Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет64/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Басшылар адамдарды ұйым үшін жұмыс істеуге тарту қажет екенін әрқашанда түсінген. Бірақ олар бұл үшін жай ғана материалдық сыйымдылықтар беру жеткілікті деп есептейді.
Бірақ бұл әдістен басқа әдістер бар екендігін адам қызметінің негізгі мотибациялары қарастырады.
Басшы жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде берілген ұйымның нақты не істеуі керектігін, қашан, қалай және кімнің жұмысты орындайтығын анықтап алады. Осы арада тиімді шешім қабылдай алса, басшы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Мотив дегеніміз – адамдардың белгілі бір іс-қимыл(әрекет) жасауларын итермелеитін себеп (негіз). Мотив- адамның ішкі хал-ахуалының жеке тұлғалық сипат алуы болып табылады.
Мотив тек қана адамдарды іс-әрекетке оятып қана қоймайды, сонымен бірге, ол не істеу керек екендігін және оның қалай орындалатынын да анықтайды.
Адамның мінез-құлқы тек бірғана себеппен (мотивпен) анықталмайды, ол жиынтық ретінде қарастырылады. Адамның мотивациялық құрылымы негізінен тұрақты құбылыс ретінде қалыптасады, бірақ ол саналы түрде өзгеріп отырады. Мысалы , тәрбиелеу және оқу процесі үстінде.
Мотивациялау – бұл адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі.
Мотивациялау – адамдарды басқару негізінде құрайды.
Мотивациялаудың екі типі бар:

  • сыртқы күштердің әсерінен адамдардағы белгілі іс-қимыл мотивтерін (ояту) қозғау. (Мысалы, сауда келісім) Екі жақ бір-біріне мүдделі қарым-қатынаста болмаса мотивациялық процесс болмайды;

  • алам бойында белгілі мотивациялық құрылымның қалыптасуы. Бұл тип-тәрбиелеу және оқыту процесстеріне байланысты. Адам еңбегінің нәтижесіне де байланысты.

Мотивация қызметтің төмендегідей сипаттамаларына ықпал етеді:
-ынта-жігер;
-талпыну, тырысу;
-табандылық;
-жауапкершілік;
-бағыттылық.
Қорыта айтқанда, мотивация дегеніміз – бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі бір дәрежеде жұмсаған ынта-жігері, көрсеткен табандылығы және талпыну денгеиі немесе әркімнің өз мақсаттарына және ұйым мақсаттарына жетуі үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.
Мативацияны процесс ретінде қарастырғандықтан, оны бір-бірімен тығыз байланысқан алты кезең ретінде қарастыру керек.
Психологиялық әдістерді басқаруда пайдалану талпыныстары.
Біз әртүрлі мотивация теорияларын екі категорияға бөлеміз: мазмұндық және процессуралық.
Мотивацияның мазмұндылық теориялары адамдарды дәл солай әрекет жасауға мәжбүр ететін ішкі оянуларға негізделген. Бұл орайда Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клеллаланд, Фредерик Герцберг еңбектері қарастырылады.
Мотивацияның процессуалдық теориалары адамдардың түсінігі мен дүние танымына байланысты өздерін қалай ұстайтығына негізделінеді.
Процессуалдық теорияларына:күту теориясы, ақиқат теориясы және Портер-Лоулер теориясы жатады.
Мативацияның мазмұндық немесе процессуалдық теорияларының мағынасын түсіну үшін, алдымен мына түсініктеріндің мағынасын меңгеріп алу қажет. Олар – қажеттіктер және сыйлықтар тапсыру.
Бірінші және екінші қажеттіліктер.
Бастапқы және қосымша қажеттіліктер.
Бастапқы қажеттіліктер адамдарға ген (тұқым қуалаушылық) арқылы беріледі, ал қосымша қажеттіліктер тәрбие арқылы жинақталады.
Қажеттіліктер және мотивациялық мінез-құлық тәртіп.
Қажеттіліктерді тікелей бақылау немесе өлшеу мүмкін емес. Оларды тек адамдардың мінез-құлқына қарап бағалауға болады.
Қажеттілік пайда болса, онда ол адамның ынта-жігерін оятады.
Ояну – бұл белгілі бір бағыттағы жетіспеушілікті сезіну. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін адам алдына мақсат қояды.
Алдыға қойған мақсатқа жету нәтижесінде қанағаттану дәрежесі адамның алдағы іс-әрекетіне әсерін тигізеді. Егер адам белгілі бір мақсатқа қолын жеткізсе, онда ол келесі реттерде де сол жолға әрекеттерді қайталауға тырысады . Бұл нәтиже заңы деп аталады.
Қажеттілікке байланысты мотивацияның күрделелегі “Бес саусақ бірдей емес”, ал адамдардың мінез-құлқы тіптен алуан түрлі. Осыған байланысты әрбір адамның қажеттілігі де әр түрлі және оларды қанағаттандыруда түрліше.
Яғни тұрақты, ең жақсы дейтін әдіс мативацияда жоқ. Біреулер үш тиімді мативация, екінші біреуге мүлдем маңыссыз болуы мүмкін.
Жұмыстардың өз ара байланыстығы ақпараттың жеткіліксіздігі, технологияның жаңаруына байланысты қызметкерлердің жйі аусуы – осының барлығы мотивацияняң күрделегін арттырады.
Сыйлықтар тапсыру (марапаттаулар). Адамдарды тиімді қызметке тарту үшін сыйлықтар тапсыру қолданылады. Мотивация мәселелерін талдау барысында осы әдіске сүйенеміз.
“Сыйлықтар тапсыру” дегенді жай ғана ақшалай сыйлық деп

Қызметкердің пайда болуы.




Қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын іздеу.





Мақсаттың іс-қимыл бағытын анықтау.





Іс-қимыл (әрекеттің) орындалуы.

Орындалған іс-әрекет (қимыл) үшін көрсетілетін марапат



Қажеттілікті жою.




Сыйлықтар тапсыру әрбір адам үшін маңызды, өте қымбат. Адамдардың талғамдары әртүрлі болғандықтан, сыйлықтар да әртүрлі болуы қажет.


Ішкі және сыртқы марапаттаулар. Ішкі марапат жұмыстың өзінен жүзеге асады. Мысалы, нәтижеге қол жеткізу сезімі өзін құрметтеу. Жұмыс барысындағы достық пен қарым-қатынас.
Сыртқы марапаттауды ұйымдар жүзеге асырады. Мысалы, еңбек ақы, қызметті жоғарлату, мадақтау және қосымша төлемдер (демалыс, жеке кабинет беру). Ішкі және сыртқы марапаттарды анықтау үшін, әкімшілік жұмысшылардың қажеттігін ажыраты білуі қажет. Осы мотивацияның мазмұндық теорияларының мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет