Баќылау с±раќтары:
1.Франция-Германия соғысы
2.Париж Коммунасының алғышарттары
3.Париж Коммунасының жеңілу себептері мен тарихи маңызы
18- лекция. Таќырыбы: ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің,АҚШ пен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жоспары:
АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері.
Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуының
“американдық” жолы.
Жұмысшы табының жағдайы, социалистік партияның құрылуы.
АҚШ тың сыртқы саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің,АҚШ пен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастыру.
Лекция мєтіні :
АҚШ XIX ғасырдың басында үндіс тайпаларын ығыстырып, көрші жерлерді басып алып аймағын кеңейтті. Тынық мұхиттағы аралдарды басып алды. Трансконтинентальды аймақ жасалды. 1880-жылы Солтүстік Америка қарамағында 38 штат болды. Батыс Европа аймағынан үлкен болды. 1880-жылы АҚШ- та 50,2 млн. Адам тұрды. Оның тұрғындары 80- жылдың басында 10 есе өсті. 1890-жылы 76,3 млн-ға өсті. АҚШ XX ғасырдың басында тұрғындардың саны жағынан 4 орынға шықты. АҚШ-тың ауыл шаруашылық капитализмі тез қарқынмен дамыды. Жерді өңдеймін деушілерге жер тегін таратылды. Фермерлік шаруашылық негіздері, құл иеленуші латифундиялар қиратылды, орнына квапитализмге ыңғайланған ауылд шаруашылығы жасалды. Әліде қоныстанбай бос жатқан жерлерді тегін таратты. Халықтың әл-ауқаты жоғарылады, ішкі рынок жасалды. Ішкі рынок кеңеюіне байланысты өнеркәсібі дамыды. Мұның бәрі елдегі капитализмнің дамуына әсер етті. XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінде металлургия үлкен қарқынмен дамыды. Ұлы көлдер ауданы бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. Металлургияның дамуы көмір өнеркәсібіне түрткі болды. Аппалач тауында, Миссисипи өзенінің жағалауында көмір өнеркәсібі дамыды. XIX-ғасырдың аяғында Аппалач бассейні 50 процент көмір өндірді. Ірі өнеркәсіптің басқа салалары пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, тоқыма тағы басқа салалар пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, Тоқыма басқа салалар пайда болды. Өнер тапқыштық өмірге кеді. АҚШ-та 1870 жылдан бастап капитализмнің дамуына байланысты монополиялық бірлестіктер пайда болды. “Стандарт ойл” алкен компаниясы құрылды. Ол минай өнімінің 90 % -тін өзі өндірді. Рокфеллер, Морган сияқты миллиардерлер пайда болды. Болат корпорациясының бастығы Моргандар болды. Америкадағы капитализмнің кошті қарқын дамуының себебі: АҚШ та капитализм дамуына кедергі жасайтын карольдің жер иелену болған жоқ, Үндістердің жерлеріә өте құнарлы болды. Америкаға европаның келіп қоныстанушылары өздерімен бірге тәжірибе алып келді. Темір жол салу қолға алынды. Темір жол торабын темір компаниясының өзі билей бастады.
АҚШ-та екі партия өмір сүрді: Республикалық және демократиялық. Осы екі партия түрлі әлеуметтік топтарды өз жағына тартуарқылы елді басқаруды қамтамасыз етті. Олар біртіндеп ірі финансистерге айкала бастады.
АҚШ ауыл шаруашылығы дамудың Американдық жолымен жерді. Ленин бұған сипаттама берді: “Помещиктік шаруашылық болмайды. Ревалюция феодалдық поместьелерді конфискелейді және ұсақтап жіберді. Мұндай жағдайда шаруа басым болады. Ол егіншіліктен бір ден-бір агенті болып алады да біртіндеп капиталистік фермере айналады. Негізгі көрініс патриархалдық шаруаның буржуазиялық фермерге айналуы”.
Америкада фермерлер әлеуметтік топқа айналды. Америкада фермерлердің қозғалысы күшейді. Себебі олар үкіметтің қаржы саясатына қарсы болды. Бұл қозғалысқа қатысуышалр өкіметтің темір жол, салық саясатына қарсы болды. Бұл қозғалыс фермерлердің қозғалысы болғандықтан басылып қалды. Көп замай Гринбекер қозғалысы болды. Балда фермерлердің қозғалысы. 1861-1865 жылдары азамат соғысы болған еді. Сол кездің өзінде Гринбекер суретімен 450 млн. доллар ақша шығарған. Соғыс аяқталды, кейін Гинбекер партиясы құрылды. Қарыздарын Гринбекер ақшамен төлегісі келді. 1870 жылдан бастап: жұмыс күнін қысқарту, еңбек бюросын ұйымдастыру, жұмысшы статистикасын жасау, еңбек ақысын көбейту жолында күресті. 1870 жылы сайлауда бұл партия млн. нан астам дауыс алды.
1870-1880 жылдары АҚШ жұмысшы саяси өмірінде жұмысшы қозғалысының қалыптасқан жылдары болды. 1886 жылы 1мамырда көтеріліс болды. Чикаго қаласында осы кезде Америка үкіметінің әскері арандату арқылы, полиця орталығына бомба тастады. Оған қатысқандар Пирсонс, Фишер, Энгель, Шпиц деген азаматтар дарға асылды.
1876 жылы Америкада социолистік партия құрылды. Екінші съезде 1869 жылы “Рыцары труда” деген орден құрылды. АҚШ тынық мұхит бассейініне ауыз сала бастады. АҚШ тың қарулы күштері 1866-67-71 жылдары Кореяға бірнеше рет нәтижесіз экспедиция ұйымдастырды. Тек 1832 жылы ғана Кореяда Американ саудасы үшін порт ашылды.
1898 жылы АҚШ Испанияға соғыс ұйымдасытырып Пуэрто-Рико, Куба аралдарын тартып алды. Бұл Испан Америка соғысы дүниені қайта бөлу жолындағы ең алғашқы соғыс болып табылады.
Қытайды бөлшектеу үшін АҚШ 1899 жылы “Ашық есік” саясатын ұсынды. Бұның мәін барлық капиталистік елдерге Қытайға баруға ұсыныс жасалды, сөйтіп Қытайды ықпал аймағына бөліп алғысы келді. Оман Ұлы Британия, Германия, Рессей, Италия, Франция, Жапония елдері қатысуға тиіс болды. АҚШтың бұл жердегі ойы мынау: өзінің экономикалық қуатына сүйеніп, Қытай риногының бұл елдерді кейін ығыстырып шығару, сөйтіп Тынық мұхиты “Американ көліне” айналдыру.
АҚШ ХХ ғасыр басында империялизм сатысына аяқ басты. Ел ішінде капиталдың шоғырлануы, қаржы олигархиясының жасауы өте кошті қарқынмен өсті. 1900 жылы деректерге қарағанда АҚШта өндірістің өнімінің бір жылдық құны 20 млрд. доллар болды. Бұл Германия мен Ұлы Британиядан да екі есе артық. Болат өндіріуден Франция, Англия, Германияны қоса алғандағыдан артық өндірді. Қалған өндіріс салаларынан да бір орынға орнықты. Бұл кездегі АҚШтың өндірісіне тән нәрсе ол шоғырлануымен бір орталықтан нәтижесіне ірі корпорациялар мен трестерді жеңіске жеткізді. Тек 1904 жылдың өзін-ақ млн. долларлық өнімі бар өндіріс орындары елдің 0,9 %тін қамтыды, оларда жұмысшылардың 25,6 %ті жұмыс істеді. Трестер барлық өндірістің салаларында құрыла бастады. 1901 жылы Морганның “Болат тресі” құрылды. Ол болат шикі затының 50 % артығын өндірді. 100 деген теңіз кемелері болған. Ол басқа елдердің де кемелерін жалдады. Рокфеллерлер газ, электр өндірісінде өзіне қаратты. Дағдарыстар көбейе бастады. АҚШ ірі трестер еліне айналғаннан кейін империялизм дәуірінде паразитизм көріне бастады. Ірі трестер өзінің сыртқы рыноктағы артықшылығын сақтап қалу үшін техниканың прогресін тежеді. Рантье тобы қалыптан тыс көбейді. Бұл сияқты экономиканың дамуы ішкі рынокты тарылта бастады. Осыған байланыста рынокта талас-тартыс басталған. Дүниені қайта бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрды. Олар өзінің идеологиясын АҚШ мәдениетін тарату арқылы жүргізгісі келді. Панама каналын қазуды қолға Ала бастады. АҚШ Атлант, Тынық мұхитта өзінің үстемдігін жүргізгісі келді.
Американдық еңбек федерациясы негізінен алғанда жұмысшы арестократиясынан тұрды. Олар жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы шара қабылдағысы келмеді. 1905-1912 жылдары аралығында жұмысшы қозғалысында жанданулар баталды. И.Р.М. деген ұйым құрылды. Бұл ұйымды құрғандар Юджин Дебс. Леон және Уильям Хэйвуд дегени адамдар. Бұл кейін екіге бөлінді. Уильям Хэйвуд бастаған ұйым Чикаго ұйымы болып бөлініп кетті. Леон Детройт ұйымы болып бөлініп кетті. Чикаго ұйымы 1912 жылы отыз рет стачка жасады. Олар талап етуімен Лоренс штатында еңбек ақы көбейді оның мүшелері тұрақты болмады, көбі маусым сайын, келіп кетіп жұмыс істейндер болатын. 1917 жылы ревалюциядан кейін бұлардың біраз Мішелі анархосиндикализм бағытымен кетті.
1901 жылы үкімет басына Теодор Рузвельт келді. Мұның алдында Мак Кинли еді, оны өлтірді. Тәртіп бойынша елді вице-президент Рузвельт басқарды. Ол Америкада реакциялық саясатты жүргізген белсенді адам. Ол жұмысшылардың наразылығын бәсеңдету үшін уәделер бере бастады. Ірі монополияның үстемдігіне қарсы шықты. Джек Лондон және басқа жазушылар ірі монополияларды синап жазды. 1905 жылдан бастап АҚШ та әлеуметтік қозғалыстың күшеюіне байлансыты Рузвельт бір қатар шаралар қолдана бастады.
АҚШ үкіметі сыртқы саясат жүргізді. Дүние жүзілік ықпал жасағысы келді. Испания мен Португалия әлсіреп отыр еді. АҚШжас империялистік мемелекет. Олар Испаниядан отарларын тартып алусаясатын ұстады. Испанияға Филипиннің құнына 2 млн доллар берді. Испания Ку бадан бір жолата қол үзгендігін мойындады. Келісім жасады. Американың протектораты орнады. Латин Америкасы елдеріне АҚШ өзінің ықпалын орната бастады.Монро доктринасын пайдаланды. Америка Американдықтар үшін. Бұл саясат “Жуан шоқпар” саясатымен жүзеге асырылды.
Баќылау с±раќтары:
1.Германия,Франция,Англия,Италия,АҚШ-ғы империализмнің қалыптасуы, ерекшеліктері
2.1861ж кейін Ресейде капитализмнің дамуы
3.Орыс имперализмінің өзгешелігі
19- лекция. Таќырыбы: 1870-1914жж алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің,АҚШ пен Ресейдің саяси дамуы. Германия
Жоспары:
Герман империясының ХІХ ғасырдың 4 ширегіндегі мемлекеттік құрылысы және экономикалық дамуы.
Отто фон Бисмарк үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
ХХ ғасырдың басындағы Германияның саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
Германияның агрессиялық сыртқы саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: Герман империализмінің пайда болуы және оның саяси экономикалық даму ерекшеліктерін, әлемдік үстемдікке ұмтылу саясатын түсіндіру.
Лекция мєтіні
1871 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайында Германия императоры болып Вильгельмді жариялады. Ол Пруссияның королі болатын. Франко – Прусс соғысы барысында Франция Германияға бес млрд фрак төледі. Бұл контрибуция Германияның индустрясының дамыуына үлкен ықпал жасады. Германияның бірігуі прогерссивті құбылыс болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. 1871 жылы герман империясының конституциясы қабылданды. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдастырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Германия империясының құрамына 22 монарх 6 ұлы герцоргтық 3 еркін қала болды. Эльзас пен Лотирингияның императордың намиснигі басқарды. Герман империясының мемлекеттері өз конституцияларын сақтады. Император Канслерді сайлайды. Заң шығару функциясы 5 жылға сайлайтын рейхстахқа берілді. Герман мемлекетін қалыптастыруда фон, отто, бисмарк ерекше роль атқарды. 70 жылдары бірнеше реформалар жасалды. 1874 жылы елде бір тұтас алтын марка енгізілді. Пруссия банкі империя банкі болып аталды. Елде бір тұтас сот жүйесі құрылды. Жоғарғы сот инстанциялы империя соты Саксонияның Лейци қаласына орналасты. Германияда ірі машина индустриясы өзге елдердің тәжірибесін жаңа ғылымен техника жетістіктері негізінде пайдалана бастады. Германияның өнеркәсібі дүниежүзілік аренаның алдыңғы сабына шыға бастады. 70 жылдары әлемде 4-ші орында болса 90 жылдары Ұлыбританиядан кейінгі екінші орынға шықты. Көмір, шойын, темір, болат қорытудан үлкен табыстарға жетті. Өнеркәсіптің химия, электротехника, темір жол құрылысы салалары қарыштап дамыды. Мемлекеттің қамқорлығы нәтижесінде жаңа кәсіпорындар акционерлік қоғамдар банкілер пайда болды. елде өндірістің шоғырлану процесі жаппай жүре бастады. Картельдер, синдикаттар, тресстер көптеп құрыла бастады. 1886 жылы Германияда 250 картель болды. Өндіріспен банк капиталы шоғырлана бастады. Ел өмірінде ірі банкілер ерекше роль атқара бастады. Финанс олигархтары ірі өнеркәсіп консермтері мен банк иелері Кирдорф, Штумм, Крупп тағы басқалардың елде саяси ықпалы күшейе түсті. Индустрия дамуына байланысты. Жұмысшылар саны өсе түсті. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында ауыл шаруашылығы жедел дами бастады. Ішкі саясатта Герман империализмінің алғашқы канцлері Фон Отто, Бисмарктың беделі ол оппозицияны өте жек көрді. Ішкі саясатта Бисмарк оппозициямен ымырасыз күрес жүргізді. Ол оппозициялық күштерді оқшаулап, бір - біріне айлап салу дипломатиясын жүргізді. Сыртқы саясатта Германия соғыс қуатын арттыру милитаризм бағытын жүргізді. Бұл кезде Германияда бірнеше ірі партиялар әрекет етті. Әсіресе консерваторлар партиясы шығыс Пруссия, Бранденбург, Померания юнкерьлерімен Прусс офицерлерінің мүддесін көздеді. Консерваторлар партиясы жалпы Герман әкімшілік аппаратын қолында ұстады. Ұлттық либералдық партия Бисмарктың тірегіне айналды. Пруссияның Герман рехстарындағы ықпалының күшеюіне католик шіркеуі қарсы болды. Католик партиясына батыс пен Оңтүстік Германияда қолдаушылар көп болды. Консерваторлармен ұлтшыл либералдар партиясына арқа сүйеген Бисмарк католик шіркеуіне қарсы науқанды күшейтті. Бұл науқан культур камьф деп аталды. Католик шіркеуіне қарсы бірнеше заңдар шығарды. Мысалы шіркеу лауазымын мемлекет тағайындайды. Шіркеу мектептен бөлінді, священиктердің саяси үгіт жүргізуіне тиым салынды. Иезеут ордені Германиядан қуылды. Азаматтық неке қалыптасты. Католик дін иелері бұл заңға бойкот жариялады. Бисмарк католик шіркеуі священиктерін қамап Германиядан қуып жіберді. Бұл әрекет миллиондаған католиктердің наразылығын туғызды. Бисмарк өз бағытынан қайтуға мәжбүр болды. 1878-1882 жылдары көптеген антикатоликтік заңдар күшін жойды. Отто Бисмарк Германияда социалистік қозғалыста барынша жоюға мүдделі болды.
Бисмарктың сыртқы саясатының негізгі бағыты Германияның Европадағы беделін арттыру болды. Германия барынша қарулануға бет алды. 1873 жылы Россия Австрия – Венгия үш императорлар одағын құпия жасады. Бисмарк орыс – француз келісімін жасауға кедергі жасады. Бірақ францияны Россиямен Ұлыбританияны барынша қолдады. Бисмарк германияны изоляциядан шығаруға әрекет жасады. Канцлер Бисмарк екі майданда соғысудан сақтанып 1879 жылы Австрия Венгриямен одақ жасасты. 1882 жылы Үштік одақ Австрия Венгрия, Германия, Италия арасында бұл одақ Россиямен Францияға қарсы бағытталды. Германия 80 жылдардан бастап отарлау саясатын үдете түсті. Отарлау үгіт насихатын миссионерлік топтар ірі банкирлердің көмегімен жүргізе бастады. 1882 жылы Герман отарлау одағы құрылды. Бұл одақтың төрағасы Гогонлэо – Лагенбург князы болды және оның құрамында ірі өнеркәсіп буржуазиясы өкілдері болды.
ХХ ғасырдың қарсаңында Германияның капитализмі империалистік сатыға енді. Франция, Англия сияқты елдерді даму жағынан басып озды. Болат шығаруда тек Америкадан кейін қалды. Шойын өндіруден де солай болды. 1912 жылы Францияны, Англияны қоса алғандағыдан көп өндірді. Мұндай үлкен даму Германияда өндірістің шоғырлануы барысында жүріп жатты. 1882 – 1907 жылдары ірі кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны үш есе өсті. Германияның сыртқа шығарған капиталы үш есе өсті. Империяның сыртқы экспонциясын қолдау үшін оңшылдардың барлық күші бірікті. Бұл мәселені шешу империя канцлері Фон Бюловқа жүктелді. Бюлов 1900 – 1909жылдары канцлер болды. 1899 жылы Бюлов рейстахта сөз сөйлеп қуатты армиямен флот құрмай Германия дамымайды деді. Елдегі ықпалды күштер әлдемдік саясат жүргізу бағытын ұстады. Юнкерлер мен алып мағынаттар бөтен елдердің жерлерін жаулап алуды талап ете бастады. Герман империализмі таяу шығыс пен Бағдат темір жолы арқылы экспонсия жасау бағытын ұстады. Герман үкіметі 1899 – 1902 жылдардағы ағылшын бур соғысы кезінде бурларды қолдады. 1908 – 1909 жылдары Босния дағдарысы кезінде Германия Австрия Венгрияны жақтайтынын мәлімдеді. Француз – Герман, Ағылшын – Герман, Орыс- Герман қайшылығы күшейе түсті. Бағдат темір жолын салу осы елдер тарапынан қарсылықты күшейтті. ХІХ ғасырдың соңында Герман флоты Европада 5-ші орында болды. 1898 жылы Германт теңіз заңы қабылданды. 1900 жылы екінші заң қабылданды. Германияның болашағы теңізде деген ұран тасталды. 1912 жылы ресйтах флот туралы заң қабылдады. Германия дүниені қайта бөлуде күн тәртібіне қойды. Олар Францияның, Англияның, Бельгияның , Португалияның отарларын басып алуды Түркия мен Украина Кавказды Үндістанды қосып алу жоспарын жасады. Германияның идеологиясы неміс халқының санасына осы уағызды үздіксіз жүргізді. Альфред Фон Шлиффеннің басшылығымен 15 жыл бойы бірінші дүниежүзілік соғыстың бағдарламасын жасады. Осы жоспарды уағыздап тарихшылар кітаптар жазды. Неміс идеологиясы Германия бәрінен артық деп уағыздады. Герман армиясы өте күшті қарулана бастады. Германиямен Англия арасындағы қайшылық күшейе түсті. Германия өзінің қолындағы жерлерде Шлезвиг, Польша басқа провинцияларда Германдандыру процесін күшейтті. Басқа ұлттың өкілдерін неміс тілінде оқытты. Эльзас пен Лотиригияда француз халқының наразылығы күшейді. Монополияның үстемдігі эконоимканың милитарландыру канаудың жетілдірілуі реакцияның күшеюіне алып келді. Еңбек ақы өсті. Бірақ тұтынтын заттардың бағасы да өсті. Жұмыс күні 1902 жылы 10,5 сағатқа артты.
Баќылау с±раќтары:
Герман мемлекетінің пайда болуы
Германияның мемлекеттік құрылысы және экономикалық даму ерекшелігі
Бисмарк үкіметінің сыртқы саясаты
Культур камьф саясаты және оның күйреуі
Германияның әлемдік үстемдікке ұмтылуы
20- лекция. Таќырыбы: Франция .
Жоспары:
Осы жылдардағы Францияның экономикалық даму ерекшеліктері.
1875 жылғы Конституция.
Саяси дағдарыс.
Отарлық саясат. ж/е жұмысшы қозғалысы.
Францияның экономикалық дамуы.
Ішкі саясаты. Орталық агрессиясы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
История Франции. 3-томдық. 2-том М 1972.
Ф. Энгельс. Франция мен Германиядағы шаруалар мәселесі. Таңдамалы шығармалары. 2-том.
А. Манферд. Веншняя политика Франции. М 1953.
А. Манферд. Франко-руский союз. М 1970.
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы ХХғ басындағы Францияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :
1870-90 жылдың аралығында капиталистік елдердің экономикалық әркелкілігі күшейді. 70-жылдары Франция Англиядан кейінгі екін ші орында еді. Франция дүниежүзілік өндіріс көлемі жағынан төртінші орынға ығыстырылды. 1871 жылғы бірім бойынша Германияға Францияның Эльзес және Лотарингияның бір бөлігі берілді. Көлемі 145 мың кмкв. Бұрын Франция шет елге көмір шығарса, енді көмірді өзі сатып ала бастады. Францияның өндірісі тоқтап қалды деп айтуға болмайды. Францияның солтүстік департаменттерінде өнеркәсіп жақсы дамыды . Тау-кен өндірісі дамыды. Оған түрткі болған нәрсе темір жолдар салу. 1872 ж.1300 тонна болат өндірілді, ал 1891 ж. 740 мың тоннаға жетті. Өндірісті механикаландыру күшейді. 1852-1900 ж. аралығында бу двигателімен істейтін өндірістің саны өсті. 1870 ж. Францияны алғашқы концерндері пайда болды. Францияның Сен-Говен бірлестігі 30 химия зауыттарын біріктірді. Металлургия синдикаты. Шнайдер, Крезо дейтін адамдардың металлургия зауыттарында 14 мыңға жуық адам жұмыс істейді.Англиямен АҚШ тан айырмашылығы Франция әрі аграрлы-индустриялы ел болды. 1880-90 жылдың өзінде Францияда жеңіл өнеркәсіп басым болды. Франциядаөндірістің шоғырлануы артта қалды. Ауыл шаруашылығы экономикада басты роль атқаратын сала болып қала берді. Халықтың 67,6 проценті деревнияда тұрды. 1896 ж. 60,4 процентке азайды. 1880 жылдан бастап ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі күшейді. Оған кедергі жасаған нәрсе жер бөліктерінің аздығы. Францияда парцельдік (ұсақ –бөлік) шаруашылық көп болды. 1890 ж. 4млн. 853 мың ұсақ шаруашылықтың әр қайсысында 1-10 ға жер болды. XIX ғасырдың соңғы шитегінде аграрлық дағдарыс болды. Европа рыногына Канаданың , АҚШ- тың арзан астықтары қаптап кетті. Техника пайдалана алмай отырды. Осының барлығыФранцияның тұрғындарының санының өспеуіне алып келді. 1870-1901 жылдары халық 2млн. ғана өсті. Осы кезде Германия халқы 15 млн-ға өсті.
1875 ж. Конституция қабылдады.Сөйтіп Франция республика болып қалды. Мак Магон Францияның президенті болып сайланды. Ф ранцияның билеуші топтары монархиялық тәртіпті қайта орнатамыз деді.1870 ж. қаңтарда жүргізілген съезде республикашылдар жеңіске жеткен еді. Мак Магон отставкаға шықты, орнына буржуазияшылдар- республикашыл Жюль –Греви келді. Бұл басқарған адамдар самарқау буржуазия болатын. Олар негізінен елде кең демократиялық өзгеріс жасағысы келмеді. Оппортунистердіңірі өкілі Гамбетта. Ол елдегі таптық қайшылықты жоққа шығарды. Алайда халықтың талап етуімен реформалар қабылданды. 1880 жылы коммуналарға рақымшылық берді. 14-щілдені “Ұлтық мейрам” деп жариялады. МАРСЕЛЬЕЗАНЫ ұлттық әнұран деп жариялады. Баспасөз бостандығы жариялады. Оппортунистердің бұл саясаты оларға қарсы республикашылардың сол қанат өкілдері тарапынан сынауға ұшырады. Жұмысшылардың бір тобы оларға ерді. Олар радикалдар партиясын құрды. Көсемі Жорж Клемансо болды. Радикалдар; демократиялық реформа жасаймыз , капиталға прогрессивтік салық саламыз, жұмыс күшін қысқартамыз, тұрақты армияны жоямыз , шіркеуді мемлекеттен бөлеміз, президенттің қызметін қысқартып сенатты таратамыз – деді. Осы кезде өкіметтің ішінде дағдарыс болды. Осы жағдайды реттеу үшін оппортунистер мынадай реформа жасады:
Кәсіпорындарға ашық жұмыс жасауға рұқсат берді.
Мэрді сайлауға рұқсат берді.
Сенаттар тоғыз жылға сайланды. Бұрын өмірлік болатын.
1860 жылы осы қозғалыстар нәтижесінде самарқау республикашылдар және радикалшылдар бірігіп биледі. 1880 жылы буржуазияның беделін тусірген “Ббуланжизм” және “Панама ісі” деген оқиға болды. “Панама ісі” дегеніміз Панама каналын салу жолында Франция қаржы салып Панама каналын салуды өз қолына алған еді. Құрылысты инженер Лессепс компаниясы басқарды. Оған 1,5 млрд фрак ақша бөлінді. Бұл ақшаны францияның үкімет адамдары мен компания талан – таражға салды. Олар оны жабу үшін лотерия ұйымдастырды. Лотериясы өтпей қалды. Бұл үкіметпен буржуазияның беделін түсірді. 1893 жылғы парламент сайлауында францияның үкіметтік саяси қайраткерлері жеңіліске ұшырады. Франция сыртқы саясатында піл, догомея т.б. жерлерді өзіне бағындырды. 1890 жылы Франция Қытайды бөлшектеуге араласты. Францияның отарының көлемі 3,4 млн шаршы мм -ге жетті. Сөйтіп Англиядан кейін отар басып алу жөнінен екінші орынға шықты.
Францияның жұмысшы қозғалысында ұсақ буржуазиялық идеология басым болды. Публицист Барбере буржуазиялық ұйым құрды. Ол ұйым жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында күресіп революциялық күрестен аулақ болды. 1879 жылы Францияда жұмысшы партиясы құрылды. 1880 жылы партияның бағдарламасын К.Маркс жазып берді. Бұл бағдарламада сегіз сағаттық жұмыс күні 14 жасқа дейінгі балалардың еңбегіне тыйым салу міндеттері қойылды.
ХХ ғасырдың басында Францияның экономикасында алға басшылық байқалды. 1908 жылы Шойын өндіру 5,4 мың тонна болса 1913 жылы 22 мың тонна өндірілді. өндірістің жаңа салалары пайда болды. өндірістің шоғырлану процесі күшейді. Көмір, химия, машина жасау Рено, Пежо компаниясының қолында болды. Францияның экспортында жүн шығару, мақта – мата, шарап өндіру басым болды. 1916 жылғы есепке қарағанда жұмысшылардың 58,1 % -і ұсақ кәсіпорындарда жұмыс істеді. Францияның халқының саны әлеуметтік жағдайының нашарлауына байланысты саны өспеді. Жұмысшылардың жағдайы ауыр болды. Тұтынатын заттардың бағасы өсті. ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың ірі- ірі стачкалары жиіледі. Оның себебі – Францияның жұмысшыларының жалақысы басқа елдерге қарағанда өте аз болды. 1901 жылы Жан – Жорестің бастауымен француз социалистік партиясы құрылды. Француз буржуазиясы бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында “Ұлы және құдыретті францз мемлекетін” жасау идеясын ұсынды. Ол үшін үкіметті күшейту керек болды. Депутаттар осғыс министрі қызметіне Тоефель Делкассена премьер министрлікке Раймон Пуанкарена шақырды. Оған соғысты барынша насихаттағаны үшін халық “Пуанкаре - соғыс” деген ат берді. Францз империализмі әлемдегі ең ірі өсімқор империализм болды. Европа елдеріне 22 млрд марка Америка елдеріне 6 млрд. Азия – Африка елдеріне 5 млрд. қарыз берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ресейге 12 млрд. Балқан елдеріне 3 млрд. Египетте 3 млрд. Түркияда 3 млрд. фрак алашағы болды.
Баќылау с±раќтары:
1.1870-1917жж Францияның ішкі саяси дамуы
2. 1870-1917жж Франциядағы жұмысшы қозғалысы
3.Францияның отарлық саясаты
21- лекция. Таќырыбы: Англия
Жоспары:
Экономикалық даму ерекшеліктері.
2. Саяси құрлысы және отарлау саясаты.
3. Мемлекеттік құрлымы.
4. Англия XX ғасырдың басында.
5. Ішкі саясат.
6. Отарлық саясат.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Н. А. Ерофеев. Очерки по истории Англий. 1815-1917. М.., 1959г.
Колониальная политика капиталистических держав.
(1870-1917). М..., 1967г.
3. В. Е. Кальнер. Том Манн -человек и революционер.
“Новая и Новейшая история”, 1976, И 1,2.
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні
XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады. XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерлісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерлісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 50-60 жылдары аяқталған-ды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ тан кейін қала бастады. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүние жүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40% ұлғайды. Америкада 230% ке көтерледі. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсіптерінде өнімді жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германида ірі өндіріс салалары көбейді. Химия өнеркәсіптері пайда болды. Англияның отарлардан келетін табысы өте көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өндіріс орындарын жаңартпады. Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің түрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақша жасаудың басқа жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды. Ағылшын кәсіпкерлері Голандияда жүн фабрикаларын салды. Белгияда болат зауыттарына капитал салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір шахталарын ашты. Европа елдеріне темір жол салуға Англия буржуазиясы өздерінің капиталын салды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар құрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға ақша жұмсады.
Елде орталық саясат күшейді. XIX ғасырдың соңы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды. 1860 жылы Англияның орталық иелігінің көлемі 6 млн шаршы шақырым болса, енді 30 млн шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. Тұрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарлық империализм деп атады. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.Олар феодалдық институттарды сақтап отырды. (Король үкіметі, лордтар палатасы). Парламенттік орындарда буржуазияның өкілдері отырды. Елдегі маңызды қызмет орындары ірі жер иелерінің қолында отырғанын да көруге болады. Англияда либералдар және консерваторлар партиясы өмір сүрді. Олар үкімет билігіне таласып отырды. Елдің ішіндегі демократиялық қозғалыстардың өсуіне кедергі жасап отырды.
Англияның буржуазиясы отарлық сыртқы саясат жүргізді. Көрнекті өкілі (1874-80) Дизраэли өкіметі отарлау мәселесіне назар аударды. 1874 жылы Суэц каналының құрлысын Египеттің үкіметінен 4 млн фунт стерлингке сатып алды. Сингапур, Малайя аралдарына сүйене отырып Оңтүстік шығыс Азияда үстемдігін жүргізді. Ол жерлер қалайы кеніне бай болатын. Малая княздіктерінің федерациясын құрды. Сөйтіп Англияның отарына айналдырды. Дизраэли үкіметі Оңтүстік Африкадағы зулустардың қарсылықтарын басты. Англия Африкада да отарлау саясатын жүргізді. Англия Ауғаныстанға екі рет шабылу жасады (1878). Гайдамак келісіміне қол қойды. 1880 жылы Ауғаныстанды бағындырды. 1874 жылы Англия Египетті жаулап алды. Египеттің халқы көтерліске шықты.
Ирландия жерін ағылшын ленлордтары бөліп алған еді. Ирландықтар “Ақ балалар ұйымы” деген ұйым құрды. “Жер лигасы” деген лига құрылды. Ленлордтардан жалға тиімді жер алу үшін күресу керек болды. Екіншіден, осы қозғалыс мүшелері күрес тактикасын күшейтті. Ленлордтар “жер лигасы” талаптарына көнбесе, жерді уақытында жыртпау керек деп байкот жариялады. Бұл қозғалыстың барысында Ирландияға өзін-өзі билеу құқығын алу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Англияның жұмысшы қозғалысында Тредюниондар болды. Ол кейін оппортунистік ұйымға айналып кетті. Жұмысшылар арасында іріткі салды. Олар жұмысшы категориясын жасады. Англияның буржуазиясы жұмысшыларды революциядан кетіру үшін түрлі қоғамдар құрды. Солардың бірі фабиандық қоғам. Оны құрғандар ағылшын зиялылары – Сидней және Беатриса, Беббтер, Бернард Шоу, Уэльс тағы басқалар. Бұл адамдарды жұрттың бәрі біледі, атақты жазушылар. Бұлар таптық күресті жоққа шығарды. Таптардың бейбіт қатар өмір сүруі, жұмыс істеуі нәтижесінде мемлекеттік социализм құруға болады деді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару оргндарына халық өкілдерін қатыстыру арқылы социалистік қоғамға өтуге болады деді.
1890 жылдардан бастап Англияда “еңбек партиялары” көптеп құрыла бастады. 1983 жылы осы “еңбек партиясынан” “Тәуелсіз жұмысшы партиясы” (НРП) құрылды. Бұл партияны құрған “марксизм” Англия жағдайына сай келмеді деп, фабиандық көзқарасты қолдады.
Ирландия мәселесі: XIX ғасырдың 80-90 жылдарда Англиядағы мәселелердің бірі – Ирландия мәселесі болды. Олар өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Бұл қозғалыс Гомруль-Британия империясының құрамында өзін-өзі билеу құқығын алу деген қозғалыс. Бұл жолда 70-жылдары Ирланд лигасы құрылды, оның көсемі Чарлз Парнелл парламентте Ирланд фракциясының көсемі ретінде өте беделді болды.
1897 жылы “Жер лигасы” құрылды, ол ирланд жалгерлердің, қала кедейлерінің, радикал интеллегенция өкілдерінің ұйымы болды.
1896 жылы Дж. Коннолидің бастамасымен Ирланд социалистік партиясы құрылды, ол Ирландия мәселесін маркстік позициядан шыға отырып шешуді мақсат тұтқан партия болды.
Англия XX басында экономикасы күшті дамыған ел болып қала берді. Дұние жүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жаңа салалары күшейді. Шойын өндіру көлемі өсті. 1900-1913 жылдар арасында 14,5% өсті. Көмір өндіру 30% ке өсті. Дүние жүзілік жарыста АҚШ Германиядан артта қала бастады. 1910-13 жылдары Англияның үлесі дүние жүзілік өндірістегі 29, 7% тен 21% ке төмендеді, шойын өндіруден 22% ден 13% ке төмендеді. Артта қалудың себебі өндіріске капитал өте ерте салынды, оны жаңартпады. Англияның буржуазиясы шетелден. Отарладан келетін табыстарға қанағаттанды. Бұл кезде АҚШ, Германия бірден өндіріс орындарында өнімді техникалық пайдаланды. Англия сыртқа капитал шығаруда бірінші орын алды, 3,7 млрд фунт стерлиг ақша сыртқа шығарды. Соның есебінен байыды. Англияның экономикасы кейін кете бастады. Еңбек етпей өмір сүретін адамдар тобы қалыптасты. Еңбекке жарамды адамдардың 10% ті қызметшілерге айналды. Англияның қоғамы паразиттік қоғамға айнала бастады. Бұлар үкіметке беделді және ықпалды болды. Бұл жағдай елде монополиялық бірлестіктің жасалуына кедергі болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Англияда банктің 70% ті шоғырланды. Англияда банктер үлкен күшке айналды. Банктің күшеюі өндірістің шоғырлануымен қатар жүрді.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды.Онда 390 млн. адам тұрды. Англия империясының бұл күшеюуі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түгелдей отарлау үшін саясат жүргізді. Добрая Надежда мүйісінде Трансваль және Оранжевая тұрғындарыбұлар бағынбады. Егерде бұларды бағындырса бұкіл Африканы отарлаған болар еді. Бұларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур бур соғысы болды. Бур халқы партизандық әдістермен қарсыласты. Англия 500000 әскер апарды. Бурлардың саны 50 000 еді. Ағылшындар олардың деревняларында қалған кемпір-шалдарды, балаларды концлагерьге қуып тықты. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан қатырды.
Осыны көрген тауға кеткен бурлар төмен түсті. Лагерьдің өзінде 40% тен артығы аштықтан өлді. 1902 жылы көктемде бурлар берілді.Келісім жасасты. Ағылшындар Оңтүстік Африканың қожайынына айналды. Ағылшынбур соғысы прогрессифті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды.Англияның тарапынан болған бұл қаталдық Англияның басқа елдермен қатнасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияияның арасындағы шиеленісу күшейді. Германия имперализімі дүниені қайта бөлуді ойластырды. Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бұл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде қатты көрінді. Англия 1905 жылы ірі браноносецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелер түсіруден жарыс басталды. Германия мен мұндай қайшылықтан кейін Англия басқа елдермен қатынасын күшейтті. Англия өзіне одақтастар іздей бастады. Англия АҚШ –тың Панама каналын салуына кедергі жасап отыр еді. Енді оған рұқсат берді. Англия және Франция арасындағфы қайшылықты реттей бастады. 1904 ж 8 сәуірде екі ел арасындағы таластарды тоқтату үшін келісім жасады. Франция мен арада Орта шығыс, Ирак жерлеріндегі қайшылықты бісеңдетті. Дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде болашақ одақтың негізі жасалды. Англия дүние жүзінде оқшаланудан құтыла бастады.Англияның империалистері де соғысқа дайындалып жатты. Сонғы он жылдың ішінде ғана соғыстың қаржысы 3есе артты. Англия соғысқа дайындалу барысында іскери теңіз-базасын жасады. Бүкіл Англияны әскери окруктерге бөлді. Соғысқа қажеттінің барлығын дайындады. Милиторизмді, шованизмді уағыздады, соған арнап кітаптар, газеттер шығып жатты. Бұған Англияда мүмкіндік бар . Ол бай мемлекет . Ангия мен Франция арасындағы келісім халықтан жасырылды. Парламент оны халыққа білдірмей бекітті.
ХХ ғ басында жұмысшылардың жағдайы 1890- ж қарағанда нашарлады. Әр бір оныншы жұмысшы 1908 жылы жұмыссыз болды. Олар кәсіп одақ мүшелері еді. Ал кәсіподаққа мүше емес одақтар адамдар арасында бұданда тіпті күшті болды. Англия дүние жүзілік біріншіліктен айырыла бастады. Англия буржуазиясы жұмысшылардың бір бөлігін “сатып” алу жағдайынан айырылды. Жұмышы қозғалысы күшейді. Англияның жұмышы қозғалысында екі бағыт болды. Ол революциялық және оппортунистік тенденция. Осы екеуінің күресі Англияда революциялық партия құруды күн тәртібіне қоя бастады. Лейбористік партия бар еді. Ол оппортунистік партияға айналып кетті. Тәуелсіз жумысшы партиясының сол қанаты және социял демократиялық партия екеуі бірігіп Британ-социялистік партиясын құрды. БСП . Бұл партия өзінің бағдарламасында социялизм үшін күрес деп көрсетті. Бұл партия жұмысшыларды социялистік рухта тәрбиелеуге біраз жұмыстар істеді. Бірақ сектанттық көзқарастағы партия болды. Буржуазиялық үкімет қарап отырмады. Олар ел ішіндегі наразылықтарды бәсеңдету үшін әрекеттер жасай бастады. 1908 жылы жұмысшыларға жұмыс күнін қысқартуға, зейнетақыны көбейтуге уәделер беріп заңдар шығарды, 70 жастан асқандарға зейнетақы тағайындалды. Бұл саясатты Лойд Джорж кедейлікке қарсы күрес ашамыз деп жариялады. Бірақ бұның бәрі азғана күнгі уәде болып қалды.
Баќылау с±раќтары:
1.1870-1917жж Англияның ішкі саяси дамуы
2.ХІХғ 70-80жж реформалар
3.Ллойд Джордждің саясаты
22- лекция. Таќырыбы: Англия
Жоспары:
1.Англияның ішкі саяси дамуы
2.Англияның отарлық саясаты
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Из истории европейского парламентаризма:Великобритания / Под ред Е.В.Гутновой – М., 1995
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :
ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады. ХІХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерісі ХҮІІІ ғасырдың ортасынан басталып ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары аяқталғанды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ- тан кейін қала берді. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда 40 % ұлғайды. Америкада 230 % ке көтерілді. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 18900 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы дағдарысы да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақаш жасаудың басқа жолына түсті. ХІХ ғасырдың аяғында шетелге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды.
Елде отарлық саясат күшейді. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империялизімін отарлық империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.
Елдегі маңызды қызмет орындары ірі жер иелерінің қолында отырғанын да көруге болады. Англияда либералдар және консерваторлар партиясы өмір сүрді. Олар үкімет билігіне таласып отырды. Елдің ішіндегі демократиялық қозғалстардың өсуіне кедергі жасап отырды.
Англияның буржуазиясы орталық сыртқа саясат жүргізді. Көрнекті өкілі (1874-80) Дизраэли өкіметі отарлау мәселесіне назар аударды. 1874 жылы Суэц каналының құрылысын Египеттің үкіметінен 4 млн фунт стерлингке сатып алды. Сингапур, Малайя аралдарына сүйене отырып Оңтүстік Шығыс Азияда үстемдігін жүргізді.
1890 жылдардан бастап Англияда «еңдек партиялары» көптеп құрыла бастады. 1893 жылы осы «еңбек партияларынан» «Тәуелсіз жұмысшы партиясы» (НРП) құрылды. Бұл партияны құрған «марксизм» Англия жағдайына сай келмейді деп, фабиандық көзқарасты қолдады.
Ирландия мәселесі: ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Англиядағы үлкен мәселелердің бірі Ирландия мәселесі болды. Олар өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті.
1879 жылы «Жер лигасы» құрылды, ол ирланд жалгерлерінің, қала кедейлерінің, радикал интеллегенция өкілдерінің ұйымы болды.
1896 жылы Дж.Коннолидің бастамасымен Ирланд социалистік партиясы құрылды, ол Ирландия мәселесін маркстік позициядан шыға отырып шешуші мақсат тұтқан партия болды.
Англия ХІХ ғасырдың басында экономикасы күшті дамыған ел болып қала берді. Дүниежүзілік саудада алда болды. Дүниежүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жаңа салалары күшейді.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды. Онда 390 млн адам тұрды. Англия империясының бұл күшеюі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түгелдей отарлау үшін саясат жүргізді. Добрая Надежда мүйісіндей Трансваль және Оранжевая тұрғындары бурлар бағынбады. Егерде бұларды бағындырса бүкіл Африканы отарлаған болар еді. Бурларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур соғысы болды. Бур халқы партизандық әдістерімен қарсыласты. Англия 500000 әске апарды. Бұлардың саны 50 000 еді. Ағылшындар олардың деревняларында қалған кемпір-шалдарды, балаларды концлагерьге қуып тықты. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан қатырды. Ағылшындар Оңтүстік Африканың қожайынына айналды. Ағылшын-бур соғысы прогрессивті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды. Англияның тарапынан болған бұл қаталдық Англияның басқа елдермен қатнасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияның арасындағы шиеленісу күшейді. Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бұл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде қатты көрінді. Англия 1905 жылы ірі брононосецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелер түсіруден жарыс басталды. Англия дүниежүзілік оқшауланудан құтыла бастады. Англия соғысқа дайындалу барысында әскери-теңіз базасын жасады.
ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың жағдайы 1890 жылға қарағанда нашарлады. Әрбір оныншы жұмысшы 1908 жылы жұмыссыз болды. Олар кәсіподақ мүшелері еді. Ал кәсіподаққа мүше емес адамдар арасында бұдан да тіпті күшті болды. Англия дүниежүзілік біріншіліктен айырыла бастады. Жұмысшы қозғалысы күшейді. Англияның жұмысшы қозғалысында екі бағыт болды. Ол революциялық және оппортунистік тенденция. Осы екеуінің күресі Англияда революциялық партия құруды күн тәртібіне қоя бастады. Тәуелсіз жұмысшы партиясының сол қанаты және социал демократиялық партия екеуі бірігіп Британ-социалистік партиясын құрды. Бұл партия өзінің бағдарламасында социализм үшін күрес деп көрсетті. Олар ел ішіндегі наразылықты бәсеңдету үшін әрекеттер жасай бастады. 1908 жылы жұмысшыларға жұмыс күнін қысқартуға, зейнетақыны көбейтуге уәделер беріп заңдар шығарды, 70 жастан асқандарға зейнетақы тағайындалды. Бұл саясатты Лойд Джорж кедейлікке қарсы ашамыз деп жариялады. Бірақ бұның бәрі азғана күнгі уәде болып қалды.
Бақылау сұрақтары.
ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англияның өнеркәсіптік жағдайы.
ХІХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі.
ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың жағдайы.
Англидағы жұмысшы қозғалысының себебі.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі
Англия ХІХ ғасырдың басында экономикасы
23- лекция. Таќырыбы: Италия
Жоспары:
1.Италияның ішкі саяси дамуы
2.Италияның отарлық саясаты
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Италияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :
Италия 1870 жылы бірікті. Бірігу нәтижесінде елдің тұтастығы қамтамасыз етілді. Бұл ішкі рынокты қалыптастырды. Яғни, елде капитализмнің дамуына қажетті. Алғышарт жасалды. Бірігудің нәтижесінде елдің үкімет басына бай топтың өкілдері келіп отырды. Бірігудің барысында қалыптасқан буржуазиялық мемлекет ортағасырлық мемлекеттің қалдықтарын иемденді.
Бүкіл Италия халқы 3/4 бөлігі ауылда тұрды. Италияның деревняларында жартылай феодалдық қатынас басым болды. Жердің 5/6 бөлігі дворияндардың, шіркеудің, ірі жер иелерінің, буржуазияның қолында болды. Ұсақ шаруа иелігі өте аз болды. Қауымдық жер көп аудандарда сақталды. Жер шаруашылығын ірілендіру баяу жүрді. Шаруалардың басым көбі жерсіз болды. Италияның шаруашылығы өте ауыр жағдайда дамыды. Жер өңдеу қарапайым кетпенмен өңделді. Өнім төмен болды. Осыған байланысты тұрмыс ауыр болды. Аштық, жалаңаштық белең алды.
Ішкі рынок өте тар. Өнеркәсіп өнімдерін сатып ала алмады. Елдің оңтүстігінде феодалдық құрылыстың қалдығы көп болды. 1870 жылы оңтүстіктің аграрлануы бұрынғыдан күшейді. Себебі солтүстікте капитализм азды-көпті дамыды. Соған байлансты оңтүстіктің қолөнер бұйымдары өтпей қалды.
Ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі өте жай жүрді. Шіркеу жерін және басқа жерлерді сатып алған буржуазия капитализмді енгізе алмады. Көп жағдайда аренде төлемінің көлемін жоғарылатты, салық төлей алмағаны үшін жерлерді сатып жіберді. Бұл шаруалардың жерсіз қалуына әкелді. Сондықтан олар «бақыт» іздеп шетелге кетті.
Сотүстік Италияда аграрлық құрылыс ерекше болды. Мұнда капиталистік типтегі өнеркәсіптер салына бастады. Ірі жер иелері иеліктеріне, исполщина, батрак еңбектерін пайдаланды. Олар рынок үшін өндірді. Олардың шаруашылығына азды-көпті ауылшаруашылық машиналары, жер өңдеудің жаңа прогрессивтік түрлері болды. Басқа капиталистік елдерге қарағанда Италияда бұл процес жай жүрді. 1800-1900 жылы 11 % өссе, Америкада 57 % өсті.
Тауарлы ақша қатнасының дамуы, ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі, Италияның шаруаларының жіктелу процесін күшейтті. Шаруалардың көп бөлігі жерсіздену барысында қалаға кетті. Бірақ қалада өндірістің дамуы төмен болды. Сондықтан олар басқа елге кетті. 1865-1900 жылдар арасында 5,5 млн. Адам шетелге кетті.
Дегенмен Италия біріктірілгеннен кейін өнеркәсіп тез дамыды, саудасы да дамыды. 16 мың шақырым темір жол салынды. Бұл ішкі рынокты кеңейтті.
жылы 100 мың жұмысшы болса, 1900 жылы 1млн. 275 мың адамға жетті. Өнеркәсіптің жай дамуының себебі елде рыноктың тарлығы. Табиғи байлыққа өте аз. Жерінді көмір, темір қоры жоқ. Осының барлығы басқа елдермен салыстырғанда артта қалуына әкеліп соқтырды. 1890 жылы 200 000 тонна шойын өндірсе, Англия 7,13 млн. тонна шойын өндірді. Болат 120 мың тонна болса, Германия 7 млн. тонна өндірді. Өнеркәсіп төңкерісі елдің оңтүстігінде болмады десе де болады.
Италия мемлекеті буржуазиялық конституциялық монархия. Мемлекет басында отырған буржуазиялық дворияндық үкімет өте мықты болған жоқ. Себебі олар елде өздеріне әлуметтік тірек жасамады. Тірек жасау үшін заңдар қабылдау керек. 1869-1876 жылдар аралығында буржуазиялық мүддесін қолдайтын үкімет ірі буржуазияның мүддесін де қолдап отырды. Бұлар елдің өмірін демократияландыруға қарсы шығып отырды.
Оңшыо партия үкімет басында болғанда өздеріне қажетті мемлекеттік аппаратты күшейтті. Теміржол құрылысын қолдады. Оған қажетті ақша салықтарды көбейту арқылы жасады. Солшыл партия да болды. Бірақ бұлар да ірі финансистер мен саудагерлердің мүддесін қорғады. Бұл паритяның бағдарламасы:
Жоғары кедендік тариф белгілеу
Ірі өнеркәсіпшілерге тиімді сауда келісімін жасау.
Ұсақ буржуазияға кредит беру.
Салықты азайту, сайлау құқығын кеңейту, елді басқаруды демократияландыру
жылдары солшылдар партиясы үкіметтің басында отырды. Олар үкіметтің басына келгеннен кейін халыққа қарсы әрекет жасады. Демонстрация, митингілерге қарсы тұрды.
Баќылау с±раќтары:
Италияның бірігуі нәтижесінде еолің жағдайы қандай болды.
1870 жылдары Италияның экономикасы.
Ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі.
Сотүстік Италияда аграрлық құрылыс қандай дәрежеде болды.
Италияның Тауарлы ақша қатнасының дамуы.
Италия мемлекеті буржуазиялық конституциялық монархиясы.
24- лекция. Таќырыбы: АҚШ
Жоспары:
АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері.
Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуының
“американдық” жолы.
Жұмысшы табының жағдайы, социалистік партияның құрылуы.
АҚШ тың сыртқы саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
2.Ф. Энгельс. “Протекционизм и свобода торговли”. 21-том.
3.Ф Энгельс. Президентские выборы в Америке. 21-том.
4.А. Зубок. Очерки истории США. М,1956 г. История США. 4-томдық. Очерки новой и новейшей истории. 1-бөлім. М, 1960.
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :
АҚШ XIX ғасырдың басында үндіс тайпаларын ығыстырып, көрші жерлерді басып алып аймағын кеңейтті. Тынық мұхиттағы аралдарды басып алды. Трансконтинентальды аймақ жасалды. 1880-жылы Солтүстік Америка қарамағында 38 штат болды. Батыс Европа аймағынан үлкен болды. 1880-жылы АҚШ- та 50,2 млн. Адам тұрды. Оның тұрғындары 80- жылдың басында 10 есе өсті. 1890-жылы 76,3 млн-ға өсті. АҚШ XX ғасырдың басында тұрғындардың саны жағынан 4 орынға шықты. АҚШ-тың ауыл шаруашылық капитализмі тез қарқынмен дамыды. Жерді өңдеймін деушілерге жер тегін таратылды. Фермерлік шаруашылық негіздері, құл иеленуші латифундиялар қиратылды, орнына квапитализмге ыңғайланған ауылд шаруашылығы жасалды. Әліде қоныстанбай бос жатқан жерлерді тегін таратты. Халықтың әл-ауқаты жоғарылады, ішкі рынок жасалды. Ішкі рынок кеңеюіне байланысты өнеркәсібі дамыды. Мұның бәрі елдегі капитализмнің дамуына әсер етті. XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінде металлургия үлкен қарқынмен дамыды. Ұлы көлдер ауданы бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. Металлургияның дамуы көмір өнеркәсібіне түрткі болды. Аппалач тауында, Миссисипи өзенінің жағалауында көмір өнеркәсібі дамыды. XIX-ғасырдың аяғында Аппалач бассейні 50 процент көмір өндірді. Ірі өнеркәсіптің басқа салалары пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, тоқыма тағы басқа салалар пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, Тоқыма басқа салалар пайда болды. Өнер тапқыштық өмірге кеді. АҚШ-та 1870 жылдан бастап капитализмнің дамуына байланысты монополиялық бірлестіктер пайда болды. “Стандарт ойл” алкен компаниясы құрылды. Ол минай өнімінің 90 % -тін өзі өндірді. Рокфеллер, Морган сияқты миллиардерлер пайда болды. Болат корпорациясының бастығы Моргандар болды. Америкадағы капитализмнің кошті қарқын дамуының себебі: АҚШ та капитализм дамуына кедергі жасайтын карольдің жер иелену болған жоқ, Үндістердің жерлеріә өте құнарлы болды. Америкаға европаның келіп қоныстанушылары өздерімен бірге тәжірибе алып келді. Темір жол салу қолға алынды. Темір жол торабын темір компаниясының өзі билей бастады.
АҚШ-та екі партия өмір сүрді: Республикалық және демократиялық. Осы екі партия түрлі әлеуметтік топтарды өз жағына тартуарқылы елді басқаруды қамтамасыз етті. Олар біртіндеп ірі финансистерге айкала бастады.
АҚШ ауыл шаруашылығы дамудың Американдық жолымен жерді. Ленин бұған сипаттама берді: “Помещиктік шаруашылық болмайды. Ревалюция феодалдық поместьелерді конфискелейді және ұсақтап жіберді. Мұндай жағдайда шаруа басым болады. Ол егіншіліктен бір ден-бір агенті болып алады да біртіндеп капиталистік фермере айналады. Негізгі көрініс патриархалдық шаруаның буржуазиялық фермерге айналуы”.
Америкада фермерлер әлеуметтік топқа айналды. Америкада фермерлердің қозғалысы күшейді. Себебі олар үкіметтің қаржы саясатына қарсы болды. Бұл қозғалысқа қатысуышалр өкіметтің темір жол, салық саясатына қарсы болды. Бұл қозғалыс фермерлердің қозғалысы болғандықтан басылып қалды. Көп замай Гринбекер қозғалысы болды. Балда фермерлердің қозғалысы. 1861-1865 жылдары азамат соғысы болған еді. Сол кездің өзінде Гринбекер суретімен 450 млн. доллар ақша шығарған. Соғыс аяқталды, кейін Гинбекер партиясы құрылды. Қарыздарын Гринбекер ақшамен төлегісі келді. 1870 жылдан бастап: жұмыс күнін қысқарту, еңбек бюросын ұйымдастыру, жұмысшы статистикасын жасау, еңбек ақысын көбейту жолында күресті. 1870 жылы сайлауда бұл партия млн. нан астам дауыс алды.
1870-1880 жылдары АҚШ жұмысшы саяси өмірінде жұмысшы қозғалысының қалыптасқан жылдары болды. 1886 жылы 1мамырда көтеріліс болды. Чикаго қаласында осы кезде Америка үкіметінің әскері арандату арқылы, полиця орталығына бомба тастады. Оған қатысқандар Пирсонс, Фишер, Энгель, Шпиц деген азаматтар дарға асылды.
1876 жылы Америкада социолистік партия құрылды. Екінші съезде 1869 жылы “Рыцары труда” деген орден құрылды. АҚШ тынық мұхит бассейініне ауыз сала бастады. АҚШ тың қарулы күштері 1866-67-71 жылдары Кореяға бірнеше рет нәтижесіз экспедиция ұйымдастырды. Тек 1832 жылы ғана Кореяда Американ саудасы үшін порт ашылды.
1898 жылы АҚШ Испанияға соғыс ұйымдасытырып Пуэрто-Рико, Куба аралдарын тартып алды. Бұл Испан Америка соғысы дүниені қайта бөлу жолындағы ең алғашқы соғыс болып табылады.
Қытайды бөлшектеу үшін АҚШ 1899 жылы “Ашық есік” саясатын ұсынды. Бұның мәін барлық капиталистік елдерге Қытайға баруға ұсыныс жасалды, сөйтіп Қытайды ықпал аймағына бөліп алғысы келді. Оман Ұлы Британия, Германия, Рессей, Италия, Франция, Жапония елдері қатысуға тиіс болды. АҚШтың бұл жердегі ойы мынау: өзінің экономикалық қуатына сүйеніп, Қытай риногының бұл елдерді кейін ығыстырып шығару, сөйтіп Тынық мұхиты “Американ көліне” айналдыру.
АҚШ ХХ ғасыр басында империялизм сатысына аяқ басты. Ел ішінде капиталдың шоғырлануы, қаржы олигархиясының жасауы өте кошті қарқынмен өсті. 1900 жылы деректерге қарағанда АҚШта өндірістің өнімінің бір жылдық құны 20 млрд. доллар болды. Бұл Германия мен Ұлы Британиядан да екі есе артық. Болат өндіріуден Франция, Англия, Германияны қоса алғандағыдан артық өндірді. Қалған өндіріс салаларынан да бір орынға орнықты. Бұл кездегі АҚШтың өндірісіне тән нәрсе ол шоғырлануымен бір орталықтан нәтижесіне ірі корпорациялар мен трестерді жеңіске жеткізді. Тек 1904 жылдың өзін-ақ млн. долларлық өнімі бар өндіріс орындары елдің 0,9 %тін қамтыды, оларда жұмысшылардың 25,6 %ті жұмыс істеді. Трестер барлық өндірістің салаларында құрыла бастады. 1901 жылы Морганның “Болат тресі” құрылды. Ол болат шикі затының 50 % артығын өндірді. 100 деген теңіз кемелері болған. Ол басқа елдердің де кемелерін жалдады. Рокфеллерлер газ, электр өндірісінде өзіне қаратты. Дағдарыстар көбейе бастады. АҚШ ірі трестер еліне айналғаннан кейін империялизм дәуірінде паразитизм көріне бастады. Ірі трестер өзінің сыртқы рыноктағы артықшылығын сақтап қалу үшін техниканың прогресін тежеді. Рантье тобы қалыптан тыс көбейді. Бұл сияқты экономиканың дамуы ішкі рынокты тарылта бастады. Осыған байланыста рынокта талас-тартыс басталған. Дүниені қайта бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрды. Олар өзінің идеологиясын АҚШ мәдениетін тарату арқылы жүргізгісі келді. Панама каналын қазуды қолға Ала бастады. АҚШ Атлант, Тынық мұхитта өзінің үстемдігін жүргізгісі келді.
Американдық еңбек федерациясы негізінен алғанда жұмысшы арестократиясынан тұрды. Олар жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы шара қабылдағысы келмеді. 1905-1912 жылдары аралығында жұмысшы қозғалысында жанданулар баталды. И.Р.М. деген ұйым құрылды. Бұл ұйымды құрғандар Юджин Дебс. Леон және Уильям Хэйвуд дегени адамдар. Бұл кейін екіге бөлінді. Уильям Хэйвуд бастаған ұйым Чикаго ұйымы болып бөлініп кетті. Леон Детройт ұйымы болып бөлініп кетті. Чикаго ұйымы 1912 жылы отыз рет стачка жасады. Олар талап етуімен Лоренс штатында еңбек ақы көбейді оның мүшелері тұрақты болмады, көбі маусым сайын, келіп кетіп жұмыс істейндер болатын. 1917 жылы ревалюциядан кейін бұлардың біраз Мішелі анархосиндикализм бағытымен кетті.
1901 жылы үкімет басына Теодор Рузвельт келді. Мұның алдында Мак Кинли еді, оны өлтірді. Тәртіп бойынша елді вице-президент Рузвельт басқарды. Ол Америкада реакциялық саясатты жүргізген белсенді адам. Ол жұмысшылардың наразылығын бәсеңдету үшін уәделер бере бастады. Ірі монополияның үстемдігіне қарсы шықты. Джек Лондон және басқа жазушылар ірі монополияларды синап жазды. 1905 жылдан бастап АҚШ та әлеуметтік қозғалыстың күшеюіне байлансыты Рузвельт бір қатар шаралар қолдана бастады.
АҚШ үкіметі сыртқы саясат жүргізді. Дүние жүзілік ықпал жасағысы келді. Испания мен Португалия әлсіреп отыр еді. АҚШжас империялистік мемелекет. Олар Испаниядан отарларын тартып алусаясатын ұстады. Испанияға Филипиннің құнына 2 млн доллар берді. Испания Ку бадан бір жолата қол үзгендігін мойындады. Келісім жасады. Американың протектораты орнады. Латин Америкасы елдеріне АҚШ өзінің ықпалын орната бастады.Монро доктринасын пайдаланды. Америка Американдықтар үшін. Бұл саясат “Жуан шоқпар” саясатымен жүзеге асырылды.
1901 жылы Панама Республикасы жарияланды. Оны бір ден Америка мойындады. Атлант мұхиты мен Тынық мұхиты арасындағы қатынасты оңайлататын Панама каналын қазуға кірісті.
Баќылау с±раќтары:
1.АҚШ-тың ішкі саяси дамуы
2.Кливлендтің президенттігі
3.АҚШ-ғы жұмысшы қозғалысы
25- лекция. Таќырыбы: Ресей
Жоспары:
1.ХІХ соңы ХХғ басындағы Ресейдің экономикалық жағдайы
2. ХІХ соңы ХХғ басындағы Ресейдің сыртқы саясаты
3.1905-1907жж Ресей революциясы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.История России / Под ред М.М.Горинова М., 2000
2.Века А.В. История России .Минск, Москва., 2003
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Ресейдің саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні
Экономикалық жағдайы. ХІХ ғасырдың соңы емн ХХ ғасырдың басында Ресей экономикасы күшті қарқынмен дамыды. Бұл елде 60-70 жж. Іске асырылған реформалардың нәтижесі еді. Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі жөнінен Ресей дүние жүзінде бесінші орынға шыөты.
Ресейдегі монополистік капитализмнің ерекшелігі сол, өнеркәсіп пен қаржы-банктік жүйенің жоғарғы қарқынмен дамығанына қарамастан, ол жалпы алғанда артта қалған ауыл шаруашылақты ел болып қала берді.
Ресей ауыл шаруашылығындағы Батыстың басқа алдыңғы қатарлы елдеріндегідей каиталистік жолмен жедел дамып кете алмады, оған деревнияда орын алып отырған помещиктік жер иелену және шаруалардың жерді қауымдасып пайдалану жүйелері кедергі болды.
1905-1907 ж.ж. бірінші орыс революциясынан соң патша үкіметі бір сыпыра реформалар жасауға мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар Министрлер кеңесінің төрағасы А.П.Столыпиннің атымен байланысты. Бінеше патша жарлықтарына сәкес шаруалардан алынатын жер сатып алу төлемдері жойылды. Оларға қауымнан шығуға рұқсат берілді., мұндай жағдайда оның қауымдық жерлерінен тиесілі үлесі сақталып қалды. Жарлық тиімді әрі өнімді жеке шаруа қожалықтарын құрып, оларға әр түрлі қолдау көрсетіп, патша үкәметінің сенімді тірегіне айналдыруды көздеді. Стольпин реформаларының негізінде іске асырылған көші-қон саясатының барысында Сібір мен Орта Азияға 1906-1914 жж. Арасында 3 млн шаруалар қоныс аударып, оларға жергілікті халықтардың ең шұрайлы жерлері тартып алынып берілді.
Сыртқы саясаты: ХІХ ғасырдың 90-жж. Ресей өзінің сыртқы саясат бағытын өзгертті. Германияның дүние жүзін қайта бөлуге бағытталған экспансиялық әрекеттеріне қарсы тұру мақсатымен ол Англия жәнен Франциямен жақындасты. Құрамында Германия, Австро-Венгрия және Италия бар Үштік Одаққа қарсы бағытталған, кейінен Антанта деп аталған бұл мемлекеттердің болашақ одағының негізі осылай қаланған олатын.
Балқанда Германия мен Австро-Венгрияның ықпалының артуына байланысты Ресей өз назарын енді Қиыр Шығысқа адаруға мәжбүр болды. Ресейдің Қытайдағы белсенділігінің артуы (Порт-Артурды жалға алу, орыс әскерлерін Маньчжурияға енгізу, Қытай Шығыс темір жолын салу) осы аймақта жетекшілік рол атқарудан үміткер жапония тарапынан наразылық туғызды. Батыс елдерінің қолдауына арқа сүйеген Жапония 1904 ж. 27 қаңтарда Порт-Артурда тұрған орыс кемелеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 1905 жылы қыс-көктем аларында жапондықтар Кореяға басып кіріп, Маньчжурияда шабуылға шықты. 1904 жылы тамызында Ляонян-Артурды қоршау 1904 жылы жазынан 1905 жылдың қысына дейін созылды. Қорғаушылардың ерлігіне қарамастан, 1905 жылы 2 қаңтарында Порт – Артурды бөлуге мәжбүр болды. 1905 жылы маусымда Цусима аралының маңында жапондықтар вице-адмирал Рождественский бастаған орыс эскадрасын талқандады. Цсиума шайқасы аяқталғандығын білдірді. Россия онда жеңіліс тапты.
Бірінші орыс революциясы. 1904 ж. Соңына таман Ресейдің революция табалдырығының алдында тұрғандығы айдан айқын болды. 1905 жылы 3 қаңтарда Птилов зауытының жұмысшылары ереуілге шықты. Келесі күндері оларға басқа да зауыттар мен фабрикалардың жұмысшылары қосылды. 8 қаңтарда жұмысшылардың жиналысына патшаның атына петиция жазып, өздерінің мұң-мұқтаждарын және елде демократиялық бостандықтар енгізу туралы талаптарын жеткізуге шешім қабылдады. 9 қаңтарда осы өтініштерін патшаға тапсыру үшін аттанған жұмысшылардың бейбіт шеруін патша әскерлері оқ боратып қарсы алды. Көптеген адамдар оққа ұшты не жараланды. Тарихқа бұл күн «қанды жексенбі» деген атпен енді. 1905 жылы қазанында жаппай саяси ереуіл шығып, оған бүкіл елде 2 млн аса адам қатысты.
Революциялық қозғалыстың қарқынынан зәресі қалмаған патша үкіметі 1905 жылы 17 қазақннда манифест жариялап елде демократиялық реформалар жүргізуге уәде берді. Бірақ бұл революция тосқауыл бола алмады, жұмысшылар қозғалысы одан әрі өрлеп , Мәскеуде ол қарулы көтеріліске ұласты.
Бірақ түрлі себептерге байланысты революция жеңіліс тапты. Бұған басты себеп жұмысшылар мен шаруалар одағының әлі де әлсіздігі, армияның көпшілігінің патша укіметінің жағында болуы және революцияны басқарушы саяси партиялардың араларында ауызбіршіліктің жоқтығы болды.
Баќылау с±раќтары:
1.ХІХғ соңындағы Ресейдің ішкі саясаты
2.ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Ресейдің сыртқы саясаты
3.1905-1907жж Ресей революциясының шығу себептері, барысы, тарихи маңызы
26- лекция. Таќырыбы: ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы Латын Америка елдері
Жоспары:
1.Латын Америка елдеріне жалпы сипаттама
2.Латын Америка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ соңы мен ХХғ басындағы Латын Америка елдерінің саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні:
ХХ ғасыр басында латынамерикасы елдерінің өздерінің капиталистік даму ерекшеліктеріне қарай саралануы байқалды. 1914 жылы бірінші орынға Аргентина шықты. Мұнда қала тұрғындары (негізінен Еуропадан келген) халықтың 50 пайызын құрады. Уругвай, Бразилия, Куба, Венесуэла, Чили де осы деңгейде еді. Өздерінің капиталистік дамуында көбірек артта қалған елдер Перу, Боливия, Мексика болды, бұларда капитализмге дейінгі қатнастардың тамыры әлі де тереңде жатқан еді.
Латын Америкасы халықтарының өзгерістер үшін күресі. Латын Америкасында ХІХ ғ. Соңы мен ХХ ғасыр басындағы прогрессивтік даму үшін әлуметтік қозғалыстың басты бағыты либералдық және радикалдық партиялардың консервативтік-олигархиялық күштерге қарсы күресі болды. Олар әр түрлі көтерілістер, төңкерістер, азаматтық және мемлекет аралық соғыстар, реформалар саясаты формасында жүргізіліп жатты. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр бүкіл барысында бұл құбылыс латынамерикалық мемлекеттердің басым көпшілігіне тән болды. Тек ХІХ соңы мен ХХ ғасыр басынада ғана ірі елдерде конституциялық режимдер бекіді.
Аргентина радикалдары билеуші олигархтарға қарсы 1890, 1893, 1905 жж. Бірнеше рет көтеріліс шығарды, тек қана 1912 жылы жалпыға бірдей сайлау құқығын иеленіп, 1916 жылы сайлауда жеңіске қолдарын жеткізіп, демократиялық республика режимін орнатты.
Уругвай ХХ ғасыр басына дейін толассыз азамат соғысын басынан кешірді, тек 1903 жылы ғана елде түпкілікті демократиялық және әлуметтік реформалар жүргізіліп, тұрақты конституциялық режим орнатылды.
Бразилияда құлдықты жою (1888), монархияны құлату (1889) және 1889-1891 жж. Революциядан соң республика орнатылды, бірақ олигархтық топтардың билігі басым болды.
Чилиде ХІХ ғасыр аяғында президент Хосе Мануэлб Бальмаседаның солшыл либералдық үкіметі ұлттық экономиканы қорғау туралы заңдар қабылдаттырған болатын. Олигархияның зорлық-зомбылғын ауыздықтауға бағытталған бірсыпыра шаралар қабылданды, еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын шаралар іске асрылды, клерикалдарға қарсы саясат жүргізді.
ХХ ғасыр басынада құрлықта орын алған ең басты уақиға Мексика революциясы болды.
1910-1917 ж.ж. Мексика революциясы. ХХ ғасыр басында Мексика күрдері саяси дағдарысты басынан кешірді. Мексиканы 1877 ж. бері басқарып келе жатқан диктатор Диастың саясаты елді әлуметтік жарылысқа әкеп соқтырды. Елдегі саяси дағдарыс президент Диастың 1910 жылы кезекті сайлау науқанына байланысты шиеленісе түсті. Өткен уақыттарда мұндай сайлаулар Диасқа біркісідей дауыс беруді қамтамасыз ететін. Бұл жолы буржуазиялық оппазицияның өзінің балама кандидаты болды. Оппозицияның көсемі көптеген металлургиялық, тоқыма және басқа да кәсіпорындардың иесі, бай жериеленуші мен капиталистің баласы Франциско Мадеро (1873-1913) еді. Мадеро АҚШ пен Францияда білім алды.
Сайлау алдында диктатор Диас Мадероны тұтқынға алып, оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап, сотқа берді. Кепілдікке босатылған Мадеро АҚШ-қа қашты. Әрине, сайлауда бұл жолы да Диас жеңді.
Оппазиция күресінің басқа түрі - қарулы күреске дайындалуға кірісті. Мадеро құжат жариалап, онда 26 маусымда өткен президент сайлауын дұрыс емес деп айыптап, 1910 жылы 20 қарашада қарулы көтеріліс жасауға шақырды. Жаппай көтерілістер мен қақтығыстар әскери бөлімдерді де қамтып, Мексика революциясының басталғанын паш етті.
Мексиканың оңтүстігінде Эмилиани Сапатаның (1869-1919) партизандық армиясы әрекет жасады. Сапата шаруа отбасында дүниеге келді. Өзі тұратын деревниядағы шаруалардың жерлерін помещиктердің зорлық пен тартып алғанына ашу ызасы келеген Сапата көтеріліске басшылық етті.
Мадеро Диасты құлату үшін күреске бастағанда Сапата оған қосылып, революциялық армияның генералы деген атақ алды. Мексиканың солтүстігінде Чиуаау штатында шаруалар көтерілісін Панчо Вилья (1877-1923) басқарды, ол да Мадероны қолдап, генерал атағын алды.
Шаруалар қозғалысы мен қала жұмысшылары және орта топтардың әрекеттерінің арқасында Мадеро 1911 жылы 7 маусымда Мехикоға келіп кірді. 83 жасар диктатор Диас елден қашуға мәжбүр болды. 1911 жылы 2 қазанында Мадеро Мексикаға президент болып сайланды.
Мадеро шаруаларға олардан тартып алынған қауымдық жерлерді қайтарып береміән деген уәдесінен бас тартып, шаруалар армиясының қарусыздануын талап етті. Сапата мен Вилья шаруалардың талаптарын қолдап, қарусызданудан бас тартты. Мадеро оларға қарсы күрес бастады.
Генерал Уэртаның басшылығымен контрреволюциялық төңкеріс жасалынды. 1913 жылы 18 ақпанда Мадеро тұтқынға алынып, артынан өлтірілді.
Диктаторлық режимнің қалпына келтірілуі елде жаппай қарсылық туғызды. Сапата мен Вильяның шаруалар армиясы бірікті. Уэртаның әскери хунтасын құлатуда шешуші ролді шаруалар отрядтары атқарды. Көтерілісшілер астананы қоршауға алды. 1914 жылы шілдеде Уэрта биліктен бас тартты.
Веракрус қаласында азаматты билік басшысы ретінде Уэртаға қарсы күресті бірінші болып бастаған Венустиано Карранса орныққан болатын.
1917 жылы олар негізінен Шаруалар көсемі Сапата мен Вильяның өмірлері де қайғылы аяқталды, екеі де жалдамалы жендеттердің қолынан қапыда қаза тапты.
Карранса үкіметі шетел капиталының елдің шаруашылық өмірі мен экономикасына ықпалын тежейтін бірсыпыра шараларды қолдады. Ол жұмысшы қозғалыстарына әлуметтік реформаларға уәде беруді ереуілдер мен толқуларды күшпен басу әрекеттерімен ұштастырды.
Құрылтай жиналысын шақыру мен жаңа конституцияны қабылдау революцияны аяқтады. Құрылтай жиналысындағы демократияшыл қанат күрестер мен келісімдер нәтижесінде сол кездегі ең алдыңғы қатарлы конституцияны қабылдатты. Жиналыс оны 1917 жылы 31 қаңтарында қабылдап, 1917 жылы мамырында ол күшіне енді.
Конституция басқарудың республикалық формасын белгіледі. Ол елді басқарудың тұрақты демократиялық жүйесінің негізін қалады.
Латын Америкасы ХХ ғ. басында.
ХХ ғасыр басында Латын Америкасында 60 млн. Аса халық тұрды. 20,6 млн шаршы километрлік ұлан-ғайыр территорияда 20 тәуелсіз мемлекет өмір сүрді. Олардың 18-і испан тілдес, Бразилия-португал тілдес және Гаити-француз тілдес еді. Бұлардың ішіндегі ең ірілері және салыстырмалы күшті дамығандары Бразилия, Мексика, Аргентина болды. Олардың үлесіне территорияның 2/3, халықтың 60 % тиді.
Латын Америкасының қоғамдық дамуына лантиноамерикандық ұлттардың қалыптасу ерекшеліктері үлкен әсер етті. Ұлттар әдетте мемлекеттік шеңберлерде әртүрлі нәсілдік-этникалық бөліктерден құрылды. Үндістер, еуропалықтар отаршылар, Африкадан шыққандар белгілі бір әлуметтік-экономикалық, территориялық, мемлекеттік одақттастардың шеңберінде ұлттардың қалыптасуына негіз болды. Алуан түрлі дәстүрлер, мәдениеттер, әдет-ғұрыптардың өзара әсерлері үндістік, негрлік, еуропалық белгілерден өзара ерекшеліктері. Бар мәдени этникалық қорытпа түзді.
Латынамерикалық республикаларыдың әлуметтік-саяси тарихының ерекше белгісі отаршылдық кезеңінде провинциалдық тұйықтылық пен ХХ ғ. Азамат соғыстары жағдайында қалыптасқан патриархалды-патерналық дәстүрлер болды.
Латынамерикандық қоғамдық өмірде католиктік шіркеудің ролі күшті болды. Латын Америкасында дүние жүзіндегі католиктердің жартысынан көбі тұрады.
Латын Америкасының даму ерекшеліктері көп жағдайда қоғамдағы қайшылықтардың күрделі түйінделуіне ықпал жасады.
Баќылау с±раќтары:
1.Латын Америка елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
2.Латын Америка елдерінің мемлекеттік құрылысы
3.1910-1917жж Мексика революциясы
27- лекция. Таќырыбы: ХІХғ соңғы ширегі мен ХХғ басындағы халықаралық жұмысшы және социалистік қозғалысы
Жоспары:
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Кривогуз И.М. Второй Интернационал.1889-1914. М., 1964
Тартаковский Б.Г. Фридрих Энгельс – советник и учитель международного пролетариата. М., 1966
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ соңғы ширегі мен ХХғ басындағы халықаралық жұмысшы және социалистік қозғалысының дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :
Халықаралық жұмысшы партияларының бірлестігі – ІІ Интернационал 1889 жылы құрылған.Оның құрылуының алғышарттары:ХІХғ 70 жж монополизмге дейінгі капитализмнің империализмге өтуі, Еуропа мен Америкада жұмысшы табының саяси партияларының құрылуы, маркстік идеялардың кеңінен таралуы.80 жж соңында бұрынғы социалистік партиялардан басқа ( ең мықтылары Германия мен Францияда) Еуропаның бірқатар елдерінде (Бельгия, Швейцария, Испания, Италия,Швеция, Норвегия) , Ресейде маркстік «Еңбекті азат ету» және маркстік үйірмелер пайда болды.Интернационалдық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылыс күшейді.
Жаңа социалистік бірлестікті құруда үлкен рольді Ф.Энгельс атқарды, сонымен қатар 1-ші, 2-ші (1889, 1891) конгрестердің дайындығына атсалысты, ал 3-ші конгреске өзі қатысты.
Бірінші конгресс (құрылтай) марксистер париж қаласында 1889 жылдың 14-21 шілде аралығында өткізді.Оған 393 делегат қатысты, олар сол кезде қызмет еткен Еуропа мен АҚШ-тың барлық ұлттық және социалистік ұйымдардың өкілдері еді.Екінші конгресс 1891 жылдың 16-22 тамыз аралығында Брюссель қаласында өтті.Жұмысшы табының милитаризмге көзқарасы туралы К.Либкнехттің резолюциясы қабылданды.Онда соғыстар капиталистік құрылыстың нәтижесі және тек ғана социалистік қоғам халықтарға бейбітшілік алып келетіні, милитаризм жойылатындығы айтылған.Резолюция соғысқа қарсылық көрсетуге шақырады.Конгресс жұмысшы табының экономикалық және саяси күресті қатар жүргізуін мақұлдап, анархистік тактикаға қарсы шықты.Үшінші конгресс 1893 жылдың 6-12 тамыз аралығында Цюрих қаласында өтті.Конгресс анархистер тактикасына қарсы шығып, ІІ интернационал қатарында тек ғана саяси күресті мойындайтын жұмысшы партиялар болады деген шешім қабылдады.Г.В.Плехановтің соғыс болған жағдайда пролетариаттың тактикасы туралы баяндамасы бойыншаБрюссель конгресінің шешімдерін мақұлдаған резолюция қабылданды.Конгресс социалистік партияларды парламенттерде әскери несиелерге қарсы дауыс беруге міндеттеді.
Төртінші конгресс 1896 жылдың 27 шілді-1 тамыз аралығында Лондон қаласында өтті.Осыған дейін өткен конгрестердің шешімдерін мақұлдады.
Лондон конгресі ІІ Интернационалдың қызметінің бірінші кезеңін аяқтайды.Оның негізгі нәтижесі жұмысшы қозғалысында марксизм гегемониясының орнауы.
Бесінші конгресс 1900 жылдың 23-27 қыркүйектері аралығында Париж қаласында өтті.Конгресс нәтижесінде Мильеран резолюциясы қабылданды, ол ІІ Интернационалда және кейбір партияларда оппортунизм ықпалының күшейгенін көрсетті.Конгресс Халықаралық социалистік бюро құрды.
Алтыншы конгресс 1904 жылдың 14-20 тамыз аралығында Амстердам қаласында өтті.Әлемнің барлық континенттерінің социалистік партияларының және РСДРП өкілдері қатысты.Конгресс Ресейдің жұмысшы табының күресінің халықаралық маңызын мақұлдаған резолюция қабылданды.
Жетінші конгресс 1907жылдың 1907 Штутгартта өтті.Конгресс жұмысына алғаш рет большевистік делегацияны басқарған В.И. Ленин қатысты.Жалпы Штутгарт конгресі социалистік партиялардың тактикасының айқындалуында үлкен роль атқарды.
Сегізінші конгресс 1910 жылдың 28 тамыз- 3 қыркүйек аралығында Копенгаген қаласында өтті.Социалистік партиялардың бірлігі туралы мәселесі бойынша ұлттық деңгейде социалистердің барлық ағымдарының бірігуін талап еткен резолюция қабылданды.
1912 жылы Балқан түбегінде әскери дағдарыс басталды.Осы жағдайда 1912 жылы 24-25 қарашада Базельде тоғызыншы конгресс өтті.Бір ауыздан қабылданған Базель манифестінде барлық социалистік партиялардан империализмге қарсы күресті талап еткен резолюция қабылданды.1912 жылдың соңында ІІ Интернационалдың қатарында 3787 мың мүше , 23 мемлекеттің 27 социалистік партиялары,болды, оған қоса кәсіподақтар қатарында 11 млн. Мүше болған.
1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Халқаралық социалистік бюро қызметін тоқтатты.ІІ Интернационал мен социал-демократиялық партиялар, социалистік партиялар арасындағы байланыс үзілді.ІІ Интернационалда өз қызметін тоқтатты.
Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында социалистік партиялар халықаралық социалистік бірлестіктер құру әрекетін жасайды.Олар Берн Интернационалын (1919-23жж),Интернационал 21/2 (1921-23жж),Социалистік жұмысшы интернационалы (1923- екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қызмет етті) құрылды.
Баќылау с±раќтары:
1.Жұмысшылар қозғалысы және маркстік идеялардың тарауы
2.ІІ Интернациналдың құрылуы
3.ІІ Интернационалдың конгрестері
28- лекция. Таќырыбы: 1871-1914жж халықаралық қатынастар
Жоспары:
Дүние жүзін аумақтық тұрғыдан бөлуді аяқтау.
Әскери-саяси блоктардың құрылуы
Француз-орыс одағы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: 1871-1914жж халықаралық қатынастар тарихын қарастыру
Лекция мєтіні
Дүние жүзін аумақтық тұрғыдан бөлуді аяқтау.
XIX ғасырдың соңына таман капитализмнің империализм сатысына өту кезеңінде капитализмге тән экономикалық әркелкілігі күшейе түсті. Экономикалық дамудың теңсіздігі дүниежүзілік саудадағы бәсекені ұлғайта түсті.
Шығыстағы дағдарыс жылдарында Англия Гибралтар, Жерорта теңізі, Суэц каналы және Қызыл теңіз арқылы Үндістанға апаратын қысқа теңіз жолын игере бастады. Бұл теңіз жолында тек Суэц каналы ғана Англияның бақылауынан тыс қалды. 1875 жылы Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған Англия, бұл каналмен өтетін кеме қатынасын толық бақылауға мүмкіндік алды. Суэц каналына бақылау орнатқан, ал кейін Кипр аралын жаулап алған Англия Африкадағы Мысыр отарларын жаулап алу жоспарын дайындай бастады.
Ағылшын үкіметі Мысырда қарулы интервенция жүргізу бағытын ұстады. 1882 жылы ағылшын әскерлері Александрияны зеңбіректен атқылап, Мысырды басып алды. Осындай сыртқы күрделі саясат жағдайында Франция қарулы күшпен Тунисті жаулап алды. Англияның Мысырды, Францияның Тунисті иемденуі капиталистік жыртқыштардың әлі бөлінбеген Африканың орталық және батыс аудандарын жаппай бөлісу үшін күресіне түрткі болды. Африканы бөлісу үшін Англия мен Францияның бақталастығы XIX ғасырдың 80—90-жылдарындағы басты мәселеге айналды. Англия мен Франциядан кейін Африкаға Бельгия, Германия, Италия басқыншылары ұмтылды.
1884 жылы Конго өзені алабының басым бөлігін Бельгия бақылауына алды. 80-90-жылдары Франция өзінің иеліктерін Алжирмен көрші Сахара шөлін қосу арқылы кеңейте түсті. 1886 жылы Франция Мадагаскар аралдарын жаулап алды.
Англия мен Францияның бөтен жерлерді жаулап алу барысында бақталасатын орны жалғыз Африка ғана болған жоқ. Оларды сондай-ақ Азияның оңтүстік-шығысындағы бай аудандар қызықтырды. 1877 жылдың соңында Англия Малайзияны құлдыққа түсіруді аяқтады, сөйтіп, онда өзінің протектораттығын орнатты. Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін иемденіп, Орталық Вьетнамға шабуылдады. Тек 90-жылдардың соңында ғана кескілескен соғыстардан соң Вьетнам Францияның қол астына өтті.
Англия 1885 жылы Бирманы жаулап алуға асықты. Францияның Вьетнамды бағындыруы және Англияның Бирманы басып алуы бұл мемлекеттерді енді Сиам (Таиланд) үшін күреске киліктірді. Ақырында, басқыншылар бұл елді бөлісіп алды. Батысын-Англия, шығысын-Франция иемденді.
1884 жылы Оңтүстік-Батыс Африкада бірінші герман отары пайда болды. 1884—1885 жылдары Камерунде, Того және Шығыс Африкада герман отарларының негізі қаланды.
90-жылдардың соңында Англия Африканы бөлісуді аяқтауға таяды. 1896 жылы ағылшындар генерал Китгенердің басшылығымен Суданды жаулап алуға кірісті. Содан кейін ағылшын әскері Ніл өзені бойымен жоғары қозғалды. 1898 жылы Фашод қарауыл бекетінде олар француз әскери бөлімдерімен кездесті. Мұнда ағылшын және француз әскерлері қарулы қақтығысқа түсті. Ағылшын үкіметі Францияға соғыс ашпақ болып қорқытты. Өзінің ежелгі жауы Германия жақын тұрғандықтан, Франция Англиямен соғыспауға шешім қабылдады. Француз әскері Фашодты тастап шықты, сөйтіп, 1899 жылы Англия мен Франция Африканы бөлісу туралы келісім жасасты.
Италиялың отарлау Италияның бірігуінен соң басталды. Жас корольдік өзін күшті сезініп, отарлық иеліктерін кеңейтіп жатқан басқа державалардан артта қалғысы
келмеді. Сол уақытта «Қара материкті» бөлісу қызу жүріп жатқандықтан, италиялықтар да соған қарай ұмтылды. 1882—1885 жылдары Италия Абиссиния мен Қызыл теңіздің үлкен жағалауы бойындағы Ассаб қаласын және Массауа айлағын иемденді. Сондай-ақ Сомали түбегіне иелік жасады. Арабтармен соғыстан кейін италиялықтар 1894 жылы Кассала қаласын иемденіп, Абиссиниядан батысқа қарай жылжыды. Абиссиниямен (1895—1896) соғыста Италия сәтсіздікке ұшырады.
1894 жылы шілденің соңында Жапония Қытайға қарсы соғыс ашты. Соғыс 1895 жылы 17 сәуірде Жапонияның Симоносеки қаласында бітімге қол қоюмен аяқталды. Қытай Жапонияның сауда кемелері еркін кіретін бірнеше порттық қалаларын ашуға және Жапонияға соғыс шығындары үшін 200 млн лян өтемақы төлеуге мәжбүр болды.
Жапонияға өтемақы төлеу үшін Ресей мен Франция Қытайға қаржылай несие берді. Ресей енді Қытайды Жапонияға қарсы әрекетінде өз жағына тарту мақсатымен 1896 жылы Қытаймен одақ жасасып, егер Жапония жағынан Қытайға басқыншылық жасалса, онда Қытайды қорғауға міндеттенді. Ал Қытай осыған жауап ретінде Ресейге Шығыс Қытай темір жолын салуға және пайдалануға концессия берді.
1897 жылдың соңында герман империалистері Қытайдың Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун провинциясын өзінін; ықпал ету аймағына айналдырды. Франция Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзінің ықпал жүргізуін камтамасыз етті және көршілес Үндіқытайға темір жол құрылысын сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келісімі бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегін жалға берді.
XX ғасыр басында дүние жүзін аумақтық түрғыдан бөлісу аяқталды. «Бос жер» тіпті қалған жоқ. Империалистік державалардың мақсаты тауар өткізу мен шикізат көзін соғыс арқылы табу болатын. Өздерін Африкадағы бөлістен құралақан қалдық деп есептеген герман империалистері оның орнын Таяу Шығыстағы басқыншылық әрекетімен толтырмақ болды.
1898 жылы II Вильгельм түрік сұлтанымен кездесті және Босфор—Кіші Азия—Месопотамия—Кувейт—Парсы шығанағына шығатын үлкен темір жолды бірігіп салуға келісті.
Англия Германияның Түркияға енуіне қатты мазасызданды. Өйткені ол Арабия мен Месопотамияны жаулап алуды жоспарлап жүрген. Ал немістердің Парсы шығанағына жылжуы Үндістанға қауіп төндірді. Германияның шығанаққа шығуын кесіп тастау үшін, Англия 1901 жылы Кувейт портын басып алды. Мұның бәрі екі империалистік жыртқыштардың арасьшдағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.
Әскери-саяси блоктардың құрылуы. Франция-Пруссия соғысы 1871 жылы Франкфурт бітіміне қол қоюмен аяқталды да, халықаралық жағдайға түбірлі өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістердің бірінші себебі — капитализмнің әркелкі дамуының күшейе түсуі болды. Бүл әсіресе біріккен Германияның индустриясы жедел дамуынан айқын көрінді. Эльзас пен Лотарингияны иемденген және Франциядан өтемақы ретінде 5 млрд франк алған Германияның экономикасы күшейе түсті.
Франция мен Германияның арақатынасы басқа мемлекеттердің өзара арақатынасына үлкен әсер етті. Экспансиялық сыртқы саясатын күшейте түскен кайзерлік Германия, кез келген елмен әскери шиеленіске түсе қалған жағдайда, Францияның міндетті түрде сол елдің одақтасына айналарын біліп отырды. Сондықтан Бисмарк Германияға көрші елдермен Францияның арасына сына қағу үшін шешуші кадамдар жасауға асықты. Германия империясының өсе түскен экономикасы және әскери қуаты Австро-Венгрияның сыртқы саяси бағытының өзгеруіне әсер етті.
Алайда 1874—1875 жылдары Германия Францияны оңай талқандай алатын еді, бірақ онда өзге елдермен дипломатиялық жағдайы күрделене түсетінді.
Патшалық Ресей Германияға Францияны талқандауға жол бермейтінін үзілді-кесілді ескертті. Ресейден соң ағылшын өкіметі де Германияның Францияға қарсы басқыншылығына келіспейтіндігін білдірді. Сөйтіп, Ресей Францияға қарсы герман басқыншылығының жолында басты кедергі болды.
70-жылдар басында Балқан түбегінің көптеген халқы түрік басқыншыларының езгісінде болды. Олар-Болгария, Босния, Герцеговина, Македония, Албания, Эпир, Фессалия еді. Сербия мен Румыния да түрік сұлтанының билігінде болды және оған алым-салық төлеп тұрды. Түркияның езгісіндегі халықтардың ұлт-азаттық күресі 70-жылдар ортасында жаңа, біршама ұйымдасқан кезеңіне өтті.
1875 жылы жазда, алдымен, Герцеговинада, содан кейін Боснияда түрік үстемдігше қарсы көтеріліс тұтанды. Түрік әскерлерінің тықсыруымен сербтер жеңіліске ұшырады. Серб өкіметін құпия жақтап отырған Орыс патшалығы Түркия ғана емес, Еуропа державаларымен де қақтығысқа барғысы келмеді.
Герман өкіметі Балқандағы Австро-Венгрия басқын-шылығын қолдай отырып, Ресейді Түркиямен соғысқа итермеледі, Ресейдің көңілін Еуропадағы мөселелерден басқа жаққа аударуға тырысты, сөйтіп Германия Францияны екінші рет талқандауға мүмкіндік алғысы келді.
жылы 24 сөуірде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс әскерлері Адрианопольді алып, Константинопольді құлатуға жақын қалған кезде түрік өкіметі бітімге келісім сұрады.
жылы 3 наурызда Сан-Стефанода Ресейге Карс, Ардаган, Баязет және Батуми қалаларын беру және Қырым соғысьшан соң Ресейден тартып алынған Бессара-бияның оңтүстік бөлігін қайтаруды қарастырған бітім шартына қол қойылды. Бұл шарттың бір пункті Балқан мемлекеттерінің аумақтық құрылымына қатысты болды. Өзіндік біртұтас Балқан мемлекеттері: Черногория, Сербия және Румыния заңды толық тәуелсіздік алды. Болгария Сан-Стефано шарты бойынша Константинопольге жақын
келіп, Эгей теңізі жағалауының бірқатар бөлігін косып алды. Осылайша Сан-Стефано шарты серб және румын халықтарын түрік езгісінен толық азат етті және Болгарияның жартылай азаттың алуына жол ашты.
Ағылшындық билеуші топ Ресейдің Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі өзінің позициясын күшейту үшін Болгарияны пайдаланады деп кауіптеніп, болгарлардың шекарасын анықтау «сызығын» тапты, ол «сызық» Балқанда үстемдікке ие болып отырған Англия үшін қолайлы жағдай тудырды.
1878 жылы 13 маусымда шақырылған Берлин конгресі Сан-Стефанода қабылданған шешімдерді қайта қарау туралы мәселелерді талқылай бастады. Конгресс жұмысы нәтижесінде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтіп, Баязет Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстік Бессарабия қайтарылып, Добруджа Румынияға өтті. Сондай-ақ Черного-рия, Сербия және Румыния тәуелсіздігі бекітілді.
Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бірден қысқартылды. 1877—1878 жылдары болған орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлттық тәуелсіздік алуына мүмкіндік берді, ол ұлттық Болгария мемлекетінің құрылуын тездетті.
Ресеймен достық қатынастан айырылған Бисмарк Австро-Венгриямен жақындасуға тырысты. 1879 жылы 7 қарашада Венада Австро-Герман шартына қол койылды. Италияның Тунисті басып алуы Германия тарапьшан қолдау тапты.
Үштік одақ. Берлин конгресінің нәтижесінде қалыптасқан Еуропадағы күштердің жаңа арасалмағы, мемлекеттердің отаршылдық бәсекелесінің көрініс табуы (ең алдымен, Англия мен Францияның және Англия мен Ресейдің) Үштік одақтың қалыптасуына әсер етті.
Батыс мемлекеттерішң дүние жүзін қайта бөлісу үшін күресінің күшеюіне байланысты олардың бәсекелестігі 80-жылдардың басында жаңа аудандарға тарады. Ежелгі отаршыл мемлекеттердің ішінде Англияның әр түрлі бағыттардағы қимылдары табысты болды: ол Қытайда, Ауғанстанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өз ықпалын нығайтты. Одан Франция да қалыспады. Бұрыш басып алған аумақтарды қанауын жалғастырып, отар және жартылай отар елдерге едәуір мөлшерде қаржы бөле отырып, жаңа жерлерді басып алуға ұмтылды. Бұл жөнінен Германия тарапынан қолдау тапты; себебі, ол Францияның назарын еуропалық саясаттан аударып, француз капиталын отар аймақтарға бағыттап, келешекте ағылшын және итальян капиталымен бәсекеге итермелеуге тырысты.
Итальян буржуазиясы Германиямен жақындасуға бет бүрды. Ондағы мақсаты—онымен ортақ бәсекелестері — Францияға қарсы бірігу болатын. Бірақ Бисмарк Берлинге жол Вена арқылы өкелетінін ашығынан білдіреді. Италия Габсбургтер монархиясы басып алған Триест пен Трентиноны қайтарып алу жөніндегі жоспарларынан бас тартып, Австро-Венгриямен келісімге келу жолын қарастыруға тиіс болды. Австрогерман одағына еніп, елдегі монархиялық режімді нығайтуды көздеген Италия үкіметі бүған келісім берді.
Нәтижесінде 1882 жылы 20 мамырда Германия, Австро-Венгрия және Италия арасында Үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойылды. Шарт 5 жылға жасалынды және ол әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отыру арқылы 1945 жылға дейін созылып келді. Шарт Үштік одақтың әрбір катысушы мүшесі басқа елмен соғысып қалған жағдайда Франциядан басқа елдерге бейтараптық сақтауға міндеттенді.
Бисмарктың орнына келген жаңа канцлер Каприви Бас штабты және император II Вильгельмнің әскери бағдарын барлық жағынан қолдады. Оның сыртқы саясатта ұстанған «жалпы бағыты» бойынша Германия француз-орыс блогына қарсы соғысқа дайындалуға тиіс болды.
1887 жылғы француз-герман қақтығысынан кейін Франция өкіметі Петербургте Ресеймен әскери одақ құру мүмкіндіктерін ойластыра бастаған.
Француз-орыс одағы. 1891 жылы тамызда француз-орыс пакті жасалды. 1892 жылы жазда француз Бас штабының өкілдері мен орыс Бас штабының өкілдері әскери конвенцияға қол қойды. Ол ете кұпия сипатта болды. Әскери конвенция 1893 жылдың соңында бекітілді. Осылайша 1891, 1892 және 1893 жылдардағы келісімдермен француз-орыс одағы ресми сипат алды.
Германия езінің алдына дүние жүзін бөлісуге байланысты ауқымды міндеттер қоя отырып, аса қуатты флот құруға кірісті.
XX ғасыр басында ағылшын-герман бақталастығы күшейе түсті, Англия дүниені бөлісу үшін болатын соғыста өзіне одақтастар іздестіре бастады.
Англия мен Франция арасында одақ туралы келіссөздер басталды. 1904 жылы сәуірде «шын жүректі келісім» немесе Антанта деп аталатын ағылшын-француз келісіміне қол қойылды. Бұл келісім бойынша Франция Судан мен Мысырға қол созудан бас тартты, ал Англия француздардың Мароккоға жорығын қолдауға міндеттенді.
1904 жылғы Англия мен Франция арасындағы Африканы бөлісу туралы келісім аяқталмаған сипатта болды.
Германияның негізгі міндеттерінің бірі—Ресей мен Англия одағына қалайда жол бермеу болды. Ал калыптасқан Ресей мен Франция одағын әр түрлі шаралармен әлсірету—бұл Германияның алдында тұрған екінші міндет болды.
Қиыр Шығыста орыс-жапон соғысы өрши түсті. Бұл соғыста патшалық армияның жеңілуі Германияның қарсыластарының бірі Ресейдің қауіпті жау ретінде қатардан шығып қалғанын білдірді.
Орыс-жапон соғысындағы Ресейдің жеңілісі XX ғасырдың басындағы басты қарсыластар—Англия мен Германияның айналасына мемлекеттердің топтасуын жеңілдетті. 1904 жылы ағылшын-француз Антанта шартынан кейін, Англия антигерманиялық коалицияға Ресейді тарту үшін бар күшін жұмсады.
1907 жылы 31 тамызда Иран, Ауғанстан, Тибет шекараларын межелеу туралы ағылшын-орыс конвенциясына қол қойылды. Иран үш аймаққа бөлінді: Солтүстік Иран Ресейге берілді, Орталық Иран бейтарап аймақ болып қалды. Мұнайға бай Үндістан мен Парсы шығанағына жақын Оңтүстік Иран ағылшындардың ықпалына берілді. Ауғанстан да Англияның қол астында қалды. Тибет Қытайдікі деп есептелді, алайда ағылшын капитализмі оның экономикасын пайдалану құқығын сақтап қалды.
1907 жылы құрамына Англия, Франция және Ресей кірген үштік Антанта одағы құрылды.
1911 жылы мамырда Францияның Марокконы жаулап алуы Италияның Триполитанияға байланысты жоспарын жүзеге асыру үшін түрткі болды.
1911 жылы 29 қыркүйекте италия-түрік соғысы басталды. Бұл кезеңде Түркияның Балқан мемлекеттерімен жаңа соғысы пісіп-жетілген еді. Осман империясы 1912 жылы 18 қарашада Лозанна бітім шартына қол қоюға асықты, ол бойынша Триполитания мен Киренаика Ливия деген атпен Африкадағы итальян иеліктерінің құрамына кірді.
Италия-түрік соғысы Түркияны қатты әлсіретті және Балқан мемлекеттерінің бірігуін тездетті. 1912 жылы қазанда Балқан мемлекеттері ұлы державаларды Түркиямен бітімге делдалдық жасауын өтінді. 1913 жылы мамырда Балқан түбегінің саяси шекарасын анықтаған Лондон бітімшартына қол қойылды.
Соғыс жылдарының өзінде Балқан түбегіндегі мемлекеттер арасында өз шекараларын анықтауға байланысты келіспеушілік басталған болатын.
Еуропалық державалардың араласуы және Балқан монархтарының әулеттік мүддесі 1913 жылы екінші Балқан соғысына—бұрынғы одақтастар арасындағы соғысқа әкелді. Бұл соғыс Болгария үшін жеңіліспен аяқталды. Сол кездегі жағдайда әрбір жаңа соғыс жергілікті сипатымен шектеліп қалмайтын еді, Балқан соғысы дүниежүзілік империалистік соғысқа ұласты.
Осындай жағдайда Сараевода австровенгриялық эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлімі—соғысты бастау үшін тек себеп қана болды.
Германияның арандатуымен, 1914 жылы 23 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға ультиматум қойып, оны 48 сағ ішінде сөзсіз қабылдауын талап етті. Ресейдің кеңесі бойынша Сербия ультиматумның барлық талаптарын қабылдады. Германия әскерлерін құпия түрде жұмылдырып, оларды шығыс және батыс шекараларға шоғырландыра бастады.
1914 жылы 1 тамызда Германия Ресейге соғыс жария-лады, ал 3 тамызда Францияға соғыс бастады.
Соғыс барысы бойынша белгіленген жоспарларын іске асыра отырып, Германия Бельгияға шабуылдады. Англия неміс әскерлерінің тез арада Бельгиядан әкетілуін талап етті. Германия Англия талабын жауапсыз қалдырып, соғысты жалғастыра берді. Осылайша Австро-Венгрияның Сербияға соғыс жариялаған сәтінен бастап, бір аптаның ішінде соғысқа барлық дерлік еуропалық державалар тартылды. Бірінші дүниежүзішк соғыс осылай басталды.
Баќылау с±раќтары:
1.Әскери-саяси одақтардың құрылуы
2.Ағылшын-американ қайшылықтары
3.Ағылшын-бур соғысы
4.Орыс-жапон соғысы
29- лекция. Таќырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жоспары:
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.
“Үштік одақ” пен Антантаның құрылуы және олардың арасындағы қайшылықтар.
1914 жылғы Сараево дағдарысы.
Соғыстың басталуы және барысы.
Соғыстың қорытындылары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, басталуын, сипатын, барысын және қорытындыларын түсіндіру.
Лекция мєтіні :
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы халықаралық жағдай өте шиеленісті әрі күрделі болды.Бұл кезеңде елдер арасындағы экономикалық даму әрекетілігімен ерекшелінді. 50 жыл ішінде халық саны 1,3 мың, 1,7 мыңға өсті. Индустриялды даму өндіріс көлемі 5 есе, дүниежүзілік сауда көлемі4 есе өсті. әсіресе транспорт пен байланыс арта түсті. әлемдік өркениет өз дамуында биік дәрежеден көрінді. Солтүстік Атлантика регионы халқы рухани және материалдың даму жақынан озық тұрды. Халықаралық қатынастардың даму халықтар арасында мұқтаждықпен және мет-дың ресурстардыпайдалану арта түсті. Европа державалары, АҚШ, Жапония, индустриялды даму биігінде көтеріліп дүниедегі дамудағы шешуші роліне ие бола бастады. Дамыған мемелекеттер әлсіз мемлекеттерге ықпалы арта түсті.
1879 жылы Германияда Африка АҚШ арасында құпия келісім болды. 1882жыл үштік келісім Германия Италия, 1891 жыл Франция орыс келісімі 1904 Франция Ұлыбритания, 1899 жыл Ресей инциативасымен 26 ел қатысқан Гаага конференциясы болып халықаралық шиеленістерді бейбіт шешу мәселесі қаралды. 1881-1900 жылдары 111 халықаралық шиеленіс бейбіт жолмен шешіледі. 20 жыл ішінде Европа мемелекетінде әскер саны 25 пайызға , әскери шығын 2 есе өсті. 1899 жылдары Гааго конверенциясы соғыс жағдайында химия қаруларын пайдаланбау, жаралыларға гуманның көмек, қолға түскен солдаттарға зәбір берму мәселелері және соғыс шығындарын азайту мәселесі қаралады.
1907 жыл АҚШ интицивасымен 44 мемлекет басшылары қатысқан конфернеция болып өтті. Бұл конференция Вена конференциясынан кейінгі жаңа дәуірдегі ең ірі конференция болды.Халықтық құқықтың нормаларын қарастырылды.
28 маусым Сараевода серб Таврило Принцип Эрц герцорг Франция фердинандты атып өлтірді. Австрия – Венгрия, Германия үкіметтері бұл қастандықты тиімді пайдалану жолдарын іздестірді. Германия Россия мен францияның әлсіздігін пайдаланып тұтқиылдан шабуыл дасау жоспарын жасады. Петербургқа келген франция президенті Пуанкаре Россияға, Сербияға көмек беруіне кеңес берді. Англия Австрия- Германия одағына соққы беріп әлемдік аренадан ығыстыру жолдарын қойған талабы оның тәуелсіздігін жою болатын. 28 июль Австрия – Венгрия әскерлері Сербияға басып кірді. Россия мобилизация жариялады, Германия оны тоқтатуды тавлап етті, Россия оны тыңдамады 1 августа Германия Россияға соғыс жариялады. Бельгия территориясы арқылы францияға шабуыл жасады. Бельгияны жақтап Ұлыбританияның Германияға соғыс жариялады. Европа державиясымен бірге бұл соғысқа олардың доминондары мен отарлары да қтысты, санти августа дүниежүзілік соғыс басталды.
Соғыстың себебі Европалық ұлы державалардың дүние үстемдікке ұмтылуы болды. Империалистік державалар әрқайсысы өзіне көлемді ықпал ету аймағын алуға тырысты. Ақш І – ші дүниежүзілік соғыс жылдарында экономикалық, финанс, саяси, әскери жағыфнан жетіліп дами түсті. Осы табыстар оны капиталистік дүниеде гегомондыққа итермеледі. Германия мен Түркияның отарларын иемденуді ойлады. Бұл территрияларда Ұлттар лигасы бақылауына беруді ойластырды. Ақш ұсынысы теңізде еркін жүзі, сауда еркіндігі, колониялар мәселесн еркін реттеі. Англия, Жапоня, Франция ықпалын колонияларды басқаруын шектеуді қарастырды. Екінші жағынан АҚШ Германияны Кеңес мемлекетіне қарап күш ретінде пайдалануды жоспарлады. Сонымен бірге Франция мен Англияға тепе – теңдікті сақтауға пайдаланылатын болды. Антанта мемлекеттері АҚШ – тың бұл әрекетін болдырмауға күш саолды, Ұлттар лигасын құруды кешуілдетті және АҚШ ықпалының күшеюінен қатты қауіптенді. Франция Германияны майда мемлекеттерге бөлшектеуді, Германия мен Түркия колонияларын алуды Европада Германия есебінен өз территориясын ұлғайтуды жоспарлады. Бұл деген Европада Франция гегамондығын орнату деген пиғыл еді. Ұлыбритания бұл кезде Африкадағы неміс отарларын өзне қаратып үлгерген еді. Германия Англияның ереуіл қарсыласына айналу дәрежесінен айырылған болатын. Италия мемлекеттері Балканда австрия- Венгрия империясына қарасты біраз жерлерді иемденіп үлгерген болатын. Жапония Шань Дунь түбегін Тынық мұхиттағы Герман отарларын алуды талап етті. Ірі державалардың бұл гегамондық әрекеттері кіші мемлекеттердің саясатына мүлде қайшы болатын. Париж конференциясының мақсаты жеңілген Германиямен бейбіт келісім жасау болатын.
Баќылау с±раќтары:
Соғыстың себептері?
Июль дағдарысы және соғысты жариялау?
Соғыстың империалистік сипаты және державалардың басыншылық мақсатында көздеуі?
Соғыстың барысы?
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары?
30- лекция. Таќырыбы: ХІХғ 70жж мен ХХғ басындағы мәдениет
Жоспары:
1.Ғылым мен мәдениет
2.Әдебиет
3.Бейнелеу өнері
4.Музыка
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Каирбекова Р.Р. Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие. –Алматы, 1997
История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4
Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХІХғ 70жж мен ХХғ басындағы мәдениеттің даму бағыттарын қарастыру
Лекция мєтіні :
Ғылым. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында ғылым ерекше қарқынмен дамыды. Үлы жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты. Бүл қандай да бір сиқыршының табиғат пен адамның құпия сырларын жасырып тұрған жұмбақ пердені ашып жібергеніндей әсер етті. Бұл сиқыршы адамзат ақыл-парасаты болатын.
Жаңа ашулар—табиғат механиканың нақты заңдарына бағынады деген түсініктерді бұзды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы ашылған табиғи-ғылыми жаңалықтардың басты маңыздылығы сонда, ол материяның құрылысы, кеңістік, уақыт, қозғалыс, тірі табиғаттың дамуы, табиғаттағы адамның орны, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды түбірімен езгертті.
1831 жылы Майкл Фарадей электромагниттік индукция құбылысын ашты. Ол, егер мыс сым магниттік күш желілерін қиып өтсе, онда электр тогы пайда болатынын байқаған. Бқл жаңалық электродвигательді жасауға жол ашты. Фарадейді замандастары «найзағай әміршісі» деп атаған. Ғалым Корольдік коғамыньщ, кептеген академиялардың мүшесі, соның ішінде Петербург академиясы оны өз мүшесі етіл сайлаған.
1895 жылдьщ соңында Германия физигі Вильгелъм Конрад Рентген (1845—1923) Масквеллдің электро-магниттік толкындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін, өздері Х-сәулелері деп атаған сәулелерді ашты. Бұл сәулелердің ғажайып ерекшеліктері: көзге көрінбесе де әр түрлі нәрселерге өтіп кететін, тасада адам көзіне түсе бермейтін құбылыстарды көруге болатын қасиеттері болды.
Бұл ұлы жаңалық бірден медицина тәжірибесіне енгізіліп, оның негізінде жасалған рентген аппараты көшпіліктің; қызығушылығын тудырды. Енді дәрігерлер аурулардың ішкі зақымдарын, сынған сүйектерін көріп, бақылауға мүмкіндік алды. Физиктердің арасында түңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы берілді. Ерлі зайыпты Кюрилер А.Беккерельмен бірге радиоактивтілікті ашқан жаңалығы үшін 1903 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығын алып, «микробөлшектердің құпия әлеміне» жол ашты.
Микробиология—жаңа ғылым. Мүмкін сіздер құтырған иттің адамды қауып алуы кісі өліміне әкеп соқтырған кездер болғанын білмейтін боларсыздар. Міне, 1885 жылы құтырған ит он төрт рет қапқан баланы ғалым өлімнен құтқарды. Бұл ғалым Луи Пастер (1822— 1895) болатын. Алғашқы кезде ғалым иттер мен қояндарға ұзақ уақыт тәжірибе жасап, алынған екпені адам өмірін сақтап қалуға қолданды. Құтыруға қарсы екпе ғалымның ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Пастер әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлады.
Пастердің тәжірибелері әр түрлі азық-түліктерді стерилизациялау мен пастеризациялау әдістерін жасауда зор маңызға ие болды. Оның ізденістері иммунитет туралы ілімнін негізін қалады. Пастер хирургтарға қол мен құрал-саймандарды залалсыздандыру қажеттілігін түсіндірді.
Әдебиет. XIX ғасырдың 20-жылдарында еуропальщ әдебиетте жаңа есім — Виктор Гюго (1802—1885) пайда болды, оның маңына өнердегі жаңа соқпактарды іздеген жас ақындар, суретшілер, музыканттар жиналды. Оның «Париж күдайана ғибадатханасы» романы француз романтиктерінің өзіндік ерекше манифесті болды. Романның негізгі оқиғасы хальщ толқулары билеген ортағасырлық Парижде өтеді. Бүлікшілердің күші, олардың ерлігі мен жан дүниесінің сүлулығы нәзік те арманшыл Эсмиральда, қайырымды да қамқор Квазимодо образдары арқылы ашылды.
Оның «Күлегеш адам» атты романында XVII ғасыр ақсүйектерінің азғындығын, эгоизмін ғажап өткірлікпен суреттеді. В.Гюго III Наполеон империясы режімінің қайтпас қарсыласы болды.
Жаңа тарихтың бірінші кезеңінде, бүкіләлемдік мәдениеттің баға жетпес құнды әдебиет және өнер шығармалары пайда бола бастады. Еуропа халықтары мәдениеті мен өнерінде XVII—XVIII ғасырлар бойы бір-бірін ретпен ауыстырып отырған үш көркемөнер бағыты болды. Олар: классицизм, романтизм және реализм.
Классицизм өзінің жоғарғы өрлеу дәрежесіне XVII ғасырда Францияда жетті. Үлы драматург Мольер дворян-дық пен буржуазияның кемшіліктерін әділ көрсетті.
Классицизм рухында Вольтер өзінің ағартушылық идеясын көрсеткен атақты трагедияларын жазды.
XIX ғасырдың бірінші онжылдығында әдебиет пен өнерде романтизм бағыты орнықты. Романтиктер классицизмнің қатал төртібінен бас тартты. Ерекше жағдайлардағы ерекше кейіпкерлер—романтизмнің принципі осы еді.
Революциялық романтизмнің ең көрнекті өкілі ағылшын ақыны Байрон болды. Байрон өзінің еңбектерінде Англияның буржуазиялық-аристократиялық қоғамындағы азғындықка деген жиіркенішті көзқарасын ашық байқатты.
Байрон сол кезеңнің бүкілөлемдік өдебиетіне үлкен әсер етті. Пушкиннің айтуынша, Байрон «тұтас бір ұрпақ ойының тәңірі» болды.
XIX ғасырдан бастап реалистік бағыт дами бастады. Егер романтиктер нақты өмірден оқшаулануды қаласа, реалистер нақты дүниені объективті, шындық тұрғысьшан бейнелеуге тырысты. Реализм— адам тағдыры, мінезі, әдеп-ғүрпы тарихи жағдайларға, қоғамдық ортаға бағынышты екенін көрсетті. Жазушы-реалистер (Бальзак, Дик-кенс) буржуазиялық қоғам шындығын өте шынайы бейнеледі.
Иоганн Вольфганг Гёте (1749— 1832)—Байрон аса ірі неміс ақын-жазушысы, лирикалық өлеңдердің, поэмалардың, драмалардың, романдардың авторы болды. Ол — әлемдік әдебиеттегі аса ірі тұлға. Оның шығармашылығы бір көркем бағыттың шеңберіне сыймайды. Онда реалистік бағыт өте күшті болды, бірқатар еңбектерінде классицизм принциптері де кездеседі. Оның көптеген еңбектері өлең түрінде де, проза түрінде де жазылды. Гёте адамның шығармашыльщ күшін жоғары бағалады. Гёте шығарма-шылығына мұсылмандық шығыс әдебиетінің ыкпалы зор болды. Гетенің басты еңбегі — өлеңмен жазылған «Фауст» трагедиясы Француз жазушысы Оноре де Балъзак өзінің қажыр-кайратымен, еңбекке қабілеттігімен ерекшеленді. Ол тәулігіне 14—16 сағ жұмыс істеді. Бальзак шындықты реалистік тұрғыдан бейнеледі, «айналада болып жатқандарды» боямасыз көрсетті. Бальзактың басты еңбегі — «Адамдар комедиясы» деп аталатын 96 роман мен повестерден тұратын сериялы туындысы.
Белгілі неміс ақыны Гекрих Гейпе XIX ғасырдағы жарқын лириктердің бірі болды. Ол неміс буржуазия-сының қараңғылығын, «қасиетті одақ» саясатын сынады. Жаңа орыс әдебиеті мен әдеби тілдің, орыс реализмінщ негізін қалаушы А.С.Пушкин (1799—1837) болды. Пушкиннің ұлы туындылары «Евгений Онегин», «Борис Годунов», т.б. Оның керемет лирикасы орыс мәдениетіне және әлемдік мәдениетке қосылған баға жетпес үлес болды.
Балтық жағалауы халықтарынын мәдениеті айтарлықтай дамыды. XIX ғасырдың соңында латын ақыны Янис Райнис, Литваның жазушы қызы Ю. Жемайте өз шығармаларымен таныла бастады. Украйндық жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Иван Яковлевич Франко (1856—1916) шығармашылығы жан-жақты болды. Ол ірі ақын, тамаша жазушы-романист, драматург еді. Оның шығармалары өз халқына деген махаббатқа, оның мүддесін терең түсінушілікке толы. И.Я.Франко, сондай-ақ фольклоршы, ғалым, әдебиет тарихшысы және әдебиет сыншысы ретінде танылды.
Ұлттың әдебиеттің салт-дәстүрін қайта жаңартуға ұмтылыс XIX—XX ғасырлар тоғысында әлеуметтік-экономикалық процестермен тығыз байланысты болды. Бұл, әсіресе Бенгалияда кеңінен таралды. Бенгал әдебиеті XIX ғасырдың соңында дүниежүзілік әдебиет қатарында көрнекті орын алды. Бенгалдық ақын және жазушы Рабиндранат Тагор (1861—1941) бүкіл әлемге танылды. Оның бірінші шығармасы жарық көргенде, ол небары13 жаста болатын. Ол көптеген өлеңдердің, поэмалардың, әңгіме, романдардың авторы. Тагор әңгімелерінде Үндістанның өмірі, отаршыл өкіметтердің әрекеттері бейнеленді, ескінің сарқыншақтарын сынады. XX ғасырдың басында Тагордың ірі романдарында («Күйреу», «Тау») үнді зиялы қауымындағы қақтығысты көңіл күйлер өз бейнесін тапты.
Лев Ниқолаевич Толстой (1828—1910) өзінің «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Воскресенье» деген шығармаларында әлемдік әдебиет тарихында Ресейдің өмірін барлық қарама-қайшылықтарымен шынайы бейнелей білді. Адамдардың рухани байлығын және оның шындықты, әділетті іздеудегі азапты жолын суреттеді.
Орыс ақыны Михаил Юръевич Лермонтов (1814—1841) реалистік прозаның және поэзияның тамаша үлгілерін жасады, сол кездегі қоғам өмірінің бар кемістігін тереңінен қозғады. «Біздің заманның ерлері» атты романында ол өз замандасының ғажап бейнелерін жасады.
Бейнелеу өнері. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы бейнелеу өнеріндегі реалистік дәстүрлер «реализм» термшшгің езі сияқты Гюстав Курбе (1819—1877) есімімен тығыз байланысты. Суретші пейзажы ашық және қанық бояулы. Жаны сүйетін суреттері нақты, тіпті қарапайым: тау етегінен орын тепкен жұпыны үй немесе Нормандия жағалауындағы көз сүріндіретін шексіз теңіз қарапайымдылығы мен шынайылығы арқылы өз көрерменін тебіреніске түсіреді.
Өз бетімен білім алған тамаша суретші Винсент Ван Гог (1853—1890) шығармашылығы Франциямен тығыз байланысты. Оңтүстік Францияның дархан, ғажайып табигаты Ван Гог шабытының тұрақты көзі болды.
Ван Гог табиғатты басқа суретшілерге қарағанда жан дүниесімен түсіне білді. Оның соңғы шығармаларының бірі — «Овердегі жаңбырдан кейінгі пейзаж». Шығарма өмірге деген құштарлыққа, сұлулыққа бас июге, жақсылыққа, үйлесімділікке үйретеді.
Музыка. Романтизм өнерге жаңа тақырыптар мен жаңа есімдер ғана емес, музыканың түріне де өзгерістер әкелді.
Австриялық композитор, музыкант Франц Шуберт (1797—1828) Венада ұлы Бетховенмен бір кезеңде өмір сүрді. Ұялшақ жасөспірім оның талантына бас иіп, алыстан бақылап, танысуға жүрексініп жүретін. Дегенмен композитордың музыкасы туралы Бетховеннің «Шын мәнінде Шубертте құдайдың берген нұры бар» деген пікірі белгілі.
Композитор кесек туындыларды сирек жазған, фортепианоның сүйемелдеуіндегі дауысқа арналған, кейіпкерлері көше сайқымазақтары, балықшы, диірменшілер болып келетін (негізінен, Шиллер мен Гетенің сөздеріне жазылған) әндерге көбірек көңіл аударған.
Шуберт бар болғаны 32 жыл ғана өмір сүрді. Достары оны Бетховен зиратының жанына жерледі.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы талантты музыканттардың ішіндегі ең құрметті орывдардың бірі поляк Фридерик Шопенге (1810—1849) тиесілі. Композитор жан-дүниесінің торығуы мен күйзелісін атақты шығармасы — «Революция этюдінде» ағыл-тегіл жеткізді. Шопеннің өзі ұнататын шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, сондықтан да оны «мазурка королі» деп атаған. Ол би музыкасының өзіне патриоттық әуез бере алды. Шопен өз музыкасының туған халқын жеңістерге жетелейтініне шексіз сенді.
Ол өз шығармашылығында поляк шаруаларының әндері мен билерін пайдаланды. Оның шығармалары, сонаталары фортепианолық музыканың інжу-маржаны болып табылады.
Бұдан кейінгі музыкадағы романтикалық дәстүрдің дамуы Джузеппе Верди (1813—1901) шығармашылығынан көрініс тапты. Композитордың опералары 1848 жылғы оқиғалардың табалдырығында тұрған отанының тәуелсіздігі үшін күрескен итальян патриоттарының құдіретті қаруы болды. Операның алғашқы қойылымында ғұндардың Италияға басып кіретін тарихи сюжетте римдік қолбасшы ғұндардың көсеміне: «Әлемді түгел ал, тек қана Италияны маған қалдыр» деп, ал көрермендер: «Бізге, бізге қалдыр Италияны» деп дүр сілкіне айқайлайды.
Верди әлденеше рет Гюго мен Шиллер шығармаларына көңіл аударды. «Травиата», «Дон Карлос», «Риголетто» опералары оның есімін әлемге танытты. Композитор мұнымен шектеліп қалмай, қиын да күрделі адам әлемін танып-білуге күштар болды.
Австриялық данышпан композитор Волъфганг Амадей Моцарт (1756—1791) шығармашылығы музыкадағы нағыз төңкеріс болды. Ол Бахтан бастау алған музыка
өнерін шіркеуден белектеуді аяқ-тады. Музыка зайырлы өнерге айналып, опералық театрлар мен концерттік залдар сахнасына аяқ басты. Моцарттың симфониялары мен концерттері, «Фигароның үй-лену тойы», «Дон Жуан», «Сикыр-лы флейта» опералары, қайғылы-айбынды «Реквиемі», тағы басқа да шығармалары күні бүгінге дейін ұлы композитор өмір сүрген кез-дегідей жалғасын тауып келеді.
Музыка тарихы бізге басқа да өлмейтін есімдерді өкелді. Олардьщ арасында лайықты орынды ағыл-шьш Генри Персель (1659—1695) мен итальяндық Антонио Вивалъди (1678—1741) иеленеді. Олар Моцарт, тіпті Бахка дейін-ақ зайырлы музыкаға жол ашкан болатын.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында аса ірі неміс сазгері Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) өмір сүрді. Бах шығармалары өзінің халықшылдығымен, теревдігі-мен, сезімдік күшімен, алға карай мақсатты және үздіксіз қозғалысымен ерекшеленеді. Ол 500-ден астам музыкалық еңбек жазды.
Ұлы неміс сазгері Людвиг ван Бетховен (1770—1827) музыкасы ерекше күшпен, ұмтылыспен, күтпеген дыбыстық контрастылығымен орындалады. Оның симфониясының негізгі арқауы — еркіндік үшін күрес.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Австрия мен Германия үлы сазгерлер Шуберт пен Шуманды, Италия Россини мен Вердиді, Венгрия Листті, Чехия Степанды дүниеге келтірді.
Дүниежүзілік музыкалық мәдениет қорын, сондай-ақ орыс сазгерлері М.М.Глинка, Н.А.Римский-Корсаков, П.И.Чайковский тамаша Людвиг ван Бетховен шығармаларымен байытты.
Баќылау с±раќтары:
1.Қоғамдық ойдың дамуы
2.Әдебиеттегі ағымдар: декадентшіл, символизм,натурализм, сыни реализм,авангардизм, футуризм, экспрессионизм
3.Бейнелеу өнерінің ағымдары:импрессионизм, пост- импрессионизм, кубизм, экспрессионизс.
4.Кино өнерінің дамуы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті
“Гуманитарлық білім» факулътеті
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы » пәні бойынша
«Тарих» мамандықтарының студенттері үшін
СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
Жетісай – 2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |