Лекция №37. Тақырыбы. Топтың жұмысына әсерін тигізетін факторлар. Жоспары. 1. Топ жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар. 2.Топ мүшелерінің ролі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: а) негізгі. Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекцияның мәтіні: Топтың тиімді жұмыс жасауына ықпал ететін негізгі факторлар қатарына мыналар жатады:
Көлемі. Кейбір зерттеулерді қорытындылай келе, 5-11 мүшеден тұратын топты –тиімді топ деп қарастыруға болады. бұл кезде топтың әрбір мүшесіне деген жауапкершілік арта түсеі. Ал адам саны көп болатын топтарда топ мүшелерінің өз көзқарастарын қорғау мүмкіншіліктерінің қиындауы мүмкін. Топ көлемін ұлғайту бір қатар қиыншылықтарды тудырады. Олар: қарым-қатынастың нашарлауы; топ қызметі мен оның міндеттерінің орындалуына байланысты сұрақтардың шешілу жолдарының қиындауы; бейресми топтардың бірнеше кішкентай бөлімшелерге жіктелу мүмкіндігінің артуы, ол өз кезегінде мақсаттардың үйлесімділігіне кері ықпал етеді.
Құрылымы. Мәселені шешу кезінде пайда болатын көзқарастар мен жекеленген адамдардың ұқсастық дәрежесі-осы фактордың негізінде қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша топ мүшелерінің шешім қабылдауының маңызды себебі ретінде әр түрлі көзқарастарды қолдану арқылы ең тиімді шешімді іздестіру қарастырылады.
Топ ережелері. Топ қабылданған ережелер жеке адамның тәртібі мен іс-әрекетіне және де топтың қандай бағытта жұмыс жасайтынына ықпалын тигізеді, яғни ұйым мақсатына жету үшін немес оған қарама-қарсы іс-әрекеттер жасау. Бұл ережелер топ мүшелеріне олардан қандай тәртіп пен жұмыстың талап етілетінін көрсетеді. Қызметкерлердің өз іс-әрекеттерін осы ережелерге сәйкестендіру, жеке тұлғалардың топқа тиісті болуына сенуі, топтың оларды қолдануы мен тануы осы топ ережелерінің ықпалы арқылы жүзеге асады. Бұл ережелерді төмендегідей жіктеуге болады, яғни
Бұл ережелер ресми және бейресми топтарға да тән.
Топ бірлігі немес ұйымшылдығы. Топ бірлігі дегеніміз-бұл топ мүшелерінің бір-біріне және де топ өте жақсы жұмыс жасағандықтан жоғары деңгейдегі ұйымшылдық –бүкіл ұйым тиімділігін көтеруге әсерін тигізеді. Егер де топ пен ұжым мақсаты өзара келісіп жасалынған жағдай болса, онда да ұйым тиімділігі арта түседі.