Тақырыбы: Қазақстанның илік заттар өсімдіктері.
Жоспары:
1.Илік заттар.
2.Кумарин заттары.
3.Алкалоидтар.
4.Фитонцидтер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Илік заттар мен танысу.
Лекция мәтіні:Өсімдіктерде көп кездесетін илік заттар немесе таниндер гликозидттерге бір табан жақын. Олар белоктар мен қосылып, су өткізбейтін эластикалық әрі берік пленка жасай алады. Таниндерді тері илеуге (әдетте емен қабығын қолданған, сондықтан бұл процесс орысша дубление, ал заттар дубильные деп аталған) және медицинада оны осы қасиеттеріне сүйеніп қолданады. Медицинада тұтқыр дәру түрінде пайдалану былжыр қабықта одан әрі қабынуға кедергі болатын пленканың (үлкен қабыршақтың) жасалуына байланысты, ал жараға жағылған танин қанды ұйытады және қанды тоқтататын дәру ретінде қолданылады. Ауыз бен жұтқыншақтың былжыр қабығы қабынғанда – шаю дәруі, күйікке - сеппе дәру, қанағанда – малма (примочка) түрінде қолданылады, сондай –ақ асқазан бұзылғанда оны ішеді. Танин ерітінділері белоктық заттармен ғана емес, алколидтермен, гликозидтермен және ауыр металдармен қосылғанда жедел көмек ретінде қолданады. Таниндер әр түрде барлық өсімдіктерде дерлік кездеседі (олар алмұртта көп). Таниндер ауада тез тотығады, оны қабығы аршылған картоп пен алманың қараюынан көруге болады.
Кумарин заттарының сан алуан топтарының ішінде медицина үшін спазмолитикалық, қан тамырын кеңейтетін және тыныштандыратын күшті әсері бар фурокумарин туындысы аса маңызды. Оның үстіне, олардың біреуі ішек құртына қарсы, екіншісі – грибок ауруына қарсы, қолданылады. Осы қосындылардың қайсыбірі күннің ультыра күлгін сәулесіне адам терісінің сезімталдығын күшейтеді. Мәселен, бойында фурокумариндері бар бақшалық балдыркөк өсімдіктері (ақжелкен және басқалары) оларды күннің көзінде өңдеген кезде қолда дерматит ауруларын қоздырғаны белгілі.
Алкалоидтар – күрделі органикалық, құрамында азот бар, күшті, ерекше әсер ететін қосындылар. Алкалоид деген екі сөзден құралған: арабша «алкали» - сілті және грекше «эйдос» - сол тәрізді. Алкалоидтар спиртте тез ериді, олардың көбі улы, бірақ организімге аз мөлшерде (0,01 г) енгеннің өзінде көбіне емдік әсер етеді. Алкалоидтардың құрылымы өте әр алуан. Өсімдіктердің бөліктері алкалоидтардың мөлшері жағынан біркелкі емес. Алкалоидтардың мөлшері өсімдіктердің даму фазасына байланысты. Олар өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдардың – алманың, лимонның, қымыздардың тұздары ретінде болады. Ақырында, тағамдық өсімдіктердің емдік көзін аша отырып, шырындардың маңызын ерекше алған жөн. Шырындар биологиялық сергек заттардың бүкіл жиынтығын шоғырландырады, бұл олардың: боиға тез сіңетіндігі мен алмасу процестеріне араласуы жоғары катализдік қасиеті, өздеріне гербицидтердің болмауы сияқты құндылығын арттыра түседі. Олар шөлді тез басады, тәбет ашады, ас қорыту бездерінің қызметіне, өттің бөлінуіне дем береді, асты жақсы сіңіруге себепші болады. Шырындар – витаминдер- мен тамаша жабдықтаушы, оларда организімге тез сіңетін қант, пектин заттары, органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздар бар. Көкөніс шырындарында органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздаға бай, ал жеміс шырындарында қанттың көп болуына байланысты, калориялығы жоғары. Шырындар, жеміс – жидектердің жұмсағы араласқандықтан, мөлдір болмауыда мүмкін, ал мұның өзі шырындарды әртүрлі органикалық заттармен қосымша байытады. Шырындар әсіресе ас қорыту мүшелері ауыратын адамдарға аса пайдалы.
Жүзім шырынында қант пен калий көп бірақ витаминдер тапшы, ал құлпынай мен қара қарақат (қышқылдау) шырынында витаминдер (көбіне С) басым. Алма шырыны темір мен витаминіне, ал таңқурай, қарлыған шырындары мысқа бай. Сәбіз шырыны каротин мен темірге бай, сондай – ақ онда С, Е, В2 РР витаминдері, кобальт, мыс бар және зат алмасуды дұрыстауға себепші болады, қан жасалуын жақсартады. Томат шырынында кальций, темір, каротин, қант бар.
Татымды өсімдіктенрден ( ақжелкен, балдыркөк) жаңа сығып алынған сығынды – бағалы қосымша шырын. Жабайы өсетін өсімдіктердің қалақайдың, бақбақтың шырыны пайдалы, германияда оларды көктемгі әлсіздікке қарсы профилактикалық дәру ретінде кеңінен қолданады.
Шырындарды белгілі шамада үйлесімді араластырып, хош иісті және дәмді сусын жасауға болады, оның үстіне, бірнеше өсімдіктің араласқан шырындары анағұрлым әсерлі: олар әр алуан витаминдер мен минералды тұздарға бай болып келеді. Қышқыл шырындары тәтті шырындармен, хош иісті еместі хош иісті шырындармен, қоюларын анағұрлым сұйықтармен араластырған жөн. Сәбіз бен алма шырындары жүзім не өрік шырындарымен, алхоры – құлпынай шырынымен үйлесімді келеді. Бірқатар шырындарды ем ретінде пайдалануға болады. Мәселен, сәбіздің, алхорының (немесе өріктің) қоспа шіріні ішті айдауға әсер етеді. Капустаның, қиярдың, сәбіздің, жүзімнің, қарбыздың құлпынайдың, алманың шырындары гастрит және қышқылы төмен кездегі асқазан мен ішек ауруларына дәру ретінде қолданаданылады. Әдетте шырынды ас ішерден 30 – 40 мин бұрын 150 – 200 г ішеді. Егер асқазан сөлінің қышқылы жоғары болып, ол көп бөлінетін болса, ондайға тарнаның, қарлығаның, шиенің, алхорының, таңқурайдың, өріктердің шырындары аса пайдалы келеді. Олар асқазан секрециясын тежейді.
Фитонцидтер - микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.
Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.
Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге , өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да и қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.
Лекция №11
Тақырыбы: Қазақстанның хош иісті (ароматты) өсімдіктері.
Жоспары:
1.Аскөк.
2.Ақжелкен.
3.Балдыркөк.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Хош иісті (ароматты) өсімдіктер мен танысу.
Лекция мәтіні; Тағамдық өсімдіктер қуат беретін көп мөлшерлі биологиялық сергек заттарды бойларында сақтаумен қатар, тағамдық, дәрулік өсімдіктер түрінде де өздерін таныта алады. Энергиялық қосындыларға қанттар, крахмал, клетчатка, пектиндер, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, белоктар, майлар жатады. Көкөністердің, жемістер мен жидектердің тағамдағы энергиялық күші онша көп емес, бірақ оларда малдық тағамдарда жоқ организмнің дұрыс тіршілік етуіне аса қажетті заттар бар. Жидектер мен жемістер – организмге тез сіңетін және зиян келтірмейтін қанттардың (фруктозалар мен глюкозалар) теңгерілген табиғи жиынтығының қайнар көзі.
Көкөністер мен жеміс дақылдарындағы ас қорытқанда сілтілік қасиеті бар қосындылар жасайтын минералдық заттар қанда аз-кем сілтілік реакцияны сақтап тұруға себепші болады және етте, нанда, майда болатын қышқыл майлы заттардың зиянды әсерін бейтараптандырады. Тағам рационына көкөністерді қосу оны үйлесімді етеді. Ішек-қарын ауруларына шалдығуды болдырмайды. Жемістер мен бірқатар көкөністердегі минералдық заттардың едәуір бөлігі калийден тұрады, ал ол тұзды су алмасуын реттеп отыруда, ісінген ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады.
Татымды-хош иісті өсімдіктер – дүние жүзінің әр түрлі континентінде кездесетін 200-ден аса түрі бар өсімдіктердің бай тобы, әдетте тропикалық елдердің классикалық өсімдіктер (ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш және басқалары) осы топқа жатады. Біздің елде бай татымды тұздықтармен Кавказ бен Орта Азияның ұлттық тағамдары ерекше көзге түседі, олар тағамды көптеген иісті шөптермен байытты – кинза (кориандр), тархун (эстрагон), көк пияз және сарымсақтың жас гүлді сабағы, тағы басқалар.
Татымдылар ретінде әртүрлі мүшелерді: тамырларды (ақжелкек, ақжелкен, балдыркөк), жуашықтарды (пияз, сарымсақ), көктерді (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, жиек жалбыз, пияз, сарымсақ, эстрагон, настурция), аналықтар мен аналық ауызды (бұрыш, зире, әшкөк, анис, фенхель, настурция) пайдаланады.
Тамаққа татымды өсімдіктерді қосу астағы тұздың дәмдік нормасын азайтады, мұның өзі тұзы аз диетаға (жүрек, бүйрек ауырғанда, аллергия болғанда) өте қажет. Кулинарияға бірін-бірі өзара толықтырып тұратын, асқа қышқылдау дәм беретін татымдылардың белгілі бір үйлесімділігін табудың маңызы зор.
Аскөк. Татымды көк біздің ерте көктемде организмге көктемгі дәм беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы – иісті бақша аскөгі.
Аскөк өсімдігінің барлық бөлігіне эфир майлары (бұлар 1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелердежинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына карвон (мәуелерде - 50% дейін, шөпте - 16% дейін) кіреді. Мәуелерде құрамында олеин, петроселин, линоль қышқылдары бар майлы май 20%-ке жетеді. Аскөктің жас жапырағы С витаминіне (135-200 мг%), каротинге (0,5-12,8 мг%) бай келеді, онда К, Е, В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В9 (фолий қышқылы) витаминдері, темір, калий, кальций, фосфор тұздары, флавоноидтар (рутин, кверцетин, изорамнетин) бар.
Емдік мақсатқа шөптің тұндырмасы несеп айдайтын дәру ретінде гипертония ауруының бастапқы сатысында, ал жапырағы мен мәуесінің қайнатпасы – ұйқы қашқанда қолданылады. Мәуелерін тұндырма және қайнатпа түрінде ас қорыту үшін бауыр мен өт жолдары ауруына, жел шығаратын деру ретінде пайдаланады.
Ақжелкен. Ақжелкен латынша “петроселинум” – тас балдыркөк, бұл оның Жерорта теңізі маңындағы таулы аудандардан шыққанын білдіреді. Көне Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік өсімдіктер ретінде өсірілген. Ал тағамға оларды орта ғасырда қолдана бастады, ақжелкеннің әуелі тамырын, кейіннен – жапырағын пайдаланады.
Ақжелкеннің жапырақтары эфир майларына, С (58-290), К,Е витаминдеріне, каротинге (1,7 мг%) бай, ал тамыр жемістерінде бұл заттардан басқа В (В1, В2, В6) және РР – 2 мг % витамин топтары бар. Мәуелерінде 6,0% дейін эфир майы болады.
Ақжелкен тәбет ашады, ішектегі газды жояды, ауруды, шаншуды, құрысуды басады.
Ақжелкенді косметикаға да қолданады. Ақжелкеннің тамырының қайнатпасы беттің күнге күюін бәсеңдетеді, ал тамырлардың қою қайнатпасын лимон шырынымен қосып, беттің сепкілін және терінің қоңыр пигменттенген дағын кетіру үшін пайдаланады (таңертең және кешке бетке жағады). Бетті ағарту үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек.
Ақжелкен бақшалық – екі жылдық өсімдік, жапырақты және тамыр жемісті болып екі түрге бөлінеді. Жер үстіндегі бөлігі алғашқы жылы тамырдың қыста солып қалатын бір шоғыр жапырақтарынан тұрады, ал екінші жылы тамырдан биіктігі бір метрге дейін жететін, көп бұтақты бір немесе бірнеше сабақтар өседі. Жапырақтары үлпілдек, жылтыр немесе бұйра қабажақты және кетілген немесе тілік қалақша болып келеді. Жапырақты ақжелкеннің тамыры сыртынан – сарғыш, іші ақ, жұқа, көлденең салалары бар ұршық тәріздес, етженді, ал тамыржемістінікі – конус тәріздес немесе түп жағынан жоғары қарай бірқалыпты жіңішкерген шошақ.
Балдыркөк. Балдыркөк қоректі татымды (белогы көп) көкке жатады. өсімдік бойындағы өзіндік иіс пен дәм эфир майларынан тарайды, оларға балдыркөктің мәуелері аса бай келеді (2-6%). Эфир майларының негізгі компоненті лимонен (мәуелерде 60%-ке дейін болады) болып табылады.
Балдыркөк екі жылдық өсімдік, бірінші жылы тамырланады, дегелек құрайды, екінші жылы – гүлді сабақ пен мәуе түзейді. Жапырақтары қауырсынды-тілік келеді. Балдыркөктің бірнеше түрлері өсіріледі; тамырлы, жапырақты, сағақты. Тамырларының – тамыржемісі (диаметрі 8-12 см) етті, ірі, шар тәріздес дерлік, жапырақтынікі – тамыр жүйесі түкті тілікті.
Балдыркөк суыққа төзімді. Тұқымдары 4-60С-де көктейді, көктері 2-30С аязға төзеді. Балдыркөкті өсірудің үш әдісі бар: тұқым себеді, көшеттерді алдын-ала парниктерде өсіріп отырғызады және көктетеді (парниктерде). Оңтүстік аудандарда тұқымды жерге себеді (оны топыраққа сіңірмей үстіне құм төккен жақсы), ал солтүстіктеу аудандарда көшет өсіреді (ақпанда – жәшікке, мамырда – егістікте). Көктің екі жапырағы шыққан кезде, сеппе көшетті қазып алып, көшіріп отырғызады. 55-60 тәулік шамасында көшетті тұрақты жерге кең қатарлы немесе суыртпақты әдіспен қайта отырғызады.
Қазақстанда тез өсетін баддыркөктің тез пісетін тамырлы сорты – Яблочный аудандастырылған. Тамыржемісі жұмыр, біршама жапырылған, жұмсағы ақ, тамыржемісінің ұзындығы 4-7 см, диаметрі 4-8 см. Көктеп шыққаннан өнім алғанға дейін 82-100 тәулік өтеді.
Лекция №12
Тақырыбы: Қазақстан флорасындағы татымды (тағамдық) өсімдіктер.
Жоспары:
1.Пияз. Шнитт пиязы.Жұпар пиязы.
2.Сарымсақ.
3.Бұрыш –жалбыз.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Татымды (тағамдық) өсімдіктер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Пияз. Жер жүзінде пияздың 400-ден астам түрі кездеседі, солардың ішінде пияздың әр алуан мәдени түрлері және сарымсақта бар. Пияздың түрлері мен сорттарының қашаннан көп өсірілгені сонша, Көне Римде пиязды өсіру үшін арнаулы бақша болған. Антик дәуірінде пияздың әр алуан түрлерінің емдік қасиетін өте жоғары бағалаған. Пияз жауынгерлерге күш береді, оларды жау жүрек етеді, жарақаттарынан айырады.
Порей-пиязында көміртегі көп, сондықтан да ол тым ащы емес әрі минералдық заттары да мол, құрамында калийдің болуы себепті порей-пиязын бүйректегі тасқа қарсы, сарп ауруына, подаграға және семіруге қарсы пайдаланған жөн. Порей-пиязы бауырдың қызметін жақсартады. Оны атеросклерозаға , шаршап шалдыққанда да ұсынады.
Басты пияздың ішек құртына қарсы емдік қасиеті бар. Пияздағы заттар атеросклероздың ұлғаюын тежейді, зат алмасуға және қандағы холестериннің бір дәрежеде болуына ықпал етеді. Қант диабетіне 1-2 жуашықты бұқтырып, пісіріп немесе шикілей қосымша жеу керек. Пияз асқорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, тәбет ашады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді, осының көмегімен ішек пен асқазан астындағы бездің қорыту ферменттері жасалады. Пияз қабығынан жасалған сулы тұндырманың да емдік қасиеттері бар, ол организмді әр түрлі қалдықтардан арылтуға көмектеседі. Басты пиязды халық медицинасында несеп айдайтын деру ретінде қолданады. Пияздың жаңа сөлі қатпаға, геморройға жақсы әсер ете алады.
Қытайда батун-пиязды асқазан ауруларына, тер шығару және ауруды басу дәруі ретінде, сондай-ақ іріңдікке де қолданады. Басты пияздың суы мен ботқасын күйікке, үсікке жағады. Пияздың сөлімен (оған майсана майын қосып) немесе пияз қабығының тұндырмасымен шаш түбін ысқылау, оны нығайтуға әсер етеді: пияздың сөлін меңді, сепкілді, безеулерді кетіруге пайдаланады.
Көк пиязда аса бағалы. Оның бойындағы кальций, фосфор, темір тұздары қан азайғанда профилактика үшін қажет, ал кальций тіс ауруларына пайдалы.
Пиязды емдік мақсатқа қолданудың көптеген әр түрлі және қарапайым рецептері бар. Жөтелге: ұсақ туралған пиязды эмальды ыдысқа салады, оған қант қосады да біраз уақыт жауып қояды. Жиналған сөлін бір ас қасықтантәулігіне 4-5 рет ішеді. Созылмалы тонзилитте пияздың су қосқан сөлімен тамақты шаяды. Тұмауға: үйде ингаляция жасау қолайлы. Бұл үшін стаканның түбіне 1-2 ас қасық үгітілген пиязды салады. Стаканды воронка тәрізді қалың қағаз бен жабады даыстық су құйылған ыдысқа қояды. Содан соң воронканың жіңішке жағын мұрынға тақап, демді ішке тартады. Осы процедураны тәулігіне 3-4 рет қайталау керек. Іріңде не сыздауық шыққанда теріні жұмсарту әрі ірің мен сыздауықтарды пісіру үшін оларға кесіліп пісірілген пияз тартады. Үгіліп сары маймен араластырылған не езіліа піскен пиязды күйген жерге тартады. Сонда бадырайған тыртық қалмайды.
Басты пияз – шыққан жері Орта Азия мен Ауғанстан. Ол суыққа төзімді. Пияздың басқа бірқатар түрлерінде жабық жапырақшаларына қарағанда ашық жапырақшаларының саны басым келеді. Жапырақтары іші қуыс, тікелей жуашықтан таралады. Екінші жылы гүлді сағақтары көтеріліп, 1,5 м дейін жетеді де шар тәрізді жай шатырланып бітеді, жас кезінде қап кигендей болып көрінеді. Кейде шоқ гүлдерде гүлден басқа ұсақ үлпілдек жуашықтар өседі. Мәуесі – құрғақ үш қырлы, үш ұялы қауашақ. Дәндері екі-екіден ұяда орналасқан, пияздың барлық басқа түрлері сияқты, хитин қабығымен қапталған, сондықтан суда өте баяу бөртеді.
Тұқым арқылы өсіргенде, суды нашар өткізетіндіктен оны себер алдында суға салып жібітеді, мұның өзі пияздың көктеуін 3-4 тәулікке тездетеді. Себілгеннен кейін 2-3 аптада көктей бастайды. Оңтүстік аудандарда бір жылдық дақыл кең тараған. Тұқымды топыраққа себеді не 50-60 тәулікте көшет өсіреді, сөйтіп сол жылы-ақ ірі жуашықтар алады.
Көк жапырақты пияз алу үшін оны көктемде және жазда ашық топыраққа, ал қыста және ерте көктемде – парниктер мен теплицаларда өсіреді. Пиязды ерте көктемде отырғызады. Сондай-ақ аяз түскенше жуашықтың тамыр жүйесі 10-15 см өсіп, ал жапырақтары өспеуі үшін, пиязды қыркүйекте-қазан айында қысқа қарай отырғызады. Өнімді тез алу үшін ерте көктемде пиязды полимер пленкасымен бүркейді.
Басты пияздың вегетативтік жолмен өсіп-өнетін түрінің бірі – шалот-пиязы. Шалот-пиязының шыққан жері – Солтүстік-Шығыс Африка. Шалоттың жапырақтары үлпілдек, ал жуашығы онша ащы емес, көпұялы.
Порей – пиязы – шыққан жері Жерорта теңізі, екі жылдық циклмен өніп-өседі. Жуашығы сәл ісінгендеу. Жапырақтары жайпақ, ұзынша, ұзындығы 60 см-дей. Жуан жалған-сабақ (аяқ) түзейді. Екінші жылы ірі шоқ гүлді қуатты сабақ пайда болады. Порейді құнарлы тыңайтылған топырақта өсіреді.
Қазақстанда аудандастырылған сорттардың ішінде Болгарский сортының сабағы жуан, ұзындығы 60-70 см, диаметрі 5-7 см, дәмі нәзік, тәтті; Карантанскийдің жапырақтары желпеуіш тәріздес, қысқа, мықты сабағы бар, қысқы суыққа өте төзімді келеді.
Шнитт-пиязы. Көкті ең ерте береді, өзінің дәмімен де көзге түседі. Бұл көп жылдық дақыл, қысқа төзімді. Мұны дәмі онша ащы емес жіне анағұрлым нәзік көк пияз алу үшін өсіріледі. Шнитт-пияздың жуашығы ұсақ, сопақша, көптеген құрғақ жапырақшалармен бүркелген. Вегетациялық кезең бойына жуашықта вегетативтік бүршіктердің қалыптасу процестері жүріп жатады, сондықтан пияздың бұл түрі әсіресе көп тармақтануымен ерекшеленген. өсімдік үш-төрт жылдығында 100 тармақ шығады, сөйтіп ол тығыз мықты бұта түзейді. Бір бұта да жас та, кәрі де тармақтар болады, сөйтіп екінші жылдың өзінде-ақ жуашықтың жартысы сабақшалар түзейді. Ал екінші, әсіресе үшінші жылданбастап, сабақшалардың саны мықтап көбейеді, мұның өзі пиязды жапырақтары 20 см-ге жетісімен-ақ қырқуды қажет етеді. Қырыққанда, жапырақтармен қатар өсе бастаған сабақшалардың жартысын кеседі; олар өте ұсақ (биіктігі 30-32 см), биязы, аса сөлді және де өнімнің сапасы кемімейді.
Батун-пиязы – басты пиязға тұқымдас, соның жақын түрі, оны кейде суыққа төзімділігіне қарай-қысқы пияз деп те атайды. Шыққан жері – Қытай. Шатол-пиязға қарағанда батун-пияздың жуашығы білінер-білінбес цилиндр формалы, ол түтік тәрізді жапырақтары бар жалған сабаққа ауысады. өсімдік бірінші жылы бұтақтанып, көптеген түйнек жуашықтар түзейді. Екінші жылы гүлді сабақ береді. Тұқыммен, бұтаны бөлумен өндіріп-өсіреді. әртүрлі топырақта өсе береді. Бірақ бір жерде екі жылдан артық өспейді. Батун-пияздың тыныштық кезеңі онша ұзақ емес 1,5-2 ай), ал желтоқсанда теплицаға көшіріп отырғызуға болады. Көк пияз өсіру үшін үш жылдық өсімдікті пайдалану керек, өйткені жаппай сабақтанатын болғандықтан одан әрі өсіру тиімсіз.
Қабатты пияз – жабайы күйінде Алтайда өседі. Суыққа өте төзімділігінен солтүстік аудандар үшін үлкен маңызы бар.
Қабатты пияздың жапырақтары түтік тәрізді, батун-пиязға қарағанда аса биязы. Жер астындағы жуашығы батунға қарағанда ірірек келеді және басты пияздікі сияқты құрғақ жапырақшалары бар, бірақ құрғақ солғын сағақ түземейді. Қабатты пияздың негізгі ерекшелігі – гүлді сабақтарының құрылымында: сабақтың ұшында гүлдер мен дәндерінің орнына 2-4 қабатты ауалық жуашықтар (түйнекшелер) құралады, ірілеу бірінші қабатта болады. Кейде гүлдің шанақтары түйнекшелер арқылы өркендейді, бірақ кейіннен ашылмай, солып қалады. Тамыры түкті: жер астындағы жуашығының немесе түйнекшенің алғашқы жылдың аяғында 40-50 жіңішке тамырлары болады. Мұның тамыр жүйесі басты пиязға қарағанда күштірек өркендейді. 3-4 жылда ұзындығы 1,5 м жетеді, ал көлденеңі 70 см дейін созылады, айта кету керек, тығыз топырақта жоғары қабатқа жақын өседі, ал жеңіл топырақта – аса тереңдеп кетеді. Күзгі-қысқы кезеңде тамыр жүйесі толық солмайды, тек 50% солады, сондықтан жердің тоңы жібісімен-ақ пияз көктеп өсе бастайды. Жоғарыда атп өткендей, бұл суыққа төзімділігімен де бағалы, көк күйінде 70С дейінгі шамалы аяза, ал қардың астында – 500С аязға шыдайды, сірә, бұл тамыр жуашығында құрғақ заттардың, әсіресе сахарозалардың көп болуынан шығар.
Қабатты пиязды бір жылдық және көп жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Бұл өте пайдалы, өйткені ауалық жуашықтар өте нашар сақталады – тек төмен температурада (00С шамасы) сақтап, қыс түсісімен қарға көміп тастайды. Ауалық жуашықтарды қысқа қарайда отырғызуға болады, тек ол тамыр жайып, ал жуашықтары өспеуі керек.
Слизун-пиязы – аязға төзімді түрі, сондықтан солтүстік аудандар үшін өте бағалы. Жапырақтары етті, шырынды, жуан. Жуашығы өте қысқа, түбі нашар дамыған көгентамыр болып саналады, онда айнала жуашықтар орналасқан. Тамыр жүйесі 15-20 жіңішке тамырлардан тұрады, олар 60 см тереңдікке кететін қуатты тамыр түгін құрайды. Ерте көктемде (сәуір айының ортасында) өсе бастайды. Бүкіл вегетациялық кезең бойына бұтақтайды, екінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, солардың ішінен өткен жылғылары гүлді сабақ шығарады. Слизуннің жеке бұтақтары жеңіл тамырланады да дербес өмір сүре бастайды. Көктемде пленка астында жақсы көктеп шығады.
Жұпар-пияз – Азия еледрінде көбірек белгілі, шырынды, биязы (сызықтық) жапырақтары бар. Бұл көп жылдық, қысқа төзімді (-5-60С аязға төзеді) дақыл. Жуашығы цилиндр тәрізді, ол жалған сабақтың жалғасы сияқты. Түпте шырынды ақ жапырақшалар тығыз орналасқан, олардың арасында вегетация процесінде үздіксіз өсіп отыратын вегетативтік бүршіктер дамиды, жұпар-пияз сондықтан кешеуіл күзге дейін бұтақ жаяды. әрбір бұтағында 5-6 жапырақтан болады. Бірінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, екінші жылы 12, үшінші жылы 18-20 бұтақ өседі. Екінші жылы пайда болған жаңа бұтақьар сабақтанады. Гүл шоғыры (шатыры) борпас келеді. Жапырақтарын вегетациялық кезең бойына, олардың сапасы қыркүйек айында жақсы болса екі ретке дейін қырқуға болады (бұл тамыздың орта шеніне келеді). Жұпар-пияз пленка астында жақсы өседі, неғұрлым сапалы өнімді 10-12 тәулік ерте береді.
Пияздың ең көп тараған ауруы – жалған ақұнтақ (пероноспороз). Ауру маусым айында жапырақтарда, одан кейін сабақшаларда сәл ақшыл-сұрғылт бозамық пайда болудан басталады. 2-4 тәуліктен кейін зақымданған жерлер сарғаяды, одан соң, қарақошқыл-көк басып, екінші рет зақымдануы нәтижесінде қараяды. Мұндай жапырақтар тағамға жарамайды. Сабақтардың зақымдануы дән мен ауалық жуашықтардың түсімен кемітеді, өйткені зақымдану алдында сабақшалардың дәндері жақсы қалыптасады да, қоректік заттар дәндер мен жуашықшаларға ағып кетеді.
Пияздың зиянкестері – жуа шыбыны, жуа (тамыр) кенесі басты пиязды, батун-пиязды, қабатты және шнитт-пиязды зақымдайды, ал жұпар-пияз бұлардан зақымдалмайды. Жуа шыбындары мамырдың орта шенініде ұшып келеді де жаз бойына 3-4 қайталайды, ең қауіпті кезең – мамыр, маусым, өйткені вегетацияланушы пияз оларды қатты еліктіреді. Шыбын өзінің жұмыртқасын ең алдымен басты пияздың учаскесіне салады, 5-6 тәуліктен кейін личинкалар жуашықты кеміріп, түп жағына орналасады. Зақымдалғанөсімдік солады да 2-3 апта ішінде қурап қалады. Ұсақ, ақшыл жуа кенесі түпте және құрғақ жапырақшаларда өседі.
Пияздың көгі витамин ретінде жыл бойына, әсіресе көктемде, жетіспейтін витаминдердің орнын баатын басқа көкөністердің жоқ немесе аз кезінде өте қажет.
Батун-пиязды бір жылдық дақыл ретінде бұқтырма егіспен өсіріп, шілдеден бастап қатты суық түскенше (қазанның аяғына дейін) пайдалануға болады. Шнитт-пиязының көгін өте қысқа мерзімде – мамырдың ортасынан маусымның ортасына дейін ғана пайдаланады. Қабатты пияздың да көгін осы мерзім ішінде пайдалануға болады.
Пияздың жапырақтарын тұздап және кептіріп ұзақ сақтауға бодлады. Жапырақтарын тұздау үшін: сәбізбен қосып турап (100 г сәбізге 1 кг пияз қосады), оған 4-5 % тұз ерітндісін құяды да 0+50 сақтайды, түсі, дәмі бұзылмайды, мұны балық және ет тағамдарына қосуға, тұздық ретінде пайдаоануға болады. Шнитт-пияздан басқа барлық пияздардың көктерін ақжелкен мен аскөктің жапырақтарымен, тамыржемістерімен қосып кептіреді.
Сарымсақ – тағамдық және шипалық бағалылығы жағынан пияздан кейінгі екінші өсімдік. Сарымсақ дақыл ретінде 6000 жылджан астам уақыттан бері белгілі. Көне Египетте оны күш береді, ержүрек етеді деп есептеп, тұмар етіп таққан. Бұл өсімдік перғауын Тутанхамонның атақты мазарынан табылған және көне шумерлер рационының негізгі элементінің бірі болған. Көне Египетте, көне гректер мен римдіктер сарымсақты эпидемия (тырысқақ, оба) аурулары кезінде кең қолданған.
Химиялық құрамы жағынан сарымсақ басты пияздан анағұрлым бай, онда көмртегі , азоттық заттар, минералдық тұздар, витаминдер көп. Оның үстіне сарымсақ фитонцидтерінің анағұрлым күшті бактерицидтік әсері бар. Сарымсақтың өткір иісі оның бойындағы амин қышқылы “аллининге” байланысты. Сарымсақтың иісін кетіру үшін жас ақжелкенді шайнау керек. Термикалық өңдеуден кейін (ыстық суға қайнату) немесе сорпа пісірген және асты бұқтырған кезде сарымсақтың өзіндік иісі жойылады. Айта кету керек, шығыс халықтары сарымсақтың С витаминіне бай көк жапырақтарын да қолданады.
Сарымсақтың, порей-пиязы сияқты, жайпақ науа тәріздес төменгі жағы сүйірлеу жапырақ алақандары бар. Сарымсақтың бірнеше құрғақ үлпілдек қабықшамен қапталған күрделі жуашығы көптеген (30 тарта жапырақша) бөліктерден тұрады. Гүл шоғында (гүл сабақтарының биіктігі 1,5 м жетеді) кейде гүлдердің орнына “ауалық жапырақтар” да шығады.
Бір жылдық дақыл ретінде өсіреді. Екі түрі – сабақтанбайтын (сабақсыз) және сабақтанатын (гүлді сабақтар түзейді) болады. Сабақтанатыны күздік, оны күзде, суық түсерден 5-6 апта бұрын отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады, ол күзге таман жуашықтар түзейді.
Көктемде отырғызу үшін жуашықты –1-30С сақтайды. Аса ірі күрделі жуашықтардан алынған жарнақшаларды отырғызады. Қазақстанның солтүстік аудандарында сарымсақты аяздан сақтау үшін топырақтың үстіне қалыңдығы 5-6 см етіп бір қабат шірінді немесе шымтезек төгеді. Ол қысты күні қарды тоқтатады, ал көктемде жердің тез жіпсуінен сақтайды, топырақтың қатқақтануына кедергі болады. Сарымсақтың сабақтанатын түрінің сабағын қырқу керек, сонда өнімнің сапасы жақсарады. өнімді жапырақтары солған кезде жинайды. Аса пісіп кеткен сарымсақ нашар сақталады. Жапырақтар жуашықтан 3-5 см биіктікте солады.
Бұрыш-жалбыз. Жалбыздыцң хош иісін көне гректер мен римдіктер жоғары бағалаған, оның иісінде жақсылықтың нышаны бар: көңіл көтереді, ұнамды әңгімеге жол ашады деп есептеген, сондықтан бұлар, атақты қонақтар келер алдында бөлмеге жалбыз суын бүрку римдіктерде дәстүрге айналған-ды. Рим тарихшысы Плиний Үлкен өсімдіктің ой қызметін келелендіретін қасиеті бар деп есептеп, жас жалбыздан жасалған венокты басына үнемі киіп жүретін болған.
Бұрыш-жалбыз – көп жылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Көгентамыр буындарынан жіңішке бқтақты қосалқы тамырлар таралады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты, екі жағынан майлы безшелермен көмкерілген, осы безшелер эфир майларын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты – “бұрыш” жалбыз деп аталған. Гүлдері ұсақ, қызғылт-күлгін түсті. Аталық мүшелерінің тозаң қабы нашар дамиды, сондықтан өсімдік көбіне тұқым бермейді. Мәуесі құрғақ, тостағаншаға орналасқан төрт жаңғақшадан тұрады, сирек піседі. Бұрыш жалбызының екі түрі бар: қара, жапырақтары мен сабағы қоңырқай, қызғылт-күлгін реңді және ақ, сабағы мен жапырақтары ашық-жасыл түсті. Ақ түрі ерте гүлдейді, нәзік хош иісті майымен көзге түседі, бірақ аяз бен қуаңшылыққа төзімсіз.
Жалбызды бұрын капуста, қияр, картоп, басты пияз егілген жерге еккен жөн. Вегетативтік жолмен өніп-өседі: атпа бұтақтар, яғни көгентамырдың бүйір тармдары отырғызылатын жақсы материал болып табылады.
Жалбызға аурулардың ішіндегі ең қауіптісі – тот, ол ылғалды жылдары және азот тыңайтқышының тым көп болуынан пайда болады. Ауруға шалдыққан жапырақтарды қырқып тастау керек. Жалбыздың жапырақтарын, сондай-ақ жапырақ жегіш – қалқан тұмсықты көк қоңыз зияндайды. Профилактикалық шаралар - өсімдіктің қалдықтарын жою және өсімдікті қырыққан кезде сабақ-жапырақшаларды қиып тастау керек. Жалбыздың жақсы сорты - №549. қысқа неғұрлым төзімді және онша тотықпайтын дақыл.
Лекция №13
Тақырыбы: Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері.
Жоспары:
1.Томат.
2.Баклажан.
3.Қарбыз.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Витаминді өсімдіктер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Томат пен баклажан бойында минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, витамидер, ферменттер болуы себепті – олардың тағамдық, дәмділік және диеталық қасиеттері өте жоғары болып келеді, сондықтан оларды көп пайдаланады.
Томат мәуелерінен томат-паста, томат шырынын, көкөніс салатын дайындайды, оларды консервілейді, тұздайды, сондай-ақ жас күйінде де пайдаланады. Айта кету керек, томаттарды теплицаларда өсіріп, жыл бойына жас өнім алып тұруға болады.
Баклажанның әлі пісіп болмаған, 30-40 тәулік мәуесін, олардың дәні әлі ашық қоңыр түске еніп бола қоймаған күйінде пайдаланылады. Баклажанның қоректік бағалығымен қатар өсімдік қасиеттері де бар. Баклажан жегенде қандағы холестерин азаяды.
Томат (қызанақ) – қазір ең көп таралған, сүйкімді көкөніс (алқа тқұымдасы), бұл дақыл Европаға XVI ғасырда ғана әкелінді.
Шыққан жері – Оңтүстік және Орталық Американың тропиктік аудандары, онда бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Томат дақылын бірінші болып испандықтар әкеліпті, ал итальяндықтар оған “помидор” – “алтын алма” деп екінші ат беріпті және де Европада оны ұзақ уақыт экзотикалық әсемдік өсімдіктер ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен мәуесінің ашық түсінен) бағалаған немесе дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.
Томат мәуелерінің витаминдерге (С витамині лимон мен апельсиндегімен бірдей деуге болады) байлығымен ерекше бағалы. Оның үстіне томатта В1, В2, РР витаминдері, темір, фосфор тұздары бар, әсіресе калий көп. Қант 1,6%-6,4% дейін, органикалық қышқылдардан – лимон қышқылы (0,3-1,7%), сүт және алма қышқылдары бар, ал қымыздық қышқылы картоптегіден, қызылшадағыдан, капустадағыдан аз. Органикалық қышқылдардың болуы арқасында қанның сілтілік резерві көбейеді. Томат мәуесінде калий тұзы мен биязы клетчатка көп болғандықтан, оны жұрттың бәріне, әсіресе зат алмасудың бұзылуына байланысты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына шалдыққандарға ем ретінде ұсынады.
Витаминдердің көптігіне байланысты томатты бағалы диетикалық азық қатарына жатқызуға болады. Томат шырыны өте пайдалы – 1 стакан шырын А және С витаминдеріне деген тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас томат шырынында ішектегі ашу, шіріту процестерін басатын күшті фитонцидтер сақталады, шырын асқазан сөлінің секрециясына әсер етеді, жүрек қызметін жақсартады, әсіресе, арықтау қажет болған кезде, қоспа шырындары: алма, асқабақ, лимон (арақатысы 2:4:2) шырындарына араластырып ішеді.
Томат өз елінде – көп жылдық мәңгі жасыл өсімдік, әрбір жапырақтың қойнында сабақ-бұтақшалар қалыптасады, олар ылғалды топыраққа тисе болды, тамырланып, қалың көп сабақты бұта түзейді. Егілгенде бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Сабақтары тоқтаусыз жоғары ұзара өседі.
Томат температураны өте қатты таңдайды. Температура 150С-ден төмен болса, өсімдік гүлдемейді, ал температура 80С-ден төмен болса, өсуін тоқтатады. Томат әсіресе, топырақтың ылғалдылығын өте қажет етеді, өйткені қуатты тамып және жер үстіндегі жүйелері мен көптеген мәуелерін тез қалыптайды. Жерде ылғал аз болса, тоиат өсуін тоқтатып, гүл шанақтары мен мәуесін тастайды. Ал мәуелері пісіп келе жатқан кезде топырақтың ылғалдылығы тез өзгерсе, онда олар жарыла бастайды. Ауаның ең қолайлы ылғалдылығы 45-65%. Ылғалдылық тым жоғары болса, гүлдер нашар тозаңдайды, жапырақтар құба дақты, бактериялық дақты және басқа да ауруларға, ал мәуелері фитофтораға шалдығады. Ауа ылғалдығының тез өзгеріп тұруы мәуелер төбесінің шіруін күшейтеді.
Томат күн сәулесінің күшті болуын қажет етеді, томат үшін ең қолайлы жер – жеңіл, жақсы жылынған және шіріндіге бай қаратопырақ. Томат өсімдігі топырақтан көптеген қоректі элементтерді сіңіреді. Ең алдымен калийді, содан соң азотты қабылдайды.
Көшетті отырғызар алдында 0,5-1% бордос ерітіндісімен бүркиді, сонда ашық жерде өсімдіктің жапырақтар мен мәуелер ауруларына төзімділігі күшейеді.
Томатты бұрын капуста, қияр және бақша өсімдіктері, пияз егілген жерлерге еккен жақсы. Томатты бұрыш, баклажан, темекі, картоп еккен жерге егуге болмайды, өйткені оларда, томат сияқты алқа тұқымдас өсімдіктерге жатады, солардың ауруларына, солардың зиянкестері арқылы ауруларға шалдығады.
Солтүстікте олар қышқылдау, оңтүстікте тәттілеу болып келеді. Томатты гүлдеп тұрған кезде 20 мг 1 литрге қойылтылған янтарь қышқылымен бүрку оның бойындағы құрғақ заттар мен қантты көбейтеді.
Көк, әлі пісіп жетпеген томат мәуесінде улы алколоид соланин болады, бірақ мәуелер пісіп жетілген кезде олар түгелге дерлік жойылып кетеді.
Томаттың сорттары өте көп, олар ерте (көктеуден өнім жинауға дейін 95-120 тәулік), орта мерзімде пісетіндер (110-130 тәулік) және кеш пісетіндер (120-150 тәулік) болып бөлінеді.
Баклажан -жаздың аяқ кезінде әр алуан көкөністердің ішінде нәрлігі және шипалылығы жағынан басқалардан кем түспейтін өсімдіктердің бірі баклажан, оның шыққан жері Үндістанның тропик аудандары, оны сол жерлерде біздің дәуірімізге дейінгі уақыттан көп бұрын дақылға айналдырылған. Европаға орта ғасырда әкелінді.
Мәуелерінің басты қасиеті-калии тұздары көп;оларда, сондай-ақ, 3℅шамасында қант, клетчатка, пектин заттары, В1 витамин топтары,С витамині (15мг℅дейін), каротин, кальци мен фосфор тұздары бар. Баклыжандарды атеросклероздың сақтандыру және оны емдеу ушін пайдаланады, өйткеніол холестринді азайтуға әсер етеді. Ал мәуелерінде калии тұздарының көп болуы жүрек жұмысын күшейтеді, организімнен сұйықтықты шығаруға мүмкіндік береді.
Баклажан томат жататын тұқымдасқа жатады, бұл да бір жылдық дақыл. Сабағы тікенекті ағаштанған. Жапырақтары үлпілдек-қалақша немесе тұтас,жасыл немесе күлгін түсті. Тамыр жүесі онша тереңде емес.Мәуелері-2-11 ұялы жидек, шар тәрізді, алмұрт тәрізді, немесе целиндр тәрізді, көбіне ақ болады, піскен кезде қоңырқай сарғыш немесе қызғылт түске енеді. Жұмсағы ақ немесе жсылдау.
Баклажандар томаттанда гөрі жылыны көбірек қажет етеді. Тұқымдары 13о-14оС-де көктейді, ал ертерек көктету үшін температураны 20-25оС көтеру керек. Көшет еккенде қоректі құмыраларды пайдаланған жөн, өйткені көшіріп тігуді, қайта отырғызуды көтермейді, тамырлары зақымдалса, қалпына тез келмейді.
Жеміс салу кезеңінде температура 20оС-ден төмендесе, жемістің бітуі мен өсуі тоқтайды, 15оС-де гүлдер мен жатынедар түседі. Жоғары температура да қолайлды емес, өйткені 34оС және ауа құрғақ не ылғалдылығы 35℅-тен төмен болса, жатындар түсіп, өсімдік ауруларға шалдығады. Баклажандар топырақтың, ауаның ылғалдылығын қажет етеді. Ауаның арақатысты ылғалдылығы 60-70℅болуы керек, топырақ ылғалдылығы жеткіліесіз болса, гүл шанақтары түсіп қалады. Помидорлар сияқты, баклажан да салқын сумен суаруды қаламайды. Баклажандар жарықты әсіресе гүлдей бастаған кезде өте қажет етеді, жарық жеткіліксіз болса, гүл шанақтары түсіп қалады. Көшетті қысқа, 10-12 сағыттық жарықта өсіру қажет, бұл өсімдікдің өсуін 10-35 тәулікте тездетеді.
Картоп сияқты, баклажандарды да колорад қоңызы зақымдайды. Онымен күресу жолы – хлорофосты немесе қоңыздың келер алдында хлорлы калииді, суперфосфатты 10-15 тәулік аралатып, екі рет бүріккен жөн болар. Бұлай бүрку өсімдікті фосфорлы калиймен тамырдан тыс үстеп қоректеудің орнына жүреді. Ал жеміс салу кезінде азотты көбірек кекрек етеді.
Деликатес – жемісі тез піседі, қысқарған алмұрт тәрізді қарақоңыр- күлгін түсті.
Қарбыз – Көптеген халықтың сүйікті тамағы. Шыққан жері- Оңтүстік Африкадағы Судан,Калахари және Намибия шөл даласы, ол жерлерде қарбыз қопалары кездеседі
Қарбыз суреттері Көне Египет перғауындарының мазарларынан табылған.
Х ғасырда Қытайда және Азия елдеріне, кейінірек Европаға әкелінген.
Қарбызда организмдегі көптеген фзиологиялық процестерді реттеп отыратын заттар бар. Қаннтың мөлшері жағынан қарбыз анананастан, жүзімнен, алмұрттан кем түспейді. Онда клетчатка мен гемицеллюлоза, пектин заттары, қант, Свитамині, каротин, В1,В2,РР витаминдері, фолии қышқылы, калии, натрий,кальций тұздары, сондай-ақ магний темір, күкірт және аса құнды амин қышқылы бар.
Қарбызда темірдің мол болуы оны қант аздықты емдеуге болады. Фолий қышқылы қан жасауға араласып, рак ауруының басталуына кедергі болады. Қарбыз – Құрқұүлақ, бүйрек, бауыр ауруына қарсы, жүрек қызмктін жақсарту, организм тонусын көтеру үшін профилактикалыфқ жіне емдік дәру. Бүйрек, бауыр ауруларына, семіздікке қасиеті бар. Халық медицинасында қарбызды сары ауруды емдеуге қолданылады. Қеарбыз дәндерінен жоғары сапалы май алады;дәндерінле 14-19℅ қант болады. Қарбыз дәндері қан тоқтатуға және ішек құртына қарсы әсер етеді.
Қарбыз – асқабақ тұқымдас бір жылдық шөп тектес өсімдік, сабағы көлбей өседі. Тамыр жүйесі тарамдалып, топырақтың терең қабатына кетеді;жапырақтары мен сабағы мықтап түктенген, бозарған дағы болады. Жапырақ қолтығынан мұртшалар, ал жоғарғы бөлігінен – гүлдер шығады. Аналық гүлдер басты өркеннің ұшына және бірінші реттегі өркендерде орналасады.
Қарбыз – жылыны сүйгіш өсімдік. 15-160С-де тұқымдары өне бастайды. Сепкеннен кейін 8-9 тәулікте көктейді.
Қарбыз күн сәулесін талғайды, күншуақты күндер көп жерде өнімді де көп береді. Қуаңшылыққа аса төзімді. Тек оңтүстік аудандарда ғана оны суарып өсіреді, бірақ онда да жемістері сол сорттың әдеттегі көлемінің жартысындай болғанда, суаруды тоқтатады.
Қарбызды бұрын көп жылдық шөптер, дәнді дақылдар, ал көкөністерден – пияз, капуста, тамыр жемістілер егілген жерге еккен жөн. Жақсы жылынатын, жеңіл, құнарлы қаратопырақты және қызыл-қоңыр топырақты жерлерде қарбыз жоғары өнім береді. Аңызақ соғатын аудандарда қарбызды биік сабақты өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, ақжүгері) ықтырмалары арасына егеді, олардың бір-бірінен қашықтығы 16-20 см болу керек. Фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу жемістердің пісуін тездетеді және олардың қанттылығын арттырады.
Тұқым топырақ 10 см тереңдікте 120С-дейін жылынған кезде себіледі. Тегінде, 3-4 жыл бойы сақталған тұқымды сепкен жөн. Себер алдында тұқымды екі сағат бойы 40-500С-де қыздырады.
Қарбыз жер үстінде үлкен болып өседі, оны 70X140 см, 140X140 см, 140X210 см және 210X280 см схемасымен егеді. Оны 3-5 см тереңдікке егу керек. Зиянкестермен және аурулармен күресу маңызды орын алады. Сымқұртқа қарсы дәндерге ГХЦГ дусты себеді. Ал, әсіресе оңтүстік аудандарда анағұрлым қауіпті бақша биттеріне қарсы өсімдікке 40%-ті фосфамид (Би-58) немесе 30%-ті карбофос бүркеді. өрмекші кенесіне қарсы өсімдікті 20%-ті кельтанмен өңдейді. Қарбыз жапырақтарын сақа құрт-құмырсқалар мен шыбын-шіркейлер жіне бақша қызыл қоңыздарының балапан-құрттары зақымдап тастауы мүмкін. Ондай зиянкестерге қарсы 80%-ті хлорофоспен не 20%-ті метафоспен өсімдікті өңдейді.
Жемістің піскендегін жеміс сабағы мұртшаларының қурағанынан, қарбыздың ерекше жылтырауынан, шерткенде не сәл қысқанда қатаң дыбысына қарап анықтайды. Қарбызды жинап алғаннан кейін 2-3 ай сақтауға болады.
Қарбыздың Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Багаевский мурашка – жемісі ірі, тұтас салмағы 4-5 кг, ақшыл-жасыл торқабықты, кұңгірттеу реңді келеді. Жұмсағы қызғылт-қызыл, биязы түйірлі, тәтті. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 95-100 тәулік.
Мраморный – жемісі шар тәрізді, тегіс, салмағы 3-4 кг. Ақшыл-жасыл түсті, суреті сирек қоғырқай жасыл дақты жағындыны жаға салғандай. Жұмсағы шымқай қызыл немесе қызыл-күрең, биязы, түйірлі, шырынды, тәтті. Вегетациялық кезеңі – 92-108 тәулік.
Роза Юга-Востока – жемісі шар тәрізді, салмағы 2,5-3,6 кг. Үстіңгі жағы сегменттелген, тегіс. Түсі ақшыл-жасыл; суреті – жалпақ, қоңырқай-жасыл, түсін бүркеп тұрған дәрлік шайылған жолақтар. Жұмсағы шымқай-қызыл, түйірлі, шырынды, тәтті. Вегетациялық кезеңі 78-83 тәулік.
Лекция №14
Тақырыбы: Улы өсімдіктер.
Жоспары:
1.Аласа құртқашаш.
2.Ашық құндызшөп.
3.Ақезу мәрпі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Улы өсімдіктер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Аласа құртқашаш (құртқашаштар тұқымдасы) – Қазақстанның солтүстік шығыс аймақтарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облысының бөлігінде) кездеседі.Ол астық- тұқымдастар өсетін шым жерлерде, жусанды- қаулы далада, кейде ұсақ тасты және сортаң топырақта өседі.Жуан бұтақтанған тамырсабағымен 1 –1,5 см -ге дейін ерекшеленеді. Жыл өткен сайын жеке құртқашаштардың тамырсабағы қаулай өсіп, үлкен (көлденеңінен 70 см –ге дейін) үйме құрайды. Аракідік тамырсабақтың ортаңғы бөлігі тіршілігін жояды және иірім ортасындаөркендердің тығыз сақинасымен қоршалған тақыр (жылтыр) дақ пайда болады. Вегетативті және генеративті сабақтың төменгі жағындағы жапырақ таспа тәрізді. Ені 1 см-ге жуық, ұзындығы сабағымен бірдей 10-15 см-ден аспайды, гүлдері дара, үлкен (көлденеңі 7 см-дің айналасында) ұзын түтікті. Түрі үлкен өзгергіштігімен, әсіресе гүлінің түрін өзгертумен ерекшеленеді. Қою-көк, қызғылт сия түсті, тжасылдау, сары, кейде тіпті ақ түсті де болады. Құртқашаш көктемде сәуәрдің соңы-мамырда гүлдейді, жемісі (үлкен ұшталған үш түрлі қауашақ), маусым-шілде айдарында піседі. Тұқымы үлкен, қыртыстанған, қара-қошқыл, қауашақтан жерге түсе сала домалай жөнеледі.
Құртқашаштың бұл түрі мәдени жағдайда көптеген елдерде танымал. Мысалы Батыс Европада оны 1588 жылдан өсіреді. әсіресе, тамыр сабақтарының бөлігі ретінде және тұқымымен жеңіл көбейетіндігі жоғары бағаланады (себілгендері мәдени түрде екі жыл гүлдейді). Аласа құртқашаш басқа түрлермен және мәдени сорттармен жылдам тұқымдасады. Ол көптеген сорттардың, туыстасы болып табылады. Қысқа сабақты, құртқа тобына кіретін бұл түрдің жер үсті бөлігі және тамырсабағында күрделі заттар құралады, олардың қатарында улы заттар да бар. Бұл улар малдың кейбір түрлеріне әсер етеді. Мысалы: шошқалар үшін өсімдік улы, қойлар үшін жақсы азық болып есептелінеді.
Ашық құндызшөп (Сарғалдақтар тұқымдасы)-Қазақстанда кездесетін 6 түрлің ішіндігі ең солтүстікте кездесетіні –орманды дала, және зонасына тән. Құрғақ далада, сирек қарғайлы ормандарда және орман алаңқайларында республиканың батыс шекарасынан бастап Шығыстың аласа тауларында, Алтай және Тарбағатайда кездеседі. Шөптесін көпжылдық, көп бұтақталған тамырсабақты, сабағы онша биік емес (15 см-ге дейін). Ол жеміс бергеннен соң үш есене дейін үлкейеді. Төменгі жапырақтары ұзын қалемшелі, күрделі саусақ-салалы, гүлдеген соң түгелдей бұрылып кетеді. Одан кейінгі жапырақтар (сабақтағы) көп мөлшерде кішірейген, және орамдалған (тысталған), иілген ұзын түкті жіңішке бөліктерге бөлінген. Гүлдері жалғыздан ашылған кезде қоңырауға ұқсас, кейін барын,ша ашыла түседі. Гүл серігінің жапырықшалары үлкен, ұзындығы 4см-ге дейін, сыттқы жағы түкті ашық көкшіл түсті. Аталықтары мен аналықтарының саны көп, жемісі жіңішке ұзын (5см-ге дейін) бағаналы, иілген, қою жібек тәрізді түкті, ашық құндыз шөп ерте көктемде гүлдейді, наурыздың аяғынан амаырға дейін. Жемісі мамыр-маусым айларында пісіп жетіледі.
Құндызшөп өсіп тұрған ортасында гүлдегенде де, жеміс берген кезінде де ерекшк көзге түседі, әсіресе жібектей жұмсақ, иілген күйінде қалғып тұрған тәрізді болып көрінеді. Осыған байланысты халық арасындағы (“сон- трава”) атауы шыққанға ұқсайды. Кейбір авторлар мұндай атау өсімдікке оның улы болуына байланысты берілген деген пікірде. өсімдіктің құрамындағы улы заттар адам организмін сал ауруына әкеліп, кейде өлімге әкеліп соқтырған. Осыған қарамастан ашық құндыз шөп өкпе, аяқ-қол, ревматизм, бел ауруларына және басқа да ауруларды емдеуде кеңінен қолднылады. Жапырақтан алынған шырынмен күйікті емдейді, тамырын кесіп алынған бөлігін, түрлі ісіктерді емдеуге пайдаланылады. Сәндік мақсатта бұл түр негізінен тастақты бақтарды безендіру үшін қолайлы.
Ақезу мәрпі (Сарғалдақтар туысы)-Қазақстандық 11 түрдің ішіндегі ең кең таралғаны. Шығыс ұсақшоқыларында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань (Қарағанды, Шығыс Қазақстан, АКлматы, Жамбыл облыстары) тауларында кездеседі. Орман және субальпі шалғындықтарында, қылқанжапырақты және аралас ормандарда, өзен аңғарларында өседі. Жиі қалың шілік құрады, сабағы биік (2 м-ге дейін) қабырғалы, жай және безді түк басқан. Жапырағы өте ірі, төменгілері қзын свғақты ірі тісшелі, саусақ салалы бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры қалың, көп гүлді, бұтақтанған. Гүлдері сұрғылт-күлгін, симметриясыз, иілген гүлтабанына отырған. Тостағаншаның түсі күлтеге ұқсас, бес жапырақшадан тұрады, жоғарғы дулыға тік қалпақтың пішініне келеді.
Ол басқа жапырақшалардан едәуір ірілеу (ұзындығы 2 см-ге дейін). Желектері барлығы екеу, олар дулығаның ішіне орналасқан шірнелікке айналып кеткен. Мәрпі маусым-тамызда гүлдейді, шілдеден бастап жеміс береді. Өсімдік толығымен улы, әрі түрлі алкалоидтар бөледі, кейінгі кезде прпараттар ғылыми-медицинада нерв жүйесі ауруларын емдеуге қолданып жүр.
Күмән тегеурінгүл (Сарғалдақ тұқымдасы-бүкіл Тянь-Шань, әсіресе батыс Тянь-Шаньда көптеп кездеседі. Әр түрлі шөпті және субальпілік шалғындықта, шыршалы, аршалы ормандарда, кейде аласа таулардан бастап, таулардың жоғарғы белдеуіне дейінгі тастақты беткейлерде өседі. Биік (90 см дейін) көпжылдық, сабағын түк басқан, жапырақтары ұзын сағақты, тісті бөліктерге тарамдалған. Гүлдері күлгін, күңгірт түсті, саны көп, қысқа гүлсағақты бас жағындағы қалығ шашаққа жиналған. Тостағаншалары боялған, ұзындығы 1,5 см, жоғарылары көлденең, ұзын шақшамен аяқталады. Шақшаның ұшы сәл төмен иілген. Желектер мен шірнеліктерінің саны төрттен. Қап-қара түсті, жоғарғылары екіге бөлінген шақшалы, тостағаншалар шақшаға салынған.
Тиімді декоративтік өсімдік. Маусым-мамырда гүлдейді, жемістері (үш қабатты көптұқымды топтамалар ) тамыз- қыркүйекте піседі. Өсімдік улы, құрамындағы заттар (алкалоидтар) демалыс органдарын және бұлшық еттерін сал ауруына ұшыратады. Тегеурін гүлі көп өсетін жерге ірі қара малды жаюға болмайды. Гүлдерін күнделікті тұрмыста жүнді жасыл және қоңыр түстерге бояу үшін пайдаланады.
Ұзын желайдар (Сарғалдақтар тұқымдасы)-Қазақстандық 11 түрдің ең көп кездесетіні, кейде көлемді алқап құрайды. Шалғындықта Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньның тастақты беткейлерінде өседі. Ортаңғы және жоғарғы тау беткейлерінде, еріп жатқан қарлардың маңында кездеседі. Шөптесін көпжылдық, қиғаш тамыр сабақты, биіктігі 60 см болатын жапырақсыз сабақтарымен. Сабақ түбіндегі жапырақтар ұзын сағақты, үш бұрышты тақталы, үш қайтара тісті бөліктерге тілімденген. Шатыр тәрізді гүлшоғыры 2-6 гүлден тұрады. Гүлдері ірі, диаметрі 4см-ге дейін. Гүлсерігінің жапырақшаларының саны 5-8, аппақ астыңғы жағы түкті, аталықтары мен аналықтары көп. Мамырдың ортасынан тамызға дейін гүлдейді, шілде-тамызда жеміс салады. Әдетте жайылымда желінбейді, себебі мал үшін улы, тамаша декоративті өсімдік, әсіресе гүлдеген мезгілінде.
Лекция №15
Тақырыбы: Қазақстандағы крахмал өсімдіктер.
Жоспары:
1.Картоп.
2.Қантты жүгері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Крахмал өсімдіктер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Крахмал - өсімдіктерде дән түрінде кездесетін құрамы күрделі көміртегі, ол тамырларды, түйннектер мен тұқымдарда жиналады. Крахмалды дәндерде полисахаридтерден басқа су, май қышқылдары, липидтер, шағын мөлшерде минералдық заттар, негізінен фосфор тұздары мен кремний қышқылдары және басқалары бар.
Крахмалды өсімдіктер көп. Олар бидай, арпа, күріш, ақ жүгері, қарабидай, т.б. Біз жүйекшелерде өсіруге болатын өсімдіктер – картоп пен жүгері.
Тағамға картоптың крахмалға, минералдық заттарға, қантқа, белоктарға, майларға, клетчаткаға, витаминдерге бай түйнектері қолданылады. Калориялығы жағынан картоп басқа көкөністердің бәрінен асып түседі. Картоптың белогы бидайдың белогынан анағұрлым бағалы. Оның құрамына организмге аса қажет аланин, аргинин, аспарагин мен глутамин сияқты амин қышқылдары кіреді. Тағамдық сорттарының түйнектерінде 13-16% крахмал болады.
Картоп. Картоптың шыққан жері – Оңтүстік Америка , ал Россияға таралуы Петрдің есімімен байланысты. ХVIII ғасырдың екінші жартысында кеңінен өсіріле бастады.
Картоп түйнектерінде көміртегі, моноолигосахаридтер (глюкоза, фруктоза, сахароза), клетчатка, пектин заттары, одан басқа әртүрлі аса бағалы амин қышқылдары, өсімдік белоктарының ішіндегі ең құндысы – белок-туберин бар. Картоп бағалы витаминді азық, онда С витамині, витаминдер жинағы В(тимин, рибофлавин, пипдоксин, фолий қышқылы), РР, U витамині және А провитамині топтадған. Картоп органикалық қышқылдардың (лимон, қымыздық, алма) және минералдық тұздардың қайнар көзі. Минералдық заттардан мұнда калий тұзы басым; фосфор, магний, кальций, темір тұздары бар.
Картопта калийдің едәуір мөлшерде болуы несеп жүргізуге әсер етеді. Сондықтан жүрек-тамыр және бүйрек ауруларынан зардап шегіп, сарысып ісінген адамдарға диета белгіленгенде дәрі-дәрмекпен қатар мұны да қолданалы.
Жаңа жайындалған картоп шырыны қыжылдағанға, қышқылы басым гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. Шырынды ас ішерден 20-30 минут бұрын ½ стаканнан тәулігіне 3-4 рет ішеді.
Картоп – алқа тұқымдас түйнекті өсімдік. Картоптың бірқатар сорттары дән береді. Дән арқылы өскенде картоп көптеген бүйір тармақтары бар басты тамыр түзейді, ал түйнектеніп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана қалыптасады. Көп соттары нашар гүлдейді, қала берді гүлдегенде көбіне тозаң түземейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек.
Топырақтың ішкі қабатындағы сабақтың төменгі жағындағы жапырақ қойнынан жіңішке бүйір сабақ-бұтақшалар – жылан бұтақтар өнеді. әрбір сабақ 4-8 жылдан бұтақтар түзейді. Жылан бұтақтардың мықтап жуандаған жоғары бөлігі түйнек деп аталады. Түйнектердің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабығы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады.
Картоп – 16+-70С-де жақсы өседі, түйнектері қалыптасады. Температураның төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Картоптың суыққа төзімділігін калий тыңайтқышын енгізіп қана көтеруге болады. Түйнектерді тыңайтқыш ерітінділерменөңдеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын тыңайтқыш ерітінділермен (6-7 кг картопқа 1 л) өңдейді. Тыңайтқыштар (1 л суға 1г): аммиак селитрасы 4, суперфосфат 6, хлорлы калий 4, оларға микротыңайтқыштарды (бор, кобальт, марганец) 0,01-0,05% ерітінділер қосады.
Отырғызуға ең қолацлы түйнек – 45-120 г. тым ірі түйнектерді отырғызудың қажеті жоқ, өйткені отырғызатын материалдар едәуір көбейген кезде, өнім айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10 см тереңдікте 7-80С –дейін қызған кезде отырғызады.
Қазақстанның солтүстік облысында түйнектер 4-6 см тереңдікте, оңтүстік облыстарда 8-10 см тереңдікке отырғызылады. Ал қуаңшылық аудандарда отырғызу тереңдігін 12-15 см етеді, кейде одан да тереңдетеді.
Баптау жағдайы мынадай: ылғалды сақтайды, отап отырады, 2-3 рет түптейді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, жапырақ-сабақтар түйнектердің өсуі тоқталады. Сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ үнемі ылғалды болуы керек. Бірақ ылғалдың тым көп болуы тамырларды оттекпен қоректендіруді нашарлатады, жапырақ-сабақтардың өсуін күшейтіп, түйнектердің шіруін тездетеді, өнімді азайтады.түйнектердің пісіп жетілуін тездету үшін түптеудің алдында фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн.
Картопты құмдақ жерде өсірген жөн. Картоп тыңайтқыштарды өте қажет етеді, шірінді, сондай-ақ азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізгенде оның өнімі шұғыл артады.
Жинау мерзімін жапырақ-сабақтарының кебуіне қарай белгілейді. Бұл кезде түйнектердің қабығы жұмсағынан сыдырылып түспейтін болады.
Біздің елде картоптың 110 сортын өсіреді. Орташа ерте пісетіндер – 60 тәулік, орташа пісетін 90-120 тәулік.
Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа мерзімде пісетіндер – Гатчинский, Искра; орташа кеш пісетіндер – Столовый 19, Лорх; солт үстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Мурманский, Белоруский раний т.б. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа
Достарыңызбен бөлісу: |