Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет6/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13023
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Студенттер Батыс Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, климатын, экономикалық георафиялық жағдайын, халықтардың орналасу тығыздығын, ауылшаруашылық кешенін, өнеркәсіп орындарының даму салаларын, олардың шығарып жатқан өнімдерін, облыс орталықтары мен қалаларын ауыл аймақтарын, ғылыми зерттеу орындары мен оқу орындарын білу мақсат.


Лекция мәтіні:
1.Батыс Қазақстан ауданы бойынша республикамыздағы ең үлкені. Шеткі және көрші елдермен шекаралас аудан.

Батыс аймақ Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары мен экономикасы дамыған Орал және Еділ маңы (Ресей) аудаарымен шектеседі. Соымен бірге республикамызадағы теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Теңіз арқылы Иран, Әзербайжан елдерімен тікелей байланыс жасай алады.

Солтүстіктің климаты коңыржай континенталды; салыстырмалы түрде ылғалды (250-400 мм) және жылы. Оңтүстігі құрғақ шұғыл континенталды ылғалдың жылдық мөлшері 100-150 мм. Жазы ыстық, қысты күндері біршама суық және қар аз түседі. Ауданның барлық жерінде күшті желдер соғып тұрады. Соған да байланысты қар аз тұрақтап, топырақ өзіне қажетті ылғалмен қамтамасыз етіле алмайды. Жауын-шашынның аздығынан ауыз су жеткіліксіз, аумақтың көптеген жерлерін құмды шөлдер алып жатыр.

Сондыктан да ауыл шаруашылығын дамытуқкиынға соғады. Әсіресе өсімдік шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың нашар дамуы өнеркәсіп кәсіпорындарында дамуына кері әсерін тигізеді.



Табиғат ресурстары.Мұнай, газ, хром және никельдің бай қоры шоғырланғандықтан Батыс Қазакстанның Республика экономикасындағы алатын орны орасан зор.

Жер қойнауында - темір, марганец, кобальт, тас және коңыр көмір, жанғыш тақтатас, әр түрлі тұздар (ас тұзы және калий) сияқты пайдалы қазбаның кенді және кенсіз 50-ден астам түрі кездеседі. Құрылыс материалдарынан әктас, гипс, мергел, ұлутас және т.б. кездеседі.

Батыс Қазақстанның негізгі байлығы мұнай. Ірі мұнай газ алаптарына - Орал, Ембі мен Маңғыстау (кенорындары Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас жөне Қаражамбас).

Табиғи газдың ірі қоры аныкталған. Аймақта дүние жүзіндегі ірі мұнай газ конденсат кенорны Қарашығанақ және одан гөрі деңгейі төмендеу Теңіз, Қашаған, Жаңажол кендері бар.

Актөбе облысында хром кенінің (Дөң кенорны) және Кемпірсай кенінде никельдің ауқымды қоры шоғырланған. Бұларға қосымша фосфорит, әктас, мәрмәр, кварц құмы кенорындары кездеседі. Ал Маңғыстау облысында жоғары сапалы құрылыс материалының қоры ұлутас шоғырланған. Ауданның солтүстігіндегі Жалпы сырт қыратында жанғыш тақтатастың жинақталған қабаты кездеседі.

Жер ресурсы еліміздің жалпы жер аумағының 25%-ын құрайды, оның 19%-ы ауыл шаруашылық жерлері, оның 95%-ы жайылымдық жер болса тек 5%-ы егістік және шабындық жерлер. Ауыл шаруашылық жерінің бұлай бөлінуі аудан климатының құрғақтығы мен су ресурсының жетіспеуіне байланысты.

Солтүстік аудандарында топырағы құнарлы болып келгендіктен жаздык бидай, тары, арпа дақылдары мен кант қызылшасы және күнбағыс егіледі.



Су ресурсы - ауданның солтүстігінде жеткілікті түрде кездеседі. Ең мол сулы және кеме қатынасына жарайтын жалғыз Жайық өзені. Өзендерінің; көбісі кішігірім және жаздың соңына қарай суы ның деңгейі төмендеп құрғап қалуға дейін барады (Ор, Ырғыз, Са-ғыз Торғай).

Өнеркәсіп кәсіпорындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы, Киров, Бітік, Дөңгелек су қоймалары салынған. Ауыл шаруашылығының салаларына арнап суару каналдары қазылған.

Республикамыздағы балық аулайтын және оны өңдейтін бас-ты ауданымыз - Батыс Қазақстан. Каспий теңізі дүние жүзінде теңдесі жок бағалы балык бекіре тұқымдасының негізгі мекені. Жайык өзенінің жайылмаларындағы шептесін өсімдіктердің қаулап өсуі көптеген жануарлардың мекеніне айналған.

Республикамыздағы ауланатын балықтың 60%-ы Батыс Қазақстанның үлесінде (соның ішінде бекіре тұқымдасы да бар) Атыраудың қара уылдырығы республика емес дүние жүзіне белгілі.

Маңғыстау облысында эндемик жануарларды қорғау үшін Үстірт қорығы ашылған. Қорықта, үстірт муфлоны, қарақұйрық және жыртқыш аңдар кездеседі. Бұлардың барлығы аймақтың рекреациялық ресурсына жатады.

2.Халқы. Соңғы 50 жылда өнеркәсіп орындарының көбеюімен халық саны да жыл өткен сайын көбейіп, қазір республика халқының 14%-ын құрайды.

Басқа әкономикалық аудандармен салыстырғанда Батыс Қазақстанда халық сирек қоныстанған. Орташа тығыздығы 3 адамнан азырақ, яғни республикалық орташа көрсеткіштен екі есе.аз. Халық біркелкі орналаспаған, көп шоғырланған аймағына Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы жатады. Бұл облыстардағы орташа тығыздық 2,2 және 4 адамнан келеді. Ең аз қоныстану Маңғыстау облысында 2,1 адам/км2.

Әр түрлі кенорындарын игеру жобалары еңбек ресурсы болмаса іске аспайтыны белгілі. Сондықтан да соңғы кездерде шетелден келген жұмысшылардың орны жергілікті мамандармен ауыстырылуда.

Қарашығанақ кен орнын игеруде20 мың жұмысшы істейді. Оның 80%-ы қазақстандық кәсіби мамандар. Қарашығанақ республикамыз бойынша жергілікті мамандармен қамтамасыз етілуі бойынша алдыңғы орындағы кәсіпорын.

Батыс Экономикалык ауданда қалалар санаулы болғанымен халықтың 58%-ы осында тұрады.

Қалалардың көбісі Ақтебе облысында шоғырланған (8 қала). 2004 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша қалада 370 мың адам тұрады екен (55%).

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қалалар аз. Бірақ урбандалу деңгейі жоғары Атырау облысында 58%, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында 43%.

Мұнай және газ кенорындарының игерілуіне байланысты Атырау, Ақтау және Орал сияқты қалалардың халқы көбейген. Сонымен бірге көптеген елді мекендер салынды.

Жұмыссыздар саны аудан халқының 9,6,%-ын құрайды.Жұмыссыздар саны да біртіндеп азайып, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуде.

Батыс Қазақстан – Республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (30% жуық) және минералды тыңайтқыш (27 %) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданның жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.

Батыс Қазақстанның әр бір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облыстарында жүрізіледі. Бірақ олардың арасында мұнайды көп өндіретін Атырау облысы (30%),ал газды көп өндіретін Атырау (43%) және Батыс Қазақстан(35% облыстары.) Атырауда Республикамыздағы ірі мұнай өңдеу зауытыжұмыс істейді.

Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлері біркелкі тарамаған.

Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі бекіре тұымдас балықтарының мекен-жайы. Қазіргі таңда Каспийдің биологиялық байлығын сақтап қлу дүние жүзі қауымдастығының өзекті мәелесі болып отыр. Мұайды ендіру кезінде ә түрлі заң бұзшылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қлдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің Қазақстан бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері өсер етуі мүмкін.

Қалалары. Батыс Қазақстан аймағында 15 кала, 25 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптасқан. Облыс орталықтарынан Ақтау теңіз жағалауында қалған үшеуі өзен жағалауында орналасқан. Қалалардың іргесі қаланған кезеңде маңызды көлік түрі су жолы болған.

Атырау (196 мың адам) Каспий теңізінің Солтүстігінде Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған. (Ол кезде Гурьев деп аталды). .

Алғашқы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей ұстау мақсатында қаланған болатын.



Ақтөбе (277 мың адам) Батыс Қазақстаннын. индустриалды және мәдени орталығы. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе - облыс орталығы. Ресейдін, Орынбор жөне Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық экономикалық аудандарының облыстарымен шектеседі.

Қаланың географиялық орны қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы негізгі ұлт өкілдері казақтар, татарлар, башқұрттар, немістер, еврейлер, орыстар және т.б.

Жайық өзенінін, оң жағалауындағы жазық далада Орал (224 мың адам) қаласы орналасқан.

Орал - өзіне төн әсем қалалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773—75 жылдары ара-лығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланын. қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Ека-терина көтерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған.

Қала Ресей, Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме катынасының басталуымен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталы көшіріліп әкелінді.

Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты (Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеуде. Мия зауыты фармацевтика, кондитер және химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі Орал былғары және байпақ киіз зауыты.

Батыс аймақтардың болашағы бар жас қаласы Ақтау (174 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркөсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, ал Жетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған.

Қала маңында Республикамыздағы жалғыз атомэлектр стансасы бар. Станса қазір тек қана теңіз суын тұщыландыру жұмысын жүргізеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Батыс Қазақстанда жер ресурсы еліміздің жалпы жер аумағының қанша пайызын құрайды?

2.Ауыл шаруашылық жерлерінің қанша пайызын құрайды?

3.Қанша пайызы жайылымдық , егістік және шабындық жерлер?

4. Батыс Қазақстандағы жетекші салалары қандай?

5. Батыс Қазақстанда халық қалай қоныстанған?


Лекция № 29

Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан

Жоспары:

1.ЭГЖ, реурстары

2.Халқы, шаруашылығы,қалалары

Лекцияның мақсаты:

Студенттер Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, климатын, экономикалық георафиялық жағдайын, халықтардың орналасу тығыздығын, ауылшаруашылық кешенін, өнеркәсіп орындарының даму салаларын, олардың шығарып жатқан өнімдерін, облыс орталықтары мен қалаларын ауыл аймақтарын, ғылыми зерттеу орындары мен оқу орындарын білу мақсат.


Лекция мәтіні:
1.Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы, ресрубликаның шеткі және Ресеймен шекаралас ауданы. Біріншіден, Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі.

Екіншіден, аумағы арқылы ірі темір жол магистраль өтеді.

Солтүстік ауданның табиғат жағдайыда қолайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді.

Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар.

Көмір Екібастұз, Майкүбі, Обаған алқаптарында, темір кені Қостанай алабымен, Лисаков кенінде (83%) шоғырланған.

Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кенорындарына Василков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт, Майқайың жатады. Боксит Амангелді мен Қызыл Октябрь кенорындарында, мыс Бозшакөлде, асбест Жетіқарада, ас тұзы Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысында Обухов титан кенорны зерттелініп игеруге дайындалуда.

Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі- тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас.

Жер ресурсына бай аймақтардың бірі. Жалпы жер ресурсының 90% -ы ауылшаруашылығына қолайлы жерге жатса, оның 61%-ы жайылым; 37%-ы егіншілікке пайдалы.

Су ресурстарына жеткілікті аймақ. Ауданда бірнеше су қоймалары салынған. Оның шінде ең ірілері Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы (Есіл өзені, ауданы 117 км2) және Қостанай облысындағы жоғарғы Тобыл су қоймасы (Тобыл өзені, ауданы 87,4 км2).

2.Халқы. Республика халқының 24%-ы Солтүстік Қазақстан ауданында тұрады. Еңбек ресурсы жоғары аудан. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 91,5%7 ) Қостанай облысында экоомиклық белсенді халықтың үлесі аудан ішінде ең жоғары (76%), жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 8,5%.

Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі.

Ауданның ұлттық құрамы күрделі, негізінен қазақтар, орыстар, украинда, белорустар, татарлар, немістер, мордвалықтар, поляктр, еврейлер және т.б. халықтар тұрады.

Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге. Электр энергиясы, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң астық шаруашылығы салалары, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.

Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетиклық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың тек 1960 ж. Дами бастағанмен, аудан экоомикасында қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады.

Қара металлургия темір кенін өндіру мен оы байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаков КБК болып табылады.

Түсті металлургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалық қаласының маңында). Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республкадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.

Химия өнеркәсібі салаларының дамуына ас тұзы, сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Батыс Сібірдің (Ресей) мұнайы шикізат базасы болып табылады. Мұнай өнімін өңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Республика бойынша 3-ші орында.

Солтүстік Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратын өнім-ауыл шаруашылығы машиналары –АӨК –ке қызмет етеді.

Солтүстік экономиклық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан.

Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығының дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Акмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).

Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық та өсіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым бөлігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді .

Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, кыша және т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%-ын құрайды (Шығыс Қазақстаннан кейін 2-орында). Аймақта алдыңғы орынды Павлодар облысы алады (жалпы аймақ өнімінің 89%-ы).

Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкеніс, картоп және бақша дақылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%-дай) азыктық дақылдар - көпжылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр.

Аймакта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол.

Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.

Астана, Петропавл, Кекшетау, Павлодар, Қостанайдағы ірі ұн тарту комбинаттары жоғары сапалы ұн, әр түрлі жармалар, азықтықжем, т.б. өндіреді.

Барлық қалалар мен кейбір ауылдық елді мекендерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады.

Солтүстік Қазақстанның Шортанды-Бурабай курорттық зонасы (Ақмола облысы) сияқты табиғат кешендері тек біздің елді ғана емес, шет елдік туристерді де қызықтырады.

Қалалары. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 62 қалалар мен кенттер бар.

Орталық Қазакстаннан солтүстікке карай Ақмола облысы орналасқан. Облыстың құрамында республикалық маңызы бар Астана қаласы мен облыстық дәрежедегі 2 қала бар, олар - Көкшетау мен Степногор.

Астана (511 мың адам) - республика астанасы - Қазақстанның географиялык орталығында дерлік орналасқан. Қала ірі көлік. магистральдарының қиылысында орналасқан.

1950 жылдары қала мемлекеттің солтүстігіндегі тың және тыңайған жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады. Орталығы мен шет жақтарында биік үйлер бой көтерді.

Астана - республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару, сонымен қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып келеді.

Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы Көкшетау каласы орналасқан (135 мың адам).

Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысіпылар саны есті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен кұрал-жабдықтары тиелген эшалон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-қорғаныс өнімдерін шыгаруға кірісті.

1960-1970 жж. ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске косылды.

Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет жөне өнер мұражайы жұмыс істейді.

Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда Қазақстанның әсем қалаларының бірі - Павлодар орын тепкен (305 мын, адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үпіін ең қолайлы жерді - Ертіс өзенінің жағалауын таңдап ала ілген.

Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмірдін, мыстың, алтынның, күмістің және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.

Солтүстік Қазастанның батысында Костанай облысы орналасқан, облыс орталығы - Қостанай қаласы (204 мың адам). Бұл Солтүстік Казақстанның ірі өнеркәсіп жене мәдени орталығы. Қаланың 1897 ж. іргесі қаланды. Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар - тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді.

Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кенорындарын игерудің нөтижесінде темір жолдар салынып, қала жылдам дами бастайды.

Соңғы жылдары тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет-консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуіті-шұға кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.



Петропавлды (193 мың адам) «Республиканың солтүстік қақпасы» деп орынды атайды. Ол 1752 жылы салынған, Петропавл атауын 1807 жылы алған. Қаланың транзиттік экономикалық-географиялык жағдайы өте қолайлы. Оның Транссібір және Трансқазақстан темір жолдарының қиылысында орналасуы қаланың сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.
Бақылау сұрақтары:

1. Солтүстік ауданның табиғат жағдайы қалай?

2. Жер бедері қандай болып келеді?

3. Халықтың орналасуы қандай ?

4. Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кенорындарын ата

5. Республиканың солтүстік қақпасы қай қала?


Лекция №30

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

Жоспары:

1.ЭГЖ, табиғат жағдайлар, табиғат қорлары,халқы

2.Шаруашылығы, қалалары
Лекцияның мақсаты:

Студенттер Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын, климатын, экономикалық георафиялық жағдайын, халықтардың орналасу тығыздығын, ауылшаруашылық кешенін, өнеркәсіп орындарының даму салаларын, олардың шығарып жатқан өнімдерін, облыс орталықтары мен қалаларын ауыл аймақтарын, ғылыми зерттеу орындары мен оқу орындарын білу мақсат.



Лекция мәтіні:
1.Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Баты Қазақстаннан кейінгі 2-ші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағы 27%).

Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге, Балқаш көлімен, Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылп жатыр.

Оңтүтік Қазақстанның табиғат жағдайы әр алуан.

Бұл аймақтың климты жылы, тау алдарында 300-400 мм, ал беткейлерінде 500-800 мм (1000 мм) жауын-шашын түседі.Бірақ, жер сілкіну, сел тасқындары мен көшкіндер осы аймақта мекендейтін халықтарға үлкен қауіп төндіреді.

Ауданның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде құмды шөлдер өзендердің құрғақ арналары мен бұзылған ескі таулардың аласа төбелермен кезектесіп отырады, ойпаң жерледе

тақырлар, сор және сортаң жерлер кездеседі. Жылу мөлшері мол болғанымен, бұл жақтың климаты құрғақ.

Оңтүстік Қазақстан минералдық қорларға аса бай емес. Мұнда түсті металл кендерінің: қорғасынның, ваннадийдің, вольфрамның мол қорлары бар.

Алматы жәнеОңтүстік Қазақстан облыстарында ірі тас көмір кенорындары анықталған.

Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді) табиғи газдың орасан мол қорлары барланған.

Минералдық тұздардың (ас тұзы), әктастың(Састөбе), гипстің (Тараз) қолары бар.

Оңтүстік Қазақстан су қорлармен біргелкі қамтамасыз етілмеген. Аумағының көп бөлігін шөлдер мен шөлейт жерлер алып жатыр. Ірі өзендері – Сырдария, Іле, Талас, Қаратал, Ақсу бастауларын биік таулардан алады.

Өзендері су энергетикалық қорлрына бай, Сырдарияда-Шардара, ал Іледе –Қапшағай СЭС-тері салынған.

Ауданның жер қорлары бішама. Бірақ, ылғалдылықтың жетіспеуі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді – көбінесесұр-қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді. Ең құнарлы топырақ тау етектері мен беткейлерінде кездеседі.

Оңтүстік Қазақстанның жер қорының көп бөлігі – ауыл шаруашылық жерлер.



Халқы. Оңтүстік Қазақстан – ең көп халық қоныстанған аудан. (Қазақстан халқының 44%). Халықтың көбі Алматы қаласы мен Алматы облысында (42%), Оңтүстік Қазақстанда тұрады.Аудан халықтың тығыздығы жөнінен республикада 1- ші орын алады.

Оңтүстік Қазақстанда тұратын ұлттардың бәрі кездеседі. Ең саны көп диаспора - өзбектер (98%) және ұйғырлар (80%)-дан астам, кәрістер 70%.



2. Оңтүстік Қазақстан Республикасының ірі аграрлы-индустриалдық аудандарының бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%. Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркәсіптері мен машина жасау саналады.

Түсті металлургия салалары Қаратау (Шалқия мен Ащысай кенорындары) мен Жоңғар Алатауындағы (Тұйық) полиматалл кендерін өһндірумен және оладың концентраттарын шығарумен байланысты.Қорғасын концетраттарын Шымкент қорғасын зауытына, ал цинкті -Өскеменге жөнелтеді.

Қаратаудағ фосфорит өндірі мен байыту маңызы ерекше. Таразда минеалды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты бар. Оңтүстік Қазақстан лак пен бояу өндіруден алда келеді.

Ең үлкен “Хмифарм” зауыты (Шымкен) – барлық лдегі шығарылатын дәрілік (препараттар) 3/5 бөлігін береді. Бұл саланың басқа кәсіп орындары Алматы мен Қаскелеңде орналақан.

Мәшина жасау кәсіпорындары тасмалданып әкелінетін металлмен жұмыс істейді. Бірақ, сонда да барлық кір жуатын машиналары мен аккумляторлар шығаратын өндіріс Алматы облысында орналасқан.

Құрылыс материадары өнеркәсібі, ең алдымен кірпіш (жалпы республика бойынша шығарылатын өнімнің 63%-ы) пен цемен (19%) өндіру дамыған.

Өндірістің энергетикалық негізін Бұқараның табиғи газымен жұмыс істейтін Жамбыл МАЭС-і, Қапшағай, Шардара СЭС-тері және басқа ірі электр стансалары құрайды.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі әр түрлі жиһаз шығарумен айналысады (кеңселік және үй жиһаздары), ауданның барлық облыстарында жалпы өнімнің 70%-дан астамын құрайды. Бұл саланың ең алдында Алматы қаласы келеді.

Оңтүстік Қазақстан — дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жаткан аудан.

Алматы облысында 2004 жылы 20-дан астам жаңа өнім түрлерін шығару қолға алынған, олар: трансформатор қосалқы стансалары, теледидарлар, гипсокартон жазық беттері, медициналық пластик ыдыстар, лак-бояу препараттары, «Алакөл Нұр су» газдалған суы, крахмал, құстардың жем-азығы т.б.

Тау-кен өнеркәсібі түрлі пайдалы қазбалар өндірумен байланысты. Оңтүстік экономикалық аудан республика бойынша өндірілетін мұнайдың 19%-ын (Қызылорда облысы) және газдың 4%-ын береді .

Агроөнеркәсіптік кешен. Ауданда суарылатын жөне суарылмайтын жерлер де бар. Суармалы жерлер тау етектері мен жазықтарда орналасқан. Ал биіктеу, қыратты жерлерде богарлық, яғни табиғи жағдайда ылғалданатын аумақтар таралған.

Оңтүстік Қазакстан - мақта және күріш өсірудің басты орталығы. Одан басқа мұнда темекі, әр түрлі көкөністер мен жемістер өсіріледі.

Оңтүстік Қазақстан, негізінен техникалық дацылдар өсіруге маманданған. Оның негізгілері - мақта, қант кызылшасы және темекі. Оларды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Қаратал суландыру жүйелері салынған.

Суармалы жерлерде дәнді дақылдардан күріш өсіріледі (негізінен, Сырдария мен Іле өзендерінің жайылмаларында). Егістік жерлердің біраз бөлігін бидай, арпа, жүгері мен соя алқаптары алып жатыр. Көкөніс және жүзім өсіру көбінесе суармалы жерлерде таралған.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен қант, көкеніс, жеміс-консервілеу, мақта тазалау, май шайқау, мақта-мата және тоқыма салалары айналысады.

Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары - кой және ірі қара мал өсіру. Аудан кой, ешкі, мүйізді ірі қара мал бастары жөнінен республикада 1-орын алады, ал шошқа өсіруден Солтүстік ауданнан кейінгі орынды алады.

Қой өсіру саласында әлемдік тәжірибедегі сияқты, санынан гөрі сапалық жағына көбірек көңіл бөлінеді.

Тамақ өнеркәсібі салалары да жақсы дамыған.

Республикада өндірілетін қанттың 100%-ын Оңтүстік Қазақстан аймағы берсе, сары майдың 50%-дан, еттің 30%-дан астамы өндіріледі.

Жеңіл өнеркөсіптің ең дамыған салалары мақта-мата (83%-дай), жүн маталарын шығару (100%), аяқ киім тігу (80%).

Ауданда көлік желісі жақсы дамыған. Темір жол, автомобиль жолдары, құбыр желілері және өзен жолдары салынып, әуе жолдары тартылған. Жүктің басым бөлігі көліктің темір жол жөне автомобиль жолдарымен тасымалданады. Аудан Қытай мен Орта Азия республикалары арасындағы, Ресеймен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен арадағы маңызды көлік коридоры болып табылады.



Қалалары. Оңтүстік экономикалық ауданда 78 қала мен кенттер бар. Басты қалалары - Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда. Олардың барлығы қалалар пайда болуының алғашқы екі кезеңінде қалыптасқан. Бірінші кезеңде - Тараз, Түркістан қалалары, қалғандары екінші кезеңде (XVIII-XIX ғ. ғ) пайда болған.

Алматы - мемлекеттік дәрежедегі қала, ірі саяси, сауда, өндірістік, мәдени, ғылыми және туристік орталық. Мұнда Қазақстан Президентінің резиденциясы, елшіліктер мен әлемнің көптеген елдерінің өкілдіктері орналасқан.

Қалада мұнай өндіру мен металлургиядан басқа барлық өнеркәсіп салалары дамыған. Мұнда жалпы өндіріс көлемінің 78%-ын құрайтын 1 500-дей өндіріс кәсіпорындары орналасқан. Негізгі салалар - машина жасау мен тамақ өнеркәсібі (қалада шығарылатын өнім көлемінің 64%-ын құрайды). Мысалы, Алматы ауыр машиналар жасау зауыты (ААМЗ), тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидарлар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және т.б.



Талдықорған қаласы (103 мың адам) 2001 жылдан Алматы облысының орталығына айналды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық шикізатын өңдеудің негізгі орталықтарының бірі. Мұнда жеміс-консерві комбинаты, қант зауыты мен «Ажар» тігін фирмасы жұмыс істейді (100-ден астам енім түрлерін шығарады).

Машина жасау да дамыған, ТМД-дағы жалғыз аккумулятор зауыты жұмыс істейді. Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат, темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары.



Тараз - облыстың әкімшілік орталығы.. Бұл - Ұлы Жібек жолында салынған ежелгі қалалардың бірі. Сол уақыттардың өзінде ол маңызды рөл атқарды. 1936 жылға дейін Әулие-Ата, 1936-1939 ж.ж. аралығында Мирзоян қаласы деп, ал 1938 жылдан бері айтыскер ақын Жамбыл атамыздың есімімен аталып келді. 1998 жылы қалаға өзінің тарихи атауы қайтарылды.

Осы уақытқа дейін жеткен тарихи ескерткіпітерден қалада мұсылмандық құрылыстың інжу-маржандары — Айша бибі, Бабажан қатын мазарлары бар.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Шымкент қаласы (513 мын, адам).

Бізге жеткен жазбаларда («Зафар Наме» - «Жеңіс» кітабында) Шым-кент қазіргі жыл санауы бойынша 1365-1366 ж.ж. Аксақ Темірдің жо-рықтарының суреттемелерінде айтылады. Бүгінге дейін қазіргі Шымкенттің орнындағы елді мекен ХІ-ХІІ ғасырлардың аралығында пайда болған деген пікір айтылып келді. Бірақ, жаңа қазба жұмыстары оның біздің эрамыздың Х-ХІ ғ.ғ. болғанын дәлелдейді. Өткен ғасырдың басында қала бекінісі орналасқан жерлердің астынан ғалымдардың пайымдауынша 1500 жыл бұрын өмір сүрген әйел мен еркектің қалдық сүйектері сақталған обалар табылған. Соңғы деректерге қарағанда ол тіпті Тараз қаласынан да көне болып есептеледі.

Шымкент - маңызды темір жол торабы. Қалада әр түрлі -химия, тамақ, жеңіл, т.б. өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Автокөліктерге шина шығаратын «Шымкентшина» АҚ, мақта-мата өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық техникасының кәсіпорындары, мұнай өңдеу және цемент зауыттары бар.

Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін ежелгі орталықтарының бірінде Түркістан қаласы орналасқан (181 мың адам). XV ғ. өзінде бұл дамыған кәсіпшілігі бар, маңызды сауда орталығы болды.

Қала өткен ғасырдың ортасына дейін ғана өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол ірі тарихи және мәдени орталық.

Қызылорда (196 мың адам) Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан облыс орталығы 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында Ақмешіт әскери бекінісі салынған. 1925-1929 жылдарда ҚазАКСР астанасы болды.


Бақылау сұрақтары:

1. Оңтүтік Қазақстанның табиғат жағдайы қандай?

2. Оңтүстік Қазақстан халық қалай қоныстанған аудан

3. Оңтүстік экономикалық ауданда қанша қала мен кенттер бар.

4. Оңтүстік экономикалық ауданның басты қалаларын ата

5. XV ғ. өзінде бұл дамыған қала қайсы?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет