Сүйекті аққурай
Индияда өсетін аққурайдың басқа бір түрі денедегі ақ таңдақты емдеу үшін бағалы дәрілік өсімдік болғандығына байланысты өзбек ғалымдары елімізде көп кездесетін сүйекті аққурайды зерттеп көрді. Сөйтып сүйекті аққурайды денедегі ақ таңдақты
емдеудегі дәрілік қасиеті Индияда өсетін әлігі өсімдіктен асып түспесе кем түспейтіндігі анықталды. Зерттеу жұмыстары бұл өсімдіктің жемісін тек жаппай піскен кезде ғана жийнап алып пайдалану керектігін көрсетті. Бұл кезде өсімдіктің құрамындағы дәрілік заттар барынша көбейеді екен. Сүйекті аққурайдан алынған псорален атты дәрі аптекаларда сатылады.
Самалдық шөп – биіктігі 1 метрге жуық, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі әрі қысқа, ұштары сүйір, шеттері бүтін, жоғарғы жағында қара қоңыр дақтары бар, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гулдері ақ немесе қызғылт түсті, 5 гүл жапырақшадан түрады, жапырақтарының куысына масақша тәрізденіп шоғырланған. Жемісі – жұмыртқа сықылды қара түсті жылтыр жңғақша. Июнь-сентябрь ацларында гүлдейді.
Самалдық шөп
Самалдық шөп өзендердің, арықтардың жағаларында, ылғалды жерлерде, арам шөп ретінде егістік жерлерде өсе береді. Дәрі жасау үшін оның жер бетіндегі бөлігінің жоғарғы жағын гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында К витамині, флавонды гликозидтер,эфир майлары, қоймалжың, илік заттар, С витамині бар. өсімдіктің қан тоқтататын, несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеті бар. Етеккір көп келгенде, геморрой түйіндерінен, жатырдан қан кеткенде оны тоқтату үшін қрлданылады. Әелдердің ақ етеккірінің келуін, бүйректің ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Бас ауырғанда кісінің желке тұсына өсімдіктің жас шөбін басуға болады. Дене сыртындағы жаралардың жазылуын тездету үшін майдәрі жасап та пайдаланады.
Дәрі дайындау және қолдану тәсілі. Самалдық шөптің ұнтақталған шөбінің 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 15 минут тұндырады. Дәріні сүзіп алып екіге бөледі де, бір күнде тамақтан кейін екі рет ішіп тауысады. Емдеу мерзімі 3 апта. 2 литр суға өсімдіктің кептіріліп ұнтақталған 2 уысын алып 15 минут қайнатады да, 1 стакан ыстық сүт және 1 ас қасық крахмал қосып, бұлау жасап пайдаланады. Ваннаға жату ұзақтығы 15 минут. Күн сайын немесе күара қабылдап, 1-2 айға дейін емделеді.
Лекция №8
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану тәсілдері.
Жоспары:
1.Орман бүлдіргені.
2.Орман құлқайыры.
3.Қара меңдуана.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Дәрілік өсімдіктерді дайындау.
Лекция мәтіні: Орман бүлдіргені - биіктігі 5 –20 сантиметірге дейін жететін, көп жылдық, шөптесін өсімдік. Тамыры қысқа, белбеу өседі. Одан көптеген жіңішке, көптеген қосымша тамырлартарайды. Түк басқан сабақтарының кейбіреуілері жатаған, жіңішке, тамырланғыш, гүлдері бар. Орман бүлдіргені жапырақтары мен гүлдеп тұрған 1 – 2 ғана жапырақтары бар жіңішке сабақтан тұрады. Тамырдан шыққан жапырақтар үш бөлімді, сағақтары ұзын, шеттері ара түсті. Гүлдері ақ, сабақтары ұзын. Май июнь айларында гүлдейді, ал жемісі июнь айының аяғы мен июль айының басында пісіп жетіледі,Орнма н арасындағы алаңдарда, шалғынды жерлерде, шабындықтарда, бұталардың арасында өседі.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін жинап, көлеңкеде жеңіл екпіні бар жерде кептіріп алады. Бірақ жемістерінің бір – біріне жабысып қалмауы н қадағалау керек, себебі мұндай жағдайда жеміс дұрыс кеппейді. Құрамында С витамині, қант , лимон алма,салицил қышқылдары, иілік заттар бар. Орман бүлді ргені ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет шаптыратын, қабынуға қарсы әсер ететін, дененің ау ырған жерін ты ныштандыратын, жарахаттардың жазылуын жылдамдататын, подагра, жүрек, бауыр және бүйрек ауруларына, әсіресе бүйрекке бауырға тас байлағанда өте жақсы шипалық әсчері бар өсімдік болып табы лады. Халық медицинасына көп жағдайда бұл өсімдікті әл сіреген дененің қуатын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсартуүшін, асказан және өт жолда рыны ң қабынуын емдеу үшінкеңінен қолданылады. Геморой ауруын емдеп ішек құртарын жою де орман бүлдіргенінің емдік қасиеті мол. Ал қантты диябет ауру ы бар адамдар қантты пайдалана алмайтындықтан, орман бүлдіргенін пайдаланса да болады. Туберкулездіде ежелден осы өсімдікпен емдеп келеді. Егер мұның жемісін күніне 3 килограмнан тамақ орнына пайдаланып, артынша пияз бен тұздалған ащы балық жесе, онда тіпті солитер сияқты ішек құрттарында айдап шығарады. Орман бүлдіргенінің ұнтақталған жемістерінен майдәрі жасап, есек жемдіде емдеуге болады. Оның шөбінен жасалған тұнбаны асқазан, ішек, тоқ ішек қабынғанда және осыған байланыстыіш жүрмей қалғанда немесе керсінше іш өткенде пайдалануға болады. Орман бүлдіргенін қапелімде ленеге ауа жетпей қалғанда, жатырдан көп кеткенде, асқазанға жара түскенде, қан азайғанда, қан қысымы көтерлгенде, атеросклерозауруына қарсы, жүрек ауруларын емдеуүшін пайдалануға болады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм өсімдік жемісін қайнап тұрған бір стакан суға са,.лып 20 минут тұндырады да, шай ретінде ішеді.
Орман құлқайыры - биіктігі 1 метірге дейін жететін, тамыры тұтас әрі түзу, көптеген қосымша тамырлары бар, бір немесе екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Бұтақтары көп, сабақтарын түк басқан, тік көтеріле өседі.Ұзын сағақты, 5 – 7 салалы жапырақтары кезектесіп орналасқа, шеттері ара тісті. Ж астау жапырақтарының екі жақтарында да түктері болады. Гүлдері ірі ақ немесе ақшық – қызыл түсті, 2 –3 тен жапырыақтарыны ң қуысына орналасқан. Гүл тотағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжі бес гүл жапырақшасынан тұрады. Гүл жапырақшаларының бетінде қою қызыл түсті ұзынша жола қтары және терең ойықтарыбар, ұш жағы түп жағына қарағанда жалпақтау болып келеді. Гүл жапырақтары гүл тостағаншасының қалақшаларынан
3 – 4 есе ұзын. Жемісі жалпақтау әрі ортасы ойыстау келген ішінде көпбеген ұрықтары бар. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Орман құлқайыры бос жатқан жерлерде, жолдар мен бюақшаларды ң маңайында, бұталардың және сиреген ормандардың арасында кездеседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлдері мен жапырағы пайдаланылады да алып кептіреді. Жапырақтарын жаз бойы жинауға болады.
Орман құлқайырының гүлдерімен жапырақтарының құрамында каротин, С витамині, қоймалжың бояулы заттар, крахмал бар. Одан жасалған дәрілердің қақырық түсіреті н, адамды әлдендіретін, жүйкені тыныштандыратын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Осыған байланысты орман құлқайырының жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, жөтел пайда болғанда, дауыс қарлыққанда, тамақ бездері қабынғанда пайдаланады. Дене сыртына іріңді бөртпелер шыққанда және ауыз уылып, сілекей бездері мен тамақ қабынғанда бұл өсімдіктің емдік қасиеті мол деп есептеледі.
Дауыс қарлыққанда, не месе күшті жөте л пайда бол ғанда егіс тік қарамықты, өгейшөпті, апиы н – көкнәрді, балшытыр шөбін орман құлқайырын теңдей етіп алып, осы қоспаның 50 грамы н қайнап тұрған 5 стакан суға 1 сағат тұндырып, 1 стаканнан күніне 5 рет ішеді.
Талақ ісініп, ұлғайғандаорман құлқайыры гүлдерінің және жапырақтарының 200 грамын, қара ж усанның, түймедақтың, сұлының әр қайсысынан 150 грамнан алы п араластырып, үстіне 25 стакан қайнаған су құйып 1 тәулік тұндырадыда, кешке қайнатып, сонан соң су араластырып булау жасап пайдаланады. Сонымен қатар орм ан құлқайырын асқазан ауруы қабынып ауырған жағдайдада пайдалануға болады. Бұл өсімдіктің бір ас қасық ұнтағын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 1 сағат тұндырады да, 1 күн ішінде ішіп тауысады.
Қара меңдуана – аса көп тараған, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Қара меңдуананың бір түбінің өзі орта есеппен 10 мыңдай тұқым береді және осыншама куй таңдамай кезкелген жерде өсе береді. Бұл өсімдік үйлердің маңайында, жолдардың бойында, егістік жерлерде кездеседі . Қара меңдуананың биіктігі 150 сантиметрге жетеді. Ұнамсыз, күшті аңқыған иісі бар. Тіктеу өскен сабақтарының сыртын жабысқақ түктер басқан. Бұтақтары көп. Жапырақтары жұмыртқа тәріздес, кезектесіп орналасқан, үсті қошқыл жасыл, астынғы жағы сұрғылт, шетерінде үлкен жұмыр тістері бар. Гүлдері ірі, бұтақтарының жоғарғы жағына, жапырақтарының қуыстарына орналасқан. Гүл тәжісінің ұш жағы қоңырау тәрізді, түсі сарыға жақын, төменгі жағы көкшілдеу. Ұрығы жарты шар тәрізді, қақпағы бар. Пісіп жетілген кезде қақпағы ашылады да , ондағы ұсақ тізбекті, орасн көп майда тұқымдар жерге шашылады май айынан август айына дейін гүлдейді .
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағы мен гүл орналасқан бұтақтарының ұш жағын қоса алады. Бұл жұмысты ашық күндері іске асырған жөн. Сонан соң оларды қараңғы жерде қайта – қайта араластырып кептіру керек. Соңынан қолды барынша тазалап жуу қажет. Өйткені қара меңдуана - улы өсімдік. Оның күн бағыс майына салып жасаған тұнбасын суын сырқырағанда, бұлшық еттер қабынғандадененің ауырған жеріне жағады . Қара меңдуана асқазан қышқылын басады, оның түйнеп ауырғанын қойғызады және сондай – ақ ол бронх демікпесіне қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі ауру адамның нерв жүйесін тыныштандырады, сондықтан оны психиаторлар да қолданады. Осы өсімдіктің тұқымын жеп уланып қалатын жағда й болады. Ондайда адамның беті мен мойны қызарады аузынан сілекей ағады , кейде құсады, қол – аяқтарының бұлшық еті жиырылып қалады. Уланған адам кейде күледі кейде жылайды, айқайлайды ақылға сиымсыз әрекеттер жасайды.
Тіс ауырғанда қара меңдуананы былай қолдану каерек: темір шәугімге жаңа ғана жаныпболған ағаштың шоқтарын салады, оның үстіне қара меңдуананың тұқымдарын сеуіп шәугімнің қақпағын жабады. Сонан соң оның шүмегінен шыққан түтінді ауырған тіске жібереді. Сөйтіп ауырған тіс лезде басылады.
Қара меңдуананың майлы туындырмасын былай жасайды: өсімдіктің 20 грамм тұқымын майдалап 100 грамм күбағыс майына салды да, 8 – 10 күн тұндырады. Одан экстраты былай алады . 0,25грамм кептірілген жапрагын 100мл суга салып, ол әбден қоюланганша ұзақ қайнатып буландрады. Сонан соң оны 2 тамшыдан 1 қасық суға қосып, күніне 3рет ішеді.
Спиртті тұнбаң; 15 грамм майдалаған қара меңдуана жапырағын 100 грамм спиртке немесе араққа қосып, 8 –10 күн тұндырады. Сонан соң оны 1 қасық суға екі тамшыдан қосып күніне 3 рет ішеді.
Лекция № 9
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар.
Жоспары:
1.Алкалоидтар.
2.Гликозидтер.
3.Эфир майлары.
4.Витаминдер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың тобына алкалоиттер, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді.
Алкалоидтар – табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар өсімдіктерде тұздар немесе олардың негізгі түрінде болады. Бұл заттың аты араб сөзі “алкали” - сілті және грек сөзі “ейдос” – сияқты деген екі сөзден тұрады. Бірінші рет алкалоид көкнәрден алынып, гректің ұйқы құдайы Морфейдің құрметіне морфи деп аталған. Содан кейін әртүрлі өсімдіктерден стрехнин, бруцин, никотин, атропин, хинин сияқты өте әсерлі алкалоидтар алына бастаған. Алколоидтардың фармакологиялық касиеттері алуан түрлі және әсерлі. Сондықтан болу керек, алколоидты препараттар мен емдеу көбіне нәтижелі аяқталды. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын алколоид мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына, оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. өсімдіктердегі алкалоидтар мөлшері 2-3 проценттен болады. Алкалоидтардың әсіресе, орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қаупі туады да, ал аз мөлшерде әсерлі емдік қасиеті болады.
Гликозидтер - молекулалары қанттан (гликон) және қантсыз (агликон), азотсыз заттардан тұратын топтарға жатады. Сақтау кезінде гликозидтер ферменттерінің және сыртқы әсерлерден бұзылысқа түседі. Сондықтан жиналған өсімдікті дереу кептіріп, ал сақталған уақытта дымқылданбағаны жөн. өйткені ферменттер құрғақ өсімдікте өз әсерін жүргізе алмайды. Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады. Олар өте улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның ас қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады. Гликозидтердің бір түрі – сапониндер. Олар өсімдіктердің 70-тен астамтұқымдастарында кездеседі. Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болыды. Бұлар қақырық тұсіруді жеңілдетуге , зәр, өт айдауға қоректік препараттарды дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты гликозидтер бактерициндік препараттар алуға және радиактивтік заттарды организмнен шығаруға қолданылып жүр.
Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфи майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа-райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер тобына жататын көп атомды фенолдар. Оларды иләк заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерициндік препарат ретінде жиі колданылады. Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге алколоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданылады.
Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі күрделі қосылыстардан түратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.
Витаминдер - майда еритін витаминдердің – А, Д, Е суда еритін витаминдерден – С және В тобынан айырмасы бар, ал витамин К суда да, майда да ериді.
Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталык, тағамда витаминдердің жетіспеуі организімнің жұқпалы ауруланрга, әртүрлі авитаминоздарға және баска да ауруларга қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде кейде химиялық таза табиғи немесе синтетикалық дәрі – дәрмек қолданылады, бірақ витаминдерге бай қайсыбір өсімдіктерді ( жас не кепкен күйінде ) қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.
С - витамині ( аскорбин қышқылы ) өсімдіктерде өте көп кездеседі, ол өсімдіктің көп бөлігінде жинакталып, құралатындардың қатарына жатады. С витаминіне мыналар бай: тағамдық көктің барлық түрлері – көк пияз, аскөк, ақжелкен ( петрушка), балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, қарлыған, алма ( пісіп жетпегені) және грек жаңғағының жапырақтары; көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышымен қабықты бұрыш; сирек кездесетін жер асты жемістері – желкек, шомыр; ал жабайы өсімдіктердің ішінен қалақайды, ерменді ( ащы сусан) атауға болады, бұларда да С витамині көп. С витамині консервіленгенде де жақсы сақталады, сондықтан қысты күні томат – пастаны, жасыл бұршақты, шпинатпфрені, ішіне фарш салынған бұрышты пайдалануға болады. С витамині мұздатылған жидекте жақсы сақталады, бірақ оны мұзы ерігеннен кейін сол сәтте тамаққа салу керек. Бұл витаминінің жақсы сақталуына өніп -өсу жағдайының, өніп - өсу кезеңінің, сақтау тәсілі мен мерзімінің үлкен мәні бар. Мәселен, С витамині төмен температурада басқа витаминдерге қарағанда анағұрлым шапшаң қалыптасады, ал құрғақшылық жағдайда аскорбин қышқылының құрамы азаяды. Бұрышқа өсіп келе жатқан кезде жиі – жиі су құйса, онда С витаминінің көбірек жинақталатыны байқалады.
С винівитамині тканьдардың тыныс алу процесіне, қан тамырларының құректенуіне қатысады, белок пен майдың сіңуін жақсартады. Ол организімнің дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсылықты, жұқпалы ауруларға деген төзімділікті күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап – қажуды азайтады.
Р - витамині (“Pemeape деген латын сөзінен алынған ) тек қана өсімдіктерден табылған.
Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді, оның бойға сіңімділігін арттырады, оны қышқылдандырудан алдын ала сақтандырады деген де ұғым бар. Р және С витаминдері зат алмасуының көптеген процестеріне қатысады да әдетте сонда бас қосады. Сондықтан Р витамині аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде (итмұрын, қара қарақат, қарлыған, бұрыш, капуста, көп қабатты пияз, кресс – салат, фенхель) көп болады. Соңғы кезде Р витамині сергек білінетін заттарды іздеудің арқасында флавондар, катехиндар, антонциандар, лейкоантоциандар болып табылатын қоспрлардың көп топтарын анықтауға мүмкіндік туды.
В – тобының витаминдері. Бұл әртүрлі қоспалар бұлардығң әр қайсысы өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер.
В1 витамині (тиамин) көптеген өсімдіктерде, өніктерде, дәндерде (атап айтқанда, бұршақ тұқымдастарының ішінде – көк ұсақ бұршақтар), көкөніс дақылдарында (картоп пен сәбізде ), татымды өсімдіктерде (пияздың кейбір түрлерінде – батунда, порейде, көп қабатты пиязда), бұрышта, балдыркөкте, салатта, аскөкте, фенхельде кездеседі. Оны С витаминімен бірге пайдалану керек. В1 витамині нерв жүйесінің қызыметінде үлкен роль атқарады, жүрек бұлшық еттері мен ішек – қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Мұның болмауы немесе жетімсіз болуы көміртегі мен алмасуын бұзады, нерв жүйесінің ауруларына шалдықтырады. Тәуліктік қажеттігі – 1 – 3 мг.
В2 витамині (рибрфлавин) көкөніс өсімдіктерінде (сәбізде, жуада, кресс – салатта, ақжелкенде), фасоль мен жасымықта, жүгері дәнінде, сондай – ақ жеміс дақылдарында – алхорыда, шиеде, өрікте, итмұрында болады. В2 витаминінің шипалы болуы үшін В1 және В6 витаминдері қажет. Бұл витаминдердің қажеттігі суық түскен немесе күн көзі күшті сәуле шашқан кезде анағұрлым арта түседі.
В2 витаминінің жетімсіздігі ішек –қарын қызыметіне теріс әсерін тигізеді, көз ауырады, нерв жүйесі жұқарады, шаш ерте ағара бастайды. Тәуліктік қажеттігі – 3 мг.
В3 витамині (пантотен қышқылы ) жидектерде (қара қарақатта, таңқурайда, бүлдіргенде), жемістерде (өрікте, шиеде), көкөністерде (көк бұршақта, картопта, түсті капутада, томатта, сәбізде), татымдыларда (ақжелкенде, пиязда) және салат өсімдіктерде (қояншөпте) болады. Ол метабализімнің – белоктық, көміртегіндік және басқада көптеген процестеріне қатысады.Бұл витаминнің клиникалық жетімсіздігінен бойдың өсуі баяаулайды, тері бұзылады, шаш ағарады, ішек – қарын жолдарының, нерв жүйесінің қызыметі (ұйқыт қашу) нашарлайды. Тәуліктік қажеттігі 2-3 мг.
В6 витамині (придоксин) көкөніс өсімдіктері ішінен картопта, жүгері дәнінде, алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерінде, алмада болады. Оның организімде жетіспеуі анемия (қан аздық), дерматит (терінің қабынуы), тырысу ауруларына шалдықтырады.
В9 витамині немесе фолий қышқылы (антианемиялық фактор). Бұл витамин бірінші рет шпинат жапырақтарынан алынды (аты латыпнның foliant –жапырақ деген сөзінен шыққан). Өсімдіктердің көк бөлігінде, сондай – ақ капустада, қарлығанда болады. Фолий қышқылы темірімен бірге қанның жасалу қызыметін күшейтеді, анемияға шалдыққанда өте пайдалы. Тәуліктік қажеттігі –1 мг.
В12 витамині (кобаламин) молекулінде кобальт бар. Қан түзу мөлшеріне жақсы әсер етеді, бір қатар тері ауруларына, сәуле ауруларына пайдалы.
А витамині. Өсімдіктерде провитминдер – ол құралатын заттар (каротин пигменттері мен каротинойдтар) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А витаминіне айналады. Каротин (каротин сәбіздің түрлері жөніндегі carota деген латын сөзінен алынған). Қызғылтсары немесе қызыл түске боялып, жапырақтарының хлороқыртыстарында шашау шықпай жинақталады. Сәбіз, шпинат, асқабақ, жүгері дәні, ақжелкен, итмұрынның, шырғанақтың, өріктің жемістері, сондай – ақ бақбақ, шашырақты, тырнақшагүл, қалқай гүлдері каротинге өте бай.
Бұл витаминнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, көздің мөлдір қабығы құрғақтанады, бауырдың қызыметі, холестерин алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсылық кемиді. Тәуліктік нормасы 4-5 мг.
В витамині (токоферол) тағамдық өсімдіктерде мол таралған, бақша дақылдары ішінен салатта, сәбізде, капустада, көк пиязда, бұршақтарда, картопта, жүгеріде, шырғанақтың, итмұрынның, өріктің жемістерінде, ал жабайы өсімдіктенрдің ішінен – қалақайда, жолжелкенде көп болады. Бұларды пісірген, не қайнатқан кезде, витаминнің қасиеті біраз кемиді.
Е витаминінің ұдайы өндіру процсі үшін үлкен маңызы бар. Ол жетіспеген күнде, минералдың, белоктың, майдың, көміртегінің алмасуы бұзылады, сондай – ақ бактериялық, вирустік инфекцияларға төзімділік кемиді. Оның үстіне Е витамині А витаминін қышқылданудан сақтайды. Тәуліктік физиологиялық қажеттігі 20 –30 мг.
U витамині жараға күшті әсер ете алатын қосынды. Бұл витаминнің ақ басты капустада бай көзі бар, ло сондай – ақ қызылшада, томаттарда, сәбізде және басқа көкөністерде кездеседі.
U - витамині асқазан қызыметін қалыпқа түсіреді, оның шырышты қабығына жақсы әсер етеді. Сондай – ақ, ол склерозғада күшті әсер ете алады, өйткені көміртегінің, майдың алмасуына ықпал жасайды, майдың бауырда артық қорлануына кедергі болады. U витамині жылуды көтермиді, сондықтан көкөністерді езіп пісірмеген жөн. Жас күйінде мұздатқан және консервілеген көкөністе U витамині аса ұзақ уақыт сақталады.
К витамині (К – коагуляция деген сөздің алғашқы әріп) қанды ұйытуға себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен маңызы бар.
К - витаминіне бай өсімдіктерді қайнатпа күйінде және галендік дәрі – дәрмек ретінде, мәселен жүгері аналық аузын, қалақай жапырағын, жұмыршақты, қызыл тамырды, мың жапырақты пайдалынады. Бұл витамин көкөністердің ішінен: ақжелкенде, фенхельде, капустада, сәбізде мол болады. Организімде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ уақыт бойы қанайды.
Лекция №10
Достарыңызбен бөлісу: |