Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:


Тақырыбы: Орталық Қазақстан ауданы



бет5/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13023
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Орталық Қазақстан ауданы




Жоспары:

1.ЭГЖ және табиғат жағдайы, табиғи ресурстары

2.Шаруашылық географиясы мен қалалары
Лекцияның мақсаты:

Студенттер Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, климатын, экономикалық георафиялық жағдайын, халықтардың орналасу тығыздығын, ауылшаруашылық кешенін, өнеркәсіп орындарының даму салаларын, олардың шығарып жатқан өнімдерін, облыс орталықтары мен қалаларын ауыл аймақтарын, ғылыми зерттеу орындары мен оқу орындарын білу мақсат.


Лекция мәтіні:
1. Табиғи ресурстары. Орталық Қазақстанды - минералды ре-сурстардың қазынасы десекте болады. Бұл ауданда пайдалы қазбалардың алуан түрлері және үлкен қорлары шоғырланған. Сондықтан бұндай аудан дүние жүзінде жоқ десе де болады. Жер қойнауында көмірдің үлкен қоры, Қарағанды көмір алабында шоғырланған, сонымен бірге 100% кокстелетін көмірде осында. Балқаш маңы мен Жезказған кенорындарында мыстың қоры шоғырланған, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кенорындарында.

Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен-орны анықталынып барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге әр түрлі кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталды. Әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі олардың бір-біріне жақын орналасуы.

Кенорындарының барланған қоры - отын, электр энергетика, металлургия өнеркөсібін дамытуға мүмкіншілік береді.

Су ресурсы. Орталық Қазақстан су ресурсына тапшы аудан. Тек кана оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.

Судың жетіспеуі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларын дамытуға кедергі болуда. Су мен қамтамасыз ету үшін бірнеше су қоймалары және канал салынды.



Орман ресурсы. Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады.Негізгі ағаш түрлері – Қарағай, Қайың және Көктерек.

Халқы.Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанғанаудан ретінде белгілі болатын.

Қазіргі таңда Орталық қазақстанда 1,3 млн адам , 115 ұлт өкілдері тұрады.

Ауыл халқы біркелкі орналаспаған. Тығыз орналасқан аймақтарына – ауданның Солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары және су қоймаларының маңы.

2.Ораталық Қазақстан –республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы аймақтың өнім шығарудағы ауданның үлесі 9%-дан астам. Ауданда ірі индустриалды тау-кен металлургия кешені қалыптасқан оның құрамында тау-кен өндірісі салалары мен қара және тұсті металлургия кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі жатады.Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабына жатады.Республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ын өндіреді.

Қара металлургия өнеркісібінің дамуы Теміртау қаласындағы толық циклді комбинатқа байланысты , комбинатқа шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. ТМД-ы көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында қуаттылығы жөнінен 7-ші орында.

Түст металлургияда қарқынды дамығаны мыс өндіру саласы, бірақ басқа түсті металдардың қоры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда және Балқашта салынған.Бқл жерде өндіру, байыту және рафинадталған мысты алу кешенді түрде жүреді. Мыстың бұндай түрін тек Орталық Қазақстан шығарады.

Орталық Қазақстанның өндіріс салалары. Көбінесі қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді, зиянды қалдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің қалдығы химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт қышқылы қндірілсе, азот тыңайтқышы, тас көмір смоласы, бензол Теміртау қаласында шығарылады.

Қождарды құрылыс материалы ретінде және цементке пайдаланады.

Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.



Электр энергетика саласында Жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның кәсіпорындарын толығымен әлектр әнергиясымен қамтамасыз
Орталық Қазақстаннан шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің түрлері (2004 жыл есебі бойынша)


Өнім түрі

Қазақстан

Орталық

Қазақстан



Көмір (млн т)

86

26

Ферроқорытпа (мың т)

1401

11

Күміс (мың кг)

805

607

Алтын (мың кг)

10

3

Прокат (млн т)

4

4

Шойын (млн т)

4

4

Болат өнделмеген (млн т)

5,0

5,0

Рафинадталған мыс (мың т)

433

417

етеді, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданыныңда кейбір кәсіпорындарын қамтамасыз етуде.

Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. «Қаргормаш» зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.

Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Өңдеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86% .

Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана - Қарағанды -Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданныңда отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.

Темір жолмен қатар автомобиль жолдарыда жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан іпііндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды - Теміртау, Қарағанды — Балқаш — Алматы.

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Қала маңдарында суармалы жағдайда бау-бақша егіледі. Сонымен бірге ірі қара, қой, жылқы, шошқа өсіріледі (аудандар арасында жылқы саны бойынша 3-ші орында).

Ауданның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылық жерлері тек қана мал жайылымына жарайды. әсіресе қой бағылады.

Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық енімдерімен өзін-езі қамтамасыз ете алмағандьқтан сырттан әкеледі.

Орталық Қазақстан аумғында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп торабы қалыптасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі және темір жолмен байланысады.



Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптасқан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-ң құрамына өнеркәсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен, қала типтес Долинка, Шахан, Топар және т.б. кенттер кіреді.

Бұл кешенде металды көп қажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.

АӨК-н сумен Ертіс - Қарағанды каналы мен Нұра су қоймасы қамтамасыз етеді.

Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, толық циклды мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан әрқайсысында тау-кен байыту комбинаты — (оның құрамына кенорны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балкыту зауыттары) жұмыс істейді.

Қалалары. Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930—1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы қазбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

Қарағанды (429 мың адам). Мемлекетіміздегі жас қалалардың бірі, бірақ экономикалық әлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың бірі. Халық арасында Қарағанды Кеншілер (шахтерлер) қаласы деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

Қаланың қарқынды өркендеуіне Ақмоладан (Астанадан) тартылған темір жол магистралы, Нұра өзені бойына салынған су қоймасы, кейінірек Қарағанды қаласына тартылған су құбыры, әсер етті.

Қарағандының басты мамандануы - қаладағы ауыр өнеркәсіп салаларына қажетті кокстелетін тас көмір өндіру.

1935жылы барлық шахталар электрленді. Алғашқы кірпіш, алебастр, әктас зауыттары жұмыс істей бастады. 1937 жылы жылына 14 мың тонна өндіретін Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.

Қарағанды — орталықта орналасуына байланысты республикалық және облыстық дәрежедегі темір жолмен автомобиль жолдарының түйіскен жері.

Қарағанды - Қазакстанның мәдени және ғылыми орталықтарының бірі.



Теміртау (170 мың адам). Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп атады. Ұлы Отан соғысынан кейін Теміртау деп аталды. Ол кезде қалада бар жоғы 20 мың тұрғын болатын. Қаланың негізгі тірегі - болат балқыту комбинаты. 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы Қазақстан шойыны алынды.

Қазіргі Теміртаудағы «Миттал Стил Теміртау» кәсіпорыны дүние жүзінде болат балкыту жөнінен жетекші орында. Қалада кокс өндіретін зауыт агломерациялық фабрика және электр стансасы, химия өнеркәсібінен азот тыңайтқышын (аммони сульфаты) шығаратын зауыт жұмыс істеуде.

Тамақ өнеркәсібінен ет және ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.

Балқаш(74 мың адам) Балқаш көлінін солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті қала. Қалада Республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған Балқаш Қазақстандағы маңызды түсті металлургияның орталығы.

Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады. Сонымен қатар асыл металдар зауыты (жылына 600 тонна күміс, 3,5-5 тонна алтын өндіреді). Жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық. консерві комбинаттары жұмыс істейді. Құрылыс материалдары мен ағаш өңдеу өнеркәсіптері жақсы жолға қойылған. Қала маңында (Шашубай ауылы) балық консерві комбинаты жұмыс істейді.



Жезқазған (95 мың адам). Қаланың іргесі 1938 жылы Жезқазған елді мекенінің орнында Кеңгір су коймасының жанында қаланды. (Кеңгір - бұл аймақтың негізгі су көзі). Қаланың қалануында маңызды рөл атқарған қазақтың ұлы ғалымы Қ. И. Сәтбаев. 1929 жылдың өзінде Сәтбаев мыс орталығының қаласын салуды армандаған болатын. Қала статусын Жезқазған 1954 жылы алды. 1965 жылы Сәтбаевтың арманы орындалып Жезказғандағы барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктіріліп өндірістік кешені, яғни Жезқазған тау-кен байыту комбинаты құрылды.

Сөйтіп ірі көлік магистралының бойында металлургтер қаласы пайда болды.

Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелінеді. Мұндағы кен байыту фабрикасымен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады.

Мыс балқыту өнеркөсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы және ет комбинаттары жұмыс істейд


Бақылау сұрақтары:

1. Орталық Қазақстан су ресурсы қандай?

2. Орталық Қазақстанда қанша адам , қанша ұлт өкілдері тұрады?

3. Ауданда ірі индустриалды кешен қайсы?

4. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық енімдерімен өзін-езі қамтамасыз ете алама?

5. Тамақ өнеркәсібінен қандай комбинаттары жұмыс істейді.


Лекция № 27

Тақырыбы: Шығыс Қазақстан

Жоспары:

1.ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы

2.Шаруашылық географиясы
Лекцияның мақсаты:

Студенттер Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, климатын, экономикалық георафиялық жағдайын, халықтардың орналасу тығыздығын, ауылшаруашылық кешенін, өнеркәсіп орындарының даму салаларын, олардың шығарып жатқан өнімдерін, облыс орталықтары мен қалаларын ауыл аймақтарын, ғылыми зерттеу орындары мен оқу орындарын білу мақсат.



Лекция мәтін:

1.Шығыс Қазақстан Республикамыздағы экономикалық аудандар арасында ауданы жағынан ең кішісі..Аудан: 283 мы, км2, халқы 1442 мың адам.

Шығыс Қазақстан аумағында, әсіресе Кенді Алтайда минералды ресурстардың қомақты қоры шоғырланған: мырыш, қорғасын, титан, магний, алтын, күміс, мыс (Николаев) темір және сирек металдар. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам кен орындары кездеседі.

Аудан аймағында отын ресурстары жеткіліксіз болғанымен соңғы кезде Қаражыра тас көмір кені (қоры 1 млрд тонна) және жанғыш тақтатас кені анықталып игеру жұмыстары жүргізілуде. Зерттеушілердің анықтауы бойынша Қаражыраның көмірі ауданды толық қамтамасыз ете алады деп болжауда.

Құрылыс материалдарынан: құрылыс тасы, гипс, әктас, минералды бояулар кездеседі.

Бірақ ауданның жалпы жерінің 80%-ы ауыл шаруашылығына жарамды, басым түрде мал жайылым жерлері. Орталық ауданға қарағанда Шығыс Қазақстанның агроклиматтық жағдайы бірішама қолайлы. Суармалы егіншілік тек қана оңтүстік батысындағы құрғақ далалы жерлерде тараған. Ауданның қалған жерлерінде ылғалмен жылу жеткілікті. Алтай мен Тарбағатайдың етектеріндегі қара топырақпен қара қоңыр топырақ суармай егін егуге жарамды.

Шығыс аудан су ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген ауданға жатады. Қатын жотасындағы ауданы 890 км2 болатын мұздықтан бірнеше өзендер бастауын алады. Ең ірі су магистралы салаларымен косып есептегендегі Ертіс өзені. Көлдер көп болғанымен балық өнеркәсібінде маңыздылығы бар көлдерге Зайсан, Марқакөл, Алакөл және Сасықкөл соңғы екеуі Алматы облысымен шекаралас орналасқан. Солтүстік батысындағы көлдерде, кәдімгі ас тұзының мол қоры бар. Шығыс Қазақстан су энергетика ресурстарына бай аудан болып есептеледі. Республикамыздағы су қорының 2/3 осы ауданда. Сондықтан да отын ресурсының жетіспеген бөлігін көбінесе осы су ресурсымен толықтырады. Негізгі су ресурсы бар өзендерге Ертіс оның салалары Бұқтырма, Күршім, Үлбі, Нарын өзендері жатады. Ертіс өзенінде мемлекетіміздегі ең ірі Бұқтырма (сыйымдылығы 50 км2) және Шүлбі, Өскемен су қоймалары салынған.

Өсімдік жамылғысы табиғат жағдайының ерекшелігіне байланысты алуан түрлі. Тау беткейлерінде, әсіресе биік тауларында майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай, самырсын өседі. Жалпы орманды алқаптың ауданы 3,6 млн га.

Шығыс Қазақстан аумағы рекреациялық ресурстарға бай аймақтың бірі. Алтайдың әсем табиғатын туристік мақсатта пайдаланып келе жатқанына бірнеше ондаған жылдар өтті.

Халқы. Шығыс Қазақстан ерте замандардан бері халық қоныстанған жер. Оған Алтай тауындағы, Зайсан ойысындағы және Саур мен Тарбағатай жоталарындағы ежелгі қазба жүмыстарының ошақтары, суармалы егіншілікке арналған каналдар, ежелгі қалалардың орны дәлел болады.

Халқының саны жағынан экономикалық аудандар арасында соңғы орында, еліміздің 11 %-ға жуық халқы тұрады. Аудандағы 10 қаламен, 26 кентте халықтың 59%-ы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді. Тығыз қоныстанған жеріне солтүстік батысындағы тау етегі және кенді Алтай аңғарындағы өнеркәсібі дамыған қалалар жатады. Кенді Алтайдағы қала мен кенттердің, ауылдардың көп шоғырлануына пайдалы қазба-лардың мол коры әсер етті.

Аудандағы негізгі ұлт өкілдеріне қазақтар, орыстар және 16 мыңдай Украиндар, 3 мыңнан көбірек немістер, 1,5 мыңдай кәрістер және басқа ұлттар жатады. Экономикалық аудандармен салыстырғанда, жұмыс істейтін халқы бойынша Шығыс Қазақстанның үлес салмағы республика бойынша ең жоғарғысы, жалпы халықтың 92,7% экономикалық белсенді халыққа жатады. Жұмыссыздар басқа аудандарға қарағанда ең төменгі дәрежеде 7,3%.

2. Шаруашылық географиясы. Шығыс Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы көбінесе кенді Алтайға байланысты. Бұл жерде кешенді түрде пайдалы қазбалары мен су энергия ресурстары игерілуде. Темір және автомобиль жолдарының салынуы, мал шаруашылығына қолайлы жайылымдардың пайдаланылуы, құнарлы топырақты жерлердің дөнді және техникалық дақылдарға пайдаланылуы экономикасының дамуына әсер етті.

Шығыс Қазақстан Республикамыздағы маңызды түсті металлургия орталығы. Негізгі салалары қорғасын және мырыш өндіру және энергияны көп кажет ететін титан және магний. Өндірістің негізгі орталықтары Зрян, Риддер, Өскемен қалаларында шоғырланған.

Шығыс Қазақстандағы ірі және орташа 80 кәсіпорын орналасып өнеркәсіп өнімінің 70 %-ын өндіреді.

Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясы арзан эелектр энергиялық ресурсының базасында дамуда. Ең ірі электр станциясына Шұлбі СЭС-і, (702 мың кВт), Бұқтырма СЭС-і (675 мың кВт) және Өскемен СЭС-і (334 мың кВт). Сонымен бірге Ертіс өзенінің салаларында да салынған кіші су элктр стансалары бар. Шығыс Қазақстанның энегиясы көршілес экономикалық аудандарға да беріледі.

Түст металлургиямен- аспапконденсатор және тау-кен өндірісіне құрал жабдық шығаратын машина жасау кәсіпорны, сонымен бірге күкіт қышқылын, лак бояу, платмасса өнімдерін шығаратын химия өнеркәсібі тығыз байланыста жұмыс істейді.

Қазақстандағы негізгі орман қоры Шығыс Қазақстанда болғандықтан ағаш өңдеу салалары дамыған.

Аудан экоомикасындағы негізг орындардың бірін агроөнеркәсіп кешені алады.

Ауыл шаруашылығындағы басты сала мал шаруашылығы.Ауыл шаруашылық өнімдерінің 2/3 бөлігін береді.

Ауданның жоғары биікт орналасқан аймақтарына марал өсіру заңды құбылыс. Сонымен бірге жылқы өсіріледі, ауданның кейбір жерлерінде шошқа өсіріледі.

Аудандағы өсімдік шаруашылығына көп салалы болып келеді.Бидай, қыша, арпа, күнбағыс және бау-бақша өнімдері егіледі.Басты егін шаруашылығы-астық тұқымастар.

Шығыс Қазақстанда 36 қала мен кенттер бар. Олардың дамуы пайдалы қазбалардың игерілуімен байланысты.

Өскемен (305 мың адам). Кенді Алтайдың ірі өнеркәсіп және көлік торабымен Шығыс Қазақстан облысының орталығы.

Қаланың іргесі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің түйіскен жерінде бекініс ретінде салынған. 30-40-жылдан кейін бекініс ретіндегі рөлі ма-ңыздылығын жойып уақыт өте сауда орталығы және өзен арқылы жүк тасымалдаудағы рөлі арта бастады. Кенді Алтайдың табиғатын, пайдалы қазбаларын зерттеу Өскеменнен басталғандықтан халық арасында «Кенді Алтайдың қақпасы» деп аталды. Осы жер арқылы Монғолия және Қытай жеріне сауда жолдары өткен. Кейінірек Өскемен порты арқылы негізінен кен концентраты Ертіс өзені арқылы Барнауыл және Орталық Ресей аудан-дарының металлургия зауыттарына жөнелтілді. XX ғасырдың алғашқы жылдарында қазақстандық Алтай негізгі алтын өндірісінің орталығына айналды.

Қазіргі Өскемен түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. Қаладағы қорғасын-мырыш комбинаты Алтайда өндірілетін қорғасын мен мырыштың негізгі бөлігін балқытады. Комбинатта алтын, күміс, кадмий, тантал, теллур балкытылады. Комбинаттың негізгі энергия көзі Өскемен және Бұқтырма СЭС. Қалаға жақын маңда титан-магний комбинаты жұмыс істейді.

Бұлардан басқа қалада металл өңдеу және машина жасау кәсіпорындары, тамақ, жеңіл жөне ағаш өңдеу өнеркәсіптері бар. Сонымен бірге тігін және жиһаз фабрикасы мен жібек матасын шығаратын комбинат жұмыс істейді. Республикамыздағы ғылыми-техникалық орталыктардың бірі республикалық Ғылым академиясының филиалында тау-кен металлургия және жобалау ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді.



Семей (297 мың адам). Шығыс Қазақстандағы екінші ірі қала. Ертіс өзенінің екі жағалауында орналасқан өзен порты, іргесі 1718 жылы қаланған. Қала Монғолия, Қытай, Сібір және Орта Азиядан келетін сауда жолының үстінде орналасып жүк айналымында негізгі рөлді атқарған. Сібір мен Орта Азия арасында сауда айналымының 1/4-і Семей арқылы өткен.

XIX аяғында кеме қатынасы орнап өзен портына айналды. Қазіргі Семей, Өскеменге қарағанда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің орталығы. Астана, Алматы, Шымкент қалалары сиякты халық тұтынатын тауарларды көп шығаратын қалалардың бірі.

Қалада ет комбинаты, жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындар, шұға комбинаты, жүн, аяқ киім, тігін, тоқыма және шұлық фабрикалары бар. Машина жасау өнеркәсібіне станок жасау, электр-кабелі мен арматура шығаратын зауыттар және тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Риддер (62 мың адам). Үлбі өзенінің жоғары ағысындағы Иваново жотасының етегінде орналасқан.

Іргесі 1768 жылы Риддердің полиметалл кенорнын ашуына байла-нысты қаланды. Кейінірек кенорны игеріліп бүкіл Шығыс Қазақстанды полиметалл кенімен қамтамасыз ете бастады.

1941 жылы каланың аты Лениногорск деп өзгертілді. Тек 2000 жылы ғана қаланың бұрынғы атауы қайта берілді.

Қазіргі таңда қорғасын, мырыш және басқа металдарды балқытуы бойынша 2-ші орында. Қалада толық циклді тау-кен металлургия кешені жұмыс істейді. Қорғасын, мырыш және алтын кендері өндіріледі. Қаланың негізгі тұрғындары кеншілер, металлургтер, құрылысшылар. Әйел адамдардың дені жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, әсіресе қаладағы тігін және тоқыма фабрикаларында жұмыс істейді. Қала маңында демалыс үйлері орналасқан.


Бақылау сұрақтары:

1. Шығыс Қазақстан аумағында, әсіресе қай аймақ минералды ресурстардың қомақты қоры шоғырланған

2. Шығыс Қазақстан халық қай уақыттан бастап қоныстанған?

3. Шығыс аудан су ресурстарымен қалай қамтамасыз етілген?

4. Шығыс Қазақстанда қанша қала мен кенттер бар?

5. Семей Шығыс Қазақстандағы нешінші қала?


Лекция №28

Тақырыбы: Батыс Қазақстан

Жоспары:

  1. ЭГЖ,ресурстары

  2. Халқы, шаруашылығы, қалалары


Лекцияның мақсаты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет