Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:


Адамдардың бір бөлігі жұмыс жасының өзінде еңбек ете алмайды



бет3/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13023
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Адамдардың бір бөлігі жұмыс жасының өзінде еңбек ете алмайды


(мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдар). Сонымен қатар қоғамдық өндірісте зейнеткерлер мен жасөспірімдердің кейбір мөлшері еңбек етеді. Еңбек етуге қабілеті бар әбір адам, халықтың еңбек ресурсын құрайды.

Еңбек ресурсының құрамына мүмкіндігі шектеулі адамдардан басқа жұмыс жасындағы барлық халық, сонымен қатар жұмыс істейтін зейнеткерлер мен жасөсіпірімдер жатады. Сондықтан олардың шамасы халықтың санына, оның жас-жыныстық құрылымына, жұмыс істейтін жасөспірімдер мен зейнеткерлердің санына байланысты.



1990 жылдардың басында Қазақстанның еңбек ресурсы 9,3 млн адамдай болды. Қазіргі кезде олардың саны азайды (2004 ж. - 8,5 млн), ол елдің еңбекке жарамды адамдардың көптеп кетуімен және халықтың қартаюымен байланысты.

«Еңбек ресурстары» деген түсінік ғылым мен практикаға алдымен Кеңестер Одағында, одан соң басқа социалистік елдерге де енді. Ол жос-парлы экономиканың мүддесіне қызмет етуге бейім болды. Оның көмегімен мемлекет өз азаматтарының еңбегін басқарды.

Адамдардың еңбек ету қызметін таңдауда толық еркіндігі болмады. 1930 жылдары елде паспорттық жүйе мен тіркеу енгізілгеннен кейін, басқа жұмысқа ауысу немесе басқа жерге тұруға көшу қиындады. Ал ұжымдық шаруашылықтардың (колхоздардың) жұмысшылары паспортты тек 1950 жылдардың ортасында ғана алды.

Нарықтық экономикалы елдерде экономикалық белсенді халық (ЭБХ) деген ұғым кеңінен қолданылады.



Экономикалық белсенді халық - бұл қоғамдық өндіріспен ай-налысатын, немесе оған қатысуға тілек білдірген жұмысқа жарам­ды халық.

Экономикалык белсенді халық жұмыс істейтін (айналысатын) адамдар мен жұмыссыздар жатады. Ол экономикалық белсенді емес халықтың, яғни оқушылардың (15 жастағы және одан жоғары), студенттердің, әскери қызметкерлердің, үй шаруасындағы адамдардың есебінен жаңарып отырады.

Қазақстан халқының жартысынан астамы экономикалық белсенді (7,7 млн адам) болып есептеледі. Олардың басым бөлігі (90%-дан астам) жұмыспен айналысатын адамдар (жалдамалы және ерікті жұмысшылар, жұмыс берушілер, кооператорлар, отбасылық мекемелердің жұмысшылары) және 8%-дан азы - жұмыссыздар.

1990 жылдары елде жұмыс істейтін адамдар саны қысқарып, керісінше, жұмыссыздар саны есті. Қазіргі уақытта экономиканың жылдам көтерілуі жұмыс орнын көбейтіп, жұмыссыздар санының азаюына оңды әсерін тигізді.

1999 жылы әрбір жетінші жұмысқа жарамды қазақстандықтың жұмыс орны болмаса, 2005 жылы - әрбір он үшінші қазақстандық жұмыссыз болып есептеледі. Дегенмен, жүмыссыздық деңгейі әлі де жоғары. Үкімет оны таяу жылдардың ішінде едәуір азайтуды міндет етіп отыр.

Қазақстанда экономикалық белсенді халық біркелкі орналаспаған. Ол барлық халықтың орналасу «бейнесін» түгелдей қайталайды.

Жоспарлы экономика кезінде негізгі жұмыс беруші - үкімет болды. КСРО тарайтын кездің алдында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, яғни мемлекеттік секторда қазақстандықтардың 90%-дан астамы еңбек етті.

Нарыққа өтер кезде қызметтің көп түрі жеке кәсіпкерлерге берілді. Жұмыс күшінің үлкен бөлігі жеке секторға ауысты. Соған қарамастан, мемлекет халық шаруашылығында еңбек ететіндердің 1/4 бөлігін - басқарушыларды, келісім шартпен істейтін әскери қызметкерлерді, полицейлер мен соттарды, мұғалімдерді, дәрігерлерді, ұлттық компаниялардың жұмыскерлерін жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек ететін адамдар кімдер

2. Демография мен этнография зерттейді.

3. Экономикалық белсенді халық

4. «Еңбек ресурстары» деген түсінік

5. Демографиялық даму



Лекция №7


Тақырыбы: Төңкеріске дейінгі Қазақстан шаруашылығы. Қазақстанда шаруашылықтың жаңа географиясын қалыптастыру.

Жоспары:

1.Қазақстанның Ресейге қосылғанға дейінгі шаруашылық географиясы

2.ТМД елдерінде мемлекеттік құрылыс


Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның Ресейге қосылып, оны орыстардың қоныстанып, шаруашылық жағынан иегеруі, ХІХ ғасырдың басынд шаруа қозғалысының өрлеуімен байланыстылығы, ХІХ ғ-дың аяғына Солтүстік Қазақстан жерінде Трансібір темір жолының бөлігі салынып, іске қосылды.ХХ ғ-дың басында республиканың батыс және оңтүстік ауандарын басып өтететін Орынбор-Ташкент темір жолы салындығы туралы толық қамтылды.
Лекция мәтіні:
1.Қазақ халқы жүз жылдан астам уақыт бойы басқыншыларға қарсы қаһармандық күрес жүргізді. Қазақ халқы үшін осынай қиын-қыстау күндерде Кіші жүздің атақты адамдары жат ел басқыншыларынан қорғауды сұрап, Ресейге өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда Кіші жүздің Ресейге қосылу ресми құжат арқылы қатталды

Қазақстанның Ресейге қосылып, оны орыстардың қоныстанып, шаруашылық жағынан иегеруі, онымен қоса келген отаршылық бұғауы жүз жылдан астам уақытқа слзылды. Алғашқы орыс қоныс аударушылары – Сібір казактары болды. Олардың соңын ала Сібір мен Ресейдің орталық губернияларынан шаруалар келді. Қоныс аударудың келесі кезеңі

ХІХ ғасырдың басында шаруа қозғалысының өрлеуімен байланысты болды. Орыстың отарлаумен қабаттаса орыс капитализмі де қазақ жеріне өзінің ықпалын күшейте бастады. Жаңадан қалыптасқан орыс кулактары жерін тартып алға, көшпенді қазақтар қара және сарғылт топырақты жәнетамаша жайылым шбындықтары бар орманда және орманда дала аймақтарынан қуылып, құнарсыз шөл және тастақты жерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Соның салдарынан көшпелі мал өсірудуң жемшөп базасы тарылып, мал шаруашылығы тұрақсыз кәсіпке айналды. Көшпелі мал өсіруден қол үзуге мәжбүр болған қазақтар, әсірсе кедейлер, бірте-бірте отырықшылық қалпына көше бастады.Дамып келе жатқан капиталистік қатынастардың салдарынан кедейленген көшпенділер арзан жұсмысшы күшіне айналды. Байырғы халықтың отырықшылыққа және егіншілікпен айналысуға көшуі әл-ауқаттарының негізі болған көшпелі мал өсіруді сақтауға ынталы феодалдық ақсүйектердің мүддесіне қайшы келді. Қазақстанда өнеркәсіп дегеннен қатқыл мата тоқу, тері илеу, аяқ киім, ер тұрман, арқан-жіп, аң терісі бұйымдарн жасау сияқты кәсіпшілік түрлері біршама дамыған еді. Алтай өңірі мен Орталық Қазақстанда тұратын қазақтар кенді қол күшімен өндіріп, қорғасын мен мыс балқытып, одан түрлі бұйымдр (ыдыс-аяқ, қару-жарақ, әшекей-сәндік дүиелер) жасады.Қазақтарда қала, отырықшы елді мекендер аз болды. Қазақстанның оңтүстігінде ғана халық тығыз орналасқан суармалы егіншлік жазираларында, ерте заманғы “Жібек жол”бойында ғана отырықшы ауылдық елді мекендер (қыстақтар), ірі сауда және қолөнер орталықтары пайда болды. Жайық өзенінің төменгі ағысында Алтын Орда орталықтарының бірі-Сарайшық қаласы орналасты.Ертеден-ақ қазіргі Қазақстан аумағын, Қытай, Орта Азия, Сібір және Мәскеу мемлекеті арасындағы сауда байланысын қамтамасыз ететеін керуен жолдары кесіп өтетін. Әсіресе Жоңғар қақапасы мен Жетісу арқылы Тянь-Шаньның солтүстік беткейімен Монғолия Қытай Бұхарға баратын жолдарыда жүргіншілер тынымсыз қатынап жататын.Екінші жол Орта Азиядағы Хиуа арқылы немесе Сырдарияны бойлай Каспий маңыойпатындағы көне Сарайшық қаласына, ал одан әрі Мәскеу жаққа қарай кететін. Кейін Қазақстан арқылы Ота Азиядан солтүстікке қарай – Орынбор, Омбы, Петропавл, Семейге керуен жолдар түсті. Ол жерлерде маусымды жәрмеңкелер өтіп, онда көшпенді қазақтар мал және мал өнімдерін (жүн, тері) сатып, ортаазиялық, қытайлық және орыс көпестернен мата, шай, қант, қару-жарық, ыдыс-аяқ және т.б. бұйымдар алатын.Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін қазақ даласында екі қала – Орал және Атырау болатын. Олардың іргесі ХVІІ ғасырдың басында сауда жолдарының су жолымен қиылысатын жерінде қаланады ХVІІ ғасырда орыстар Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде Омбы, Семей, Өскемен, Павлодар, әскери бекіністерін салды. Ор, Орынбор, Петропавл бой көтерді. Олар алғашында әскери бекініс ретінде салынып, кейін үлкейіп, ірі әкімшілік, мәдени және сауда орталықтарына айналды.

Патшалық Ресей қазақ станцияларын, шағын поселкелер, пикеттер, форпостар, кордондар, бекініс қалалар салуды жалғастырып, қазақ даласына айналдыра бекіністер тізбегін тізді.

Патша өкіметі Қазақстанды отарлау барысында онда егеншілікті, кен өндіру өнеркәсібін қарқынды өркендетіп, темір жолдар салды. Алайда Қазақстан өзінің орталық жағдайына байланысты Ресейдің аграрлқ қосалқы бөлігіп болып қала берді. Қазақстан жерінде мыс, қорғасын, күміс қорытатын шағын зауыттар, көптеген дейірмендер, жарма түйгіштер, қасапханалар, май шыжғыратын, шарап және сыра қайнатын зауаттар пайда болды. Бірнеше мақта тазалайтын, шырақ жасайтын, сабын қайнататын, тері өңдейтін және жүн тапзалайтын зауаттар, Алматы маңында шұға фабрикасы, Петропавл мен Семейді киіз басатын зауыттар салынды. Шикізаттың көбісі алғашқы өңдеуден кейін Еділ бойы, Орталық Ресй, Балтық жағалауындағы мемлекттерге шығарылып, ол жақтан дайын мата, иленген тері, аяқ киім және бақа заттар әкелінді. Әлсіз дамыған кен өндіру және кен өңдеу өнркәсібі пайда болды. Көмір Қарағанды мен Екібстұзда қарапайым тәсілмен өндірілді; Орталық және Шығыс Қазақстанда мыс және қорғасын-мырыш кеніштері жұмыс істеді; Ембіден мұнай шығарылды; Павлодамен Арал тңізі жағалауынан тұз өндіілді. Дерменежусанын шикізат ретінде пайдаланатын Шмкент санотин зауыты салынды. Қазақстанның өнеркәсіп өнімі Ресейдің өнркәсіп өнімінің 0,7 пайызын құрады.

ХІХ ғ-дың аяғына Солтүстік Қазақстан жерінде Трансібір темір жолының бөліі салынып, іске қосылды.

ХХ ғ-дың басында республиканың батыс және оңтүстік ауандарын басып өтететін Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

ХХ ғ-дың басында Қазақсанның тау-кен өндірісіне шетел, негізінен ағылшын және француз капиталы енд. Ол бірінші дүнижүзлік соғысқа дейін Жезқазған мыс кені, Қарағанда көмір кені, мбі мұнай кәсіпшіліктері, Алтай кен орындары, Риддер зауыттары сияқты жекелеген ке орындарын имденеді. Кен орындары жыртқыштықпен пайдалыалады, қазақ және орыс жұмысшылырының еңбегі аяусыз қаналды.

Жалпы Қазақстанның өндіргіш күштері төмен деңгейде қалды. Жер қойнауының аса бай қоры пайдаға асырылмайды.

2.Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің қайта құрылу Кеңес Одағының еуропалық бөлігінің бірқатар ауданарына қарағанда едәуір қиындау жағдайда іске асырылды. Республикада да аса қысқа мерзімде қазіргі кездегі өнеркәсіптің барлық салаларын мүлде жаңадан жасап, ауыл шаруашылығын түбірінен қайта құрып, темір жол төсеу, зауыт, фабрикалар салып, кеңшар, ұжымшылар құру керек болды.

1920-1921 жылдарғы азамат соғысы республикадағы бар шағын өнеркәсіп орындарын қатты күйселіске түсірді, зауыттар мен фабрикалар қирады. Осы жылдары Қазақстанда қатты жұт болып, кейбір аймақтарда 80%-ға дейін мал басы қырылып қалды. 1921 жылдың жазында құрғақшылықтан егін шықпай қалып, жұттан кейінгі аштық күшейе түсті. Ел ашығып, жаппай қырғынға ұшырады. 1929-1932 жылдары Қазақстандағы 45 млн.мал басынан не бары 4,5 млн бас қалды. Халықтың едәуір бөлігі Қазақстаннан ауып, басқа шет елдерге барып паналады.Қазақтардың туған жерін тастап босып кетуінен оның саны күрт азайды. Қазақ халқы өзінің көп ғасрлық тарихында мұндай ауыр халді басынан өткізген жоқ.

Алайда осындай өте ауыр қиындықтарға қарамастан 1-ші бесжылдықта жүздеген жаңа пайдалы қазбалар кен орынары ашылып,іске жаратыла бастады, жүздеген ірі кәсіпорындар салыа бастады, ондаған жұсмысшы поселкелер, тіпті қалалар пайда болды, мыңдаған км жаңа темір жолдар салынды.

2-ші бесжылдықтың аяғында да көптен зауыт, фабрикалар іске қосылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республикасыныңбүкіл экономикасы майдан қажетін өтеу үшін жұмыс істеді.

Соғысқа дейін Қазақстанда қара металлургия мен машина жасау болды.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан арқылы Ота Азиядан солтүстікке қарай өтетін жол

2. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін қазақ даласында қанша қала болды.

3. Кіші жүздің Ресейге қосылу ресми құжат қай жылы қатталды

4. Орынбор-Ташкент темір жолы нешінші жылы салынды.
Лекция №8

Тақырыбы: Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу

Жоспары:

1.Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы

2. Өнеркәсіп құрылымы және орналасу жағдайлары
Лекцияның мақсаты:
Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Кәсіпорындар саны. Жұмысшылар саны. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруа-шылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының да­му деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігетіндігі туралы қаррастырылды.


Лекция мәтіні:

1.Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның барлық әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) кұрайды.

Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика. Кеңес Одағында жоспарлы (әміршіл) экономика қалыптасты. Ол мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенді.

Нені, кім үшін және қанша мөлшерде өнім өндіруді елдің жоғарғы басшылығы шешті. Бұл өмір одан әрі эстафета сияқты Мемлекеттік жоспарлау комитетіне (мемлекеттік жоспарға), одан министрліктерге, ал министрліктерден - нақты кәсіпорындарға берілді. Сонымен, барлық шаруашылы жұмысы міндетті түрде орындалуы тиіс жоспарлы тапсырмалар арқылы жүргізіліп отырды. Мемлекет барлық материалдық және қаржылық ресурсты дайын өнімді бөліп, баға мен еңбекақы мөлшерін белгілеп отырды. Кәсіпорындардың өз беттерінше бастама көтеріп, дербес мәселе шешуге мүмкіндігі болмады.

1980 жылдардың басына дейін жоспарлы жүйе экономикалық дамудың жоғары қарқынды жүруін қамтамасыз етті. Ол елді аса маңызды мәселелерді шешуге жұмылдырды .

Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет көрсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Ал нені, кім үшін және қанша өндіруді, бизнестің пайдалы немесе шығынды жақтарын баға анықтайды. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады.

Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі -ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан басқа заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған ортаның сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың қауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сактау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Оның рөлі бірдей болмағанмен, ол үнемі қатысып отырады.

Біздің еліміздің Мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық, кірістің 15%-ы жасалады.

Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Казақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша «жұмыс істейді». Мемлекет бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды.

Шаруашылыктың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған және тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Әр түрлі пікірлерге қарағанда, ол Қазақстан экономикасының 25-тен 40%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен коғамға үлкен зиянын тигізеді.

Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар-салалар - салааралық кешендер. Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады.

Бірінпіі деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар - эконо-микалық «құрылыстың» өзіндік «Кірпіштері» болып табылады. Олардың саны қазір 200 мыңнан асты және әлі де есуде. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр станциялары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, кафелер, ҒЗИ, мұражайлар мен театрлар.

Нарықтық экономикамен меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастырудың әралуандығы байланысты. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың біреулері акционерлік қоғам (АҚ) түрінде, келесі біреулері - жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), үшіншілері - біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтар мен кооперативтер бар.

Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Біреулері өнеркәсіп тауарларын шығарумен, екінпіілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады. Осыған себепті қызмет түрлеріне байланысты олар салаларға бөлінеді.

Экономика саласы қоғамның біркелкі қажеттіліктерін өтейтін барлық кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіреді.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру оқу орындарының, ал денсаулық сақтау - медициналык мекемелердің жиынтығы болып саналады.

2. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Кәсіпорындар саны: 12707, Жұмысшылар саны: 597 мың, Өнім: 2,8 трлн теңге. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруа-шылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының да­му деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.

Барлық салалар 3 топқа бөлінеді).

Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б. салалар кіреді.

Өнеркөсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, ме­таллургия, машина жасау және т. б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркөсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары ма­шина жасау (онда жана машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және женіл өнеркөсіптері ерекше орында.

Қазақстандағы жалпы енім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80%-ға жетті. «Б» тобы одан едөуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркөсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді.
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Салалар

Қазақстан

Дүние жүзі

Дамыған елдер

Тамақ өнеркәсібі

27

11

10

Жеңіл өнеркәсіп

3

4

3

Ағаш және ағаш өңдеу

1

9

10

Химия және мұнай өңдеу

13

17

16

Металлургия

40

5

4

Машина жасау

8

50

53

Басқалары

8

4

4

(мысалы, металлургия жене ағаш өңдеу).

Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себер болды. Олар Қазақстанның әлемдік экоомикадағы орнынанықтап, ішінде өзгеше “локомотив” рөлін атқарады. Олардың дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Нарықтық экономика

2. Экономиканың мемлекеттік секторын

3. Кәсіпорындар мен мекемелер.

4. Акционерлік қоғам
Лекция № 9
Тақырыбы: Отын –энергетика кешені

Жоспары:

1.Отын –энергетикалық кешенінің құрамы, құрылымы, маңызы

2.Мұнай және газ өнеркәсібі
Лекцияның мақсаты:

Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылыкқ жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық кездер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді. Еліміздің ОЭК-і - шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты сферасы. 1990 жылдары олар кешеннін барлық салаларында - мұнай, газ, көмір, электр энергетикасы салаларында жұмыс істей бастадығы қамтылды.
Лекция мәтіні:

1. Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді . Оның негізгі міндеті -халықты, шаруашылыктың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару (экспорт). ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.

Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылыкқ жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық кездер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді.

Сонымен қатар ОЭК - біздің еліміз үшін негізгі валюта «табушысы». Оның Қазақстан экспортындағы үлесі 3/5-тен астам.

Кешеннің табиғи негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Оған минералдық отын (мұнай, табиғи газ, көмір) мен су қоры (өзеннің құлама суының энергиясы) жатады. Біздің елімізде ядролық отынның (уран), жанғыш тақта тастың және таусылмайтын энергетикалық ресурстардың - Күн жөне жел энергиясының мол қазынасы бар.

Қазақстан отынның барланған ресурстары жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындарды алады


Қазақстандағы минералдық отын қоры


Минералдық отын

Қоры

Әлемдеі орны

Әлемдік қордағы үлес %

Көмір, млрд т


342

9

3.5

Мұнай, млрд т


41

12

2.3

Табиғи газ, трл м3









Олар экономиканы көптеген онжылдықтарға толық қамтама­сыз етуге жетеді.

Отынның әр түрінің жылу шығару қасиеті бірдей емес. Олар­ды салыстыру үшін шартты отын деген арнаулы түсінік енгізілген. 1 кг шартты отынның жану жылуы 7000 килокалорияға (кКал) немесе 29 мегаджоулге (мДж) тең. Соған байланысты 1 тонна көмірді 1 тонна шартты отынға (т.о.), мұнайды - 1,5 т ш.о., коңыр көмірді - 0,4 т ш.о., жанғыш тақта тасты 0,3 т ш.о., ал 1000 м3 табиғи газды - 1,5 т. ш.о. теңестіреді. Есептеу арқылы 1 г ш.о. орташа алғанда, 2000 кВт сағ электр энергиясына тең.

Отын-энергетика балансы - отынның әр түрлері мен өндірілген энергияның шығарылуы (кіріс) мен пайдаланылуының (шығыс) арақатынасы.

Қазақстандағы энергоресурстарды пайдалану жылдан жылға өсуде. Оның құрылымы да өзгерді: табиғи газ бен мүнайдың үлесі көбейді. Бірақ өзірге негізгі энергия көзі көмір болып саналады.

Еліміздің ОЭК-і - шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты сферасы. 1990 жылдары олар кешеннін барлық салаларында - мұнай, газ, көмір, электр энергетикасы салаларында жұмыс істей бастады.

Бұл қазақстандық кен орындарының ірі аумақты және өте күрделі болуымен байланысты. Оларды игеру үшін республикада қажетті технология мен қаржы болмады. Атақты фирмаларға да ондай кен орындарын бір өздері игеру күрделі болып келеді. Сондықтан олар уакытша келісімдер (консорциумдар) жасайды.



2. Мұнай өнеркәсібі. Мүнай өнеркәсібі отын өнеркөсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайдан 300 түрлі өнімнің түрін алады: ең қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын жене хи­мия өнеркөсібіндегі полимер материалдарының негізгі шикізаты.

Қазақстандағы мұнай өнеркөсібі XIX ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылды.



1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан бөлме температурасының өзінде илене бастайды. Бұл кеніштердің мұнайын тасымалдау қиын, сондықтан да дүние жүзінде алғашқы болып қыздырылып отыратын мұнай құбыры салынды.

1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады. Кейінірек мұнайды тереңірек қабаттардан тұз тұнбаларының астынан (Кеңкияқ және Жаңажол) және алып Қарашығанақ, Теңіз мұнай кен орындарынан ашылды. Теңіз мұнайы құрамында улы күкіртті сутек қоспалары көбірек кездеседі, сондықтан да оны арнайы тазартып, күкіртті сутекті бөліп алып одан күкірт алады. Ал бөліп алынған күкірттен күкірт қышқылын және мұнай химиясына қажетті өнімдер алады. Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарындағы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып - одан конденсат алады. Газды конденсат - химияда таптырмайтын шикізаттың бірі, одан синтетикалық каучук алынады.

1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы - Оңтүстік Торғай ашылды. Ірі кен орны Құмкөл. Құмкөл мұнайы тез қатады және құрамында табиғи газ бар.

1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды.

«Қазақстан Каспийшельф» компаниясы Каспий теңізінің Солтүстігіндегі қайраңнан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында. Мұнайының құрамы Теңіз кен орнының мұнайына ұқсас.

Мұнайды республикамыздың әр түрлі аймақтарында пайдаланады және экспортқа шығарылады. Мұнай тасымалдауда құбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см құбыр жылына 20 млн тон­на өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атырау-Орск, Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу, Қарашығанақ-Атырау. Салынып жатқан ірі мұнай құбырының бірі Атасу-Алашаңкай (Қытай).

Мемлекетімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және Қарашығанақ кен орнында жақында салынған отын өндіруші зауыт бар.

Тұз тұнбаларынан тұратын кен орнындағы мұнайды өндіру біршама қиын. Оның тереңдігі 4-6 км болғанымен өте жоғары қысымды болып келеді. Оны өндіретін құрал-жабдықтар мұнай құрамында күкіртті сутектің көп болуынан тез жарамсыз болып қалады. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон Тексако» (Теңіз) КПО консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың «Петро-Қазақстан» компания­сы Құмкөл мұнайын игеруде. Қазакстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы «Қазмұнайгаз».

Мұнай өндірудің жылдам және қарқынды дамуы елімізде жеке танкерлер флотының пайда болуына әсер етті. «Астана» жене «Алматы» танкерлері теңіз арқылы Ресей жөне Әзірбайжан порттарына Қазақстанның мұнайларын жеткізуде.



Газ өнеркөсібі мұнай өнеркөсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабынан басталды. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қарашығанақ республикамыздағы газ өнеркәсібінің өркендеуін жеделдетіп экспортқа шығаруға мүмкіншілік берді. Отынның ішінде газ - жоғары қуаттылығы бар, салыстырмалы түрде арзан және тасымалдауға қолайлы. Сонымен бірге хи­мия өнеркәсібінің құнды шикізатының бірі. Оны - пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук, азот тыңайтқышын шығаруда қолданады. Халықтың үй тұрмысында отынмен қамтамасыз етуде рөлі жоғары.

Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.

Қазір республикамыз ілеспе газбен бірге табиғи газды да өндіруде. Оны негізінен газконденсат және газ кен орындары береді. Сондықтан да газ өнеркәсібінің географиялық таралуы мұнай өнеркәсібінің таралуымен парапар. Батыс Қазақстан - бұл өнеркәсіптегі жетекші облыс. Өндірілген шикі газ құрамында су, сұйық көмір сутегі, күкіртті сутек кездеседі. Сол себепті де алғашқы кезде газ өңдеу зауыттарында өңдеуден өткізіледі. Өңделген газ сол күйінде еліміздегі немесе шет елдердегі тұтынушыларға жеткізіледі. Газдың біраз бөлігі жоғары қысыммен арнайы ұңғыма арқылы мұнай қабатына жіберіледі. Мұндай әдіс мұнайды өндіруді жеңілдетеді.

Мемлекетіміздегі өндірілген газдың көлемі тұтынылатын газдың көлемінен артық. Бірақ мемлекет ішінде газбен қамтамасыз етілу толық дамымаған.

Табиғи газ еліміздің 9 облысына ғана жеткізілген. Қалған облыстар МӨЗ-ы өндірген сұйық (ерітілген) газды пайдалануда. Бұл жағдайлар тасымалдаушы газ құбырларының жоқ болуынан. Газ құбырларының жалпы ұзындығы, мұнай құбырларынан да ұзын (10000 км-ден де жоғары). Оның негізгі бөлігі транзитті газ қүбырлары Орта Азия - Орталық (ОАО) және Бұхара-Орал. Осы құбырлар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстанның газы Ресейге, Украйнаға, басқа елдерге жеткізіледі. Тек қана Бұхара-Алматы газ құбыры Қазақстанның оңтүстік аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Республикамыздағы өзекті мәселенің бірі бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.
Бақылау сұрақтары:

1.Минералдық отын түрлері

2. Қазақстан отынның барланған ресурстары

3. Мұнай өнеркәсібі отын өнеркөсібіндегі жетекші ролі

4. 1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы

5. Табиғи газ еліміздің қанша облысына ғана жеткізілген


Лекция №10

Тақырыбы: Электрэнергетика шаруашылығы

Жоспары:

1.Электр энергетикасы

2.Көмір өнеркәсібі
Лекцияның мақсаты:
Электр энергиясын кез келген жерге жоғары вольтты электр жеткізу желісімен тасымалданады (ЭЖЖ). Белгілі бір ауданға қаншалықты қажет болса, соншалықты электр энергиясын жеткізе аладығы. Сондықтан да жылу электр энергиясын отынға және тұтынушыға жақын орналастырады.

ЖЭО - жылуды 20-25 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан қалаларда орналастырады. Электр станцияның келесі типі - су электр станциясы республикамыздағы электр энергиясының өндіреді.

Су электр станциясы - ең арзан электр энергиясын өндіреді. Яғни ағынды судың энергиясына адамның әсер етуінің қажеті жок. Отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі екендігін қамтамасыз етілді.
Лекция мәтіні:

1.Өндірілетін отын түлеінің көптеген бөлгі электр энергиясын және жылуды бөліп шығару үшін электр энергетикада пайдаланылады. Энергияның басқа түріне қарағанда электр энергиясының көптеген қолайлы жақтары бар

Біріншісі конденсациялы тек қана электр энергиясын өндіреді. Бұндай станциялар электр энергиясымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан да оларды аудандық электр станциялары дейді (МАЭС). Электр энергиясын өндіруде олар негізгі орындардың бірін алады. ЖЭС-дың жалпы қуатының жартысынан астамы қуаттылығы 1 млн кВт сағаттан артық электр станцияларында жинақталған.

Жылу электр станцияларының келесі түрі жылу электр орталығы (ЖЭО).

Бұл жерде электр энергиясымен жылуды өндіру жинақталған. Станцияның бұндай түрі отынды пайдалану коэффициентін кон­денсациялы станцияға қарағанда екі есеге ұлғайтады. ЖЭО - жы­луды (бу және ыстық су күйінде) мекемелер мен түрғын үйлерге орталықтан бөліп жіберіп отырады.

Су электр станцияларына қарағанда жылу электр станцияларының өзіндік қолайлы жақтары бар. Аз шығынданып СЭС-на қарағанда 3-4 есе тез салынады. Электр энергиясын жыл бойы бірқалыпты өндіреді. Бірақ өндірілген энергияның өзіндік құны су электр стан­циясы өндірген энергияға қарағанда біршама жоғары. Жылу электр станциялары шамадан тыс көміркышқыл газын бөліп шығаратындықтан қоршаған ортаны ластауда жетекші орындардың бірінде.

Электр энергиясын кез келген жерге жоғары вольтты электр жеткізу желісімен тасымалданады (ЭЖЖ). Белгілі бір ауданға қаншалықты қажет болса, соншалықты электр энергиясын жеткізе алады. Сондықтан да жылу электр энергиясын отынға және тұтынушыға жақын орналастырады.

ЖЭО - жылуды 20-25 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан қалаларда орналастырады. Электр станцияның келесі типі - су электр станциясы республикамыздағы электр энергиясының 15%-ын өндіреді.

Су электр станциясы - ең арзан электр энергиясын өндіреді. Яғни ағынды судың энергиясына адамның әсер етуінің қажеті жок. Отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі.

Су электр станцияларындағы қызметшілер саны жылу электр станцияларына қарағанда екі есе аз. СЭС-ның турбиналарын уақытша тоқтатып, қажет кезде қайта қосуға болады. Экологиялық тұрғыдан алғанда ауаға лас заттарды бөліп шығармайды, бірақ айналасының ландшафтысын белгілі бір деңгейде өзгертеді.

Су электр станциясын салу жылу электр станциясына қараған­да ұзаққа созылады және қымбатқа түседі. Электр энергиясын жыл бойы бір қалыпты өндірмейді (не себепті), сонымен бірге тек қана су қоймасы толғаннан кейін өндіреді. Су электр станциялары өзендерде салынатындықтан, табиғат жағдайына тәуелді. Кейбір жағдайларда бір өзеннің бойында бірнеше СЭС-ын немесе каскад СЭС-ын орналастырады.

Каскадтар судың ағысына қарай жоғарыдан төмен сатылап орналасып, судағы энергияны толығымен өндіріп алуға арналып салынған. Кемелерді өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге отырып су торабын құрайды (Гидроузел). Су торабы шаруашылық мұқтаждығын кешенді түрде шешуге мүмкіншілік береді.

Су торабын салу экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тигізетін зияны да бар. Үлкен аймақты су басуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарды басқа жаққа коныстандыру үшін қомақты қаржы қажет болады.

Республикамызда электр станциясының үшінші типі атом электр станциясы Ақтау қаласында салынған. Станция шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін дүние жүзіндегі бірінші АЭС 1973 жылы іске қосылды. Станция электр энергиясымен бірге тұзды Каспий теңізінің суын тұщыландыруға да арналған. Жұмыс жасау уақыты межеленген кезден өтіп кеткендіктен 2002 жылы жүмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда станцияны біртіндеп бөлшектеп жатыр. Суды тұщыландыратын қондырғыны газбен жұмыс істеуге ауыстырған. АЭС-ның тиімді жақтары көп. Отынды аз пайдаланады, атомдық отынды тасымалдау оңай болғандықтан кез келген жерде салуға болады.

Біздің елімізде АЭС-ын салу әзірге келешекке қалдырылды .

Республикамызда параллельді екі энергия жүйесі қалыптасты. Оның біреуі Солтүстікте, екіншісі Оңтүстікте. Ұзақ уақытқа дейін екі жүйе бір-бірімен электр желісі арқылы байланыспаған болатын. Бұл болса мемлекетіміздің экономикасына кері әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан аймақтарында электр энергиясының жетіспеуінен көршілес елдерден сатып алуға тура келеді. Керісінше Павлодар облысында электр энергиясының артық мөлшерде өндірілуінен кейбір уақыттарда МАЭС турбиналарын тоқтатып коятын уақытта болды.

1997 жылы өте жоғары электр жеткізу желісі іске қосылып (ЭЖЖ), екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни қазір (жеке) Қазақстан энергия жуйесі қалыптасты. Бірақ республикамыздың барлық аумағын қамти қойған жоқ. Жеке энергия жүйесі Маңғыстау облысында болса, қалған Батыс Қазақстан аймағы Ресейдің энер­гия жүйесімен байланысады.

Республикамыздағы энергия жүйесін дамыту әлі күнге дейін жалғасуда. «Солтүстік-оңтүстік» ірі (ЭЖЖ) электр жеткізу желісі салынуда. Сонымен бірге екі СЭС құрылысы көзделуде. Оның бірі Мойнақ, Шарын өзені бойында және Іле өзені бойында Кербүлақ су электр станциялары болса, жоңғар қақпасында жел электр станциясын салу жоспарлануда.



2. Көмір өнеркәсібі. Соңғы жылдардағы мұнай және газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығына қарамастан, пайдаланатын отынның 3/5 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді. Көмір - металлургияда, электр энергетикада, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта пайдаланады. Шикізат ретінде химия өнеркәсібінде қолданылады. Кокстелетін көмірден кокс алу барысында газ және шайыр бөлініп шығып, азот тыңайтқышын, пластмасса, синтетикалық талшық, бояғыштар жасауда қоспа ретінде колданылады.

Қазақстан Республикасы көмір ресурсымен толық қамтамасыз етілген мемлекеттердің қатарына жатады. Республикамыздағы көмірдің геологиялық қоры 162 млрд т. Қазіргі деңгеймен өндіріп отырсақ 200 жылдан астам уақытқа жетеді. Мемлекетіміздегі көмір өнеркөсібі XIX ғасырдың орта кезеңінен бастап қолға алына бастады. Алғашында Қарағандыда, кейінірек Екібастұзда және Шығыс аймақтарда игеріле бастады. 1930 жылы алғашқы болып Қарағанды көмір алабы игеріліп, сол кездегі КСРО мемлекетінің үшінші ірі көмір алабына айналды. 1950 жылдың орта кезеңінен бастап Екібастұз көмір алабы игеріле бастады. 20 жылдың ішінде өндіріс көлемі жағынан Карағанды көмір алабын басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір базамызға айналды. Өткен ғасырдың 80-жылдарында жаңа кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл және Се­мей полигоны жабылған соң Қаражыра игеріле бастады. Бұл көмір алаптары көмір өндірісін екі есеге дейін ұлғайтты. 1990 жылдарда болған экономикалық дағдарыстан кейін көмір өнеркәсібі қайта-дан жанданып өндіріс көлемі көбеюде.

Қазіргі кезде республикамызда 15 көмір кен орындары мен алаптары игерілуде. Олардың экономикамызға тигізер пайдасы біркелкі емес. Яғни көмірдің корына, сапасына, жату тереңдігіне, тасымалдануға колайлы, колайсыздығына байланысты.

Қарағанды көмір алабы - Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір екендігімен қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте пайдаланылады. Біраз бөлігі электр энергиясын алу үшін электр станцияларында энергетика льщ отын ретінде пайдаланыла­ды. Көмір кабатының калыңдығы 1,5-15 метр, бірақ теренде орналаскан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр.

Сондықтанда жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады (1 тоннасы 17 АҚІП доллары).



Екібастуз көмір алабы (Кен орны) шеткеректе орналасқанымен мемлекетіміздің көптеген өнеркәсіп аудандарымен темір жол арқылы байланысқан. Бұл да тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%) сапасы темен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі, көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіреді. Соған сай өндіру құны арзан больш келеді. Ашық әдіспен өте мықты Роторлы экскаватормен қазып алады. Екібастүз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең арзан кемір (1 тоннасы - 5 АҚІП доллары). Соның нәтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде жене Ресейде ірі электр станциялары (Орал жене Омск) салынған. Қазіргі күндері Екібастүз көмірінің географиялық аумағы кеңейіп, Қазақстанның Оңтүстігі мен көршілес Қырғызстан республикалары да пайдалануда.

Екібастұздан Оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы кездеседі. Көмірі төмен сапалы, бірақ күлі аз, құрамында күкірті аз. Бүл көмірді байытуға, брикеттеуге, сонымен бірге ұзақ уақытқа сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға таптырмайтын көмір түрі. Сонымен бірге электр станцияларында да пайдалануға болады. Майкүбі көмірін Екібастүз көмірі сияқты ашық әдіспен өндіреді. Қазақстандағы өзіндік құны арзан көмірлердің бірі.


Бақылау сұрақтары:

1.Жылу электр орталығы

2. Су электр станциясы

3. Атом электр станциясы

4. Республикамыздағы энергия жүйесін дамыту
Лекция №11

Тақырыбы: Металлургия өнеркәсібі

Жоспары:

1.Металлургия кешені. Қара металлургия

2.Түсті металлургия
Лекцияның мақсаты:
Металлургия кешенінің құрамы мен ерекшеліктері. Қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі негізгі өндіріс құралдары металдан жасалғандығы, сондықтан, металл өндіретін салалардың үлкен шаруашылық маңызы барлығы, Тығыз байланыстар арқылы олар біртұтас металлургия кешенін құрайдығы, металдар мен олардың қорытпаларын шығарадығы айтылады. Қара металдар (темір) жәәне түсті (барлық қалған металдардың түрлері) және соған байланысты, - қара және түсті металлургияға белінеді.
Лекция мәтіні:

1. Екі салааралық кешендер (металлургиялық және химиялық) мен екі өнеркәсіп салалары (құрылыс материалдары және ағаш) шикізатты конструкциялық материалдарға айналдырады. Дайын өнім шығару мен кұрылыста колданылатын материалдар конструкциялық материалдар деп аталады.

Қазіргі заманғы техника берік әрі әр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан, олардың түрлері үнемі молайып отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың, темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар қазіргі технологиялық процестерге тән жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келді. Сапалы құрыш (қоспалық металдар - хром, марганец қосылған), жеңіл металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді.

Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын - шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар - табиғи қорлардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.

Елдің бір тұрғынына есептегенде жылына 20 т пайдалы қазба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтары 17 млрд т. асады, яғни әр қазақстандыққа 1200 т. келеді.

Металлургия кешені: құрамы мен ерекшеліктері. Қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі негізгі өндіріс құралдары металдан жасалған. Сондықтан, металл өндіретін салалардың үлкен шаруашылық маңызы бар. Тығыз байланыстар арқылы олар біртұтас металлургия кешенін құрайды. Бұл кешен металдар мен олардың қорытпаларын шығарады. Қара металдар (темір) жәәне түсті (барлық қалған металдардың түрлері) және соған байланысты, - қара және түсті металлургияға белінеді.

Қазақстанда алынатын металдардың 90% үлес салмағын темір қорытпалары, яғни қара металдар құрайды. Түсті металдардың өзіндік ерекше қасиеттері бар. Олар өнеркәсіпте, басқа салаларда кеңінен қолданылады және дүниежүзілік саудадағы үлес салмағы мол. Сондықтан, қара металлургия сияқты, түсті металлургияның да еліміздің экономикасы үшін маңызы зор.

2004 ж. Қазақстан металлургиясында балқытылған металдар:



қара металдар: болат -5 млн 388 мың т

түсті металдар: мыс- 445 мың т.,мырыш- 317 мың т., қорғасын-157 мың т., титан-17 мың т., күміс-733 т.,алтын- 9,6 т

Металлургия - Қазақстан өнеркәсібінде жұмысшылар саны жөнінен бірінші (27%) және өнім құны жөнінен екінші (39%) салааралық кешен. Ол басқа кешендерді металмен, құбырлармен, шикізатпен жабдықтап, оның орнына отын мен электр энергиясын, машина мен құрал-жабдык, химиялық және ағаш материалдарын алады. Темір жол көлігімен тасымалдауда металдар мен кендер тек отынға ғана жол береді. Экспорттағы олардың үлесі 1/4-ден асады.



Қара металлургия: Қара металлургия ең жаппай қолданылатын конструкциялық материал — болат шығарады. Оны негізінде шойыннан алады.

Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Көміртегінің жоғары мөлшеріне байланысты шойын морт, осал болып келеді. Ал өндіріске соғуға, июге және тегістеуге жарамды пластикалық (иілгііп) материал қажет. Сондықтан, шойынның көп бөлігін болатқа айналдырады.

Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды (коксті) кокстелетін тас көмірден алады. Ал негізгі шикізат темір кені болып табылады.

Біздің еліміздегі кокстелетін көмір қоры әлі де 600 жылға, ал темір кені (әлемде 8-орында) - 800 жылға жетеді. Темір кені шикізатының 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Кеннің барлығына жуығын 3 кен байыту комбинаттары (КБК) өндіреді: ТМД-дағы ең ірі Соколов-Сарыбай (Рудный қаласы), Лисаков және Қаражал комбинаттары .

Болат өндіру екі қайта қолданылымнан тұрады: 1) темір кенін домна пештерінде шойын алу ; 2) сұйық шойыннан конверторларда болат алу.

Болатты қалыптарға құяды. Олардан алынған салмағы 5-7 т. болатын құймаларды прокат машиналарының (орнақтың) айнальш тұратын біліктерінің арасымен өткізіп, әр түрлі прокат алады .

Шойынды, болатты және прокатты жекелей шығаруға да болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында - комбинатта біріктіру үнемдірек болып келеді. Өндірістің аталған үш сатысын да біріктіретін өндірісті (шойын, болат және прокат алу) толық циклді металлургия комбинаты деп атайды.

Құрамдастыру технологиялық процестердің үздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, дайын өнімді алуды жылдамдатады, көлік шығынын азайтады.

Қара металлургия - Қазақстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенінің жартысы, балқытылған ферроқорытпалардың 3/4-і мен прокаттың 90%-ы іпет елдерге жіберіледі. Бұл өнімдерді негізгі сатып алушылар — Ресей, Қытай және Еуропа елдері.

2. Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндірді.Олардың балығы қосылып түсті металлурия құрайды.

Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдалана бастады. Ғылыми –техникалық революцияның нәтежиесінде олар кеңінен қолданысқа түсті.

Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады жөне әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы, алюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының металы» болып саналады.

Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы FTP дәуірінде пайда болды.

Түсті металдар өздерінің «салмақ дәрежелері» бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, родий мен цезийдің әлемдік деңгейдегі қорытпалары ондаған килограммен өлшенсе, мыс пен алюминий миллиондаған тоннамен шығарылады.

Біздің еліміздің аумағында адамдар металл балқытуды қола дәуірінің өзінде бастаған болатын. Металлургияның «екінші дүниеге келуі» Кенді Алтайда полиметалл кендерін XVIII ғ өндіре бастаған кезге сәйкес келеді. Бірақ, түсті металлургия өнеркөсіп саласы ретінде кеңес уақытында құрылды. Әсіресе, мыс, қорғасын - мырыш, алюминий және титан-магний өнеркәсіптері жылдам дамыды. Республика Кеңес Одағының түсті металлургиясының ірі базасына айналды.

Егемендік алған жылдарда жаңа өндірістер мен тұтас зауыттар пайда болды, мысалы, Балқаш мырыш зауыты. Қазакстанның түсті металлургиясы біздің еліміздің өнеркәсібі мен әлемдік түсті металлургиядағы алдыңғы орнын сақтап қалды.

Ауыр және жеңіл металдар металлургияларын орналастырудың үлкен айырмашылықтары бар. Бұлардың кендері мен алу технологияларының ерекшеліктеріне байланысты.
Бақылау сұрақтары:

1. конструкциялық материалдар деп аталады.

2. Сапалы құрыш металдарға қайсы металдар жатады

3.Жеңіл металдарға жататын металдар

4.Полимерлерге не жатады

5. Шойыннан не алады

6. Толық циклді металлургия комбинаты деп нені атайды.

Лекция №12

Тақырыбы: Металлургия өнеркәсібі

Жоспары:

1.Ауыр түсті металдар металлургиясы

2.Жеңіл түсті металдар металлургиясы
Лекцияның мақсаты:

Ауыр металдар өндірісінің шикізат көздеріне бейімделуін,ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келетіндігі, ауыр металдардың ерекшелігін, елімізде ауыр түсті металдарды 2 сала - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарадығын қарастырады. Еліміздегі полиметалл өндірісінің басты аудандарын олардан қандай металдар шығаратынын қамтып айтылады..


Лекция мәтіні:
1. Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бейімделу. Ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа тағы да 14 түрлі өнім алынады.

Ауыр металдарға күкірт ілесіп жүреді. Оның кендегі мөлшері 40%-ға дейін жетеді (Шығыс Қазақстандағы Николаев кен орны). Балқыту кезінде улы күкірті газ пайда болады. Газды бөліп алып, оны күкірт қышқылына айналдырады. Бұның қоршаған ортаға тигізер зияндық әсері мол.

Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі - құрамында пайдалы компонентердің аз болуы . Сондықтан, балңы-ту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл - оларды орналастырудағы негізгі принцип.

Осыған орай түсті, ауыр, сирек кездесетін және басқа да металдар металлургиясын ажыратуға болады.

Ондай кендерді байыту үшін, әр компонентті біртіндеп ала отырып, көп кезеңді флотация қолданады. Концентратты арнаулы пештерде балқытып, тазартылмаған металл алады. Оны рафинадтап (зиянды қоспалардан тазартып), прокат түрінде машина жасауда пайдаланады.,

Біздің елімізде ауыр түсті металдарды 2 сала - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады.

Концентраттағы металдың аз мөлшері (20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің зауыттары шикізатқа таяу салынады. «Қызыл металдың» қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, бірақ ең үлкендері Орталық пен Шығыста, Бұл жерлерде ең алғашқы мыс балқыту зауыттары салынған .

Қазіргі кезде мыс өндірісі саласын 2 кен-металлургиялық ком-бинаттары (КМК) - Жезқазған жөне Балкаш айқындайды. Екі өнеркәсіпте де мыс алудың барлық сатылары бар .

Саланың басты орталығын Қ. И. Сәтбаев «Қазақстан маржаны» деп атаған Жезқазған кенді ауданы Жезқазган КБК-ның шикізат базасы болып табылады. Ішіндегі негізгісі - қоры жөнінен елемдегі ірілердің бірі болып табылатын - Жезқазған кенорны. Бірақ оның кені бай емес (мыстың мөлшері 1%-дай ғана). Комбинат рафинадталған мыс, кабель үшін мыс сымын («қаттама»), қымбат және сирек металдар, күкірт қышкылын шығарады.

Сонымен қатар оның құрамына шахталар мен карьерлер, 3 байыту фабрикасы кіреді. Комбинат кеннен барлық пайдалы заттардын, 95%-ын шығара отырып, 12 компонент ала алады.

БалқашКБК-ын алғашында Қоңырат пен Саяқ кенорындарының концентраты қамтамасызіетті. Олардың қоры әлі де мол. Бірақ, қоры мол кендер алынып) қойылған. Ал қоры аз кен орындары қажетті металл мөлшерін бере алмайды. Комбинатты жұмыс істету үшін, жаңа кен орындары ашылуда (Нұрқазған және т.б). Шикізат Қазақстанның басқа аймақтарынан тасымалданады.

Балқашта да Жезқазғандағы сияқты негізгі өнімдер — рафинадталған мыс. Бірақ мұнда «түсті» прокат қорытпаларынын, (жез, қола), рафинадталған бағалы металдардың үлкен өндірісі бар.

Мыс рудасын Қазақстанньщ Шығысында көп өндіреді. Кенді Ал-тайдағы кен орындары (Николаев, Белоусовка, Березов, Ертіс) Балқаш КБК-ына қолдау көрсету үшін 2002 жылы жабылған Глубокое мыс балқыту зауытын қамтамасыз етіп келген болатын.

Қорғасын - мырыш өнеркәсібінде концентраттың құрамында металл кебірек болады (45-65%). Олар тасымалдауға қолайлы, сондықтан өзінің негізгі жеткізуіпілері - Орлов және Николаев кенорындарынан алыста болса да Балқашта мырыш зауыты салынды.

Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің шикізат базасына ортақ - полиметалл кендері. Ұзақ уақыт бойы олардын, қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, корғасын көп. Мұнда тек корғасын шығарылады.

Біздің еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер және Өскемен. Олардың арасында өзіндік «еңбек бөлінісі» қалыптасқан. Концентраттар Зырянда шығарылып, мырыш энергияны көп қажет ететіндіктен, Өскеменде өңделеді. Оны Өскемен СЭС-ның арзан энергиясына байланысты орналастырған. Бірақ, ол қорғасын өндірісімен құрамдастырылған. Бұл шикізатты кешенді пайдалануға мүмкіндік береді. Одан 30 түрлідей өнім алынады. Оның көлемі, әтүрлілігі мен сапасы жөнінен Өскемен қоғасын -мырыш комбинаты (қазіргі «Қазмырыш» АҚ металлургиялық кешені) саланың жетекші кәсіпорны болып табылады. Оның мамандануы - «өндірістің жоғарғы қабаттары» яғни металл, қорытпа құю және прокат шығару.

Комбинатта таза күйінде (99,6%-дан 99,999%-ға дейін) 10 металл алынады (мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, индий, таллий, селен, теллур, алтын, күміс). Сонымен бірге қорғасын мен мырыш негізіндегі қорытпалар, қорғасын құбырлары мен прокат, ал қалдық газдардан - күкірт қышқылы өндіріледі.

Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркөсібінің барлық кезеңдері -кенді өндіруден бастап, металл және қорытпа алуға дейінгі кезендері түгел бар. Бұл орталықтың тағы бір «мамандығы» - алтын өндіру. Шығыс Қазақстанда алынатын алтынның 1/2-ін Риддер береді.

Еліміздің, Оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы -Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған. Шымкент қорғасын зауыты тасылып әкелінетін шикізат негізінде жұмыс істейді, ол қорғасын мен мырыш прокатын шығаруға маманданған.

2. Ауыр металдаға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы комноненттер көп болады.

Бірақ оны өңдеуге орасан көп мөлшерге электр энергиясы қажет. Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий мен титан-магний өнеркәсіптері өндіреді.

Алюминийді «қанатты» металл деп атайды. Жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады.

Оны алатын шикізат құрамында алмюминий тотығы (глинозем) бар боксит. Оның қорымен еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген.

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең — бокситтен алюминий оксидін алу — материалды көп қажет ететіндіктен (1 т дайын өнімге 5 т кен), әдетте, шикізат көзіне таяу орналасады. Ол көп мөлшерде су мен жылу энергиясын қажет етеді. Сондьқтан, алюминий оксиді зауыты Аркалықта емес, Павлодарда салынған. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) -«Әлемдегі ірі зауыттардың бірі. Ол жылына 1,5 млн т алюминий оксидін шығарады. Әзірге барлық өнім экспортқа шығарылады.

Екінші энергияны көп қажет ететін кезең - алюминий оксиді- алюминий алу - Павлодарда АҢСУ МАЭС-інің арзан электр энергиясына бағытталып салынуда. Ол елімізді «қанатты» металмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Титан жеңіл, өте берік, жемірілімге төзімді металл. 10 жыл бойы теңіз суында жатқан титан табақшасының ешбір өзгеріссіз калғандығы туралы дерек белгілі. Титаннан реактивті ұшақтардың двигателдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардын, кораптары мен химиялық құрал-жабдыктар шығарады

Металды титан кендерінен (құмнан) алады. Біздің елімізде оның мол қоры бар. Олар Қазақстанның барлық жерлерінде, әсіресе Батыс пен Шығыста көп кездеседі. Осыған қарамастан, көп уақыт бойы титанды тасымалданып әкелінетін шикізаттан алды. Қазір өзіндік шикізат базасы жасалуда. Үш кенорны игеріліп, Сәтбаев байыту фабрикасының концентраты қазірдің өзінде өңделуде.

Алюминий өнеркәсібінің бір айырмашылығы, еліміздің титан-магний өнеркәсібінде өндірістің барлық сатылары қалыптасқан. Титанды магниймен тотықсыздандырады. Сондықтан, осы металдар өндірісін бір кәсіпорында - комбинатта біріктіреді. Титан-магний комбинаты Өскемен қаласында жұмыс істейді. Ол - әлемдегі өзі сияқты кәсіпорындардың ішінде қуаты жағынан ең ірісі. Комбинаттың ең негізгісіне - титан өндіру жатады .

Магний өндірісі көбінесе негізгі өнім алуға бағытталған. Бірак, ол дайын өнім - магнийді де шығарады.

Магниймен басқа металдарды да (мысалы, хром, берилий) тотықсыз-дандырады. Оның жеңіл әрі берік қорытпаларын ракета, ұшақ және аспап жасауда қолданады. Магнийді күшті жасанды жарық көзі ретінде фотография мен пиротехникада (фейерверктер мен «бенгал шамдарына» және т.б.) пайдаланады.

Бағалы және сирек кездесетін металдар.Қазақстандағы түсті металлургияның маңызды салалары - бағалы және сирек кездесетін металдар өндірісі.



Алтынды Батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Оны жеке кендер мен ауыр металдармен серіктес ретінде алып, Өскемен мен Балқашта рафинадтайды. Барлық күмісті серіктес күйінде алады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кенорны береді.

Қазақстан кәсіпорындары сирек кездесетін металдардан ванадий, галлий, гафний, германий, индий, ниобий, рений, таллий және т.б. өндіреді. Бұлардың барлығын да серіктес түрінде алады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты сияқты арнаулы маманданған кәсіпорындар да бар. АЭС-на отынмен бірге ол тантал, бериллий, ниобий, қорытпаларын (мысалы, бериллий қоласын, феррониобий) шығарады.

Қазақстанның металлургия базалары. Еліміздің аумағында металлургиялық кәсіпорындар топталып орналасқан. Ортак шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды.

Қазақстанда үш металлургия базасы бар . Олар пайда болған уақыты, өндіріс қуаты, шикізатпен, отын және электр энергиясымен қамтамасыз етілуі жөнінен ерекшеленеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Ауыр металдарға не ілесіп жүреді

2. Біздің елімізде ауыр түсті металдарды қанша салаға бөледі

3. Алюминийді қандай металл деп атайды

4. Алюминий өндіру неше кезеңнен тұрады

5. Біздің еліміздегі полиметалл өндірісінің басты аудандарын ата


Лекция № 13

Тақырыбы: Машина жасау өнеркәсібі

Жоспары:

1.Машина жасаудың экономикадағы ролі

2.Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы

Лекцияның мақсаты:

Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста боладығы, машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы. XX ғ. басында біздің елімізде машина жасау саласы болған жоқтығы тек шағын ме­талл өңдеу кәсіпорындары ғана жұмыс істедігі, машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылғандығы қарастырылды. Әзірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі - Өскемендегі «Азия-Авто» авто­мобиль құрастыру зауыты жұмыс істейді.Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 40-50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратындығы айтылды.

Машина жасаудың дамуына шет елдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар жағдай жасайды.
Лекция мәтіні:

1. Машина жасаудың экономикадағы рөлі. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген ондаған салалар кіреді:

1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдық шығару);

2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, маши­налар мен құрал-жабдықтарды жөндеу;

3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Машина жасау кешенінің маңызы - оның шаруашылықтың әр түрлі салаларына құралжабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер, теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен анықталады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан оның даму қарқыны ілгері болып, ша­руашылык құрылымындағы ұстанымы салмақты болуы тиіс.

Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол ОЭК өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ, ОЭК машина жасау дан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металлы пайдаланып, өзі оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы мен жоңкаларын) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалык талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнерксібінсіз мүмкін емес.

2. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы. XX ғ. басында біздің елімізде машина жасау саласы болған жоқ. Тек шағын ме­талл өңдеу кәсіпорындары ғана жұмыс істеді. Олар қарапайым еңбек құралдарын, үйге қажетті тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдар шығарды. Бұл кәсіпорындардың «ірі» өндірістегі үлесі 2%-ға да жетпейтін.

Соғысқа дейінгі уақытта республикада ірі механикалык зауыттар пайда болды. Бірақ оларда, негізінен, машиналар жөндеуден өткізіліп, металл өңделді.

Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдық (Алматы), автоматты пресс (қыспа) (Шымкент), рентген аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік двигательдерін (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда бол­ды. Олар Қазақстандағы машина жасаудың мамандануын айтарлықтай өзгертті.

Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Прибор жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады. Басқа салааралық кешендерді басып озып, ол өндірісте алдыңғы орынға шыкты.

1990 жылдардыц басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта қалып келді. КСРО-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші республика болды.

Бірақ кешеннің құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 бөлігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі метал конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын қорғаныс-өндірістік кешені (ҚӨК) құрады. Бұл кәсіпорындарда қазіргі кездегі жаңа құралжабдықтар мен ең жоғары маманданған жұмыскерлер шоғырланды.

Машина жасауда дайын өнім шығаратын зауыттар аз болды.

Көптеген кәсіпорындарда тетіктер мен түйіндер жасалынып, ал олардан машиналарды Қазақстаннан тысқары жерлерде шығарды. Республикаға қажетті машинаның 3/4 бөлігі шеттен тасымалданып әкелінді.



1990 жылдары машина жасау кешені, оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты, терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға қажетті өнім шығару міндеті түрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркөсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты өтудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.

Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты ПАМЖЗ КСРО кезінен орта қашықтықты зымыран шығарумен айналысты. Кеңес-американ келісімі бойынша мұндай қару шығаруға тыйым салынды. Қазір зауыт Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. ПАМЖЗ олар үшін техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, скважиналарды жөндеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Зауыттың әлуеті «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін құруға қатысуға мүмкіндік береді.

Көптеген ірі зауыттар дағдарыс кезінде ұсақ кәсіпорындарға бөлініп кетті. Жаңа өнімдерге сұраныс өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Сол себепті қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 2000-нан астам кәсіпорындар бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскерлер қызмет етеді. Бірақ кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 4%-ды ғана құрайды.

Оларға, ең алдымен, энергетикалық (мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар), металлургиялық, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттык әлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті -ел ішіндегі көптеген өндірістердің дамуына жағдай туғызу.

Әзірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі - Өскемендегі «Азия-Авто» авто­мобиль құрастыру зауыты. Қазірдің өзінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 40-50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.

Машина жасаудың дамуына шет елдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар жағдай жасайды. Мысалы, автомобиль жасау (Көкшетаудағы автобус құрастыру зауыты) мен трактор жасаудың (Семейдегі) дамуына ықпал ететін ресей-қазақстан «Қазакстан-КамАЗ» консорциумы құрылды.


Бақылау сұрақтары:

1. Машина жасау кешенінің құрылымы неше топқа біріктірілген

2. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы

3. Машина жасау кешені, оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуі нешінші жылдары болды.

4. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында қанша кәсіпорындар бар.

5. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың қанша пайызынын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.


Лекция №14

Тақырыбы: Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары

Жоспары:

1.Машина жасаудағы мамандану мен коопертивтендіру

2.Орналасу факторлары мен географиясы
Лекцияның мақсаты:
Маманданудың түрі барлығыашина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін жа­сау - аспаптар шығаруын, бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы барлығын, өнімдер бойынша мамандануды, машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес, оның тетіктерін шығарумен айналысадығы, ондай мамандануын қамтылады. Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Көптеген машиналар түрлерін шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек мөлшері қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар екендігін толық айтылды.

Лекция мәтіні:
1. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бүл — шығарылатын өнімдердің күрделілігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады.

Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер шығару және технологиялық түрлері бар.

Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трак­тор жасау - тракторлар, станок жасау - станоктар, аспаптар жа­сау - аспаптар шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы - трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды.

Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (ста­нок, автомобиль), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін, ал Талдықорғандағы - автокөлік үшін аккумуляторлар шығарады.

Машина жасау зауыттарының үшінші бір мамандану түрі -технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық сатыдан түрады. Бірінші саты - құю, соғу, немесе бастырмалау арқылы тетіктер даярлау. Екіншісі - тетіктерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - тетіктерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық ма­мандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша маман­дану болып табылады.

Мысалы, Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл технологиялық мамандануы болып саналады.

Машина жасауда кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ын-тымақтасусыз) мүмкін емес. Ол кез келген машинаның (автомобиль, станок, теледидар) көптеген әр түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұратынына байланысты. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты автомобиль аккумуляторларын Талдықорғаннан әкеледі. Қазақстандық «Поршень» (Алматы), Павлодар трактор зауыттары ресейлік «Алтайский ди­зель» (Барнаул) зауытымен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді. Алматылық зауыт Барнаулға тетіктер жіберсе, онда трактор двигательдерін құрастырып, оларды Павлодарға жеткізеді.

Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес, сала ішілік аумақты дамуымен ерекшеленеді.



2.Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Маманда­ну мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Оның барлық зауыттар үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындары үшін (мысалы, ав-томобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді.

Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металлы тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды ол­арды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мұндай фактор - тұтытыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдыктарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургияльқ құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Акмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады.

Көптеген машиналар түрлерін шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек мөлшері қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратын зауыттар да әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде орналастырған.

Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радио­электроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті көп қажет етуімен және күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен бірігіп жұмыс істеу кажет. Бұл салалар әрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар кұрастыру, компьютерлер мен басқа да күрделі техникалар шығаруға арналған технопарк жасалып жатқан Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.

Металды көп кажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады.

Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматыға (30%), Павлодар (12%) және Ақмола (11 %) облыстарында шоғырланған.


Бақылау сұрақтары:

1. Маманданудың қанша түрі бар

2. Бұйымдық мамандану нені білдіреді

3. Технологиялық мамандану дегеніміз не

4. Көліктік фактор дегеніміз не

5. Тұтытыну факторы деп нені атайды

6. Еңбек факторы дегеніміз не
Лекция №15

Тақырыбы: Химия және құрылыс материалдары өнеркәсібі

Жоспары:

1.Химия кешен

2.Химия өндірісінің географиясы

Лекцияның мақсаты:

Химияның салааралық байланыстары ауқымды. Оның өнімдері машина жасауда, металлургияда, жеңіл өнеркөсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, көлікте кездесетіндігі айтылады.. Химияның салааралық байланыстары ауқымды. Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына нелер жататындығы, химия кешеніне ірі салалар, кен- химия , негізгі химия, полимерлер химиясы, полимерлерді өңдеу, химия – фармацевтикалық толық пайдаланатын жерлерін қамтамасыз етіп жазылған.


Лекция мәтіні:
1. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда ол -жер бетіндегі барлық тірі организмдердің «қорғанышы».

Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркөсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы хи-микаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.

Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жәнінен дәстүрлік конструкциялык материалдардан да асып түседі; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (коксохимия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) кұрамдасады. Оларды кез келген жерде құруға болады. Бірақ, ол үнемі тиімді бола бермейді.

Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен колданылады. Жұмысшылар, мысалы, металлургияға қарағанда аз кажет. Сондықтан, химия зауыттарын аз қоныстанған жерлерде де сала береді.

Химия кешеніне 5 ірі сала: 1) кен- химия (минералдык шикізаттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру); 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералды тыңайтқыштар алу); 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшық; 4) полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия - фармацевтикалық (дәрі жасау).

Қазақстан «химиясының» құрылымы жетілмеген: онда полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Фармацевтика өнеркәсібі негізінен алғанда жаңадан қүрылуда.

2. Химия өндірісінің географиясы. Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған»- қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі үстап түр.

Күкірт қышқылын «қышқылдардың қышқылы», химия өнеркәсібінің «наны» деп атайды. Ол басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндіріс тұтынушыларға жақын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялық факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің құрамында болады. Күкірт қышқылын: 1)ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде -тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен қолданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқ, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қжет. Негізгі шикізат - хром кені.

Ақөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Біздің еліміздегі оның өнімдерін негізгі тұынушылар - түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде -АҚШ-тың, Ресейдің,Ұыбританияньщ кәіпорындары.



Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр энергиясын жұмсап, фосфориттен алады. Біздің елімізде фосфорит қоры жөнінен Актебе, әсіресе, Қаратау алаптары ерекшеленеді. Бірақ, энергияны көп қажет етуіне байланысты фосфорды Батыста емес, бұл үшін Жамбыл МАЭС-і салынғаннан кейін, Оңтүстік Шымкент пен Таразда шығара бастады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.

Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий жөне кешенді минералды тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Ақтау мен Степногорда фосфорлы уран кендерін кешенді өңдеу арқылы фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады.



Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болатындықтан оның өндірісін кез келген жерге орналастыруға болады. Ал сутегін алу көзі - табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетикалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастыра алады.

Сұйық пластмасса сіңіріліп, қатты тығыздалған жіңішке әйнек жіптерден пластикалық әйнек алынады. Олардың беріктілігі болаттан кем емес, бірақ одан едәуір жеңіл әрі жемірілімге төзімді.

Полиэтиленнен жасалған 1 т құбыр 5 т болат құбырды алмастыра алады, ал олардың қызмет етуі болатқа қарағанда 5 есе ұзақ (50 жыл).

Қазақстанда бүл саланың «жоғарғы өндіріс қабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды. Сондықтан, шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінің әлсіз тұсы болып есептеледі. Оның химиялық өнім қүнындағы үлесі (10%) экономикалық дамыған елдерге қарағанда 5-6 есе аз.

Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті, олардың өндірісі сумен жөне электр энергиясымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау мен Атырауда 2 пластмасса зауыты бар. Әзірге олар тасылып Әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Ақтау зауыты полистирол, ал Атырау зауыты -полиэтилен мен полипропилен шығарады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында, шикізат базасынан алыста Қостанайда химиялық талшықтар зауыты бой көтерген болатын. Соғыстан кейін ол ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығара бастады.

300-ден астам кәсіпорын пластмасса мен резеңкеден алынған өнімдерді полимерлік материалдарға өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада құрылған. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары - Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау).

Химия - фармацевтика өнеркәсібі басқа салаларға қарағанда жылдам дамуда. 100-ден астам оның кәсіпорындары елімізде қолданылатын дәрілердің 10%-ын береді (1990-3%). Ең үлкен «Химфарм» зауыты Шымкентте орналасқан. Ол Қазақстандағы дәрілік препараттардың 3/5 бөлігін шығарады. Ірі кәсіпорындар Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда жұмыс істейді.

Химия өнеркәсібі — экологиялық жағынан ең «лас» салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты.

Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті өзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.



Бақылау сұрақтары:

1. Химия өндірісіне тән ерекшеліктерді ата

2. Химия кешенінің ең ірі салалары

3. Қазақстанда жалғыз хром қосылыстары зауыты қайда орналасқан

4. Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі

5. Химия - фармацевтика өнеркәсібі қалай дамуда


Лекция №16

Тақырыбы: Құрылыс материалдар өнеркәсібі
Жоспары:

1.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

2.Орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері
Лекцияның мақсаты:
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің екі негізгі ерекшелігі барлығы, құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына жататындар,орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Бұл жеткілікті шикізат базасы жоқтығы, Қазақстандағы бірден-бір өнеркәсіп екендігі, орман еліміздің аумағының аз ғана бөлігінде барлығы қамтылып айта отырып осыған байланысты өнеркәсіптерддің Қазақстан аймағындағы өнеркәсіп жұмыстарын қамтылып айтылған.

Лекция мәтіні:
1. Бұл сала әр түрлі құрылыс материалдарын шығарады. Ол құрылыстың дамуына жағдай туғыза отырып, өсу қарқыны жөнінен оны басып озады.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің екі негізгі ерекшелігі бар: 1) ол тікелей құрылыспен байланысты; 2) оның негізгі шикізаты -кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (қиыршық тас, құм, саз, әктас, құрылыс тасы) барлық жерде кездеседі. Салыстырмалы түрде алғанда оны өндіру арзанға түседі. Дегенмен, сирек кездесетін асбест, ұлутас секілді құрылыстық пайдалы қазбалар да бар.

Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр энергетикасының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына: 1) минералдық шикізат өндіру; 2) ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент, әктас, гипс) және 3) үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон, темірбетон, кірпіш).

Шикізатты көп мөлшерде қажет ететін ұстастыратын материалдар өндірісі шикізат базаларына жақын орналасады. Қабырғалық материалдар шығаратын кәсіпорындардың орналасуы өнімнің тасымалдауға жарамдылығына байланысты. Олар шикізатқа (кірпіш шығару) немесе тұтынушыға (бетон және темір-бетон өндірісі) бағытталады.

Ұстастыратын материалдар ішінде басты рөл аткаратын цемент болып табылады.

Оның өндірісіне әктас пен саз қажет. Оларды ұсақтап араластырғаннан кейін, айналып тұратын ұзын (100 м дейін) пештерде күйдіреді. Алынған өнімді ұнтақтап, цемент шығарады.

1 т цементке 1,5 т шикізат жүмсалады. Сондықтан, барлық цемент зауыттары шикізат кенорындарының маңында орналастырылады. Елімізде ондай зауыттар 5-еу: Ақтау кентінде (Қарағанды облысы), Октябрскіде (Шығыс Қазақстан облысы) жөне Састөбеде (Оңтүстік Қазакстан облысы), сонымен катар Семей мен Шымкентте.

Цементті сумен және толтырушы заттармен (құм, қиыршық тас немесе ұсақ тас) араластырып бетон алады.

Қатқаннан кейін, бетон өте берік жасанды тасқа айналады. Одан мық-ты іргетастар және түтас үйлер, колонналар, жабындар, көпірлер, жолдар салуға болады.

Беріктігін одан әрі арттыру үшін бетонның ішіне болат өзектер (арматура) салып, темір-бетон алады. Бұл конструкциялық материалда бетон мен арматураның қасиеттері бар. Темір-бетон бұйымдарын Қазақстанның барлық облыстарында шығарады. Өндірістің ең ірі орталықтары - Астана мен Алматы.

2. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Бұл жеткілікті шикізат базасы жок Қазақстандағы бірден-бір өнеркәсіп. Орман еліміздің аумағының 2,3%-да ғана орналасқан. Сондықтан, олардың өнеркәсіптік маңызы (ағаш алу көзі) қандай болса, суды, топырақты және егістікті қорғау, санитарлық (қалалар маңында),рекреациялық (халықтың демалыс орыны) және ғылыми (қорықтағы ормандар, Ертіс бойының қарағайлы ормандары) маңызы да сон-шалықты. Оларда өнеркәсіптік ағаш дайындауға тыйым салынған. Қазір тек оларға күтім жасау мен санитарлық мақсатта ғана ағаш кесіледі. Олар елдің қажеттілігінің 3/1 -ін ғана өтейді. Сондықтан, ағаш өнеркәсібі тек тасымалданып әкелінетін шикізат негізінде ғана жұмыс істейді.

Қазақстаннын бұл салыстырмалы түрде алғандағы жас шаруашылық саласы машина жасаумен, химиямен, жеңіл өнеркәсіппен, көлік және байланыспен тікелей өндірістік қарым-қатынас жасайды. Құрылыс орман өнімдерінің ірі тұтынушысына айналды. Өз кезегінде машина жасау оған ағаш өңдейтін станоктар мен барлық жерлерде жүре алатын тягач маши-налар, химия - лактар мен бояулар (жиһаз өндірісіне) және ағартқыш заттар (қағаз дайындауға) жеткізеді.

Орман өнеркәсібі өзара байланыстағы бірнеше өндіріс салаларын біріктіреді .

Ағаш дайындау өнеркәсібінің географиясы орман қорларының орналасуымен байланысты. Оларды бағалау үшін 2 негізгі көрсеткіш: орман ауданының мөлшері (6,3 млн га) мен өсіп тұрған ағаш қоры (375 млн м3) қолданылады.

Ағаштың 90%-ын Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысы, ең, алдымен Шығыс Қазақстан, Қостанай жөне Ақмола облыстары жеткізеді.



Ағаш өңдеу өнеркәсібі шикізат базаларына да, тұтынушыларға да таяу орналасады. Ол Қазақстанның барлық аймақтарында дамыған. Бірақ, өнімнің 3/4-ін Алматы мен Шығыс Қазақстан шығарады. Тілінген материалдар (тақта, тақтай жолақтары), шпалдар (Семей), паркет (Алматы), үй құрылысының детальдары, (қандай?), ағаш талшықты плиталар (Өскемен), сіріңке, жиһаз шығарылады.

Жиһаз жасау өнеркәсібі тасымалданып әкелінген шикізатпен жұмыс істейді (ағаш жаңқалы плиталар, әйнек, фурнитура). Олар тұтыну аймақтарына таяу орналасады, өйткені, жиһаздың өзін тасымалдаудан гөрі, оны жасайтын ағаштарды тасу арзанырак түседі. Сондықтан, оны өндіретін фабрикалар мен шағын цехтар көптеген қалаларда жұмыс істейді. Дегенмен, олардың негізгі орталықтары -Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Өскемен.

Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ақырғы өнімі — қағаз. Оны дайындау үшін целлюлоза қажет. Бұл - суды және бағалы қылқан жапырақты ағаштарды көп қажет ететін (шырша, самырсын және т.б.)> экологиялық жағынан «лас» өндіріс. Біздің елімізде қағаз бен қатырма қағазды (картон) тасымалданып әкелінетін (целлюлоза) және арзан қайта өңделген шикізаттан (макулатура) шығарады. Бұл салада Семейдегі қағаз-қорап комбинаты мен Алматы маңындағы Абай ауылында орналасқан «Қазақстан Қағазы» АҚ картон-қағаз комбинаты ерекіпеленеді.

Целлюлоза-қағаз саласы өнімдерінің ірі түтынушысы — полиграфия өнеркәсібі. Оның басты орталығы - Алматы. Мұнда «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы» «Жазушы» жөне т.б. ірі баспалар шоғырланған, кітап, журнал, газет, құттықтау хат, басқа да полиграфиялық өнімдердің көп бөлігі осында шығарылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі неше ерекшелігі бар?

2. Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібіне нелер жатады?

3. Ағаштың 90%-ын Қазақстанның қай аймағында өндіреді?

4. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ақырғы өнімі не?

5. Целлюлоза-қағаз саласы өнімдерінің ірі тұтынушысы қай өнеркәсіп?


Лекция №17

Тақырыбы:Қазақстанның аргоөнерәсіп кешені

Жоспары:

1.Агроөнеркәсіп кешеннінің құрылымы

2.Ауыл шаруашылығы
Лекцияның мақсаты:
Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізат қамтамасыз етуді негізгі мақсат ететін көптеген салаларды біріктіредігі, АӨК кұрамында үш негізгі буын барлығы, агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізат қамтамасыз етуді негізгі мақсат ететін көптеген салаларды біріктіредігі қамтылған. Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздің елімізде әр түрлі және күрделі.

Ауыл шаруашылығымен 190 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар -фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысатындығы мақсат етіп жазылған.


Лекция мәтіні:

1.Ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақтында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды.Сондықтан, оның қажеттілітерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістерімен ауыл шарушылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізат қамтамасыз етуді негізгі мақсат ететін көптеген салаларды біріктіреді.

АӨК кұрамында үш негізгі буын бар. I буын АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. II буын - бұл ауыл шаруашылығы, ал III буын - тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артырын кұрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай Қазақстанның маңызы жөнінен бесінші экспорттық тауары.

I буынның салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге I буынның салалары АӨК-ті кажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.

АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтар-дың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шы-рарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.

Сондықтан, әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді, АӨК-те жұмыскерлер саны көп болғанымен, еліміз шет елдерден азық-түлікті көп мөлшерде сатып алады.



2. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің II буыны. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, «ең кәрі», ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

1) Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат, әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан, жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау — қоғамның маңызды міндеті болып саналады.

2) Ауыл шаруашылығы -экономиканың маусымдық саласы.

Көктемде егістікті уақытында жыртып, топырақта ылғал сақталу үшін өңдеп, барлық дақылдарды себу керек. Жазда өсімдіктерді ты-ңайтқыштармен қоректендіру, суару, түптеу, арам шөптермен және зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіледі. Күз - өнімді жинап, егістікті күздік себуге даярлайтын мезгіл. Қыс - техника жөндеп, малды күтіп - бағатын, тұқымды себуге даярлайтын уақыт.

3) Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздің елімізде әр түрлі және күрделі.

Ауыл шаруашылығымен 190 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар -фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Олардың арасында 10-15 мың га егістік жерді өңдейтін ірі шаруа-шылықтар және жері 5-10 га ғана болатын ұсақтары да бар.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.

Оған, сонымен қатар көлдер мен су қоймаларын, өзендерді, тоғандар-ды да енгізеді.

Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар – ауылшаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтар, көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер),

Егістік жерлердің жекелеген бөліктері көп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есбінде қалдырылады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес –11%. Бірақ, оның жн басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарылырдың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.

Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан, жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік желерді суарудың, жайылымдарды суландырудың ; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.

Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі қазіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ, әзірге жеткіліксіз.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл -ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытта негізінен осы жол басым болуы керек.

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 56% жөне 44%-ын береді.
Бақылау сұрақтары:
1. АӨК кұрамында негізгі қанша буын бар?

2. Егістік жерлер қай жер қолданады

3. Жайылымдықтар мен шабындықтар

4. көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер) қай аймақта кездеседі?

5. Жерді мелиорациялау дегеніміз не
Лекция №18

Тақырыбы: Өсімдік және мал шарушылығы

Жоспары:

1.Өсімдік шаруашылығы

2.Мал шаруашылығы
Лекцияның мақсаты:
Студенттерге мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығымен жүзім өсіруден тұрадығын түсіндіру.

Лекция мәтіні:
1.Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығымен жүзім өсіруден тұрады.

Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс –бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді.

Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен аорклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.

Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі.Егіншіліктің бсты саласы – дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылғы).Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды.

Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қара қоңыр топырақтар.

Қысы қатал әрі қар аз түсетін Қазақстанның солтүстігіне көктемде себілетін жаздық бидай өсіріледі. Олар республикадағы астықтың 5/4-ін береді.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.

Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік - күріш Қазақстанда тек XX ғ. бастап өсіріле бастады. Бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктін, суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда обл.), Іле мен Қараталдың (Алматы обл.) аңғарларында өсіреді. Бұл өзендерден күріш егістіктеріне ирригациялық (суландыру) каналдардың тармақтары бағытталған.



Арпа мен сулы негізінен азықтық өсімдіктер. Олардан алынатын өнімнің бір бөлігі азық-түлік алу үшін, мысалы, арпа мен сұлы жармасын алуға жұмсалады. Арпа — тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандықтан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Бірақ, оның негізгі өнімі Бидайлы белдеуде жиналады. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыкқа төзімді тарыны. Батыс пен Солтүстікте өсіреді.



Техникалық дақылдар тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар - мақта, қант кызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Мақта — тропиктік өсімдік. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су кажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ — сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана айналысады. 0блыстың оңтүстігіндегі Сырдария мен Арыстың аңғарлары өзіндік «мақта аралдары» іспеттес. Мұндағы баска дақылдар орасан үлкен мақта егістіктерінің арасындағы ұсак түйіршіктер тәрізді.

Қант қызылшасы - коңыржай белдеудегі бірден-бір қант алынатын шикізат. Ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер —Алматы және Жамбыл облыстары.

Күнбағыс - ең көнбіс техникалық дақыл, негізі одан өсімдік майы алынады. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы құнарлы жерлерде жақсы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік есіреді. Бірақ, егістік пен жинаудың 2/3-сі Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Халық арасында оны «екінші нан» деп атайды. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады. Ол Қазақстанның барлық аудандарын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді.

Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшілігі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдак, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністер мен бақша дақылдарын суармалы жағдайда өсіру саласы барлық жерде дерлік таралған.

Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Ала-тауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.

2. Мал шаруашылығы: жас және ежелгі сала. Бұл сала ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа, және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.

Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді.

Өсімдік шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы - агроклиматтық жағдайлары болса, мал шаруашылығында бұл - жем шөп базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар егістіктер құрайды. Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдаланылады.

Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азыктық шөптер өсіріледі. Бірақ бәрі бір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жері болып табылады.

Еліміздегі жайылымдықтар әр түрлі. Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігі мен биік тауларының етегіндегі көктемгі, жазғы, күзгі жайы-лымдықтар алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар - еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындагы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер - жыл бойы (негізінен, қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.

Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет.

Оны жоғары өнімді жайылымдықтар мен азықтық дақылдардың егістігі қамтамасыз етеді, ал Оңтүстікте одан басқа қызылша шаруашылығының қалдықтары да пайдаланылады.

Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда, шөлейттер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шаруашылығы дамыған. Етті тұқымды малдар ішіндегі ең көп таралғаны -қазақтың ақбас сиыры. Қазақстан селекционерлері шығарған бұл тұқым жоғары өнімділігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Біздің елімізден басқа ол Ресей мен Моңғолияда өсіріледі.

Қой шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, май, жүн, тері, қаракөл. Оның екі негізгі бағыты - биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді. Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет. Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінің бәрінде кездеседі. Мұнда биязы жүнді қойлардың мал басы ең кеп болып саналады.

Қылшық жүнді кой өсіру - азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға (500 км-ге дейін) тән болып келеді. Бұл бағытта қазақстандық селекция кереметі деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады.

Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын алады. Оның негізгі енімі - аса жоғары бағаланатын қаракөл терілері. Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан — Оңтүстік Қазақстан.

Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы. XX ғ. басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған.

Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жүмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері - жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала. Бірақ, жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі. Жылқыны қоспен үйірлеп жаю - шөлді -далалы және таулы-далалы аймақтарда жыл бойы табиғи жайы-лымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Шөлді жөне шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе - ең ірі, жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық, шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, сүт, шұбат және жүні. Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін, әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады.



Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруаіпылығы үшін тиімді.

Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем, жөне тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Бұл саланың географиясына, одан басқа өнімді тұтынатын ірі қалалар мен қалдык жем жеткізіп тұратын тамак өнеркәсібі орталықтарының орналасуы да әсерін тигізеді. Шошқа өсірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%).

Жұмыртқа мен құс етін (тауық, каз, үйрек, күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған . Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Құс фабрикаларында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған. Оларға жем ретінде азықтық дәнді дақылдар пайдаланылады. Сондықтан, құс шаруашылығы бір жағынан, ірі астық шаруашылығы аудандарына, ал екінші жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға таяу орналасады. Өсіресе, үлкен қалалар орналаскан Оңтүстік пен астык шаруашы-лығының негізгі орталығы - Солтүстік ерекшеленеді.

Пантылық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында XVIII ғасырдың өзінде пайда болды. Бұл аудан қазір де марал мен теңбіл бүғы өсірудің негізгі ауданы болыл саналады. Марал шаруашылығының негізгі өнімі - пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі). Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бүл салада Шығыс Қазақстан алда келеді. Алтай балы дәмі мен емдік қасиеті жөнінен ең жоғары сапалы болып саналады. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайы жібек құртын — піллә өсіруге аса қолайлы.
Бақылау сұрақтары:

1.Азықтық өсімдіктер

2. Техникалық дақылдар

3. Көкөніс дақылдары

4. Бақша дақылдары

5. Пантылық марал шаруашылығы


Лекция № 19

Тақырыбы:Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өнеркәсіп салалары. Тамақ өнеркәсібі.

Жоспары:

1.Тамақ өнеркәсібі- тұтас салалар кешені

2. Тамақ өнеркәсібінің салалық құрамы

Лекцияның мақсаты:
Студенттерге Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені екендігін, тамақ өнеркәсібі орналасу сипатын, кәсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырадығын түсіндіреміз.

Лекция мәтіні:

1.Тамақ өнеркәсібі орналасу сипаты жағынан «барлық жерде кездесетін» сала болып табылады. Оның кәсіпорындары күнделікті қажетті азык-түлік шығаратындықтан, адамдар тұрақты мекендейтін жерлердің бәрінде бар. Кез келген жерде оған қажетті шикізат - астық, картоп, көкөністер, жемістер, сүт т.б. міндетті түрде табылады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Тек біздің еліміздегі олардың саны 14. Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер - шикізат және тұтыну факторлары. Тамақ өнеркөсібінің жалпы алғанда барлық жерде орналасуына қарамастан, кейбір салаларының өзіндік орналасу ерекшеліктері бар. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Мысалы, 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға - 5-5,5 т мақта дәні қажет. Ондай кәсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді. Қызылша алысқа тасымалдауға келмейді (қанттылығы жойылады). Оның 1 т өнім алуға кететін шығыны 7 т құрайды. Өндіріс көп энергия жұмсалуымен ерекшеленеді (көп энергия, бу қажет). Сонда да олар шикізат базаларына таяу орналасады. Қант дайындау технологиясы көптеген операциялардан тұрады.

Қызылшаны зауытта топырақтан тазартып, қабығын аршиды да жұқа (0,5-1 мм) етіп кеседі. Кесілген қызылшаны бірнеше рет қайталап ыстық сумен жуу арқылы қанты алынады. Алынған қант шырынын әк ерітіндісімен қоспалардан тазартып, күкіртті газбен түссіздендіреді. Тазартылған шырынды буландырады. Алынған тосапты сірне мен қантқа бөледі. Қантты жуып, қайтадан буға ұстағаннан кейін, ақ қант алынады. Онда әлі де қоспалар қалады. Оларды толық жою үшін қантты рафинадтап қайнатады да, қалыптарға құяды. Құйма қанттардың үлкен кесектерін ұсақ бөліктерге бөліп шақпақ қант жасайды.

Біздің елімізде 8 кант зауыты бар. Олар қызылша өсіретін облыстарда орналасқан, құмшекер шығарады . Таразда шақпақ қант еөндірісі бар. Бұл саладағы «бірінші скрипканы» «Қант орталығы» компаниясы ойнайды.

Қант шығару-маусымдық сала болып есептеледі, өйткені қызылшаны ұзақ сақтауға болмайды. Отандық шикізат аздық етеді, барлық зауыттар жұмыла іске кіріскенде ол 20—30 күнге ғана жетеді. Қымбат бағалы құрал-жабдықтар тұрып қалмас үшін, Бразилия және басқа елдерден қант қамысы шикізатын сатып алады. Одан Қазақстан қантының 9/10-ы алынады.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.



2.Жеміс-көкөніс өнеркөсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.

Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Балық аулаудан Каспий теңізі (Жайык өзенімен бірге) алда келеді, сонымен қатар Балқаш, Алакөл көлдері мен Бұқтырма су қоймасын да атауға болады. Еліміздегі балық аулаудың негізгі ауданы — Атырау облысы (ауланған балықтың 3/5-і). Ол бағалы бекіре тұқымдас балықтар түрін - бекіре, қорытпа, қызыл балық береді. Саланың басты кәсіпорны — «Атырау балық» АҢ (Балықшы с.)

Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді. Балқаштағы ескі кәсіпорын Балқаш балық ЖШС (Шашубай).

Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пай-даланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Мысалы, 60 тонналық темір жол вагонына 55 т үн, ал макаронның 20 т ғана сыяды.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Оның географиясы халықтың орналасуымен сәйкес келеді. Шағын наубайханалар көп, бірақ ірі қалаларда үлкен нан зауыттары да жұмыс істейді. Кондитер өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Қарапайым өнімдерді қалалар мен ірі селоларда шығарады. Технологиясы күрделірек болып келетін кәмпит, әсіресе шоколад кәмпиттерін шығару 5—6 орталықта ғана шоғырланған. Сала өнімінің 90% ға жуығын 5 компания - «Рахат» (Алматы, Шымкент), «Баян сүлу» (Қостанай), «Ақтөбе кондитер фабрикасы» (Ақ-төбе), «Қарағанды кәмпиттері» мен «Хамле» (Қаскелен.) шығарады.

Макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорндар тұтынушыларға бағыт-талып орналасқан. Бірақ кейде басқаша да болады. Жоғары сапалы шикізат қатты («макарондық») бидай өсірілетін ауданда орналасқан «Сұлтан» АҚ (Петропавл) ұн тарту макарон комбинаты елімізде ең таңдаулы өнім шығарады. Елдегі жалғыз Алматы шай фабрикасы Үндістан мен Шри-Ланкадан (цейлон шайы) әкелінетін шикізатты өңдеумен айналысады.

Тамақ индустриясының бір қатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады. Ұнға қарағанда астықты тасымалдау жеңілірек. Соған байланысты, ұн тартатын кәсіпорындар тұтыну орталықтары ірі қалаларда да, бидай өсіретін жерлерде де орналасқан.



Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары — Солтүстік пен Оңтүстік (барлық сүттің 70%-ын береді). Бұл салалар бойынша олар өзара бірінші және екінші орындарды бөліседі. Егер Қазақстандағы негізгі «май шайқау» Оңтүстікте (әсіресе, Алматы) болса, «негізгі сыр жасаушы» - Солтүстік (Солтүстік Қазақстан облысы). Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ, көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға -комбинаттарға біріктіріледі. Тұрғындарды қазіргі уақытта жас етпен қалалық және ауылдық («колхоз», «жасыл») базарлар қам-тамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда қанша қант зауыты бар

2. Қант шығару қандай сала болып есептеледі

3. Мақта мен мақсары өсірілетін аймақ

4. Жеміс-көкөніс өнеркөсібі қай облыста

5. Алматы шай фабрикасы шикізатты қайдан алады?


Лекция № 20

Тақырыбы: Жеңіл өнеркәсіп

Жоспары:

1.Жеңіл өнеркәсіптің шикізат базалары

2.Жеңіл өнеркәсіптің салалары
Лекцияның мақсаты:

Студенттерге Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары барлығын, мақта, жүн, табиғи былғарыды қалай пайдалану жолдарын үйрену мақсат. Сонымен қатар Қазақстанның қай аймақтарында жеңіл өнеркәсіптің орналасқандығы айтылады. .



Лекция мәтіні:
1. Бұл саланың мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы «тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Ондай тауарлар өсімдік (мақта, жібек) және жануарлар (тері, былғары) өнімдерінен алынады. Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор, өйткені, адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары мол. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді.

Бұл сала жоспарлы экономикада негізгілердің қатарына жатқызылған жоқ. 1990 жылдардың басында оның құрал-жабдықтарының 70%-ы 10 жыл бұрынғы ескі болатын. Экономикалық дағдарыс жылдарында ол мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалды. Арзан (көбінесе сапасыз) шет елдік тауарлар «толқыны» Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін жайпап өтті. Жұмыскер саны мен өнім өндіру 10 есе, ал аяқ киім тігу 1000 есеге қысқарды. Қазіргі кездегі елдің өнеркәсібіндегі оның «үлесі» бар болғаны 1%-ды құрайды (1990ж - 15%). Кәсіпорындардың бір бөлігі үкіметтің армия мен полицияға аяқ киім мен формаға тапсырыс беруі арқасында ғана «аман қалды».

Қазіргі кезде жеңіл өнеркөсіпте оң өзгерістер байқалады. Бірақ, оған Қазақстан индустриясындағы алдыңғы қатарлылардың бірі болуы үшін көп нәрсе жасау керек.

Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар. Оның негізгілері — тоқыма, тігін, мақта-мақга, былғары, тері илеу салалары. Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.

Жеңіл енеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.



2.Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Мата шығару өңдеудің 4 сатысынан өтеді.

Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дөнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан ал, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояу, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т. астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан, бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе өрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауытары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді. Матаны ең көп шығаратын — «Мата тоқу компаниясы» АҢ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты). Ол негізінен қатаң мата түрін шығаруға маманданған. Мақта кешені (кластер) Оңтүстік Қазакстан облысында құрылуда.

Кластер орталығы Шымкент қаласында жіп иіру фабрикалары салынып, тесек-орын, түкті джинси маталарын шығаратын тоқыма өндірісі қайта жасақталған.



Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда, Шымкентте, Алматыда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналаскан. Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.

Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде қой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталкаракөл» - қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.

Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.


Бақылау сұрақтары:

1. Жеңіл өнеркәсіптің қанша саласы бар

2. Жеңіл өнеркәсіптегі басты салаласы қайсы

3. Оңтүстікте шоғырланған қай өнеркәсіптер

4. Жүн өнеркәсібі қалай дамыған

5. Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы қай облыста






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет