Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы.
1922-1923 ж Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д. Н. Қашкаров , М. А. Попов, Е.П Коровин , Н.А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағвсының жоғарғы жағында зертетеу жұмыстарын жүргізді .Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне , өсімдктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь – Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналдырды .Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай Өзіне тән артықшылықтары бар : мұнда тек осы өңірге тән , әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Табиғаты сондай әсем ,сәулетті және үлгі боларлықтай қорық екендігін ашты. Сонымен 1926 жылдың 14шілдесінде Ақсу- Жабағылы мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Тянь –Шаньның лдандшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу.Бұл қорық Қазақстанның тұңғыш қорығы болып саналады.
Таулы алқапта 30 мың гектар жері бар табиғат қорғау жөніндегі бұл жаңа мекемені құруда Б .П . Тризнаның еңбегін айрықша атауға болады .Ол табиғат байлықтарын қорғауда зор жұмыстар атқарды.
Жер бедері мен ауа райы. Ақсу- жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік –батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Шымкент облысының Түлкібас, Ленгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі поллеонтологиялық бөлік кіреді: бірі Қарабастауда, жер көлемі 126гектардай, екіншісі- Әулие, Жер кәлемі 100 гектардай Екеуі де Алғабас ауданы территориясында. Қорықтың негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар. Оның 20616 гектары Ленгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Нево – Николаевка ауыланда орналасқан.
Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. Талас Алатауының оңтүстік беткейі Өгем, Піскем, Шатқал тау жоталарына бөлініп, батысқа және оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Талас Алатауының солтүстік жағы Шоқпақ Майдантал асулары арқылы арқылы Қаратаумен жалғасып кетеді.
Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы , Алатау, Балдыбірек және басқа да біраз тау жоталары кетеді . Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысөа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейіне 2915 м. Алатаудікі-4012 м, Өгем жотасынікі –4072 м биіктікте . Таудың беткейлері көьінесе тік келеді . Тау беткейлеріне тән қасиет –онда орман ағаштары жоқ . Тек кейбір бөліктерінде ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады. Көбіне тау қойнаулары тастақ келеді. Судың жуып шаюынан өзендер бойында терең . беткейлері тік аңғарлар кездеседі .
Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер , Топшақ пен Майданталдан басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады . Қорықтағы ең ірі өзен Ақсу . Ұзындығы 120 км, ені 10 , кей жерлерде 20 м, суының тереңдігі жарты метрдей , суы тасыған кезде 2 метрге дейін жететін ағыны қатты тау өзені болып саналады. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық -ақ: мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүт ақ бурыл болады, бұл өзеннің аты да осыған байланысты қойылған болуы керек. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа :суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болады. Өзендер басын мәңгі мұзбен қардан алады. Сондықтан да сәуір және май айларында екі рет тасиды . Әсіресе жазда тасығанда өзендер кейде арнасынан шығып , жолынағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады .
Ақсу – Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы шақырым болатын иірімдер пайда болады. Мәселен: мұндай көлдерге Қызылжар, Айнакөл, Қызөлген жатады .
Қорық жерінде бұлақтар да бар . Бірақ көбісі күзге қарай құрғап қалады. Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады .
Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін палеозойлық әк тасты тау жыныстарынан құрылған . Гранит пен сиенит жыныстары аз кездеседі. Олардың әк тасымен араласқан жерінде мрамор пайда болады Таудың 1800 м биіктігіне дейін әк тастың бетін бор және үштік дәуірлеріне тән құмтастар, балшық, слонец жыныстары басқан. Мәселен слонецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа пластинкалардан тұрады. Сондықтан да кейде оны қағазды слонецтер деп те атайды. Олардың түсі ақшыл сұр кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден қатқанға дейін Қаратау бассейнінің етегінде жұмсақ лай, тұнба күйінде қалған. Кейіннен қатқан бұл тұнбалар өз беттерінде осы жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардың таңбаларын сақтап қалған Бұл жерде 60- тан астам өсімдік түрлері табылған .
Мұнда пайдалы қазбалар да мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көп. Қорықта ауа райы өте құбылиалы. Қысы суық, кейде қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын- шашын тапшы келеді Тәуліктік ауа температурасы да өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір күндерінде өте суық болады. Орташа жылдық температура тау етегінде -7,6 градусқа тең; қаңтар айынды орташа температура -4,9 градус болса. Шілдеде ол +21,6 градусқа жетеді. Көбіне көктемде бұ жер жауын -шашанды болып келеді. Жалпы алғанда ауа райы басқа жоталарға қарағанда ылғалды.
Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа райы өзгеріп отырады. Таудың биік щыңдарында күшті желдер де болып тұрады .Тау етектерінде қар 4-5 ай жатады, кей жерлерде қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Март айында бұл -өңірде ауа райы күрт өзгереді, қар еріп , күн жыли бастайды. Бәйшешектер гүлдеп, қара ала торғайлар келіп , тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар жауып , суық болып кететін жағдайлар көктемде көктемде байқалады. Бұл жағдай ерте ұшып келген құстардың тіршілік етуін қиындатып жібереді.
Таудың белдеуінде қыс 6-7 айға дейін созылады. Қар қалың түседі, көбіне тау жоталарының теріскей беті қарлы келеді де, күнгей жағы қарсыз болып, онда тіршілік ететін елік, арқар, таутеке сияқты хайуанаттардың қыстап шығуына қолайлы жағдайлар тудырады.
Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің әр алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты құзды келетін белдеуінде (3000-4000м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды дала белдеуі (1200-2000 и) қызыл қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.
Ақсу- жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктік 61, қынаның 58-ден астам , жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.
Қорық территориясы түгелімен дерлік ьиіктігі 12000- 4200метрге дейін таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті , далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болыды .Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қиақ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1200-1250м биіктік аралығынан ұшырастырамыз. Қорық орманында ағаштардан қара арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан - талас терегі, тал мен қайыңның бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан доланасы, кавказ тауында өсетін қарқас, мойыл бақтарын көрсек, ойда аздап шеттеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. Ал, алтай доланасы мен регель алмұрты тек 10-20 түптей ғана (Қармышева, 1973).
Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 8 түрі, итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ тікенектің 3 түрі, тобығының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан табылады (Кармышева, 1973).
Ақсу- Жабағылы қорығында өсімдік түрлерінің көп екендігін төменде келтірілген мәліметтер айқын байытады және бұл мәліметтерден өсімдік тұқымдастарының арақатынасын да жақсы айыруға юолады.
Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны-69 (түр саны-216), бұршақ тұқымдастар –14 (131), астық тұқымдастар-41 (122), ерінді гүлділер -24 (70), шатырша гүлділер -34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны -24 (түр саны-68), қалампыр тұқымдастар -15 (60), лалагүл тұқымдастар- 11(56), сарғалдақ тұқымдастар -18 (49), сабынкөк тұқымдастар -12(48), айлық тұқымдастар -21 (40), айқыш гүлділер -21(39). Ал басқа бірқатар өсімдіктердің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана.
Қара арша. Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700-2400 м биіктікте көбіне тау қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы қиын жерлердегі аршалы орман 200-350 жылдай жасаған. Мұндағы аршаның биіктігі 13метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден көріп, тамашалауға болады.
Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай жерді алып жатыр. Аршаның бұл түрі Ақсу өзенінен солтүстікке қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып тұрған бұл арша Аршалысайда, Талдыбұлақта, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады . Сауыр аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200гектардай. Оны Үлкен жене Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700-1900м биіктіктен көреміз, Балдыбірек пен Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарында да өскен , Ақсу өзенін көмкеретін қыраттардың күнгей беткейлерінде кездеседі. Балғын аршасы қорықь жерінде субальпі белдеуіне тән тұтасып өседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп- өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды. Жалпы алғанда
Ақсу - Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы алқап. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік.
Ақсу- Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Өзен бойындағы бұл тоғайлардың да су режимін реттеуде маңызы зор.Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфмр майлы, жеміс беретін өсімдіктер көп. Тамаша жемшөптік өсімдіктер- жабайы тянь- шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, т.б. айтпай кетуге болмайды. Тіпті піскен жуасын жеуге пайдаланып қоймай, сонымен қатар онымен өкпе туберкулезі мен сарып ауруын да емдейді. Сондай-ақ тауға әр түрлі реңді сән беретін қызғалтақ гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді.
Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауарайының құбылмалы болып келуі жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын терреиториясында Европа, Солтүстік Африка, Англия және Орта Азияның әр түрлі ландшафтарында мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Міне осылай бір жерде шығу тектері әр түрлі аңдар мен құстардың шоғырлануы – Батыс Тянь-Шань тауы хайуанаттарының тарихы күрделі және өзінше ерекше екендігін көрсетеді.
Соңғы деректерге қарағанда, қорық территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 және балықтың 2 түрі мекендейді екен. Насекомдардың да алуан түрлері осы төңіректе қоныстанған.
Достарыңызбен бөлісу: |