Лекция: 30 сағат Зертханалық-тәжірибелік сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет6/12
Дата29.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#12682
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Лекция мақсаты: импровизация және мұғалім сөзіндегі ерекшеліктер туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Мұғалім оқушылар тобын немесе тұтас ұжымды , оларға көңіл аударып, қабылдау арқылы, сыныптағылардың барлығын сөздің көмегімен басқара отырып, қарым-қатынас жасайды.

Мұғалім сөзінің ерекшеліктерінің бірі көпшілік алдында жариялануы болып табылатын, оның бағыттылығы, оқушыларға арнап айтылуы. Мұғалім сөзі барлық уақытта өз жөнін табады – оның мағыналы қабылдануы оқушылардың түсінігінде таңдап алынады. Байқағыш педагог барлық уақытта өз сөзін тәрбиеленушілерінің қалай қабылдайтынын, қандай реакция білдіретінін, алдын ала көре біледі. Мысалы, ешнәрсеге сенбейтін оқушы қалай қабылдайды, оның сөзін жаны тез жараланғыш оқушыға қалай тиеді, ойлы және білуге құмар тәрбиеленушіден ол қандай баға алады, осының бәрін педагог алдын ала біліп отырады. Осындай алдын ала болжай алу педагогқа өз сөзін шындыққа жанасымды етіп құра білуге, қарым-қатынаста оны түзетуге көмектеседі.

Ауызша сөйлеуді орынды қолдана білу, оқушының өз сөзіне ойланып, ақылмен жауап беру керек екендігін қалыптастыру арқылы мұғалімге көмектеседі.

Ал бұл мұғалім мен оқушыны бірлесіп еңбек етуге жақындастырып, оңтайластырады.

Мұғалім сөзінің бағыттылығы нені білдіреді? Оның сөзінің шыншылдығын. Дана мұғалім үшін оның сөзі балалармен қарым-қатынаста – бұл өз келбетіңнің тәсілі сияқты, В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: “оқушылардың алдында рухани байлығыңды өзің ашу”.

Мұғалім сөзінің бағыттылығы оның өз монологын оқушылармен ішкі диалог ретінде, олардың ақыл-ойына, сезіміне, намысына қозғау салатындай етіп құрастыра білетін икемділігін білдіреді. Оның сөзінде бірлесіп еңбек етуге шақыратындай тіке талап ету (“өздерің ойланып көріңдер”, “қиялдап көрейікші”, “бұл сіздерде қызығу тудырады деп ойлаймын”, “әрине, сіздер еске түсірдіңіздер” және т.б.) және өз бағасының мазмұны, алған әсері, эмоционалдық-экспрессивтік сөзі, дауыс ырғағының мәнерлілігі болады.

Мұғалімнің ауызша сөйлеуіндегі ерекшелігі – оның мазмұны оқушыларда екі жолмен дыбысталу (сөздердің дыбысталуы , дауыс ырғағы арқылы) және көзбен шолу (мұғалім қимыл-қозғалысы, мәнері, мимикасы ) арқылы қабылданады. Сөйлеуші мұғалімнің мимикасы, тұрысы, дене қимылы, оның сөзінің эмоционалдық маңыздылығын, мәнерлілігін, мағыналылылығын күшейтеді.

Көзбен шолу жолы оқушыларға мұғалімнің жұмыстағы көңіл-күйі туралы, оның оқушылармен қарым-қатынас жасауға, оларға құрмет көрсетуге құлқының бар-жоқтығы туралы ақпарат береді. Сол себепті болашақ студентке университет қабырғасында өз қарым-қатынасының сыртқы келбетіне бақылау жасай білу икемділігін дамыту, өзінің мимикасы, дене қозғалысы, мәнеріндегі ерекшеліктеріне тыңдаушының реакциясының қандай екенін білу өте маңызды.

Мұғалімнің ауызша сөйлеуіндегі жанынан шығаруы – бұл ереже сияқты. Мұнда да оның ерекшелігі көрінеді. Кәсіби-мұғалім барлық уақытта сабақ конспектісіне немесе кітап мәтініне сүйенбей сөйлейді. Оқушылар оны тыңдай отырып, сол кездегі мазмұнның, сөздің туылу сәтіне қатысады. Мұғалім көпшілік алдында ойлау, алғаш өзі үшін оқушылармен бірге шындықты ашу сияқты түйсік туғызады. Бұл үшін ерікті кідіріс жасау, керекті сөзді іздеумен байланысты, сөздерді ауыстыру; оның сөйлеу қарқыны бірде жылдам, бірде баяулауы; мұғалім өз алдына сұрақтар қоюы мүмкін, оларға жауап берудегі пікірталастырудың барысын көрсетуі , осының барлығы мұғалім сөйлеуіне тән сипаттар.

2. Жанынан шығарып сөйлеу – бір мағыналы ұғым емес. Кейбір жағдайларда бұл ертерек дайындалған, ойластырылған сөз, бірақ мұғалімнің күтпеген жердегі “әп-сәттілік” икемі. Бұл конпектідегі жазылғанды сөзбе-сөз әңгімелеу емес, оны қайта еске түсіру емес, алдын ала оқылғанды қайта жаңғырту емес (бұл барлық уақытта “жанынан шығаруға” ұмтылатынымыз сияқты сезіледі), бұл сөйлеу кезіндегі құрастырылған еш нәрсеге тәуелсіз, айтайын деген ойыңды еркін баяндау, бірақ , баяндаудың көлемін, мазмұнын таңдау, оның логикасын, тонын, сөйлеу стилін, интонациялық-ритмикалық құрылысын ойластыру сияқты алдын ала дайындық есепке алынады. Бұл жерде мұғалім үшін психологиялық кезеңнің маңызы бар.

Жанынан шығаруға қабілеттілік – бұл қабылданған, таныс және бірде бер рет сабақтағы оқу материалында баяндалмаған жаңашылдықты өзі үшін сақтай білу икемділігі. Бұған өзіңді тексеріп көр: Сіз бүгін оқушыларыңызға (өзіңіздің жолдастарыңызға), сізге мектеп бағдарламасынан таныс материалды, университет көлеміндегі байытылған біліммен, оны беріліп, еліктіріп, қызықтырып, анық, эмоционалды түрдебаяндап, әңгімелеп бере аласыз ба? Сізде бұл материалды қабылдауда жаңа акценттер пайда болған жоқ па?

Басқа жағдайларда мұғалім сөзі - “жанынан шығару” бұл сөздің тікелей мағынасы –ешқандай алдын ала дайындалмаған , мұғалім реакиясын тез талап ететін жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас кезінде кездейсоқ пайда болатын сөз. Ол – кең қамтылған жауаппен, әңгімемен, өсиет, ақыл айтумен сезіледі. Мұндай жағдайда мұғалімнің, сөйлеу үлгілерін, сөйлеу тонын таңдап алуында, сөз қолдануында жауапкершілігі арта түседі. Туры осы жерде мұғалімнің сөйлеу мәнерінде жалпы және педагогикалық мәдениеті, оның оқушылармен өзара қарым-қатынасындағы мінез-құлқының ұнамды тәжірибесі пайда болады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Мұғалім сөзіндегі ерекшеліктер дегенді қалай түсінесіз?

  2. Мұғалім сөзіндегі басты ерекшеліктерді атаңыз.

  3. Мұғалім сөзіндегі бағыттылық дегеніміз не?

  4. Педагогтың болжай алу біліктілігін қалай түсіндірер едіңіз?

  5. Педагог сөзінің оқушы психологиясына қатысы бар ма?

  6. Ауызша сөйлеуді орынды қолдана білудің маңызы неде?

  7. “Импровизация” терминінің мағынасы қандай?

  8. Мұғалімнің ауызекі сөзіндегі “импровизацияның” алатын орны қандай?

  9. “Импровизацияға қабілеттілік” дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

  1. Мұғалімнің ауызекі сөзіне қойылатын талаптар қандай?



Жоспары:

  1. Тыныс алу.

  2. Дауысы.

  3. Дикциясы.

  4. Ритмика.





Лекция мақсаты: сөйлеу техникасы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Оқушылардың мұғалім сөзін түсінуі мен қабылдау үрдісі, ғалымдардың есептеуінше, оқу уақытының шамамен ½, ¼ бөлігінде өтетін, күрделі тыңдау процесімен байланысты. Сондықтан, оқушылардың оқу материалын дұрыс қабылдау үрдісі мұғалім сөзіне байланысты екендігі айдан анық.

Балалар педагогтің сөзіне ерекше көңіл қояды. Қандай да бір дыбысты дұрыс айтпасаң оларда күлкі тудырады, монологты сөйлеу зеріктіреді, іш пыстырады, жөнсіз интонация, көтеріңкі сарындылық, көңілдегіні айтатын сұхбатта жасанды сияқты қабылданады және мұғалімге сенімсіздік тудырады.

Кейбіреулер дауысты да, оның тембрін де – тек қана адамның табиғи дарыны деп есептейді. Бірақ қазіргі тәжірибелік физиология дауыс сапасын жақсартуға болады деп тұжырымдайды.

Адамның өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіруі туралы таңғажайыптылықты тарих та растайды.

Демосфен туралы барлығы біледі, оның өз физикалық кемшілігін қайта жөндеп, Ежелгі Грецияның көрнекті саяси сөз шебері, яғни сөзге шешен болған. Осылайша 20 жасар Владимир Маяковский да өзін көпшілік алдында шығып сөйлеуге дайындады. Ол аузына майда тастарды толтырып, Рион өзенінің асау толқындары араласқан жағада сөйлеп үйренді.

Демосфен әдістемесі шешендік техниканы жетілдірудегі бірден-бір әдіс болып табылмайды. Ол бізге адамның күшті еркі, үлкен талабы және жаттығудағы реттілік соншалықты маңызды рөл ойнайтындығы жөнінде бізге үлкен мысал бола алады.

Бүгінде сөйлеу техникасы бойынша, ең бастысы театрлық педагогика тәжірибесіне сүйенетін жаттығулар жүйесі қарастырылған және ол мұғалімнің сөйлеу, тыныс алу, дикциясында, өз сөзінің барлық мазмұнының байлығын оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді.



Тыныс алу.

Тыныс алу физиологиялық қызмет атқарады. Ол организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бірақ сонымен қатар ол сөздің энергиялық базасы болып та табылады. Сөйлеу тынысы фоноциондық (гр.phono - дыбыс) деп аталады. Күнделікті өмірде, біздің сөзіміз көбінесе диалогты, сондықтан ол тыныс алуда қиындық тудырмайды. Бірақ сабақта, әсіресе мұғалім ұзақ уақыт сөйлейтіндей жағдайда, материал түсіндіруде, лекция оқығанда, жаттығу жасалынбаған тыныс алу өзі туралы мынадай белгі береді: пулстің жиілеуі, бет қызаруы, демікпе пайда болуы.

Тыныс алу техникасының негізгі жай-күйін қысқаша баяндаймыз. Тыныс алу процесіне қатысушы бұлшық еттерге тәуелді, тыныс алудың төрт типі ажыратылады.

Жоғары тыныс алу көкірек клеткасының жоғары бөлігі және иық бұлшық еттерінің көтеріліп және төмен түсіуімен жүзеге асады. Бұл әлсіз, жеңіл-желпі тыныс алу, тек өкпенің жоғарғы жағы белсенді жұмыс істейді.

Көкірек қуысымен тыныс алу қабырға аралық бұлшық еттермен жүзеге асырылады. Көкірек қуысының көлденең көлемі өзгереді. Аз қозғалыстағы диафрагмаға байланысты тыныс шығарудың энергиясы жеткіліксіз болады.

Диафрагмалық тыныс алу диафрагманың қысқартылу есебінен,

көкірек қуысы көлемін бойлай өзгерту есебінде жүзеге асырылады.



Диафрагмалық – қабырғалық тыныс алу диафрагманың қысқартылуы, қабырға аралық тыныс алу бұлшық еті, сонымен бірге іш қарын бұлшық еттері, ұзына бойына және көлденең бағытта көлемі өзгеру есебінен жүзеге асырылады. Бұл тыныс алу дұрыс деп есептеледі және оны сөйлегенде тыныс алу үшін негіз ретінде қолданады.

Қарын және қабырға аралық бұлшық еттер диафрагмасын қатайту және дамыту үшін арнайы жаттығулар болады. Мысалы:

Арқамен жатып, мұрын арқылы терең тыныс аламыз. Сіз, ауаның өкпенің төменгі тұсын толтырғанын, төменгі қабырғаның қозғалғанын сезінесіз. Тура осыны түрегеліп тұрып жасауға да болады. Мұнда ауаның өкпенің төменгі бөлігінде қалғанын, көкірек қуысының жоғары бөлігіне көтерілмегеніне ден қою керек. Ауаны барлық уақыт төменгі жаққа бағыттау керек.

Практикалық жаттығулар және негізінен өздік жұмыстары әрбір мұғалімнің тыныс алу жүйесін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.


2. Дауыс.

Мұғалімдердің арасында табиғатынан дауысы қойылған адамдар кездеседі, бірақ мұндай жағдайлар сирек болады. Жақсы дауыстың өзі арнайы жаттығулар жасалынбаса уақыт өткен сайын ол да деградацияға (кері кету) ұшырайды, бұзылады, тозады.

Әрбір адам қандай да бір дауыс иесі бола алады.

Дауыс аппараты үш бөліктен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.

Тембрі күші жоғарылығы

шарықтаушылық иілгіштік,оралымдылық

(полетность) (гибкость)

диапазоны қунақылық

Педагогтың дауыс ерекшелігі қандай?

Ең алдымен бұл дауыс күші. Күш сөйлеу аппараты органдарының белсенді жұмысына тәуелді. Дыбыс саңлауы арқылы шығатын ауа қысымы қаншалықты үлкен болса, дауыс күші де соншалықты болады.

Дауыстағы шарықтаушылық (полетность) . Бұл терминмен мамандар дауысты реттей білушілік және белгілі бір қашықтыққа жібере білу қабілеттілігі.

Дауыстың қунақылығы мен оралымдылығының маңызы үлкен.

Дауыс қунақылығы ең алдымен оны жоғарылылығы бойынша өзгерте алуға байланысты. Жоғарылылық – дауыстың тоналдық деңгейі.

Диапазон – дауыс көлемі. Оның шегі ең жоғары және ең төмен тонмен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы монотондыққа, яғни бір қалыптылыққа алып келеді. Дауыстың бір сарындылығы қабылдауды әлсіретеді, бәсеңдетеді.

Жақсы қойылған дауыстың өзіндік байлығы, тембрлік реңкі болады. Тембр – дыбыстық мәнер, айқындылық, сонымен бірге жылылық, ұяңдық,дербестік.

Дауыстың бұл қасиеттері арнайы жаттығулармен жөнделеді. Дауысты тәрбиелеу – көп еңбекті керек тететін дербес процесс. Ол тәжірибелі мамандар тарапынан қатал дербес әдістеме мен бақылауды талап етеді. Дауысқа жасалған саналы жаттығу оның тембріне, жағымсыз белгілеріне (мыңқылдақтық, шырылдақтық, бажылдақтық), жалпы тонды төмендетеді.

Тәжірибеде дәлелденген, төмен дауыс (жоғарымен салыстырғанда) балаларда жақсы қабылданады, оларға көбірек ұнайды, олар күшті әсерленеді.

Педагог дауысының гигиенасы туралы бірнеше сөз. Арнайы зерттеулер көрсеткендей “дыбыстық кәсіп” иелерінде дауыс аппаратының ауруға шалдығуы өте жоғары. Мұғалімдерде ол орташа есеппен 40,2 пайызды құрайды. Дауыстың бұзылу себептері әр түрлі.



Негізгі төртеуі мыналар:

  • күнделікті дауысқа түсетін салмақтың жоғарылылығы;

  • дыбыс аппаратын дұрыс қолдана алмауы;

  • гигиеналық ережелерді сақтай алмау;

  • дыбыс органының тумысынан әлсіздігі.


3. Дикция.

Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы айқындық. Ол барлық дыбыс аппаратының энергиялық және жөнге салынған, жатыққан жұмысына тәуелді. Олар: еріндер, тіл, жақтар, тістер, қатты және жұмсақ таңдай, кішкентай тіл, көмей, жұтқыншақ, дыбыстық байланыстар. Сөйлеуде белсенді қатысатындар тіл, еріндер, жұмсақ таңдай, кішкентай тіл және төменгі жақ, сондықтан оларды жаттықтыруға болады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Оқушылардың материалды дұрыс түсіне алуы мен мұғалім сөзінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

  2. Дауыс та, оның тембрін де - адамның табиғи дарынына жатқызатын пікірге қосыласыз ба?

  3. Тілдерінде кемістігі бар атақты адамдардың өмірінен не білесіз?

  4. Сөйлеу техникасында тыныс алудың маңызы қандай?

  5. Жаттықпаған тыныс алу белгілері қандай?

  6. Тыныс алудың қандай типтері бар және оларға сипаттама беріңіз.

  7. Жоғары тыныс алу қалай жүзеге асады?

  8. Көкірек қуысымен тыныс алу қалай жүзеге асады?

  9. Диафрагмалық тыныс алу қалай жүзеге асады?

  10. Диафрагмалық тыныс алуды дамыту үшін қандай жаттығулар жүзеге асады?

  11. Дауыс қою дегеніміз не және оны қалай жүзеге асыруға болады?

  12. Дауыстағы шарықтаушылық дегеніміз не?

  13. Дауыстың қунақылығы мен оралымдылығының маңызы қандай?

  14. Дауыс диапазоны дегенімізді қалай түсіндіресің?

  15. Дауыс қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?

  16. Дауысты сақтау үшін қандай жаттығулар орындалады?



Жоспары:

  1. Сөйлеуді жүзеге асырудағы бағыттар.

  2. Қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін дамыта білу.

  3. Сөйлеу мәнерінің біліктілігін дамыту.

Лекция мақсаты: мұғалім сөзін жүзеге асыру жолдары мен бағыттары туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Студенттердің өзіндік жұмыстарында сөйлеуін жүзеге асыруда бірнеше бағыттарды бөліп қарастыруға болады: өзін-өзі бақылау және сөйлеу мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың барлық жағдайында дұрыс әдеби тілде сөйлей білу . Әңгіме, өзіңдегі әдеттер мен қажеттіліктерді білу және өзіңнің сөйлеу мәдениетіңнің деңгейін көтеру тәрбиесі туралы болмақ. Бұл жерде сөйлеудің тазалығы мен дұрыстығына баса назар аудару маңызды (қазіргі әдеби тіл нормаларына – екпін, айту, сөз жасау нормаларына және т.б. сәйкестігі). Мұнда үлкен көмек сөздікпен жұмыс істеуде көрінеді: түсіндірме сөздік, сөз қолдану қиындығы, сөз тіркестері. Қиын жағдайларда онымен жұмыс жасау әдеттеріне өзіңді тәрбиелеу, таныс емес сөздерге көңіл бөлу, оның мағынасын түсіндірудегі қажеттілік, есте ұстап қалу, өз тіл байлығыңды байыта түсуде оны сөздік қорыңа ендіру өте маңызды.

Өзіңнің сөзіңнің ерекшеліктерін оқып үйрен:


  • сөздерді, дыбыстарды дұрыс қолдана аласың ба?

  • сөзге екпінді дұрыс қоя аласыз ба?

  • Сіздің тіл байлығыңыз қалай немесе сіз өз баяндамаңызды қиындықпен құрастырасыз ба?

  • Жаңа сөздерді қолданғаныңызда, өзіңіздің келтірген анықтамаларыңыз дәл, тура шыға ма?

  • Сізде түрлі сөз таптарының формаларын жасауда қиындық тумай ма?

Алынған ақпарат сіздің сөйлеу дайындығыңыздағы осал жеріңізді айтады, ал әдебиетпен жұмыс істеу, жаттығу жұмыстары одан құтылуыңызға көмектеседі. Түрлі жағдайдағы қарым-қатынаста дұрыс әдеби тілде сөйлей білуді игеруге өзіңді саналы бағыттау өте маңызды – тек қана іскерлік жағдайларды шешуде ғана емес, оқытушылармен қарым-қатынас жағдайында ғана емес, ата-аналарыңызбен, құрбы-жолдастарыңызбен өзара қарым-қатынас жағдайында да сіз өзіңіздің сөйлеу мәдениетіңізді көрсете білгеніңіз абзал.

2. Өзін-өзі бақылау және сөйлеу мәнерінің біліктілігін дамыту.

Өздеріңіз білетіндей, сөйлеу мәнерлілігіне оның мазмұнға сәйкес дауыс ырғағын келтіре білуіне, қолдану жағдайына және тіл құралдарын (эпитет, метафора және т.б.) орынды қолдана білуіне, ауызша көрнекі бейнелерді (көркем-әдеби шығармалардан үзінді, афоризмдерді келтіру) қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Өз сөздеріңіздің дауыс ырғағын бақылап көріңіз. Ол қандай?

Мәнерлі, әр түрлі қалыпты, эмоционалды реңкте ме немесе бір қалыпты, бір дауысты ма?

Түрлі жағдайлардағы қарым-қатынаста сіздің сөзіңіздің саздылығы қандай?

Өзіңіздің көпшілік алдында жасағалы тұрған баяндамаңызды дайындауда мына сұрақтарды шешіп алуыңызға көңіл аударыңыз:



  • тыңдаушылардың қандай ой-толғаныстарын тудыруым керек еді?

  • Аудиторияда қандай көңіл-күй жасау керек?

  • Менің баяндамамның мазмұны сөйлегенде қандай дауыс ырғағын, ритмді талап етеді?

  • Өз баяндамаңызды оқыған кезде жақсы бір әсер алған кезіңіз және қалай шыққаны туралы көңіліңіздегідей, сіз ойлағандай болды ма ? Алған әсеріңіз туралы ой бөлісіңіз.

Өз баяндауыңызға көркем-әдеби шығармалардан үзінділер, суреттемелер және өз бағаңызды және әсеріңізді қосып құрастырып көріңіз. Бірақ мынаны ұмытпаңыз: қолданылатын таңдап алынған тіл құралдарыңыз, ауызша көрнекі бейнелеріңіз шындыққа жанасымды, әрі табиғи болсын.

3. Өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік жағдайда, коммуникативтік біліктілікті, қабілеттілікті дамыту.

Сіз білесіз, мұғалімнің жемісті коммуникативтік мінез-құлқы оның дербес қарым-қатынас стилі болып табылады. Өзін зерттеп білу маңызды, сонымен бірге тек қана өзіңнің қарым-қатынас техникаңды ғана ретке келтіріп қоймай, қарым-қатынасыңдағы өзіңнің әлеуметтік бағытыңды да білгенің жөн:



  • мен серігіммен (партнермен) қарым-қатынасты қалай жасаймын: мақсат ретінде ме, құрал ретінде ме?

  • Маған процестің өзі қызықты ма, әлде тек қана оның нәтижесі ме?

  • Қарым-қатынас кезінде мен өзімнің сырқы келбетімді, көңіл-күйімді басқара аламын ба?

  • Адамдар, менің оларды барлық уақытта түсінуге тырысатынымды біле ме екен?

  • Менің сөйлеудегі мәнеріме, сөйлеу тоныма, қарым-қатынаста адамдардың көңілі тола ма?

Болашақ мұғалімнің мінез-құлық коммуникативтілігінің табыстылығы төмендегі арнайы қабілеттіліттіліктерінің дамуына байланысты:

  • әлеуметтік-перцептивтік (қарым-қатынастық серіктестікте оның ішкі дүниесін түсіне білуге қабілеттілік);

  • әлеуметтік-қиялдай білу қабілеттілігі (өзіңді басқа біреудің орнына қоя білу, оның реакциясын көре білу, сендіре білу).

Көптеген сұрақтарға талдау педагогикалық шеберлік сабағында жасалады, ал практикалық көмек осы жерде және психологияда, педагогикада, арнайы әдебиеттерді оқуда көрсетіледі.

Барлық уақытта қиялды (қайта жасау және шығармашылық), ассоциативтік және бейнелі есті, фантазияны дамытып отыруды есте ұстаған жөн. Естеріңізде ме, біз айттық, мұғалім сөзінің мәнерлілігінің міндетті шарты, оның баяндаған процестерінің, оқиғаның, заттардың ойша көрінісінің бейнесін тудыра алуы болып табылады. Мұндай жағдайда сөз эмоционалды, айқын болады, ол суретті қолмен емес, тіл қралдарымен салғандай болады, К.С.Станиславскийдің тілімен әсірелеп айтқанда “құлақ емес, көз”. Жасандылықпен мұндай сөйлеуге жету мүмкін емес. Өзіңде шындықтағы дүниені қабылдау, дыбысты, суретті көре білу және тыңдай білу біліктілігін дамыту керек және өзіңнің көргеніңді сөзбен жеткізе білуді үйрену керек. Бұл жерде театрлық педагогика жаттығулары жақсы көмек көрсете алады.

Осылайша, біз сіздермен педагогикалық шеберліктің элементтері болып табылатын мұғалім сөзінің бірнеше ғана сұрақтарын қарастырдық.

Айтылған әңгімелер, болашақ мұғалімдердің сөйлеу мәнеріне аса сақтықпен қарап, дамытуына негіз болады деп ойлаймыз, ал талантты педагог-жол салушылар тәжірибесі байытады және мәнерлі, айқын, сенімді педагогикалық сөйлеуді меңгеруде табандылық көрсетеді.


Бақылау сұрақтары:


  1. Сөйлеуді жүзеге асырудағы басты бағыттар қандай?

  2. Өз сөзіңнің қандай екенін қалай білуге болады?

  3. Өз сөзіңіздің мәдениеті қай дәрежеде екенін қалай білесіз?

  4. Сөйлеудегі мәнерлілік дегеніміз не және оны қалай дамытуға болады?

  5. Өз сөзіңдегі дауыс ырғағын қалай бақылауға болады?

  6. Адамның ішкі дүниесін түсіне білуге тырысасыз ба? Оны қалай түсіндіресіз?

  7. Мұғалім сөзінің мәнерлілігіне психикалық процестердің қатысы бар ма және ол қандай?






Жоспары:


1. Қарым-қатынас мәні.

2. Қарым-қатынас тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет