2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)
Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясаты мен ортаазиялық хандықтардың басқыншылығына қарсы халық бұқарасының наразылығы Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған көтеріліске ұласқанға дейін-ақ біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30 жылдарда ол жергілікті жерлерді қамтып, тез өшкен жалын іспеттес түрде ғана болғанымен, онда жақындап келе жатқан дауылдың да белгілері байқалғанды. Кенесары Қасымов көтерілісінің алғашқы хабаршысы – XIX ғасырдың 20-30 жылдары болған Саржан Қасымов қозғалысы еді.
Ғұбайдолланың тұтқындалуы мен қозғалыстың әлсіреуіне әкелген операцияның нәтижесіне қанағаттанған генерал-губернатор, ерекше көзге түскен атаман Чернецкийді, урядниктер Солонников, Некрасов, Найдинді және жүзбасы Карбышевтерді мадақтаған болатын. Кейін қаталдығымен көрінген полковник Карбышев Саржан Қасымовтың көтерілісін, Кенесары ханның қозғалысын басуда белсенді роль атқарды. Патша реформасына наразылық ретінде басталып, оған қарсылық білдірген Қасым төрені басу үшін жасалған әскери күштеу шаралары Ғұбайдолла сұлтан бастаған жаппай қозғалысқа әкелді. Қозғалысты ұйымдастырудағы оның ағаттығы, саяси жағдайдың кереғары, қоғамның екі қарама-қарсы топқа бөлінуі қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты.
Алайда күштеу әдісімен жарғыны орындауды жалғастыру, белгілі Шыңғыс ұрпақтарының наразылығын елемеу жекелеген қарсылық білдірген күштердің Саржан Қасымов бастаған қозғалысқа бірігуді жылдамдатты.
Алыстағы Сібір қалаларының біріне Ғұбайдолланың жер аударылуы Орта жүзге тараған қозғалысты тоқтата алмады. Қасым төре ұлдарының бірі Саржан сұлтанның қарауындағы Қарпық болысының Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқу бір мезгілде күш жинай бастады. Ақыры 1825 жылдың көктемінде Орталық Қазақстанда үкіметке қарсы толқулар басталды. Жүзбасы Карбышевтің генерал П.М.Капцевичке берген мәліметтерінде Саржан Қасымов далалық жердегі ерекше зорлық-зомбылығымен сипатталады. Көтерілістің басталуына себеп болған 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуі еді. Кіші жүзді түгел дерлік бодандыққа бағыныдырып билеп-төстеген патша әкімшілігінің өктемділігі енді Арқа қазақтарына жүргізіліп, байырғы тұрғындарды атамекенінен ығыстырып, орнына қаптатып казак-орыстарды қоныстандыра бастады. Бекіністер желісін Орта жүз жеріне дендей тартып, қазақ қырын айқұш-ұйқыш шаншып тастауға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |