Өзекті жөке – биіктігі 30 метрге дейін жететін, қара қоңыр түсті жылтыр қабығы бар ағаш. Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақтары үзын, жүрек тәрізді, шеттері майда, ара тісті, ұштары сәл сүйірлеу. Гүлдері ашық сары, кіші-гірім гүл шоғырын жасап түрады. Әр-бір гүл шоғырының жанында қосымша жапырақшалары бар. Жемісі бір-екі
Өзекті жөке
тұқымды жарғақша. Жөке ағашы июнь-июль айларында бар болғаны 10-15 –ақ күн гүлдейді. Сондықтан гүлдерін жинайтын уақытты өткізіп алмаған жөн.
Дәрі жасау үшін жөке ағашының гүлдерін қосымша жапырақшаларымен бірге жинап алады. Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, геспиридин, қан, шырыштар, С витамині, каротин бар.Жөке ағашының гүлдерінен жасалған сұлы тұнбалар тер шығарады, денесінің қызуын төмендетеді, микробтарды жояды.
Жөке гүлін халық ежелден-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуына қарсы қолданып келген. Бұл үшін кептірілген жөке гүлінің 1 ас қасығын 1стакан қайнап тұрған суға салып, 20минут тұндырады да, шай құсатып түнге қарай ішеді. Халық медицинасында бұл өсімдіктің гүлін ревматизмге, жөтелге, іштің түйнек ауруына да қарсы қолданады. Сонымен қатар жөке ағашы аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуына, бүйрекке тас байлануына, қуықта құм пайда болуына шипа. Дене сыртындағы іріңді жараларды жұмсарту үшін оның бүршіктері мен жапырақтарын пайдаланады. Жөке ағашының жас қабығын қайнатып жасаған шырышпен геморройды, подаграны және күйікті емдеуге де болады. Бас ауырғанда жөке ағашының жас жапырақтарын басу керек.
Сары раушан – биіктігі 1метрге жуық, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы жіңішке, тік өседі, жоғарғы жағы бұтақты. Тамырынан өсіп шыққан жапырақтарының сабақтары ұзын, эллипс тәрізді. Сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары сопақша, отырмалы. Гүлдері алтындай сары, өсімдіктің жоғарғы жағына сыпырғы сияқты шоқтала орналасқан. Сары раушанның орыс тілінде “золотая розга” деп аталатыны да гүлдерінің осындай түсіне байланысты. Бүкіл жаз бойы гүлдеп түрады.
Сары раушан селдірлеу ормандарда, бұталар арасында, тастақты жерлерде, тау етектерінде өседі. Дәрілік мақсат үшіни оның жоғарғы жағындағы бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында илік заттар, сапониндер, эфир майлары, алкалоидтар бар.Халық медицинасында сары раушанды несеп айдайтын дәрі ретінде бүйрек қабынғанда, қуыққа, бүйрекке тас байланғанда, денеде ісік пайда болғанда пайдаланады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді, подаграны емдейді. Кейде дене сыртындағы жараларға да жапырақтарын кептіріп, ұнтақтап себеді.
Сары раушан
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған өсімдіктің 6 шай қасығын алып 2стакан салқын суға салады да, 8сағат тұндырады. Дайын болған дәрәні бір күн ішінде ұрттап ішіп тауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |