Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:


Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы географиясы пәні бойынша



бет2/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13023
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы географиясы пәні бойынша

5В011600 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №26 23.01.2008 ж. бұйрығымен бекітілген. Қ.Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде жасалды.

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


Хаттама № 1 «____» ____. 2010____ ж.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.доцент ______ Апашева С

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған


Хаттама № 1 «___» ___. 2010____ ж.
Әдістемелік бюро төрағасы:__________Исламова М

Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 2010ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы __________п.ғ.д. профессор Мусабекова Г.Т.

МАЗМҰНЫ

  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………......................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б).............

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........


1.АЛҒЫ СӨЗ

Оқу әдістемелік кешен «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәні бойынша 050116 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.




2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Ш.Ж.Сариева

Уақыты __________

Ауд ___44




Уақыты _______

Ауд _44________



Тел:127___________

Каб:__50_________

Корпус:_2_______



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Мақсаты: «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсының мақсаты студенттерге республиканың экономикалық және әлеуметтік георгафиясынан, яғни оның табиғат байлықтарын шаруашылықты дамыту тұрғысында экономикалық бағлай біліушаруашылқ салаларының орна ласу ерекшлігі және олардың даму жолы, экономикалық аудандардың даму ерекшеліктері, басқе елдермен экономикалық байланысы жайлы терең және жүйелі білім беру. Қазақстан географияның басқа курстарында оқып үйренуге қажетті, экономикалық-географиялық түсініктерді алыптастыруды қамтамасыз ету. Сонымен бірге студенттердің з отаны – тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспншілігі, бүкіл халықтарына деген интерноциональдық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасына жалпы экономикалық-географиялық жалпы шолу және Қазақстанның экономикалық аудандары географиясы тарауларынан тұрады.

Бірінші, Яни жалпы шолу бөлімінде еліміз табиғат жағдайы өзіндік ерекшелігінің шаруашылыққа әсері, табиғат ресурстары, халықтар георафиясы және шаруашылық салаларының орналасуы мен даму және олардың қатаң континентті климат жағдайына өтетеіні жайлы білім беріледі.

Екінші, Яни аудандық бөлімінің міндеті Қазақстанның түрлі бөліктерінің табиғи, тарихи және экономикалық айырмашылықтарына негізделіп, тнрриториялық бек бөлінісінің нәтежиесінде қалыптасатын республіка ішінде эконмикалық аудандарының құрамы, шаруашылық салаларының мамандануы айлы білім беру.



Міндеті:

  • Қазақстанның жер көлемі, халқының саны, пайдалы қазбалардың қоры, өнеркәсіп және аул шаруашылығы өнімдерінің көлемін ТМД-да алатын орны;

  • Республиканың экономикалық-географиялық жағдайының ерекшелігі және оның экономиканы дамытудағы маңызы;

  • Қазақстан табиғатының өзіне тән ерекшелігі және табиғат ресурстарының әркелкілігі, олардың шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуына әсері;

  • Халықтың саны, орна ласу ерекшеліг, ұлттық құрамы, ұлтаралық қатынастар мәселелері;

  • Қазақстан шаруашылығының қазақ төңкрісіне дейінгі және Кеңес үкіметі тұсындағы даму ерекшелігі;

  • Шаруашылықтың маңызды салалары және салааралық кешендері;

  • өндірістің территориялық құрылымының элементтері;

  • Қазақстанда едәуір дамыған өнеркәсіп салалары, олардың ірі орталықтары;

  • Республіка агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бөлімдері, жер қорының басты құрылымдық ерекшеліктері, өсімдік және малшаруашылығы. Шаруашылығы салалары, олардың географиясы, Қазақстан ауылшаруашылық зоналары, олардың мамандануы;

  • Көліктің негізгі түрлері, олардың жүк айналымындағы ролі, Қазақстаннан әкетілітін және әкелінетін шикізат пен жүктің негізгі түрлері, республіка ішіндегі және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды жетілдіру жолдары;

  • Қазақстанның әрбір экономикалық аудандарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының ерекшеліктері, олардың құрамы, шаруашылық мамандануы, олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар, даму мәселелрі, Ірі территориялық-өндірістік кешендері және өнеркәсіп тораптары;

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы

Дүние жүзінің шаруашылық географиясы


Химия және география

кафедрасы



№ Хаттамасы
---------- 2010 ж.

2

Жалпы жер тану

Қазіргі дүние географиясы



  1. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ






Кредит саны

Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

Қорытынды бақылау

лекция

Прак/семинар

к/ж

СӨЖ

1

3

4

135

30

8

+

97

емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ





р\с

Лекция тақырыбы

Аудиториялық сабақтар


Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Прак/сем

СӨЖ

І тарау. Кіріспе

1

Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

1




3

2

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жолдары

1




3

3

Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орны

1

1

3

4

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы

1




3

5

Табиғат жағдайы мен табиғат-ресурстарына баға беру

1




3

6

Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары

1

1

4

7

Төңкеріске дейінгі Қазақстан шаруашылығы. Қазақстанда шаруашылықтың жаңа географиясын қалыптастыру.

1



3



ІІ тарау. Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу

8

Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу

1




3

9

Отын –энергетика кешені

1




4

10

Электрэнергетика шаруашылығы

1




3

11

Металлургия өнеркәсібі

1




3

12

Металлургия өнеркәсібі

1




3

13

Машина жасау өнеркәсібі

1




4

14

Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары

1




3

15

Химия және құрылыс материалдары өнеркәсібі

1




3

16

Құрылыс материалдар өнеркәсібі

1

1

3

17

Қазақстанның аргоөнеркәсіп кешені

1




3

18

Өсімдік және мал шарушылығы

1

1

4

19

Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өнеркәсіп салалары. Тамақ өнеркәсібі

1




4

20

Жеңіл өнеркәсіп

1




3

ІІІ тарау.Көлік кешкні. Аумақтық-өндірістік байланыстар

21

Көлік кешені. Аумақтық-өндірістік байланыстар


1




4

22

Әлеуметтік инфроқұрылым салалары

1

1

3

23

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы

1




3

24

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы

1

1

3

ІҮ тарау. Қазақстанды экономикалық аудандастыру

25

Қазақстанды экономикалық аудандастыру

1

1

4

26

Орталық Қазақстан ауданы

1




3

27

Шығыс Қазақстан

1




3

28

Батыс Қазақстан

1




3

29

Солтүстік Қазақстан

1




3

30

Оңтүстік Қазақстан ауданы

1

1

3




Барлығы

30

8

97



9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция №1

Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы.

Жоспары:


  1. Экономикалық және әлеуметтік география пәні.

  2. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі



Лекцияның мақсаты:

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседігін түсіндіріледі. Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болатындығы қамтылды.



Лекция мәтіні:

1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы - еліміздің әр түрлі аудандарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым. Эконом-географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Қазақстан үкіметі, ірі компаниялар мен халықаралық ұйымдар ғалымдарға осындай зерттеулер жүргізуді тапсырады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді.

Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймақтық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

2. Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның біздің елімізде қалыптасуымен көптеген зерттеушілердің есімдері тығыз байланысты. Қазақстанның халқы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді Қ. Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» мен қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектерінен табуға болады. Бірақ ол жеке ғылым ретінде 1920 жылдары ғана қалыптасты. Алғашқы жұмыстар Түркістан - Сібір темір жолы маңындағы аудандардың мал шаруашылығының азықтық ресурстарын зерттеуге бағытталды. 1939 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында экономикалық-географиялык зерттеулердің ұйымдастырушысы болған география секторы (1984 ж. бастап - институт) ашылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда Н. Н. Баранский жөне Мәскеуден эвакуацияланған басқа эконом-географтар жұмыс істеді. Олар алғаш рет Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.

Соғыстан кейінгі жылдары Қазакстан эконом-географтары тың жерлерді, өндіріс кешендерін, республиканың жекелеген облыстарын зерттеді. Көп жылдық зерттеулердің нәтижелері алғашқы «Қа­зақ КСР Атласында» қорытынды жасалды. «Атластың» екінші томы (1985 ж.) экономикалық және әлеуметтік географияға арналған.

Бұл ғылымның дамуына Б. Я. Двоскин (экономикалық аудандастыру), С. Р. Ердәулетов (туризм географиясы), М. И. Семенова (халықтар географиясы), К. Б. Ахметова (ауыл шаруашылық гео­графиясы), К. Ш. Диярова (әлеуметтік салалар географиясы) зор үлестерін қосты.

Экономикалық және әлеуметтік география оқу пәні болып са­налады.

Ол адамдардың күрделі өмір сүру жағдайларымен және біздің еліміздің экономикасының өр алуандығымен таныстырады, Қазақстанның дүние жүзіндегі орны мен рөлін, оның даму болашағын, біздің жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында түрған ірі міндеттерін дүрыс түсіне білуге көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық және әлеуметтік география неше негізгі бөлімге бөлінеді.

2. Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде қай пәндермен байланысты.

3. Экономикалық және әлеуметтік география ғылым ретінде нешінші жылдары қалыптасты.

4. Қазақстанды қанша экономикалық ауданға бөлінді
Лекция № 2

Тақырыбы: Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жолдары

Жоспары:

1.Қазақстан шаруашылығы

2.Қазақстан экономикасының даму кезеңдері
Лекцияның мақсаты:

Қазақстан ежелгі уақыттан егемендікке дейін. Біздің Отанымыздың қазіргі шаруашылығы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалғандығы, оның қалыптасуына қоғам дамуының тарихи жағдайлары үлкен әсерін тигізгендігін түсіндірілді.



Лекция мәтіні:
1. Қазақстанның шаруашылығы: ежелгі уақыттан егемендікке дейін. Біздің Отанымыздың қазіргі шаруашылығы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалған. Оның қалыптасуына қоғам дамуының тарихи жағдайлары үлкен әсерін тигізді. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады.

Қазақстан экономикасының даму кезеңдері

1.Көшпенді – мал шаруашылығы экономикасы-5000 жыл бұрын-ХІХ ғ. ортасында

2.Нарықтық экономиканың пайда болуы- ХІХ ғ. ортасы-1920 ж. Аяғы

3.Жоспарлы экономика –1920 ж. Аяғы-1990 ж. Басы

4.нарықтық экономикаға қайта оралу –ХХ ғ. 90ж. Басынан қазіргі уақтқа дейін

Бірінші кезең өзіндік ерекшелігі бар көшпенді мал шаруашылығының ұзақ уақыт бойы қалыптасу уақытын қамтиды.

Екінші кезеңде (XIX ғ. орта-сы - 1920 жж. аяғы) Қазақстан нарықтық экономика пайда бола бастаған Ресей құрамында болды. Жаңа қалалар, кен өндіру және фабрика-зауыт өнеркәсібі пайда болды. Түсті металл, алтын, кө-мір, ас тұзын өндіру басталды. Жер астынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Зырян кенішінде Ресейдің алғашқы су электр станциясы ток берді. Тамақ өнімдерін, сабын, мата, аяқ киім, құрылыс материалдарын, қарапайым еңбек құралдарын шығаратын жүздеген шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастады.

Егістік жерлер аумағы ұлғайды. Жиналған астықтың 1/3 жуығы базарда сатылды. Үй жануарларының саны көбейді.

ХІХ-ХХ ғғ. аралығында алдымен «подъездік», сонан соң Орынбор-Ташкент және Трансібір темір жолдары пайда болды.

Сауда дамып, жәрмеңкелерде сауда қызды, Ресей банктерінің бөлімдері ашылды. Сарыарқаның солтүстігінде Қазақстандағы алғашқы Шортанды-Бурабай курорттық зонасы құрылды. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің негізі қаланды.

Қазастанның ең кірісі мол кәсіпорындарында американ, ағылшын және француз компаниялары орныға бастады.

Дегенмен, Қазақстан Ресейдің шеткі аймақтарына тән артта қалған, ауыл шаруашылықты (аграрлы.) экономикалық аудан болып қала берді. Халықтың негізгі бөлігінің тұрмыс жағдайы өте төмен болды.



Үшінші кезең (1920 жж. -1990 жж. басы) біздің тарихымыздың кеңестік кезеңімен сәәйкес келеді. Кеңес Одағында нарықтық қатынастар ығыстырылып, жоспарлы экономика қалыптаса бастады. Ел индустрия-ландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бет бұрды. Бұл кезең 3-ке бөлінеді.

Соғысқа дейінгі кезде (1928-1940 жж.) Қазақстанда 860 зауыт салынып, одақтық маңызы бар отын базасы мен түсті ме­таллургия қалыптасты. Қарағанды көмір алабы игеріле және көлік қатынасы жылдам дами бастады. Алғашқы тұрақты әуе жолы Қызылорда мен Мәскеу арасын байланыстырып тұрды. Қазақстандағы ең ұзақ Түркістан-Сібір темір жолы мен Гурьев-Орск мұнай құбыры іске косылды.

1940 жылы Қазақстан КСРО бойынша өндірістік өнім шығарудан 6-орынға ие болды. Оның халық шаруашылығындағы үлесі 60%-ға жетті. Экономика аграрлық сипаттан индустриалды-аграр­лы сипатқа айналды.

1-мысал. Қарағанды шахтерлері өздеріне Украинаның Пархоменко атындағы кеніш-шахта құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты орналастырды. Эвакуацияланған құрал-жабдықтар шахтамен қатар ірі электр станциялар мен Самарканд (Теміртау) елді мекеніндегі болат балқыту зауытына да қолданылды.

Қазақстан Ұлы Отан согысы кезінде тылға көшірілген 1360 за-уыттар мен фабрикалардың 140-тан астамын өзіне қабылдады. Олар республиканың индустриалдық қуатын нығайтып, оның жаңа салаларының пайда болуына негіз болды.

Тылға көшірілген кәсіпорындар темір жол қатынасы бар қалаларға (Оралда, Петропавлда, Ақтөбеде, Көкшетауда, Семейде, Алматыда, Шымкентте, т.б.) орналастырылып, жылдам іске қосылды. Республика экономикасы қалыптасқан соғыс шаруашылығына, майданның ірі арсеналдарының біріне айналды. Бүл кеңес халқының герман фашизмін талқандаудағы Ұлы Жеңісіне Қазақстанның зор үлесін қосуына себеп болды.

Қазақстанның ғылыми базасы да кеңейе түсті. Республика эва-куацияланған 13 ғылыми мекемені қабылдап алды. Жаңадан 14 ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылды. Мұның өзі акаде­мик Қаныш Имантайүлы Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы құруға мүмкіндік берді.

Соғыстан кейінгі уақытта (1946-1990 жж.) экономикада орасан зор өзгерістер болды. Олар тың игерумен, өнеркәсіп алыптарын салумен, көлік қатынасы мен халыққа қызмет көрсету саласының қарқындап дамуымен байланысты болды.

25 млн га тың жердің игерілуі Қазақстанды КСРО-ның ірі астықты өлкесіне айналдырды. Бүкілодақты бидай өндіруде оның үлесі 1/5-ге жетіп, ал оның ең бағалы сорты - қатты бидай өндіруде 1/2 бөлігін құрады. Республика елдегі жан басына шаққандағы мал саны жөнінен алдыңғы орынға шықты. Қой басын 50 миллионға жеткізу көзделді.

Өзіне «алтын онжылдықтар» болып саналған 1960 жылдары өндіріс аса жоғары қарқынмен дамыды. Жүздеген өндіріс орындары іске қосылды. Олардың көпшілігіне «ерекше» (Шевченкодағы суды тұщыландыратын атом қондырғысы), «Әлемдегі бірінші» (Шевченко атом электр станциясындағы жылдам нейтронды өндірістік реактор) немесе «Әлемдегі өңірі»

(«Богатырь» көмір кесіндісі, Ермактағы ферроқорытпа зауыты, Өс-кемендегі титан-магний комбинаты) деген сияқты ерекше атақтар берілді.

Дамудың үшінші кезеңінде, 1940 жылдардың аяғынан бастап Қазақстан экономикасына ғылыми-техникалық революциясының (FTP) әсері күшейе түсті.

Оның негізін мүлдем жаңа техника мен технологияга қол жеткізген ірі ғылыми ашылулар құрады. Олар қысқа мерзім ішінде өндірісті, еңбекті, мәдениетті, адамзаттың тұрмысы мен психологиясын толығымен қайта өзгертті. ҒТР-ның символы болып электронды есептегіш машиналар мен атом электр станциялары (АЭС), ғарыш кемелері мен өнеркәсіп роботы, реактивті ұшақ пен теледидар, ұлы телефон мен Интернет жүйесі саналады.

Біздің елімізде FTP тек өнеркәсіпті ғана қамтыды. Оның атомдық, титан -магнийлік және басқа да маңызды салалары пайда болды. Шығыстағы Өскемен қаласында дүние жүзіндегі ірі Үлбі ме­таллургия зауыты, атом электр станциялары үшін отын өндіре бастады. Қорғаныс зауыттары байланыс құралдары мен зымырандар, микросызбалар және басқа да күрделі өнімдер шығарды.

Қазақстан жері күрделі инженерлік-техникалық кешендердің — әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр мен аты шулы Семей атом полигонының құрылысы үшін таңдап алынды. Осы жерде адамзаттың ғарыштық дәуірі басталды. Қазақстан жерінен Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ғарышқа «аяқ басқан» тұңғыш адам болды.

Семей полигонындағы сынақтар КСРО-ның «ядролық қалқанын» жасау үшін «жұмыс істеді». Алайда ол сан мың адамға қайғы мен қасірет әкелді. Аумақты жерлер радиоактивті ластануға ұшырап, соның салдарынан халықтың ауруға шалдығуы мен өлім-жітім күрт өсті. Сондықтан ел Президенті Н. Ө. Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында арнаулы бұйрықпен полигонды жапты. Бірақ оның ғылыми-техникалық базасы Қазақстан Республикасындағы түңғыш технопарктің атом технологиясы паркінің ядросы бо­лып қалады.

Үшінші кезеңде Қазақстан артта қалған аграрлык шет аймақтан елдің ірі өндірістік және ауыл шаруашылықты ауданына айналды. Ол өндірістік өнім өндіруден КСРО-да 4-орынға және ауыл шаруашылығы өнімі жөнінен 3-орынға шықты. Оның экономикасы КСРО-ның біртұтас шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Қазақстанда жасалған тауарлар-дың 1/3 республика аумағынан сыртқа шығарылды. Оның кәсіп-орындарының жалпы Одақ бойынша мыңдаған серіктестері бол­ды.

Бірақ жоспарлы шаруашылық күрделі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тудырып отырды.

2.Ұлттық кірістің өсу деңгейі де төмендеді, ал 1987 жылдан бастап мүлдем азайып кетті. Республика алдыңғы қатарлы елдерден еңбек өнім-ділігі жөнінен артта қала бастады. Қазақстандық жұмысшы 1990 ж. американ жұмысшысына қарағанда өнімді 4,5 есе кем өндірді. Ауыл шаруашылығында бұл айырмашылық 11 есеге жетті. Өнім сапасы, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар сапасы төмендеп кетті. Экономика адам қажеттілігіне қызмет етуден гөрі отын, шикізат, металл өндіруді арттыруға бағытталды. Қазақстан 5 млрд доллардың өнімін шетке шығара отырып (әлемдік бағамен алғанда) өзін-өзі дамытуға қаржы жеткізе алмады. Оның 1/5 КСРО-нын мемлекеттік бюджетінен демеуқаржы алу арқылы қамтамасыз етілді. Азық-түлік, киім, аяқ киім және басқа қажетті тауарларға тапшылық күшейді. Олардың кейбір түрлері карточка бойынша таратыла бастады. Айлар бойы еңбекақы алмау «әдетке» айналды. Экономикалық жағдай КСР Одағын ыдырата бастаған мәселелермен күрделене түсті.

Сонымен бірге қоғам ел өмірінде түбірімен өзгеріс жасау қажеттілігін анық түсіне бастады.

Осындай жағдайда 1990 ж. басында Қазақстанның дамуынын жаңа төртінші кезеңі - мемлекеттік егемендік пен нарықтық экономикаға қайта оралу кезеңі басталды. Оның алғашқы кезі - тығырық кезі -өте күрделі болды. Кеңес Одағы жойылғаннан кейін алып елдің біртұтас шаруашылығы ыдырады. Жекелеген республика кәсіпорындарының арасындағы байланыс әлсіреді немесе мүлдем үзілді. Көптеген зауыттар тоқтап қалды. Қазақстан өндірісі 1994 жылы 1990 жылға қарағанда өнімді 2 есе кем өндірді. Мал басының саны 3 есе азайып, астық өндірудің 1/3-і ғана қалды. Баға мен жұмыссыздық қаулап өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі құлдырап кетті. Тығы-рық жағдайы нарықтық реформаны жылдамдата түсті. Бұл реформаның мақсаты - Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта өрлеуін, ұлттық экономиканың гүлденуін, халықтың жағдайының жақсаруы мен қазақ мемлекеттігінің нығаюын көздеді.

Экономика «ырықтандыру», (либерализациясы), жекешелендіру, ұлттың теңгенін енуі жөне саяси тұрақтылық іскерлік белсенділік пен кәсіпкерліктің өсуіне әсер етті. Елге ұзақ уақыттан кейін «үлкен» шет елдік капитал қайта оралды. Экономикадағы жағдай біртіндеп түзеліп, 1996 жылдан бастап ол көтеріле бастады.

Қазіргі Қазақстандағы экономикалық жағдай тауар өндіру мен қызмет көрсетудің өсуімен, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі мен сипатталады. Он жыл көлеміндегі төмендеуден алғаш рет халық саны көбейе түсті. Жұмыссыздық азайды. Елде отандық кәсіпкерлердің сансыз көп «таптары» «өсіп шықты». Үлкен ақша қорлары жинақталды. Ондаған қазіргі заманғы зауыттар, жаңа темір жолдар мен құбыр желілері салынды. Өз теңіз сауда флоты пайда болды. Көптеген қалаларда өзгерістер жүргізілді. Тұтыну тауарларының тапшылығы мен дүкендердегі кезектер жойылды. Қоғам кедейшілік, жұмыссыздық, ауылды көтеру, тұрғын үй салу және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге кірісті.

2004 жылы елдегі тауар өндіру, қызмет көрсету алғаш рет 1990 жылғы деңгейді басып озды. Ол экономиканың өсуін қалпына келтіру кезеңі аяқталып, келесі даму кезеңіне аяқ басқандығын білдіреді. Оның негізгі мақсаты — экономиканы қайта құру құрылымын қамтамасыз ету, Қазақстан тауарларының бәсекелесу қабілетін көтеру және елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:

1. .Көшпенді – мал шаруашылығы экономикасы қай жылдары болды?а

2.Нарықтық экономиканың пайда болған уақытын ата

3.Жоспарлы экономика нешінші жылдары болды?

4.нарықтық экономикаға қайта оралу қай ғасырда болды?

5. Қазақстанның дамуының жаңа төртінші кезеңі қай уақытта болды?

6. Экономикадағы жағдай қай уақыттан бастап түзеліп көтеріле бастады.
Лекция №3

Тақырыбы:Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орны

Жоспары:

1.ТМД мен әлемде алатын орны

2.Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде
Лекцияның мақсаты:
Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды. Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі») құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ құрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия, Индия, Пәкстан келіп қосылғандығы туралы түсініктеме айтылды.
Лекция мәтіні:
1. 1991 ж. соңында 15 республикадан тұратын алып мемлекет - Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Оның кең байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егеменді мемлекет пайда болды. Олардың барлығы біздің елге қатысты алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды. Осылайша «жаңа шет ел» термині пайда болды.

Біртұтас мемлекет құрамында өмір сүруден «бірге, бірақ жеке-жеке өмір сүруге» өту үшін 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруды жариялады. Ал 22 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жаңа шет елдер президенттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД-ның құрамына құрылтайшылар (негізін салушылар) құқында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қосылды. 1993 ж. Достастық құрамына Грузия кірді.

ТМД құрамындағы бұл 12 ел жақын шет ел деп атала бастады. Бұл жерде ара қашықтықтың қатысы жоқ, олар көп мәселелер бойынша бір-біріне өте жақын. Ең алдымен оларды тарихи тағдырластық, ұзақ уақыт бір мемлекет құрамында болу, қазіргі уақытта шешілетін мәдени және экономикалық мәселелер ұқсастығы байланыстырады. Бұл елдердің халқы Ұлы Отан соғысында бірлесіп фашизмді жеңді. Олар бірлесіп экономиканы қалпына келтіріп, дамытты, тың мен ғарышты игерді, Байкал-Амур магистралын салып, Кеңес Одағының ракеталық-ядролық қорғаныс қалқанын құрды.

Елде біртұтас халық шаруашылығы кешені құрылды. Республикалар арасында еңбек бөлінісі мен экономикалық байланыс қалыптасты. Оларды біртұтас көліктік және энергетикалық жүйелер, жекелеген сипаттағы, атап айтқанда туыстық, ғылыми және мәдени тұрғыдағы мың сан байланыстар біріктірді.

Мемлекеттік дербестік жағдайында әрбір ел өмірін өз түсініктеріне, міндеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты құрады. Бірақ, Достастықты құру саяси, экономикалық және мәдени, қазіргі мемлекетаралық байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз экономикалық жақындасуға (интеграцияға) ұмтылды. Олар алдымен Кедендік Одақ, кейінірек - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды (2002 ж.). Осылайша еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жөніндегі идеясы біртіндеп жүзеге асып келеді. ЕурАзЭҚ құрылуы ынтымақтастықтың мүлдем жаңа біртүтас экономикалық кеңістік құруға өту кезеңін көрсетеді.

ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҮҚТКҮ) қамтамасыз етеді. Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҮҚТКҮ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады. Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «қалқаны» да бар.

2. Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде. Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу. Оны тек қана екі жақты ынтымақтастық жағдайында шешу мүмкін емес. Қазақстанға қатысы бар көп мөселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүниежүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар. Оларға елдер тобының немесе бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет. Осы жағдай халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдары бар. Ең маңызды әмбебапты әрі саны үлкені - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан). Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 192 егеменді мемлекеттерінің 191-і кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 ж., 2 наурызында бірауыздан қабылданған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері — ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымы), МАГАТЕ (атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ДДҮ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және басқалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ) мүше болуының ел үшін маңызы зор болды. Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды. Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі») құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ құрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Моңғолия Индия, Пәкстан келіп қосылды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына да қатысады. Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды. Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу, офицерлерді даярлау мәселелерін қарастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі үйымы - Еуропалық Одақпен (ЕО) бірлесуге келісімі бар. ЕО құрамында 450 млн халқы бар 25 мемлекет бар. Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы - олардың қазіргі әлемдік жағдайын немесе геосаяси жағдайын (ГСЖ) айтарлықтай өзгертті.

Геосаяси жаедай - елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дуние жүзінің аудандарына қатысты алғандагы саяси картадагы орнын анықтайды. Бірақ «елдің орны» дегенде, оның географиялық мекен-жайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру - қоршаған әлемге елдің мемлекеттік (ұлттық) мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.

Ешбір мемлекеттің, тіпті ең қуаттыларының геосаяси жағдаймен санаспауы мүмкін емес. Ол геосаясаткерлер мен стратегиялық зерттеу орталықтарының зерттеу пәні болып табылады. Олардың берген кеңестері бойынша мемлекеттің сыртқы саясаты жүргізіледі.

ГСЖ өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды. Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе керісінше, нашарлауы да мүмкін.

Геосаяси жағдайға әр түрлі деңгейде баға беруге болады:



Әлемдік деңгейдедүние жүзіндегі «қуатты орталықтарға (АҚШ, Еуропа Одағына, Жапонияға, содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда;

Аймақтық деңгейде өз аймағындағы елдерге, әсіресе шекаралас мемлекеттерге (іргелес орналасқан көрші мемлекеттерге) қатысты алғанда.

Қазақстаннық геосаяси жағдайына баға беру.

Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.

Біріншіден – минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың кұны бойынша (АҚІП-та 8 трлн доллар болғанда, бізде 4 трлн доллар мөлшерінде) Қазақстан дүние жүзінде Бразилиямен бесінші-алтыншы орындарды бөліседі. Бұл - біздің еліміздің үлкен артықшылығы, оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.

Екіншіден, жер көлемінің аумақты болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалқ қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көлемде болуына әсерін тигізеді. Қазақстанның қорғаныс шығыны 250 млн долл. аспайды (қазіргі 10 соғыс ұшағының құнындай ғана). Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.

Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді. Ол үшін табиғи өсуді көтеру мақсатында мемлекеттік демографиялық саясат жүргізілуде. Бұл мәселені шешуде елге оралмандар мен реэмигранттардың оралуының да маңызы зор.

Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, көптеген халықаралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі қалыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ және ШЫҰ, екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске (АҚСШК) мүше елдер бар. АҚСШК-і еліміздің Президенті Н. Ө. Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді. Оған 20-дан астам елдер қатысады, оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан жөне Пәкстан бар.

Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.



Біріншісі- құрлық ішілік жағдайы (ашық, теңізге шығу жолының болмауы). Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік рынокқа шығаратын жаңа көлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты. Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.



Екінші ерекшелігі - әр турлі мәдениеттердің, aman айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің туйіскен жерінде орналасуы. АҚІП пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда. Үкімет халықаралық деңгейде әлемдік және ұлттык діндер Форумын өткізді.

Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпір тәрізді. Үкімет аумақтың транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды. Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республиканың қауіпсіз болуына тәуелділігін арттырады.

Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы. Бұл елдер Қазақстанмен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретінде маңызы зор. Бұлар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде көп мелшерде қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдайға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.

Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүктелердің») пайда болуы.

Олардың ішіндегі ең қауіптісі –Ауғанстан (халықаалық террор, есірті саудасы).Қырғызтан мен Тәжікстандағы (ішкі қақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайлардың болуы.

Алтыншы ерекшелігі –Каспий теңіз-көлінің, стсаусы туралы кесісім жасалмаған Каспий бойы аймағндағы жағдай.
Бақылау сұрақтары:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдер

2. Халықаралық ұйымдар саны

3. Біріккен Ұлттар ұйымы мүше елдер

4. Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы

Лекция № 4

Тақырыбы: Қазқстанның экономикалық-географиялық жағдайы

Жоспары:

1.Аумағы мен шекаралары

2.Әкімшілік аймақтық құрылысы және экономикалық-географиялық жағдайы
Лекцияның мақсаты:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағының көлемі .Аумағының өлшемі. Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған елдігі. Қазақстан - жаңа, қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы - Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Экономикалық-географиялық жағдай - ол кәсіпорындардың, елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық-гео­графиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы. Қазақстанның әкімшілік-аймақтық бөлінісі
Лекция мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы қазіргі әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. ҚР ауданы - 2724,9 мың км2. ҚР - 14 облыс.

Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламента мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды.

Қазақстан Республикасын тұңғыш таныған Түркия мемлекеті болды. Оған басқа елдер де біртіндеп косылды. Республиканы бүкіл әлемдік танудың дәлелі, оны 1992 жылдың 2 наурызында ең көрнекті (ол кезде 164 ел болған) және беделді халыкаралық ұйымның -Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына бірауыздан қабылдау болып табылады.

Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты.

Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Біздің құрлықта Жер шарының барлық мемлекеттерінің 2/5-нен астамы орналасқан. Онда адамзаттың жартысынан астамы мен әлемдік экономиканың 3/5 белігі шоғырланған. Еуразияда ауданы жөнінен (Ресей, Қытай), халқы жөнінен (Қытай, Үндістан) және экономикалық қуаты бойынша (Қытай, Жапония, Германия) алып елдер орналасқан. Мұнда капиталистік және социалистік елдер (Ңытай, Вьетнам, КХДР), экономикасы дамыған елдер мен дамушы елдер өмір сүреді. Еуразияда бұрын Кеңес Одағының кұрамында болған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және оның бұрынғы одақтастары Шығыс Еуропа елдері мен Монғолия орналасқан. Қазір бұл мемлекеттер біздің Отанымыз сияқты жоспарлы экономикадан нарықтык экономикаға ету мәселелерін шешуде.

Қазақстан - жаңа, қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы - Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. 90 жылдар басына дейін аудан мұндай «атаумен» тек физикалык географияда ғана бөлінді. Оған Монғолия мен Қытайдың батыс бөлігі жатқызылатын. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы Кеңестік Орта Азия республикалары президенттері «Орталық Азия» атауын өздерінің «саяси-географиялық тұрағына» беруге келісім жасады.

Орталық Азияға 5 мемлекет — Қазақстан, Кырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Олардың орналаскдн аумағының көлемі 4 млн км2. Онда 55,5 млн адам тұрады. Біздің еліміздің үлесіне жер көлемінің 2/3 бөлігі мен аудан халқының 1/4-і жатады.

Қазақстан Республикасының мемлкеттік аумағының көлемі 2724,9 млн. км2. Жер шарының халық мекендеген құрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі кұрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады.

Аумақ - бұл мемлекеттің маңызды әрі тұрақты ресурсы. Мемлекеттік аумақтың құрамына жер беті және ішкі сулары ғана емес, оның үстіндегі ауа кеңістігі, сонымен бірге жер қойнауы да жата­ды. Сондықтан оны адам өмір сүріп, әрекет ететін кеңістік деп те атауға болады.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасының ұзындығы 12187 км. Оның жекелеген бөліктері әр түрлі қалыптасқан.

Қытаймен арадағы шекара халықаралық стандартна сәйкес келеді. Мемлекеттік егемендік алған жылдар ішінде ондағы бұрынғы Кеңес Одағынан «мұраға қалған» даулы мәселелер шешілді, Шығыс Қазақстан мен Хантәңірі шыңы маңындағы аудандағы дау­лы телімдер (участоктар) мөлшермен (барлығы 1000 км2) тура ортасынан бөлінді. \

Қазақстанның батыстағы шекарасы 600 км Каспий теңізі арқылы өтеді. Каспий бойында орналаскан бес мемлекет бұл су алабына халықаралық статус беру жөнінде әлі келісімге келген жоқ. Сондықтан шекара екі жақты негізде жүргізілген.

Қазақстан мен Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінің арасында мұндай келісімге кол қойылды. Отанымыздың шекарасының 2/3 бөлігі дерлік жазық жерлер арқылы өтеді. Мемлекетаралық байланыс жасау үшін бұл қолайлы жағдай болып табылады. Шығысы мен оңтүстік-шығысындағы шекара табиғи тосқауылдар арқы­лы өтеді. Ондағы көршілес елдермен жүргізілетін жүк және жолаушы тасымалы көлік «коридорлары» арқылы өтеді. Оларға темір жол мен автокөлік жолдары, кеме жүзетін өзендер немесе олардың тораптары жатады.

2..Біздің еліміздің басқару түрі жөнінен президенттік республика, аумақтық ұйымдасу сипаты жағынан унитарлық мемлекет. Бұның өзі барлық жерде біртұтас заң шығару және атқару билігі жүргізілетіндігін білдіреді.

Елді басқарудың тиімді жолы ретінде аумақ әр түрлі әкімшілік бірліктерге, яғни әкімшілік-аймақтық бөліктерге (ӘАБ) бөлінеді. Әрбір сондай бірлікте билік органдары (мәслихаттар) мен басқару органдары (әкімшілік) құрылып жұмыс істеуде.

Тіпті шағын мемлекеттердің өзі әкімшілік аймаққа бөлінеді. Бұның Қазақстан үшін маңызы зор, біздің Отанымыздың ең кішкентай облысы ауданы жағынан орташа еуропалық мемлекетке парапар.

Қазақстан аумағы елді мекендерге (қалалық және ауылдық), сонымен бірге бірнеше елді мекендерді біріктіретін аймақтарға бөлінеді. Аймақтарға облыстар, аудандар мен ауылдық (селолық) округтер жатады. Бұл - біздің мемлекетіміздің ӘАБ жүйесінің негізгі үш тізбегі. Осыдан келіп бөліну жүйесінің өзі үштізбекті болып аталады.

Қазақстан халқының жартысынан көбі - қалалықтар. Сондықтан қалалар жеке әкімшілік бірліктерін құрайды. Олардың ішіндегі негізгілерінің республикалық маңызы бар. Олар облыстар сияқты елдің ӘАБ жоғарғы тізбегін құрайды.

Ірі қалаларда, одан басқа, қалалык аудандар бөлінген. Мысалы, Астанада олар 2 - Алматы мен Сарыарқа, ал Алматыда - 6 (Алматы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб) аудандары.

Қазақстанның әкімшілік-аймақтық бөлінісі сан рет өзгерді: біресе төрт тізбекті (губерния - уез - болыс - ауылдық кеңес), біресе екі тізбекті (аудан - округ) жүйелері енгізілді. Тың жерлерді игеру жылдарында 3 өлке болды (Тың, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан).

Ішіндегі ең колайлысы үш тізбекті ӘАБ жүйесі болып танылды. Өзгерістер енгізу арқылы ол 1932 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол кезде республикада бар болғаны 6 облыс қана болатын. Кейінірек олардың саны 19-ға жетті. Үкімет 1997 жылы әкімшілік бірліктерге қысқарту жүргізді, оның ішінде 5 облыс (Жезқазған, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай) және 218 ауданның 58-і қысқарды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының ӘАБ жоғарғы тізбегі 14 облыс пен 2 республикалык маңызы бар қаладан тұрады. Төрт облыс Қазақстанның батысында, орталық пен шығысында бір-бір-ден орналасқан. Төрт облыс пен республикалық маңызы бар бір қала елдің солтүстігінде және жоғары әкімшілік бірліктердің сондайы оңтүстігінде орналасқан.

XX ғ. қазақ мемлекеттігінің астаналары әр түрлі қалалар болды. Бірақ Орынбор, Қызылорда жөне Алматы қалаларының ортак негізгі кемшіліктері - республиканың негізгі аумағына қарағанда шетте орналасуы. Мемлекеттік дербестік жағдайында Астананың көлік қатынасынан шалғай, мемлекеттік шекара маңында, әрі саяси тұрақсыз өңірде орналасуы қауіптірек бола бастады. Сондықтан 1997 жылы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен астана Ақмолаға көшірілді (1998 ж. бастап - Астана).

Астана Алматыға қарағанда қолайлы жағдайда — елдің географиялық орталығына таяу, темір жол, автокөлік және «әуе» жолдарының түйіскен жерінде орналасқан. Астананың көшіп баруы астаналық Акмола облысының экономикалық жағдайын көтеруге көмектеседі. 2003 жылы ол барлық облыстар ішінде 1 тұрғынға есептегенде өнім өндіру мен қызмет көрсетуден он бірінші орында ғана болды.

Астана көшірілгеннен кейін Алматы облыс орталығы дәрежесінен де айрылды. Бірақ ол республикалық маңызы бар қала боп қала бермек. Арнаулы заң арқылы оған елдің тарихи, ғылыми, мәдени, қаржы және өндіріс орталығы статусы берілген. Алматыда Қазақстан банктерінің 3/4 бөлігі, ең ірі сақтандыру компаниялары, тауарлар мен құнды қағаздар сатумен айналысатын биржалар шоғырланған. Сонымен қатар қалада үкімет басшысы мен мемлекеттің резиденциялары қалды. Алматыға «Қазакстанның оңтүстік астанасы» деген түрақты атақ берілді.



». Экономикалық географиялық жағдайы: «плюстары» мен «минустары

Сонымен бірге көсіпорындар, елді мекендер, аймақтар мен ел үшін сыртқы экономикалық-географиялық қоршаған ортаны есепке алудың маңызы зор. Олардың: 1) өнімді жеткізушілер мен тұтынушыларға; 2) оны жеткізетін көлік жолдарына; 3) ірі орталықтарға (өндіріс, сауда, әкімшілік, мәдени); 4) демалыс орындарына қатысты орналасуын білу кажет. Аталған экономикалық-география­лық нысандар, негізінен, қоғам қызметінің нәтижесі болып табыла­ды. Сондықтан, олардың әсеріне баға беру — физикалық-географиялық емес, экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) міндеті.



Экономикалық-географиялық жағдай - ол кәсіпорындардың, елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық-гео­графиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы.

ЭГЖ - экономикалық және әлеуметтік географиядағы негізгі түсініктердің бірі. Оны зерттеуге кеңес географтары Н. Н. Баран­ский мен И. М. Маергойз көп үлес қосты.

Географиялық жағдайға қарағанда, ЭГЖ аумақты шаруашылық мақсатта игеруге, қалалар мен жолдар салуға байланысты өз-геріп тұрады. Көп жағдайда оның өзі қоғам арқылы жасалады деп айтуға болады. Сонымен бірге бұл ұғым өте күрделі, өйткені ол физикалық-географиялық жағдайдың кейбір сипаттарын да қамтиды (мысалы, тауларға, өзендерге, теңіздерге, климаттық белдеулерге қатысты орналасуы). ЭГЖ қолайлы (пайдалы) немесе қолайсыз (пайдасыз) болуы мүмкін.

Орталықта орналасу көбінесе қолайлы, ал шеткі жағдай қолайсыздау болып келеді.

ЭГЖ, ең алдымен, көліктік жағдаймен, яғни шаруашылық бай-ланыстарының көліктік мүмкіндіктерімен анықталады. Әсіресе әлемдік байланыс жолдары мен транзит мүмкіндігінің маңызы зор. Нарықтық жағдай негізгі сауда серіктестеріне қатысты жағдайды, ал көршілік - шекаралас елдерге (аймақтарға) қатысты жағдайды анықтайды.

Қазакстанның ЭГЖ-ның бірқатар ерекшеліктері бар. Біздің еліміз Еуразияның ортасында, әлемдік сауда жолдарынан оқшау орналасқан. Сонымен бірге әлемдік экономиканың негізгі орталықтарынан - АҚШ-тан, Жапониядан, аздап Еуропадан да қашықта орналасқан. Темір жолдар асуы қиын оңтүстік-шығыс шекараны кесіп өте алмайды. Бұл Үндістан мен Пәкстан сияқты ірі елдермен сауда жасауды қиындатады. Орталық Азиядағы көршілермен ша­руашылық байланысқа олардың даму дәрежесінің төмендігі кедергі болады. Бірақ негізгі қолайсыз жағдай - ашық теңізге шығу мүм-кіндігінің болмауы (құрлыкішілік жағдайы).

Қазақстанның ЭГЖ-ның қолайсыздау жақтары осындай. Дегенмен оның «плюс» немесе қолайлы тұстары да бар.

Біріншіден, бүл — Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиямен қосатын транзиттік жағдай. Олардың арасында көп мөлшерде жолаушы және тауар тасымалданады.

Әзірге әуе жолы Үндістанмен және Пәкстанмен байланыстырады, ал сауданың 97%-ы Суэц каналы арқылы теңізбен жүзеге асырылады. Бірақ Лондон—Токио бағытымен Дели арқылы ұшу Астана арқылы үшудан 1 сағатқа ұзақ, ал теңіз жолы (30 тәулік) Қазақстанның теңіз жолдарынан екі есе дерлік қашық болып есептеледі.

Сондықтан жолаушы және жүк тасымалының бір бөлігін біздің еліміз өзіне тартуға тырысады. Ол авиакомпанияларға өз әуе кеңістігін пайдалануды ұсынады. Ол арқылы 63 әуе коридоры ашылған. Астана қаласындағы жаңа әуежай осыған есептеліп салынған. Салынып жатқан Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы, тек Қазақстан мұнайы ғана емес, Ресей мұнайы да тасымалданады. Тынық мұхиттың порттары мен Жерорта теңізін қосатын Трансазия темір жолы да іске қкосылғалы біраз уақыт болды. Қазіргі жолдарды жақсарту мен олардьщ жаңаларын салу қашықтықты одан әрі қысқарта түспек.

Екіншіден, - бұл Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестері Ресей мен Қытайдың көрші орналасуы. Бұл мемлекеттер біздің елімзге тасымалданатын тауардың тең жартысын жеткізеді. Олар сонымен қатар шығарылатын қазақстандық өнімнің 1/4-ін сатып алады.

Үшіншіден, - ол Каспий теңізіне шығу жолы. Ол Кавказ елдеріне, Түркияға, Иранға, ал ол арқылы Үнді мұхитына сауда жолын ашады. Әзірге ЭГЖ-дың тиімсіз жақтары басым. Бірақ Қазақстан транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте отырып, өзіне белсенді түрде жаңа, қолайлы экономикалық-географиялық жағдай жасайды.


Бақылау сұрақтары:

1. Орталық Азияға кіретін мемлекеттер

2. Қазақстан Республикасының мемлкеттік аумағы

3. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының ұзындығы

4. Қазакстанның ЭГЖ-ның бірқатар ерекшеліктері

5. Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестері


Лекция №5

Тақырыбы:Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру

Жоспары:

1.Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеттілігі

2.Табиғат жағдайлары мен қорлары
Лекцияның мақсаты:

Табиғат пен қоғам бір-бірімен тығыз байланыстылығы. Республиканың өндірістік мүмкіндіктерін орташа деп бағалау. Қазақстан шет елдерге сататын өнімдерін, экономикалық әлует Қазақстан экономикасының болашағына баға беруге мүмкіндік беретіндігін айта кетеміз. Табиғи ресурстар - табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте тікелей қолданылып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайтындғын, қолданылатын ресурстар құрамы үнемі кеңейіп келетіндігін көрсете білеміз.


Лекция мәтіні:
1..Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлуеттілігі. Елдің даму негізіне экономикалық әлуеттік, яғни экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуге жету үшін қолданылатын мүмкіндіктер мен қаражат жатады. Бұл күрделі ұғым 4 құрамдас бөліктен тұрады.

1.Табиғи ресурстық

2.Тұрғын халықтық

3.Өндірістік

4.Ғылыми-техникалық

Табиғи-ресурстық әлует - аумақ, оның қойнауының, жері мен суының байлығы, климаттық және басқа жағдайлары - ол табиғаттың сыйы. Экономикалық әлуеттің қалған құрамдас бөліктерін қоғам жасайды. Халықтың (тұрғын халықтың немесе еңбек әлуеті), сонымен бірге оның саны ғана емес, сапасының да - тұрмыс деңгейінің, ұлт денсаулығының, білімділігінің, мамандық алуының да үлкен маңызы бар. Өндірістік әлуетте өндірістің, ауыл шаруашылығының жөне көліктің деңгейі, тұтынушыға сапалы дайын өнім шығаруы мен жеткізуі шешуші рөл аткдрады. Өнеркәсіпке оның дамуына қаржы (капитал) жинақтайтын және бағыттайтын банк жүйесі қажет. Елдің ғылыми-техникалық мумкіндіктері зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығынға, ғылыми қызметкерлердің саны мен «сапасына», атап айтқанда, ғалымдардың жаңалық ашу қабілеттері мен оларды жаңа өнім мен технология шығаруға арнауына байланысты

Бұл өдістеме қорытынды көрсеткіштерге айналып барып, балл арқылы бағаланатын статистикалық мәліметтерді зерттеуге негізделген.

Жоғарғы әлуетке - 3 балл, орташаға - 2 балл және төменгіге - 1 балл беріледі. Елдің алған балдарының жиынтығы оның эко­номикалық әлуетін сипаттайды.

АҚІП - әлемдік экономиканың көшбасшысы. Олар орасан зор табиғи ресурстар мен қолайлы табиғи жағдайларға ие, халқының саны бойынша дүние жүзінде үшінші мемлекет, елдердің бәрінен көп тауар өндіріп, қызмет көрсетеді, жаңалықтар ашады. Ресей ора­сан зор табиғи байлықтары мен айтарлықтай ғылыми-техникалық мүмкіндіктеріне қарамастан, өндіріс өнімдерінің көрсеткіштері бой­ынша және халык сапасы жөнінен одан артта қалып келеді.

Республиканың өндірістік мүмкіндіктерін орташа деп бағалауға болады. Қазақстан шет елдерге көбінесе отын, шикізат және жартылай фабрикаттар сатады. Бірақ онда көптеген алдыңғы катарлы мемлекеттерде жоқ өндірістер бар. Халық санының аздығы мен тұрмыс деңгейінің төмендігі еңбек әлуетінің және қаржыландыру мен ашылулардың, өндірістік жаңалықтардың аздығы ғылыми-техникалык әлуеттің төменгі балл алуына негізгі себептер болып табылады.

Экономикалық әлует Қазақстан экономикасының болашағына баға беруге мүмкіндік береді. Оны шет елдермен салыстыру арқылы жақсы байқауға болады. Өйткені әлемде бір-бірінен айнымайтын екі мемлекет болуы мүмкін емес. Дегенмен өзіндік ерекшелігі біздің Отанымызға сай келетіндей елдер де бар. Осындай ұқсас сипаттар Қазақстан мен Аустралияда байқалады: аумақтардың үлкендігі мен халық санының аздығы, пайдалы қазбалардың орасан зор қоры және тұщы судың жетіспеуі. Негізгі шаруашылық салалары - кен ендіру өнеркәсібі мен қой шаруашылығы да ұқсас. Аустралия экономикасында (біздегі сияқты) шет елдік компаниялар мен сауда байланыстары маңызды рол аткарады.

Бұл «дүниенің қиыр шетінде» орналасқан бұрынғы отарлық мемлекет бүгінгі күнде дамудың жоғары деңгейіне көтерілді. Өмір сүру сапасы жөнінен олар дүние жүзінде 3-орынға шықты (біз өзірге 78-ші орында ғанамыз). Ал біздің еліміздің көптеген жағдайлары жөнінен Аустралиядан артықшылығы да бар. Мұның өзі Қазақстанның табиғи байлықтарына, сауатты да еңбексүйгіш халқына, ерекше өндірістік жағдайы мен халықаралық байланыстарына сүйене отырып, әлемнің экономикасы дамыған елдерінің қатарына қосылуына толық мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

2. Табиғат жағдайлары мен қорлары - экономиканың негізі. Табиғат пен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғи орта адамның өміріне, шаруашылығына, мәдениетіне әсерін тигізе оты­рып, өзі де оның іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеріске үшырайды.

Бұл өзара байланыста, ең алдымен, шаруашылықтың дамуына табиғат жағдайларының маңызы зор. Оған жер бедері, климат, жер асты суларының орналасуы, өзендер мен көлдердің режимі, пайдалы қазбаларды өндірудің тау-кен геологиялық жағдайлары жатады. Табиғи жағдайлар тікелей өндірісте пайдаланылмайды, бірақ оны жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін. Сол себепті оларды қолайлы және қолайсыз жағдайлар деп бөледі.

Табиғи жағдайлардың әсері әсіресе ауыл шаруашылығы, орман, балық, аң аулау және су шаруашылықтары үшін, пайдалы қазба­ларды өндіруге, яғни экономиканың алғашқы (шикізаттық) салалары үшін маңызы зор.

Күрделі табиғат жағдайлары тұрғындардан қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін үлкен күш-жігерді талап етеді. Көлік жолдарын салып, оларды жақсы жағдайда ұстап тұру үшін, үйлер мен өндіріс ғимараттарын салып, оларды жылыту үшін орасан көп қаржы қажет. Климаттың қаталдығына байланысты біздің еліміздің экономикасы дүние жүзіндегі ең энергияны көп жүмсайтын елдердің қатарына жатады.



Табиғи ресурстар - табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте тікелей қолданылып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайды.

Қолданылатын ресурстар құрамы үнемі кеңейіп келеді.

Ежелгі адамдар тамақка өсімдіктердің аздаған түрі мен жануарларды да қолданды. Кейінірек егін шаруашылығына топырақты өңдеп, қола мен темір өндіре бастады. Қазіргі шаруашылықта ашылған барлық химиялық элементтермен қатар атом ядросының энергиясы да колданылады. Тіпті су мен ауаның өзі ағаш пен кен сияқты шикізатқа айналды.

Олардың түрлерін анықтап, тиімді пайдалану үпіін ғалымдар бірнеше классификациялар жасады

Табиғи байлыктың көп бөлігін сарқылатын ресурстар құрайды. Олар өз кезегінде сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Заттардың және энергияның айналымы өсімдік, жануар, жер (топырақты қоса алғанда) және су-энергетикалық ресурстарды қайта қалпына келтіреді. Оның есесіне барлық пайдалы қазбалар қайта қалпына келмеиді, өйткені олардың пайда болуы үшін миллиондаған жылдар қажет.

Геологтар жаңа кен орындарын ашып жатқанмен «жер асты қазынасының» ресурсы шексіз емес. Сонымен қатар олар мүлдем толықтырылмайды.

Сондықтан сарқылатын ресурстар ең алдымен, қалпына келмейтіндерін ұқыпты пайдалану керек. Тиімді пайдалануға: 1) барланған кен орындарынан барлық құнды заттарды неғүрлым толық алу; 2) жаңа кен қабаттарын ашу; 3) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен отынды үнемдеу үшін алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану.

Сарқылмайтын ресурстарға ең алдымен ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын жылу, жарық және ылғал ресурсы, ал екіншіден, кейбір энергия түрлері жатады. Соңғыларды қолдану мүмкіндігі тіпті шексіз. Бірақ әзірге оларды пайдалану техника дамуының деңгейімен шектеледі.

Экономикалық тұрғыдан бағалаусыз табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Мысалы, пайдалы қазбаларға баға бергенде: 1) мөлшері (қоры); 2) сапасы (құрамы жене пайдалы элементтердің үлесі; 3) шөгінді қабатының және өндірудің жағдайы (тереңдігі, қабаттарының қалыңдығы; 4) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын мөлшері; 5) жердің игерілуі мен қоныстануы; 6) көлік жолдары мен өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығын; 7) қоршаған табиғи ортаны сақтап қалу мүмкіндігі есепке алынады.

Қазақстанның ірі табиғи-ресурстық әлуеті бар.

Елдің маңызды табиғи байланыстары - минералдық және жер ресурстары. Олармен тұрғындардың жан басына шаққандағы қамтамасыз етілуі жөнінен дүние жүзіндегі ірі мемлекеттердің арасында жоғарғы орында.

Біздің еліміздің № 1 табиғи байлығы - минералдық ресурстар.Қазақстанда екі жүз сексен түрлі пайдалы қазбалардың 6000-дай кен орындары ашылған (дүние жүзінде өндірілетін 310 түрдің ішінде).

Маңызды табиғи байлықтардың (мырыштың, вольфрамның, уранның, хромның, асбестің, марганецтің, қорғасынның,фсфориттің,темірдің күмістің, мұнайдың, көмірдің, мыстың, алтын­ның.) барланған қоры республиканы алдыңғы қатарлы елдердің алғашқы ондығына шығарды. Оның жер қойнауында вольфрамның дүниежүзілік қорының 1/2-нен астамы, уран мен хромның 1/ 4 бөлігі, қорғасынның 1/5 бөлігі, мырыш, мыс және темірді 1/10-нен астамы сақталып жатыр. Қазақстанды пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілуіне байланысты өзіне-өзі жеткілікті ел деп айтуға болады. Бұл оған экономиканың «іргетасы» болып табылатын өндірісті — энергетиканы, металлургияны, химия және құрьілыс өнеркәсіптерін дамытуға мүмкіндік береді.

Табиғи шикізат пен отынның бір бөлігін (кейде одан да көбін) Қазақстан шетелдік мемлекеттерге (экспортқа) шығарады. 2004 жылы мұндай экспорт шетелдік валюта ағымының 70%-ға жуығын қамтамасыз етті. Шикізат тәуелсіздігі біздің елімізге басқа мемлекеттер алдында артықшылыққа ие болдырып, Қазақстан экономикасының өсуінің негізгі көзі болып табылады.

Қазақстанның табиғи байлықтары біркелкі орналаспаған. Бірақ оның әр ірі аймағы (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық) олардың өзгеше жиынтығымен және қор бойынша сәйкестігімен ерекшеленеді. Елдің Шығысы түсті металдар мен суэнергия қорына бай. Бұл арзан электр энергияны көп қажет ететін ти­тан, мырыш және басқа металдардың ірі өндіріс орындарын құруға мүмкіндік берді. Орталық Қазақстанда тас көмірдің, темір және марганец кендері қолайлы орналасқан. Пайдалы қазбалар түрлерінің мүндай үйлесімі қара металлургияның дамуына негіз болды.

Ендеше, ресурстардың үйлесімді орналасуы мекемелерді орналастырудың қолайлы нұсқасын таңдап алуға және табиғи байлықтарды кешенді игеруге мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары:

1. Табиғат жағдайлары мен қорлары

2. Табиғи ресурстар

3. Табиғи байлықтың көп бөлігін қай ресурс құрайды

4. Минералдық және жер ресурстары
Лекция № 6

Тақырыбы: Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары

Жоспары:


  1. Халықтың саны және табиғи өсімі

  2. Еңбек ресурсы


Лекцияның мақсаты:

Халықтар географиясы, демография мен этнография нені зерттейді. Қоғамның негізгі өндіргіш күші бо­лып табылатын адамдар. Халық саны және оны есепке алу әдістемелерін білу. Халықтың табиғи өсімі,оны есепке алу жылдары, сандары, өсімдерін білу. Халықтың механикалық қозғалысын, орналасу аймақтарының себептері түсіндіріледі.


Лекция мәтіні:

1. Халық саны мен табиғи өсімі. Белгілі бір аумақта (елде, аймақта, қалада, ауылда) өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды. Географтар үшін ол табиғат пен шаруашылық сияқты негізгі зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Былайша айтқанда, табиғат пен шаруашылық адамдар қандай ортада өмір сүріп, өздерінің тіршілігін қалай қамтамасыз ететіндігін білу үшін зерттеледі.



Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші бо­лып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, оларды пайдаланушылар да болып саналады. Сондықтан халықка сараптама жасау - кез келген экономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді.

Халық саны және оны есепке алу әдістемелері. Елді, аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін, халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласымен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет-ғұрпын білудің маңызы зор.

Осындай мәліметтерді алу үшін халық санына ағымдық есеп жүр-гізіледі. Азаматтардың хал актілерін жазу мекемесішң (АХАЖ) және көші-қон саясаты бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана отырып, елдін статистикалық кызметі халық саны мен баска көрсеткіштерді есептеп отырады. Ағымдық есеп нәтижесі бойынша Қазақстанның халқы 2005-жылдың 1 маусымында 15 млн 135 мың адамды құрады.

Дегенмен, ең толық мәліметтерді кезеңдік халық санағы негізінде алуға болады. Мемлекет оны бірнеше күндер (кейде бір күн) ішінде белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын).

Еліміздің тарихында 10 жалпы халық санағы жүргізілді: бүкілресейлік (1897 ж.) 8 кеңестік (1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж.) және қазақстандық ұлттык санақ (1999 ж.)-

Елдің, аймақтың, елді мекеннің халқының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты.

Бірінші фактор - туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы, немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), немесе оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды.

Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық көрсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны) жөне табиғи өсім (туғандар мен өлгендер санының айырмасы).

Демографиялық көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы %0 белгісімен көрсетеді.

Салыстырмалы көрсеткіштер (промиль, кейде пайыз арқылы) тұрғындар саны әр түрлі елдің, аймақтың немесе елді мекендердің халық динамикасын салыстыру үшін қолданылады.

Туу көрсеткіші көптеген себептерге байланысты. Оның кедей отбасыларға қарағанда ауқаттыларында, ауылды жерлерге қарағанда қалада төмен екендігі бұрыннан байқалады. Сондықтан ха­лықтын даму деңгейі мен тұрғындардың әлауқаты жоғарылаған сайын туу көрсеткіші азая береді. Бұл — экономикасы дамыған мемлекеттер мен қала халқының үлес салмағы жоғары елдерге тән жағдай болып саналады. Туу көрсеткішіне әсіресе, экономикалық тығырық пен соғыс қатты әсерін тигізеді.

Тууға әсерін тигізетін арнаулы демографиялық саясат жүргізіледі. Егер мемлекет халық санының өсуіне мүдделі болса, онда көпбалалы отбасыларға жағдай туғызады, яғни баланы бағып күтуге берілетін демалыс мерзімін ұзартып, балалар жәрдем ақысын көбейтеді. Халық санының өсуін тоқтату үшін, керісінше, әр түрлі шектеу шаралары жүргізіледі.

Өлудің жоғарғы көрсеткіпітері ең жас және ең көрі адамдар арасында көп байқалады. Оның шамасы ең алдымен халыктың әлауқатына, денсаулық сақтаудың даму деңгейі мен қоршаған ортаның сапасына байланысты. Біздің еліміз демографиялық дамудың күрделі жолынан өтті .

XX ғ. басында Қазақстан өте жоғары туу (45%о) мен жоғары өлу (29%о) көрсеткіштерімен және табиғи өлімнің аздығымен (16%о) ерекшеленді.

Демографиялық дамудың бірінші кезеңінде (1970 жылдарға дейін) өлу деңгейі тууға қарағанда тез төмендеп кетті. Табиғи өсім көбейіп, 1960 жылы ел тарихындағы ең жоғарғы шамаға жетті (306 мың адам, немесе жылына 3%о). Ол кезде сансыз көп соғысқа дейін туған ұрпақ некеге отырды. Сонымен бірге Қазақстанға тың көтеруге келген мыңдаған жастар отбасын құрды.



Екінші кезеңде (1970-1987 жж.) туу мөлшері тұрақталып, кей жылдары тіпті көтеріліп отырды. 50-ші жөне 60-шы жылдардағы орасан көп ұрпақ отбасын кұрды. Коғамдағы қарт адамдардың тобының көбеюі өлу деңгейін көтерді. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи есім екі есеге дерлік қысқарды. Бірак абсолюттік мөлшер-де ол рекордтык I960 жылдан көп темен болған жоқ, республика халқы ол уақыт аралығында екі есеге дерлік өсті.

Үшінші кезеңде (1987-1999 жж.) туудын кезекті құлдырауы басталды - ол 30-жылдардағы аштық пен Ұлы Отан соғысының де­мографиялық «жаңғырығы» тәрізді еді. Бұл кезеңнің тумалары -аштық және соғыс көрген аз ұрпақтың шөберелері еді. Туу көрсеткішінің төмендеуіне 1990 жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс пен Қазақстаннан жас және орта жастағы адамдардың көшіп кетуі де себеп болды. 1999 жылғы туу (209 мың адам) мен табиғи өсім (65 мың адам) соғыстан кейінгі кезеңнің ең төменгі көрсеткіші болды. Ал 1995 жылы өлім деңгейінін ең жоғарғы көрсеткіші (168 мың адам) тіркелді.

2000 жылы демографиялык дамудың төртінші (казіргі) кезеңі басталды. Оның ерекше сипаттары - туу мен табиғи өсімнін жоғарылауы. Ол 1980 жылдардың екінші жартысында дүниеге келген сансыз көп ұрпақтың неке жасына жетуімен байланысты. Екінші бір негізгі себеп - экономика мен елдін тұрмыс деңгейінін көтерілуі болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде алғаш рет 2002 жылы халық саны көбейе бастады. 2004 жылдың 28 мамырында ол символдық шектен асты - халық саны қайтадан 15 миллионға жетті.

2. Еңбек ресурстары мен экономикалық белсенді халық. Халықтың негізгі өндіруші бөлігі - еңбек қорларын анықтауда оның жасы басты өлшем болып табылады. Бұл үшін мемлекет жұмыс жасының «шегін» белгілейді. Әр елдерде олардың аздаған айырмашылықтары бар. Ол Қазақстанда еркектер үшін 16-62 жас, ал әйелдер үшін 16-57 жас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет