Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет105/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Құрылымы—басшының топтар қызметін ұйымдастырып,
жоспарлап және топпен өзара қарым-қатынасын, тәртібін
түсіндіреді.
Бағынушыға кеңіл бөлу — адамдарға әсер етуді, ең жоғарғы деңгейдегі қажеттілікті қамтамасыз ете білуді-өзара қарым-

катынасты сенімділік негізінде қүруды және де баскдрушы мен бағынушының арасындагы құрметтілікті, жылулықпен байланыс тартібін түсіндіреді,


Құрмет — бұл сыртқы пішінде көрсету улгісі, "арқадан кағу".

Нәтижелі лидерлікке — жағдайлық тәсілдер


Басқарушылық нәтижелігінің феноменін ертерек түсіндіру әрекеті басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл белуді карастырған, бірақ бұндай айнымалыларды ескермеген.
"Фидлердің моделі теориянын, ары карай дамуына үлкен үлес қосты. Ол модель жағдайға көп қөңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген.
Басшының тәртібіне әсер ететін факторлар.

  1. Басқарушы мен ұжьш мүшелерінін арасындағы қарым-катынас. Мұнда бағынушыларының көрсететін сыйластық катынастарың өздерінің басшыларына деген сенімділігін және басшының бағынушыларға жеке тұлға (личность) ретінде тартымдылығын түсіндіреді;

  2. Міндеттің құрылымы. Дағдылы міндеттерді түсіндіруі, оның дәл тұжырымдалуы мен құрылымдылығы;

  3. Лауазымды өкілеттілік. Бұл — занды биліктің көлемі, ол
    басқарушының сыйақыны қолдану мүмкіндігі — оның қызметімен
    байланысты және де формальды ұйымның басшыға көрсететін
    қолданының деңгейін көрсетеді.

Әр жағдайда өзінің басқару стилі сәйкес келгенімен, өзгенің басқару стилі толығымен тұрақты болып калады деген ойды Фид-лер атап көрсеткен.
Фидлердің ұйғаруы бойынша, адам өзінің басқару стилін жағдайға бейімдей алмайды, яғни, ол кезде басшыны тұрақты басқару стиліне сәйкес келетін жағдайларға орналастыруын ұсынады.
Бұл басшының жеке қасиеттерімен, сол жағдайға ұсынылған
талаптардың арасындағыларға тиісті баланспен камтамасыз
етеді, ал мүның өзі жоғары өнімділік пен канағаттанарлық
деңгейге әкеледі.
Басшы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-катынас жақсаруы немесе нашарлауы және міндеттері құрылуы немесе құрылмауы, мүмкін, ал басшылық лауазымды өкілеттілігі үлкен және кіші болуы мүмкін. Осы үш өлшемнің әр түрлі байланысы сегіз потенциалды басқарушылық стилін беруі мүмкін.
Фидлердіқ моделі де кемшіліксіз болмаған, бірақ ол болашақ басқарудағы жағдайлық тәсілдің негізін қалаған.
Тағы да бір лидерліктіқ жағдайлық моделін, Фидлердіқ моделіне және күту теориясына да көп ұқсастығы бар, мотивацияға да катынасы бар модельді Теренс Митчел мен Роберт Хаус жасап шығарған. Олардың "жол-нысана" деп, аталған тәсілдері басқарушыларға жағдайға байланысты кажетті басқару стилін ұсынады.
Бұл теория сол ықпалға түсінік беруге тырысады.
Мотивацияға ықпал еткен басшының тәртібін — бұл теория түсіндіруге тырысады, яғни бағынушылардың қанағаттанушылығы мен еңбек өнімділігі. Бұл тәсілге сүйене отырып, басшы бағынушыларды ұйымның мақсатына жетуіне түрткі болуы, яғни осы мақсаттарға жетудің жолына әсер етуі мүмкін.
Осы әдістердің көмегімен басшы көздеген максаттарының тәсілдеріне немесе жолдарына әсер ете алады:

  1. Бағынушыдан күтетін нәрсенің түсініктемесі;

2. Бағынушыны қолдап, оларды өздерін еркін ұстауына қол жеткізу қажет;
3.Бағанушылардың күш-жігерін көздеген мақсатқа жетуге бағыттау;

  1. Басшының қол астында тұрған және ол канағаттандыра алатын кажеттіліктерді бағынушыларға жасау;

  2. Мақсатқа жеткеннен кейін бағанушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.

Жетекшілік әдістерін салыстыру.





Жетекшінің қарамағындағыларымен ара қатынасының параметры

Жетекшілік әдістері (басқару)

Авториторлық (Автократиялық)

Демократиялық

Либериальдық

1

2

3

4

5

1

Шешім қабылдау әдістері

Жетекші өз еркімен шешім қабылдайды

Шешім қабылдар алдында ұжым мен кеңеседі немесе ұжымдық шешім қабылдайды

Жоғары басшының бұйрығын күтеді немесе топ шешімімен келіседі

2

Орындаушыларға дейін жеткізілетін шешімдердің тәсілдері

Бұйырады, басшылық етеді, қадағалайды

Ұсынады, бекітеді, бағыныштыларға ұсынылады

Сұрайды, жиі өтіндіреді

3

Жауапкерлікті бөлу, үйлестіру

Жауапкершілікті өз мойнына алады немесе нақты орындауды жүктейді

Мәліметтермен тапсырмаларға деген жауапкершілікті бөліп, тарату

Өзінен барша жауапкершілікті Альп тастайды

4

Ынталыққа (бастамаға) қатынас

Толығымен қыспаққа алу

Кешірім жасайды және жұмыс барысында қолданады

Ынталықты бағыныштыларға ұсынады

5

Кадр таңдау қатынасы

Маманданған және терең ойлы қызметкерлерден қорқады және олардан құтылуға тырысады

Іскер, сауатты және өрісі кең қызметкерлерді жинайды

Кадрмен айналыспайды

6

Өзіндік білімнің жетпеуіне ара қатынасы

Гипертропикалық (өзіндік) пікір

Әрдайым оқиды, ізденісте болады. Айтылған сынды ескереді.

Өз білімін кеңейтеді ойлайды қызметкерліктеріне де осыны ұсынады

7

Қатынас тәсілі

Қатал формальды

Достық қатынасты араласуды ұнатады

Қарым-қатынастан шорқақ, бағыныштылармен араласады

8

Бағыныштылармен қарым-қатынас сипати

Жағдайға байланысты шешім қабылдайды.

Өз-өзін қадағалап достық сипатта болады

Жұмсақ кейде сөзге ергіш (сенгіш)

9

Тәртіптік қарым-қатынас

Формальды қатаң тәртіпті қолдайды

Парасатты тәртіп адамдарды саралау тәсілі

Формальді тәртіпті талап етеді, оны қамтамасыз ете алмайды

10

Бағыныштыларға моральді ықпал ету қатынасы

Жазалау негізгі ықпал ету тәсілі таңдаулы адамдарға кешірім жасау

Ынталандырудың түрлі әдістерін пайдаланады

Жазалаудан гөрі кешірімді жиі қолданады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет