орыс әскерлерінің толық жеңісімен аяқталды.

Петрдің бұл жеңісі Ресейді халқаралық аренеға шығарып, оның Еуропадағы рөлін түпкілікті өзгертті.

Полтаав шайқасынан кейін соғыс қимылдары Балтық бойына ауысты. 1714 жылы шілденің 27-күні Гангут мүйісіне Ресей тарихындағы тұңғыш ірі теңіз шайқасы басталды. 3 сағатқа созылған ұрыс Ресейдің жеңісімен аяқталды. Жаудың 10 кемесі адмиралымен қоса қолға түсті.

1720 жылы шілде айында Гренгам аралы түбінде орыс эскадрасы шведтердің әскери-теңіз күшін күйрете жеңді.

Шведтердің әскери күші әбден әлсіреді. 1721 жылы маусым айында Ништадт қаласында бейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей Ливляндияны, Эстляндияны алды, Петербург жанындағы Фин шығанағы жағалауларын және Карелияның бір бөлігін қолына қаратты, қолайлы порттар – Рига мен Ревельді (Таллинн) иемденді, бірақ Финляндияны Швецияға қайтып берді. Сөйтіп, Солтүстік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде Ресей Балтық теңізіне шығуға мүмкіндік алды, оның экономикасының және мәдениетінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

Экономика саласындағы өзгерістер. І Петрге мұра болып ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы Еуропада өтіп жатқан құбылыстардан алшақтап, тұйықталып қалған патриархаттық Русь тиді. Петр ел өмірінің барлық салаларын реформалауға кірісті.

І Петр жүогізген экономикалық өзгерістердің ішінде өндірістегі жетістіктері неғұрлым нәтижелі болды. ХҮІІ ғасырдың аяғында Ресейдің ірі өнеркәсібі бір кенеп- мата мануфактурасы мен оншақты ұсақ металлургия зауыттарынан ғана тұрса, 1725 жылы ондай кәсіпорындар саны 200-ден асты, олардың қатарына мыс қорыту, шұға тоқу, түсті және қара металлургия, т.б. болды.

Мануфактураның дамуы, басыбайлы шаруашылықты тауар- ақша қатнастарын араластыру, Балтық теңізіне жол ашылуы ішкі және сыртқы сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Мемлекетті басқару ісіне Петр түпкілікті өзгерістер енгізді. Боярлар Думасы мемлекет ісін жүргізе алмады. 1711 жылы Петр оның орнына Сенат құрды. Оның құрамына өзі сенетін 9 адам кірді. Сенаттың құқығы кең болды. Ол барлық мемлекет аппаратының ісіне бақылау жүргізді және басшылық етті, сот жұмысын қадағалады, салық жинау және шығын мәселелерімен шұғылданды, сауда жұмысын басқарды.

Оқу ағарту және мәдениет салаларындағы өзгерістер. Петр реформаларды арнаулы мамандығы бар кадрлар дайындауды, халқыты жалпы ағарту ісін жақсарту және мәдениетін көтеруді талап етті.

Мануфактура, армияға, флотқа және мемлекетті басқаруға қажетті мамандарды дайындау мақсатымен Петр дворян балаларын және кейбір шенуніктерді шетелге оқуға жіберді.

Шетелден алаған әсерінің негізінде Петр Ресейде университет немесе политехникум ашқысы келді. Бірақ іс Петербургте артиллерия мектебі мен Теңіз академиясын, Мәскеуде инжинерлік және навигация мектептерін ашумен ғана тынды. Сол дәуірде өмір сүрген князь Куракиннің айтуынша, математика мектептері және басқа да ілім және қолөнер кәсібін: қалпақ жасау, шұға тоқу, тері өңдеу, гипстен бейнелер жасау, сарай тұрғызу, сәулетті өнерін үйрететін оқу орындары болған.

Ұлы Петрдің кезінде орыс мәдениетінде жаңа қадамдар жасалып, театр ашу, газет шығару, шетелден кітап сатып алу және кітап басу қолға алынды.

Қоғамдық және мәдени өмірге өзгерістер енді. Петербургтің және Мәскеудің ақсүйек қауымы мен бай көпестерге ассамблеялар- биржалар, клубтар, би кештерін өткізу рұқсат етілді.

Осындай өзгерістердің нәтижесінде Ресей басыбайлы елі болып қала отырып еуропалық кескін ала бастады, бірақ өзгерген тек сырт бейнесі ғана еді. Петр өз халқының негізгі құрылысы- феодалдық – басыбайлылық құқықты жоя алмады. Ол ол ма, Петр басыбайлылық құқықтың ең соңғы тежеуін алып тастады. Сондықтанда ұлы ұлы реформатор өлгеннен кейін оның барлық реформалары тоқтап қалды.

Өзгерістер нәтижесінде Ресейде абсолюттік монархия орнауымен аяқталды.

Абсолютизмнің сыртқы көрнісі 1721 жылы 22 қараша күні І Петрдің император лауазымын қабылдау болды. Ресей империяға айналды.

Сарай төңкерістері: 1725 жылы қаңтар айында Ұлы Петр дүние салды Ол не өсиет, не тақ мұрагері жөнінде заң қалдырған жоқ. Осы уақыттан бастап Ресей тағы үшін двориян топтары арасында талас басталды. І Петр құрған дворияндар гвардиясы бұл күресте негізгі күш құралына айналды.

Біраз уақыт І Екатерина патшайым (1725-1727)мен патшаның немересі ІІ Петр (1727-1730) патшалық етті. Іс жүзінде бұл кезде І Петрдің серігі А.Д.Меньшиков билік құрды. 1730 жылы таққа І петрдің жиені, Курляндия герцогиниясы Анна Ивановна отырғызылды (1730-1740). Тарихта он жылға созылған «бироншылар» деп аталатын немістердің озбырлығы басталды.

1740 жылы Анна Ивановна өлгеннен кейін оның жиен немересі, екі айлық нәресте Иван Антонович тақ мұрагері, ал Бирон оның орнына уақытша билеуші болып жарияланды. Бірақ 1741 жылдың қаңтарында гвардия төңкеріс жасады да таққа І Петрдің қызы Елизавета Петрованв отырғызды. Елизавета патша ешқандай өзгеріссіз 20 жыл билік құрды.

ІІ Екетарина патшалық құрған кездегі Ресейдің ішкі және сырқы саясаты. ІІ Екатерина (1762-1796) орыс тағына 34 жыл патшалық құрды. Таққа отыру заңдылығы күмәндә болғандығына қарамастан дворияндар оны «Екетерина анамыз», «Ұлы Екатерина» деп атады.

1762 жылы таққа отырысмен ол «Барлық Ресей дворияндарына еркіндік пен бостандық беру туралы» мнифест жариялады.

1763 жылы шаруаларға иесінің үстінен шағым жасауына тыйым салу жөніндегі жарлық жарияланды.

ІІ Екатерина сыртқы саясты да дворияндардың үстемдігін күшейту мақсатын көздеді. І Петр мақсат еткен Қара теңізге шығу жолын ІІ Екатерина жүзеге асырылды. Бірінші орыс-түрік соғысы 1768-1774 жылдары болды.



  1. жылы Осман Туркиясы Ресейге соғыс жариялады. Орыс әскерлері Молдавия аумағына енді. Оның басына П.А.Румяцев тұрды. Орыс әскерлері Ларга өзені жанында (1770) 30 мыңдық армиясымен түріктердің 150 мыңдық армиясын жеңп шықты.

Осы жылы адмирал Г.А.Спиридов эскадрасы Еуропаны айналып өтіп Жерорта теңізіне кірді де, Чесмен шығанағындағы түрік флотына шабуыл жасап, оны қирата жеңп, өртеп жіберді. Осыдан кейін жасалған келісім- шарттық негізінде Қырым Туркиядан тәуелсіз болды. Валахия мен Молдавияны Ресей өз қамқорлығына алды. Ресей кемелері Қара теңізге емін-еркін жүзу құқығына ие болды.

1783 жылы сәуір айында ІІ Екетерина жарлығы бойынша Қырым Ресей құрамына енгізілді.

1787 жылы туркия Ресейге қайта соғыс жариялады. Осман армиясы мен флоты үнемі жеңілумен болды. Бұл соғыста А.В.Суворов пен адмирал Ф.Ф.Ушаковтың қолбасшылық дарындары жарқырай ашылды.

1788 жылы Қара теңіз флоты түріктедің Днепр-Буг қойнауындағы , одан Фидониси және Тендр аралдарындағы флотилиясын талқандады.

1789 жылы шілдеде Суворов Фокшанана түбінде қыркүйек айында Рымник өзенінде осман армиясын жеіп шықты.

Орыс- түрік соғыстарымен қатар ІІ Екатерина Польшаны үш рет бөліске салуға қатысты. Ресейдің ұлттық батыры, ұлы қолбасшы А.В.Суворов 1794 жылы Т.Костюшконың басшылығымен болған поляктардың ұлттық көтерілісін басты. 1772, 1793 және 1795 жылдардағы бөлістің нәтижесінде Польшаны Ресей, Пруссия және Австрия өзара бөлісіп алды. Ресей Польшаның және Шығыс Еуропа елдерінің бостандығын тұншықтырушы деген атаққа ие болды.



Баќылау с±раќтары:

1.Солтүстік соғыс және оның тарихи маңызы

2.І Петрдің қайта құрулары

3.ІІ Екатеринаның шексіз билігі

4.ХҮІІІғ екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты

7- лекция. Таќырыбы: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада,АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуы.

Жоспары:

1.Өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары мен мәні

2.Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі

3.Ресейдегі басыбайлық құқықтың жойылуы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада,АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :

Өндіргіш күштерін басыбайлықпен самодержавие бұғауынан Ресейдің артта қалушылығы ХІХ ғасырдың ортасына қарай қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінді. ХІХ ғасырдың бас кезінде еркін жалдамалы еңбекке негізделген мануфактура бірінші орынға шықты. 30-40 жылдары елде өнеркәсіп төңкерісі басталды. Мақта өнеркәсібінің алғашқы фабрикалары пайда болды. Бірақ ірі машиналы индустрияның іргетасы – тау-кен өнеркәсібі әлі де басыбайлық еңбек негізінде жұмыс істеді.

Тез қарқынмен дамыған батыс еуропамен салыстырғанда, әлі де өгізге мінген құлдардың – басбайлы шаруалардың еріксіз еңбегі үстем Ресей мешеу қалған еді. Ресейде жаңарулар басталуы үшін сыртқы түрткі күш қажет болды. Осындай оқиға – николайлық Ресейдің Англия және Франциямен әскери қақтығысы - 1853 -1856 жылдардағы Қырым соғысы болды.

Қырым соғысы: 50-жылдардың бас кезінде «Шығыс мәселесіне» байланысты халқаралық жағдай тағы да шиеленісті. Ресей Қара теңізден Жерорта теңізіне шығатын бұғаздар әлсіреген Түркияның қолынан күшті еуропалық мемлекеттерге ауысады – ау деп қауіптене бастады. Англия, Австрия, Франция Ресейді бәсекелес ретінде жоюды көздеп, Түркияны соғысқа айдап салды. Закавказьедегі және Қара теңіз жағалауындағы біраз жерледі алу мақсатында Осман империясының өзі де Ресеймен соғысуға мүдделі болды. Сөйтіп, Ресейге қарсы еуропалық мемлекеттердің коалициясы құрылды.

Соғыс қимылдары Ресей үшін әуелі сәтті болды. 1853 жылы қарашада Синоп шығанағында орыс және түрік флоттарның шайқасы өтті. Орыс эскадрасын көрнекті флот жеткешісі вице-адмирал П.Нахимов (1802-1855) басқарып, жеңіске жетті.

1854 жылы наурыз айында Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялады. Ағылшын-француз эскадрасы Одессаны бомбылады, ал екінші эскадра Балтық теңізіне еніп, Кронштадқа қауіп төндірді.

1854 жылы күзде одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне - Севастопольге соққы берді.

Севастополь қорғаушылары ауыр адам шығындарына ұшырады. В.Корнилов,П.Нахимов, В.Истомин сияқты адмиралдар қаза тапты. Орыс әскерлері 1855 жылы қыркүйекте астында 80 мың севастопольдықтар көмілген қаланың түтігіне орналған қалқайған қабырғаларын ғана тастап шықты.

Орыс әскерлерін Карс қамалын алып, закавказьеде ірі жеңіске жеткенімен Севастопольдің құлауы соғыстың нәтижесін алдын-ала көрсетті. 1856 жылы наурызда Париж бітім шартына қол қойылды. Бітім шарттың Ресей үшін ауыр болды.Одан Бессарабияның бір бөлігі «кесіліп» алынды. Севастополь, Евпатория, Керчь үшін Карс Түркияға қайтарылды. Ең ауыры Ресейге Қара теңізде әскери флот ұстауға тыйым салу болды. Ресей Еуропада абройынан айрылды. Қырым апаты Ресейдің феодалдық қоғамдық және саяси мешеулігі әскери артта қалуының себебі екендігін көрсетті. Соғыс патша үкіметін буржуазиялық реформалар жүргізуге, ең алдымен басыбайлық құқын жоюға кірісуге мәжбүр етті, елдегі революциялық ахуалдың пісіп-жетілуін тездетті.

Ресейде басыбайлық құқын жою: Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендіген көз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауы жер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдың құралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.

Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты. Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестің туы болды. Шаруалардың мүддесін қорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғы легінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.

Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлық қалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.

Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.

Баќылау с±раќтары:

1.Англияда капиталдың алғашқы қорлану процесінің аяқталуы

2.Ағылшын өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары, хронологиялық шеңбері, нәтижелері, салдары

3.Ауыл шаруашылығындағы капитализмнің «пруссиялық» және «американдық» жолдары


8- лекция. Таќырыбы: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жж Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ, Латын Америкасы мен Ресейдің саяси дамуы

Жоспары:

1.Вена конгресі және «Қасиетті одақ»

2.ХҮІІІғ аяғындағы АҚШ-тың саяси жағдайы

3.1815-1860жж Франция мен Англияның саяси жағдайы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жж Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ, Латын Америкасы мен Ресейдің саяси дамуын қарастыру.
Лекция мєтіні :

Әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы онжылдығында АКШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан өлі де артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады, бірақ та капиталдың шоғырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. XVIII ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал XIX ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады.

АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789—1797) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып, ұлттық банк құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.

Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. XIX ғасырдың бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында темір жолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30 626 мильге жеткен осы темір жолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚІП бірінші орынға шықты. 1869 жылы континентаралық жолдар жұмыс жасай бастады.

АҚШ жалпы батыстық бағытта дамыды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚІП аумағында 40 штат болды.

Жаңа жерлерді игеру АҚПІ экономикасының аграрлық сипатына себешпі болды. Жер алу үмітімен Батысқа америкалықтармен қатар өзге елдерден қоныс аударушылар (иммигранттар) да бет алды. Скваттерлік те, яғни жерді өз бетімен басып алу да жалғасын тауып жатты. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды (бос жатқан жерлерді тартып алу заңы бойынша). Көптеген фермалар «отбасылық» түрде болды.

40-жылдарда басталған соқа, шөпшалғы, баулайтын және басқа да техникаларды шығару ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті. Отбасылық еңбектің басым болуы және оны механикаландыру еркін штаттардағы америкалық ауыл шаруашылығы дамуының ерекше сипаты болды.

АҚШ-та өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермерлік шаруашылықты отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіл, ащііа таба бастады.

Оңтүстіктің күл иеленуші штаттарында плантатор-күл иеленушілер үстемдік етті. XVIII ғасырдың соңынан мақта өсіре бастаған олар, бар өміріне жететін байлыққа, құдіретке және ықпалға ие болды. Мақта әуелде жедел дамыған ағылшын тоқыма өнеркәсібінің шикізат кезі болса, кейіннен АҚШ-тың өзіне де қажет бола бастады. 1793 жылы Эли Уитнидің қарапайым да өнімді түрде мақта тазалайтын машина ойлап табуы АҚІП-та мақта өндірісінің дамуын жеделдетті. Мақта америкалық экономиканың «королі» ретінде шетке шығарылатын басты тауар болды. Мақта өсіруде және жинауда кебінесе қол еңбегі пайдаланылды, сондықтан құлдарды ұстау ете тиімді деп саналды.

Құл иеленуші америкалық плантатор шексіз билік иесі болды, ақсүйек-помещиктің өмірін кешіп, өздерін «джентльмен» санаса да, екінші жағынан олар капиталист кәсіпкерлер еді. Жерге және құлдарға деген жеке меншік дербес еді, оған да капитал бөлінетін. Мақтаға деген мол сұраныс, бос жатқан жерлердің көптігі, қолайлы табиғи жағдай, аз шығынмен құлдарды пайдалану мүмкіншіліггі АҚШ-тың оңтүстігінің плантациялық шаруашылығын өнімді және пайдалы кәсіпке айналдырды.

Мақта плантацияларымен қатар оңтүстікте темекі, күріш және қант плантациялары да болды. Өнеркәсіптің дамуына құл иеленушілік кедергі жасады. АҚШ-тағы жағдайдың ерекшелігі— ондағы қүлдық жүйе бір жағынан «калыпты» капиталистік дамуды тежеді, ал екінші жағынан, фабрикаларды шикізатпен қамтамасыз етіп, кіріске жағдай жасады.

Плантациялық құлдық экстенсивті (сапалық емес, сан жағынан көбею) сипатта болып, жаңа жерлерді көп қажет етті. Өйткені мақта мен темекі жер құнарын тез тоздыратын. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналғанымен, құл иеленушілер өздерінің оңтүстіктегі «ерекше мүдделерін» қатыгездікпен қорғады.

АҚШ аумағының өсуі. Тәуелсіздік үшін соғыс аяқтала салысымен-ақ Құрама Штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соңғы кезде үндістерден тартып алынған Кентукки (1792), Теннеси (1796) және Огайо (1803) косылды.

Джефферсон әкімшілігі де ірі аумақтарды иеленді. 1803 жылы олар 60 млн ливрге (15 млн доллар) Франциядан Луизиананы сатып алды. Осы пайдалы келісім арқылы АҚШ өзінің аумағын екі есеге өсірді.

1810 жылы Миссисипи мен Перл (Маржан) өзендері арасындағы аймақта америкалық қоныс аударушылар төңкеріс ұйымдастырып, Батон Руж маңайындағы аймақты басып алды. Олар Флориданың батыс бөлігін Испаниядан тәуелсіз деп жариялап, Құрама Штаттардың үкіметінен жаңа тәуелсіз аймақты Одаққа алуы жөнінде өтініш жасайды. АҚШ президенті Джеймс Мэдисонның жарлығымен үкімет әскері осы аймақты басып алып, 1812 жылы құрылған Луизиана штатына қосады.

1817—1819 жылдары Құрама Штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде Испаниямен келіссөз бастайды. Келістге келе алмай, генерал Джексон бастаған америкалық өскер АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан өтіп, Флориданы басып алады.

1821 жылы Мексика өзін-өзі билейтін дербес мемлекет болды. Осы уақыттан бастап Мексиканың солтүстік аудандарына АҚШ-тан шыққандар қоныстана бастайды.

1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерлер қуылды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып жарияланды. Тоғыз жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас ез еркімен құл иеленуші штат ретінде АҚПІ құрамына кіреді.

Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846—1848 жылдардағы Мексика-Америка соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексико және Юта штаттары.

1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартка кол қойып, Канададағы ағылшын иеліктері мен АҚШ-тың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын. Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын жаулап алды.

Екі партиялы жүйенің қалыптасуы. Бір орталықтандырылған күшті билік президентпен ғана емес, сондай-ақ Конгреспен, Жоғарғы Сотпен де сипатталады. Жаңа Конституцияның мәтініне сәйкес мемлекеттік құрылым биліктің бөлініс ұстанымдарына негізделді. Жоғары атқарушы билік президентке тиесіленді, жоғары заң шығару билігі Конгреске, жоғары сот билігі — Жоғарғы Сотқа тапсырылды.

1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекітті.

АҚШ-тың құрылуының басында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Ажксандр Гамилыпон тұрды.

Джордж Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшішк етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамилътон (1757—1804) жеке өнеркөсіл пен сауданың дамуын жақтады. А.Гамильтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жеткізеді. Құрама Штаттардың бірінші Үлттық банкі 1791 жылы Құрылып, 1811 жылға дейін жұмыс жасады.

А.Гамильтон елде экономикалық даму саясаты жүргізілуге тиіс деп есептеді. Қоғам А.Гамильтон ұсынысын толық қабылдай қоймады. Америкалық фермерлер мен қаланың төменгі тұрғындары Ұлттық банк кедейлер есебінен ауқаттыларды қамтамасыз етеді деп қауіптенді.

Қарапайым халықты саяси және экономикалық тұрғыдан қорғауды Томас Джефферсон өз мойнына алып федералистерге қарсы оппозициялық қозғалысқа жетекшілік етті. Томас Джефферсон және оны жақтаушылар Американың гүлденуіне өнеркәсіп емес, ауыл шаруашылығы негіз болады деп есептеді. Ол АҚШ-тың саяси Құрылымын демократияландыру қажет деп санады. Оның пікірінше, Америка өз жерінде жұмыс жасайтын және өмір сүретін фермерлер елі болуға тиіс. Ол федералдық

үкіметке емес, штат үкіметтеріне кең көлемдегі билік беру қажет деп түсінді. Гамильтонды жақтаушылар федералистер деп, ал Джефферсонды жақтаушылар демократиялық республикашылдар деп аталды.

1800 жылғы президенттік сайлауда америкалықтар өз дауыстарын Джефферсонға беруді жөн көрді. Федералистер үшін онын жеңісі Құрама Штаттарда демократиялық дамуды құптаушылардың зор табысы деп қаралды.

Қоғам ішінде әлеуметтік-экономикалық әр тектестіктің күшейе түсуі, Батыстың әрі қарай игеріле бастауы үкіметтік бағытты қолдауды қамтамасыз ететін жаңа саяси тәсіл қажет екендігін көрсетті. АҚШ президенті Эндрю Джексон (1829—1837) жаңа Демократиялық партияны басқарды. Бұл партияда Оңтүстік пен Батыс жер иеленушілері, кәсіпкерлер, орта топтар, тіпті солтүстік-шығыстың «төменгілері» де елеулі рөл атқара бастады.

Демократтардың билік құруы 1841 жылға дейін, ұлттық республикашылдардың орнын басқан жаңа Вигтер партиясының өкілі Уильям Гаррисон президенттікке сайланғанға дейін созылды. Екінші рет қос партиялы жүйе қалыптасып, екі партиядан президенттер кезекпен бір-бірін 1860 жылға дейін ауыстырып келді. Демократиялық партияда құл иеленуші Оңтүстіктің ықпалы басым болды. Вигтер партиясы да оңтүстіктегілер арасынан қолдау тауып, құл иеленушілермен ымыраға келуге бейім тұрды.

Оңтүстікке қарсы жаңасаяси күш ретінде, 1854 жылы Чикаго қаласында құрылған Республикалық партия шықты. Бұл партия бүгінгі күнге дейін саяси аренада. Оның жетекшісі Авраам Линкольн америкалық демократияның негіздерін қара құлдарды азат ету және аграрлы мәселелерді шешу арқылы елеулі түрде кеңейтті. Республикалық билік 1861 жылы басталып, 1885 жылға дейін, яғни Ақ үйде жаңа президент-демократ пайда болып, қос партиялы жүйені толық қайта орнатқанға дейін жалғасып келді.

Негізгі партиялардан басқа, ұсақ саяси бірлестіктер, мысалы, жұмысшылар партиясы болды. Америкалық «жұмысшы партиясы» еңбекақыны көбейту, жұмыс күнін азайту сияқты дәстүрлі талаптарды ұсынды.

Құлдықты жою қозғалысы. XIX ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті мәселе — құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Мэдисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған күнде де, құлдықты жоя алмады.

XIX ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамы» Құрылып, олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап солтүстік штаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды.

АҚШ-тың оңтүстігіндегі негрлердің хал-жағдайы басқаша еді. Олар құлдықта болды. Плантаторлар құлдың тегін еңбек күшін пайдаланып пайда тапты, сондықтан да олар құлдық жүйенің басқа да штаттарға таралуына бар күштерін жұмсаса, құлдыққа қарсылар осыған дейінгі құлдық бар штаттармен ғана шектеуге тырысты. Осы Оңтүстік штаттардағы негрлер өздерін қанаушыларға қарсы көтеріліске шыға бастады.

1800 жылдың тамызында Ричмондқа таяу Виргинияда ұста-негр Габриельдің бастауымен негрлер көтерілісі бұрқ ете қалды. Бұл көтеріліс үкімет әскерімен басылып, Габриель және оның 35 жақтастары өлім жазасына кесіледі.

1822 жылы Оңтүстік Каролина үкіметі бірнеше мың негрлер қатысқан астыртын қозғалысты біліп қояды. Бұл қозғалыстың жетекшісі еркін негр Денмарк Визи еді. Бұған қатысушылар астыртын түрде басы үшкір темірлер, найза, басқа да қару-жарақтар дайындай бастаған болатын. Үкімет Д.Визиді және ондаған қатысушыларды дарға асты.

Қара құлдардың көтерілісі тек құлиеленушілердің әрекетімен ғана тына қойған жоқ. 30-жылдардың басынан елде құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар — аболиционизм кеңінен таралды. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандарды аболиционистер деп атады (ағыл. abolition—жою). Мұндай қозғалыстар көптеген солтүстік америкалықтардың күш қуатын біріктірді.

Оңтүстік өңірінде ат төбеліндей плантаторлар билік етті. Көп уақытқа дейін олар Америкадағы ең ауқатты адамдар болды: сәулетті сарайлар салғызып, балаларын АҚШ-тың және Англияның жақсы деген университеттеріне оқуға жіберді. Егер Солтүстікте демократия дами түссе, ал Оңтүстікте олигархия —аз ғана топтың билігі қалыптаса бастады. Оңтүстіктің саяси даму жолы Солтүстікке қарағанда басқа бағытта өрбіді.

Құл иеленуші Оңтүстік елдің экономикалық дамуын тежеді, өйткені құлдык елдегі өндірістің төменгі өнімділігін білдірді.

Солтүстікте өнеркәсіп төңкерісі тез қарқынмен жүрді. Жаңа Англия штаты тоқыма өнеркәсібінің орталығы болса, Пенсильванияда металлургия тез дамыды. Солтүстікте салынған каналдардың біреуі ұлы көлді Гудзон өзенімен жалғастырып, Батыстың фермерлік өнімдерінің дүниежүзілік рынокқа шығуын қамтамасыз етті.

АҚШ-тың Оңтүстігі мен Солтүстігі арасындағы шиеленістің пісіп-жетілуі. Өнеркәсіпті Солтүстік нығая түскен кезде, Оңтүстік аграрлы ел болып, дамуы жағынан елеулі түрде артта қалды. Бірақ елдегі билік бұрынғыша Оңтүстік штаттардың қолында болды. Бұл Солтүстікте наразылық туғызды. Плантаторлардың өз шаруашылығын Батыстағы жаңа жерлер есебінен кеңейту ниетіндегі ұмтылысы фермерлермен шиеленіске әкелді. Плантаторлардың құнарлы және үлкен көлемдегі жерлерді сатып алуы қарапайым фермерлердің жер сатып алуын қиындата түсті. Фермерлер жаңа аумақтарда құлдыққа тыйым салуды талап етті. Құлдыққа қарсылар мен құлдықты жақтайтындар арасында әскери қақтығыстар орын ала бастады.

1856 жылдың қазан айында аболиционист Джон Браун өзімен ниеттес 19 адаммен Виргиния құл иеленуші штатындағы аумақта 100 мың қару-жарақ сақталған әскери қойманы басып алады. Браунның көздеген мақсаты қарапайым еді: Виргинияда қара құлдарды көтеріліске шығарып, оларды қарумен қамтамасыз ету және Оңтүстікте жалпы көтерілісті бастауға дайындық жасау. Дегенмен көтеріліске шығу құлдар тарапынан қолдау таппағандықтан, үкімет әскері қару-жарақ қоймасымен қоса браундықтарды қоршауға алды. Қолға түскен Браун мен оның жеті сыбайласын сот өлім жазасына кеседі.

Сол кезеңде, яғни 1854 жылы саяси сахнаға Республикалық партия шықты. Оның қатарында фермерлер, өнеркәсіп капиталистері және жұмысшылар болды. Республикашылдар жер мәселесінде фермердің пайдасына орай тиімді шетттім қабылдауға кедергі тигізетін Оңтүстіктің саясатына наразылардың барлығын өз қатарларына топтастырды. Тек олар құлдықты тез арада жою қажет деген талап қоймады. Олардың басты мақсаты — Батыстың жаңа аумақтарына құл иеленушілікті таратқызбау болды.

Оңтүстік штаттардың аумағы шеңберінде құлдыкты шектеу құлдардың еріксіз еңбегін пайдалануға негізделген плантациялық шаруашылықтың күйреуіне әкелетін еді. Сондықтан да оңтүстік штаттарда құлдықты шектеу жөніндегі республикашылдардың жоспары оңтүстіктік ірі жер иелері үшін қауіп тудырады деп қаралды. Оңтүстіктегілер солтүстіктегілерді құл иеленушілерге қарсы күш жүмсау қажет деген ашык түрдегі үндеулерімен тоқталмайды деп қауіптенді. Олардың көшпілігі АҚШ-тан бөлініп шығып, оңтүстік штаттар аумағында құлдықты заңды түрде бекітетін жаңа мемлекет құруды талап етті. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы шиеленіс Азамат соғысына әкелді.

1861—1865 жылдардағы Азамат соғысы. Авраам Линкольн — АҚШ президенті. Құл иеленуші штаттардьщ Одақтан шығуы. 1860 жылғы президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей түсті. Демократиялық партия жағынан кандидаттыққа күл иеленушілікті жақтаушы Фредерик Дугласты ұсынды. Ал Республикалық партия—адвокат және публицист Авраам Линкольнді ұсынады. Ол құлдықтың Батысқа жайылуын тоқтату қажет деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линкольннің мемлекет басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШ-тан бөлінуге итермеледі. А.Линкольннің ресми түрде президент қызметін атқарғанына бір апта болғанда, яғни 1860 жылдың 20 желтоқсанында Оңтүстік Каролина штаты өзінің Одақтан шығатындығын мәлімдеді. 1861 жылдың ақпанында он бір оңтүстік штат жаңа мемлекеттің — Америка Штаттары Конфедера-циясының Құрылғандығын жариялады.

Баќылау с±раќтары:

1.Бонапарт диктатурасының орнауы

2.Напалеонның әлеуметтік-экономикалық саясаты

3. «Қасиетті одақтың»құрылу себептері, мақсаты мен қызметі

4.1815-1847жж Франция

5.1815-1860жж Англия



9- лекция. Таќырыбы: 1848-1849жж Еуропадағы революциялар

Жоспары:
1.1848-1851 жылдардағы Франциядағы Революция

2.1848-1849 жылдардағы Германиядағы Революция

3. Австрия империясындағы революция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс.

4.Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История Европы / под ред. М:А.Барга идр. М., 1994.-т.4

2.Политическая история середины ХІХв-1917г / под ред. В.А.Кувшинова М., 1994-т.-4
Лекция маќсаты: 1848-1849жж Еуропадағы революциялар тарихын қарастыру.

Лекция мєтіні :

Қалпына келтіру (реставрация) және халық көтерілістері. 1815 жылғы Напалеонның билікке қайтып оралуы, «жүз күні», тағы да тақтан түсірілуі екінші қалпына келтіруге жол ашты. 1815 жылы шілдеде еуропалық коалициялық армия көшіндегі «күймелермен Бурбондар қайтып оралды» (А.Франс). Ақ террор өрши түсті.

Қалпына келтіру дәуірінде (1815-1830) ел билігі ақсүйектер қолында болды. Сонымен қатар буржуазияның байлығы да өсті, кпаиталистік құрылыс нығая түсті.

1824 жылы ХҮІІІ Людовик дүние салды. Жаңа король- Х Карл деген атпен таққа отырған дворияндық контрреволюцияның көсемі граф Артуа енді ескі тәртіпті толығымен қалпына келтіруді көкседі. Террор асқақтай түсті, кейбір газеттер мен университеттер жабылып, қатаң бақылауға алында.

1830 жылығы шілде революциясы. Шілде монархиясының орнауы. 1830 жылы королб депутаттар палатасын таратып, төрт төтенше үкім шығарды. Бұл ордонанстар (төтенше жарғылар) «1814 жылғы хартияны» жойып, абсолютизмге жол салмақ еді. Осы шешімдер шілде айының аяғында халық көтерілісін туғызды. Көтерілісшілер король сарайын шабуылмен басып алды. «Даңқты үш күндік революция» барысында (26-28 шілде аралығы) Х Карл шетелге кетуге мәжбүр болды. Шілде революциясы Бурбондар әулетін тақтан біржолата тайдырды.

Халық көтерілісі жеңгенімен өкімет басына ірі буржуазия келді. Депутаттар палатасы Бурбон әулетіне туыстас Луи Филипп Орлеанды король етіп жариялады.

Шілде революциясы буржуазиялық революция болды. Сайлау құқығы сәл кеңейтілді.Өкімет басшылығы жер иеленуші ақсүйектер қолынан ақшалы ақсүйектер қолына ауысты. Буржуазиялық монархия орнады.

Капитализмнің дамуы. Халықтың жағдайы. Пролетарлық және республикалық көтерілістер. Қалпына келтіру және шілде монархиясы жылдарында Францияда капитализмнің өнеркәсіп төңкерісі болып өтті. Станокты ірі фабрикалар пайда болды, бу машиналарын кеңінен қолдану, шойын қорыту мен көмір өндіру өріс алды.

Пісіп жетілген революция алдында қаржы ақсүйектерінің билігін, Францияның өнеркәсіптік капиталистік дамуын тежеген шілде монархиясын құлату, кең көлемді буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар жүргізу міндеті тұрды.


  1. жылғы Ақпан революциясы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс, сонымен байланысты жұмыссыздық, ауылды жерде картопты құрт жеп шықпай қалуы, аштық, қымбатшылық – осының бәрі ірі қалаларда халық толқуларын туғызған еді. Ірі буржуазия саяси билікті реформалау науқанын бастап, «Революцияны болдырмау үшін реформа керек!» деген ұранмен банкеттер өткізіп жатты.

Парижде революция 1848 жылғы ақпанның 24-күні басталды. Үкіметтің реформаны жақтаушылардың кезекті банкетін тарату әрекетіне қарсы көтеріліске шыққан халық патша сарайын шабуылмен алып, корольдің тағын Бастилия алаңында өртеп жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді. Луи Филип Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп, республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші жұмысшылар республика өздеріне әлуметтік азаттық әперді деп үміттенген еді. Еңбек ету құқығы олардың басты ұраны болды. Уақытша үкімет «Еңбекшілердің үкімет комиссиясын» құрды. Оның төрағасы Луи Блан, орынбасары жұмысшы Альбер болды. Еңбек министірлігі немесе Люксембург комиссиясы (олар мәжіліс құрған сарай аты) аталған бұл комиссияда ешқандай билік те, қаржы да болмады. Бұл жұмысшыларды алдау амалы еді.

Буржуазияның шабуылға шығуы. 1848 жылғы Ақпан көтерілісі революцияның ең биік шыңы болған еді. Не ішетін, не болмаса сырттан контрреволюция әрекеттері байқалмады. Бұқара халықтың революциялық екпіні бәсеңси бастады.

Ал Буржуазия қаржы қиыншылығынан шығу үшін мемлекет салығын 5 %-ке көтерді. Ол салықты төлейтін шаруаларға қосымша ақша қалада бүлік жасап, жұмыс істмейтін пролетариатты асырау үшін керек деп, таптар арасына жік салды.

1848 жылы мамыр айында ашылған Құрылтай жиналысы мәжілісінде буржуазиялық республикашылар көпшілік болды. Депутаттар ішінде де, жаңа үкімет құрамында дажұмысшылар өкілі болмады. Луи Блан мен Альбер сырт қалды. Жұмысшылар ақпан күндері қол жеткізген жетістіктерінен айырыла бастады.

15 мамыр күні жұмысшылар поляк ұлт-азаттық қозғалысына ынтымақтастық білдіру үшін демонстрация өткізді. Митинг кезінде бір адам (шамасы арандату мақсатымен) Құрылтай жиналысын таратып, жаңа үкімет құру керек деген ұсыныс жасады. Қатысушылар қатарынан жаңа үкімет құрамына өкілдерінің есімі аталды. Алайда үкімет тез әскер шақырып, демонстрацияны күшпен таратты.

Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі. 22 маусым күні үкімет «Ұлттық шеберханаларды» тарату жөнінде жарлық шығарды. Ол шеберханаларда жұмыс істеп күн көріп жүрген 117 мың жұмысшылар соңғы мүмкіндіктернен айырылды. Аштан өлу қаупіне ұшыраған жұмысшылар одан да соғысып өлейік деп шешті. 22 маусым күні көтеріліске шыққан 40-45 мың адам көшелерде үлкен баррикадалар құрып, 4 күн ұдайы соғысты. Саяси көсемдері жоқ (олар түрмеде отырды), әскери басшылықсыз жоспарсыз өткізілген көтеріліс армия мен полиция күштеріне ғаламат ерлігімен ғана қарсы тұрды.

Буржуазия көтерілісті асқан жауыздықпен басты. Маусым көтерілісі күндері шайқастарда және ату жазасынан 11 мың жұмысшы қаза тапты. Ұсталғандардың саны 25 мыңнан, айдауға жіберілгендер 3,5 мыңнан асты.


  1. жылы Париждегі маусым көтерілісі сол кезедгі қоғамды құрайтын негізгі екі таптың – буржуазия мен пролетариаттың арасындағы алғашқы ұлы шайқас болды.

Республиканы құру. Екінші империяны орнату. Маусым көтерілісінен кейін Құрылтай жиналысы жасаған Екінші республиканың жаңа Конституциясы бойынша заң шығарушы жиналыс пен бүкіл халық сайлайтын президент лауазымы бекітілді. Республикашыл буржуазия халық президент етіп олар ұсынған қайраткерлердің біреуін сайлайды деп үміттенді. Бірақ француз халқы бұл саяси сұмдарға аяусыз сабақ берді. 10 желтоқсан күні болған президенттік сайлауда ұлы Напалеонның немере інісі Луи Напалеон Бонапарт сайлауға қатысушылардың 75 % дауысына ие болды.

Француз шаруалары Напалеон есіміне көп үміт артып, оны өздерін феодализмнен азат етуші ауыл еңбектерінің қамқоршысы деп танитын. Бұл, әрине, қате ұғым болатын.

Мемлекеттік төңкеріс. Екінші империяның орнауы. Билік қолына тиісімен Луи Наполеон елде әскери-полицейлік диктатура орнатуға бет алды. Буржуазиялық республикашылар қызметтен қуылды, олардың орнын монархшылыр басты. Армия мен полиция күшейтілді. 1849 жылдың жазында ұсақ буржуазиялық демократтардың бой көрсету әрекеті күшпен таратылды.

1848-1852 жылдардағы Франциядағы таптық және саяси күрес нәтижесімен мынадай қорытынды шығаруға болды: республикалық, демократиялық ұрандармен дүние жүзіне әйгілі болған француз буржуазиялық республикашыларды еңбекші халық мүдделерімен санасқысы келмеді. Сол мүдделер үшін көтерілген пролетариатты қатыгездікпен қырғынға ұшыратты. Сонысымен ол демократияға нұқсан келтірді, таза бір тап үшін күшімен демократия болмайтындығын дәлелдеді. Демократия мылтық күшімен орнамайтындығы, қару қолданған жерде диктатураға жол ашылатындығы паш етілді



    1. жылдардағы Германиядағы Революция.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Үш ғасыр бойы саяси ыдырау, экономикалық тоқырау, феодалдық шырмауда болған Герамнияға француз революциясы, Энгельс бейнелеп айтқандай, «Германия деген бейберекеттілікті жарып өткен жайдың оғындай болған еді».

Герман мемлекетінің Францияға қарсы интервенцияға қатысуы, соғыс оқиғаларының Германия жеріне көшуі, революцияның ықпалы бұл елде феодализімнің күйзелісін туғызды. 1792-1794 жылдары Майнц қаласында алғашқы республика өмір сүрді. Рейін өзенінің бойындағы жерлерде, Оңтүстік-Батыс Германияда феодализм жойылды, буржуазиялық кодекс енгізілді. Пруссияда 1807 жылы жоғарыдан басталған реформалар өткізілді, шаруалардың басыбайлығы жойылды. 1813 жылы Наполеон империясы кірген кезде неміс халқы ұлт-азаттық өрлеуден үлкен үмітті еді. Бірақ Германияның азат етілуі ұлы төңкеріске күшпен биліктерін сақтап қалды. Вена конгресі Германияның мемлекеттік бытыраңқылығын бекітті. Герман одағы атты конфедерация 34 мемлекет пен 4 ерікті қаладан (Гамбург, Бермен, Любек, Майындағы Франкфурт) тұрды.

Феодалдық қалдықтар мен саяси бытыраңқылық елдің өнекәсібі мен саудасының дамуына кедергі болды. Алайда буржуазиялық қатнастар біртіндеп өріс алды. 1834 жылы Пруссия Кедендік бірлестікке 20 шақты мемлекеттің басын қосты, елдің шығысы мен батысын байланыстыратын темір жолдар салына бастады.

Демократиялық және жұмысшы қозғалыстары. 1813 жылғы революциялық ахуалды неміс буржуазиясы пайдалана алмаған еді. Бытыраңқы ұсақ мемлекеттерде көсемдік жүргізетін қуатты буржуазия қалыптасты. Неміс буржуазиясы жақсылықты жоғарыдан күтті.

Демократиялық қозғалыстар студент жастардан басталды. 1817 жылы Иена қаласының студенттері ұсынысымен жастар Варбург замогі жанына (кезінде реформация көсемі Лютер жасырған жер) реформацияның 300 жылындағы және Лейпциг шайқасындағы жеңістің 4 жылдығын атап өтті.

Король билігі мен реакцияға қарсы айтылып, революциялық әндер шырқалды. Осы жерде «Бүкілгермандық студенттер одағы» құрылды. 1819 жыдары осы ұйымның мүшесі Карл Занд реакцияшыл драматург әрі тыңшылықпен айналысқан жазушы А.Коцебуге қанжар салып өлтірді. Бұләрекетке орай «Қасиетті одақ» полицейліу жазалар қолдану, университеттері уақытша реакция асқақтады. Бірақ мұның бәрі елдегі революциялық қозғалысты тұншықтыра алмады. 1832 жылғы Франциядағы шілде революциясының ықпалымен Гамбах замогінің қирандысы төңірегінде елді біріктіру және конституциялық еркіндік талабымен ірі манифестация болып өтті.

Неміс халқының 40-жылдарда үлкен өзгерістер қарсаңында тұрғандығы байқалды. 1844 жылғы Силезия тоқымашыларының көтерілісі бұл елде жұмысшы табының қалыптаса бастағандығын білдірді.

Революцияның басталуы. Наурыз оқиғалары. Париждегі ақпан революциясынан соң іле-шала 1848 жылы Францияға таяу Оңтүстік-Батыс Германияда революция басталды. Ақпанның соңғы күндерінде Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария және шығыстағы Саксонияда халық бой көрсетулері болып өтті.

Пруссиядағы оқиғалар да Францияға таяу Рейін бойындағы Кеьн қаласынан басталып , біртіндеп Берлинге де жетті.

Берлинге Париж революциясының жеңгендігі жөнінде хабар жетісімен халық толқулары басталды. Наурыздың 19-на қараған түнде бүкілхалықтық көтеріліс тұтынып, баррикадалық шайқаста король армиясы жеңілді. 19-ы күні король халық жеңгенін сезіп, «Менің сүйікті берлиндіктерімен!» деген (үндеу жариялап, жаңа үкімет құрылатындығын, ландтаг шақырып, конституция сыйлайтындығын мәлімдеді.

Берлин жеңісі нәтижесінде банкир Кампгаузен үкімет басына келді., халық саяси үйірмелер мен одақтар құруға мүмкіндік алды, жұмысшылар қаруланды. Сөйтіп, халық көтерілісінің арқасында үкімет билігіне ескі басқару тәртібіне бейім пруссиялық буржуазия келді.


  1. жылдың көктемі мен жазындағы революциялық оқиғалар. Буржуазияның шегіншектеуі. Алғашқы жеңістерден соңғы революцияның тағдыры екі ірі герман мемлекеттері – Австрия мен Пруссияға тәуелді болды. Австрия Италия мен Венгрияға қарсы ауыр соғыс жүргізіп жатты да, германдық мәселелерге қолы тимеді. Сондықтан оқиғалар негізінен Пруссиядағы революция барысына байланысты өрбіді.

Геманияны біріктіру мәселесі наурыз айының аяғында шақырылған парламентке дайындық жиналысында қарала бастады. Бұл жиналыстың буржуазиялық-либералдық көпшілігі демократтар ұсынған Германияны бітұтас және демократиялық республика етіп жариялау ұсынысын қабылдамады.

Германияның біртұтастығы жолындағы 1849 жылдың көктемі мен жазындағы демократиялық – республикалық халық көтерілісі. Неміс халқы қайткенмен соңғы сөзді Франкфурттық Ұлттық жиналыс айтар деп күткен еді. Ұзақ мәжілістер ақырында 1849 жылдың наурызында парламент Конституцияны қабылдады. Германия біртұтас, екі палаталы рейхстагы бар Конституциялық империя деп жарияланды.

Империя тағы мен тәжі Пруссия короліне ұсынылды. 1849 жылдың мамыр – шілде айларында әр уақытта тұтынған халық көтерілістері орын алды. 4-9 мамырда Саксония астанасы Дрезденде, мамырдың ортасында Рейін шет аймағындағы Эльберфельд, Бармен, т.б. қалаларда маусымда Баденде халық көтерілістері болып өтті.


    1. жылдардағы Германиядағы халық көтерілістерінің жеңілуінің себептері олардың бытыраңқы әрі бір уақытта болмағандығынан, бірліктің жоқтығынан еді.

Австрия империясындағы революция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс.

Революцияның міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты. Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн халықтың жартысынан көбі славиандар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар) 5 млн. Мадиярлар және соған жуық италияндықтар мен валахтар болды. Осы халқытардың әрқайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарылды.

1848 жылы Германия мен Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализімге қарсы күрес пен ұлт-азаттық күрестің мақсаттары ұштасып жатты.

Революцияның басталуы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс пен ауыл-шаруашылық өнімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. 1815 жылдан бастап елде әскери полициялық тәртіп орнаған еді.

Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халықтың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Әскериліктер толқуда болды. Халық қаһарынан қорыққан император Меттернихті тез арада қызметінен босатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды. Үкімет амалсыздан студенттердің академиялық жасағы мен буржуазиялық ұланға қару ұстатуға рұқсат берді. Конституция қабылдауға уәде берді.

Үкімет тез арада конституция қабылдады. Австрия империясы «біртұтас әрі бөлінбейді» деп жариялады. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жұмысшылар мен халықтың тек азшылығы ғана сайлау құқығын алды. Бұл әділетсіздікке халқытың наразылығы мамыр айының ортасында үлкен толқулар мен саяси шиеленске әкеп соқтырды. Үкімет академиялық жасақ пен Ұлттық ұранды таратуға әрекет жасады Бұған қарсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты. Осыдан кейін император мен үкімет Тирольдегі Инсбрук қаласындағы әскер қанатының астына тығылды.

Италия мен Венгриядағы революциялық көтерілістер Вена халқының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына сеьеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет