Лекция №32
тақырыбы. Мотивацияның теориялары.
Жоспары.
1. Маслоу теориясын басқаруды пайдалану.
2.Мак Клелланданың қажеттілік теориясы.
3.Мотивацияның іс-жүргізушілік теориялары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекцияның мәтіні:
Мотиватцияның мазмұндық теориялары бірінші кезекте адамдарды әрекетке итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Мотивацияның қазіргі заманға тұжырымдамаларының ең негізін қалаушылардың ішінен үш адамды атап айтуға болады ; Абрахам Маслоу, Фредрик Герцберг және Давид Мак Клелланд.
Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы). Басшылар адамдардың қажеттіліктерінің күрделіліктерін және олардың мотивацияға ықпалын ең алғаш рет Абрахам Маслоу есімді бихевиористің еңбектерінен білді.
Бихевиоризм-ағылшынша мінез – құлық. Бұл Америка психологиясының ХХ-шы ғасырдың басында пайда болған бір бағыты. Оның басқа теориялардан айырмашылығы, психология пән ретінде сана мен ойлауды ғана емес, мінез –құлықты да қарастырады деп дәлелдейді.
40-шы жылдары өзінің мотивация теориясын құра отырып, Маслоу қажеттіліктерді 5 негізгі категорияларға бөлген.
Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүру үшін қажет. Оларға: тамақтану, су, демалыс, тыныштық, сексуалдық қажеттіліктер жатады;
Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі. Қоршаған ортадағы физикалық және психологиялық қауіптерден қорғану және физиологиялық қажеттіліктер болашақта да қанағаттандырылатынына сену жатады. Оған мысал ретінде сақтандыру полисін сатып алу немесе жақсы зейнетақыны қамтамасыз ететін сенімді жұмысты айтуға болады;
Әлеуметтік қажеттіліктер . Басқарудың сені қабылдауы, түсінуі, қолдауы. Адам өзін әлеуметтік қатынастардың мүшесімін деп сезінуі жатады. Сенім артар біреуді қажет ету;
Қажеттілікке байланысты мінез – құлық мотивациясының қарапайым моделі.
Қажеттіліктер (жетіспеушілік)
(іздену) Ояну немесе мотивтер.
Мінез құлық (әрекет)
Мақсат.
Қажеттіліктің қанағаттандыру нәтижесі.
Қанағаттану.
(жартылай) қанағаттану
қанағаттанбау.
Құрметке ие болу қажеттілігі. Өзін- өзі силау, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың көрсететін қызметі және құрметі;
Өзін - өзі көрсете білуге деген қажеттілік. Адам өзіндік потенциялдық мүмк індіктерін пайдалануы және тұлға ретінде даму. Қызмет барысында жоғарылау.
Маслоу теориясы бойынша, бұл айтылған қажеттіліктерді суретте көрсетілгендей қатаң иерархиялық құрылым ретінде орналастыруға болады.
Әрбір нақты уақыт кезінде адам өзі үшін аса маңызды және күшті қкжеттілікті қанағаттандыруға айтылады. Әдетте қажеттілік ең төменгі денгейден басталады да сатылап жоғарылайды. Келесі деңгейдегі қажеттілік маңызы арта түскенге дейін, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |