Практикалық психологтың біліктілік талаптары, құқықтары, міндеттері
Практикалық психологтарға тән психологиялық қызмет түрлері: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету, қиын балалармен жұмыс, дамуы кейін қалған немесе ауытқыған мінез-құлықтағы балалармен жұмыс.
Практикалық психолог кеңес беру саласында адамдармен қарым-қатынастың психотерапиялық техникасы мен технологиясын біліп, әңгіме, интервьюды дұрыс жүргізіп, басқа адамдардың зейінін өзіне аудара біліп және сендіре білуі қажет. Бұл үшін психолог-консультант адамдарды дұрыс қабылдап, түсінуі қажет және өзіне деген сенімділікті туғызуы қажет, адамдарға психологиялық әсер етуде сенімді болуы қажет, тұлғааралық қарым-қатынасты меңгеру керек.
Психокоррекция қолданбалы жұмыста да қиын сала. Психолог бұл салада әртүрлі формадағы әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру мен жүргізу техникасын психоанализ тәсілдерін және тағы басқа психотерапиялық тәсілдерді меңгеруі қажет.
Қиын балалар жұмыс кезінде ауытқыған мінез-құлықты анықтап, осы сала бойынша заңдар мен тәртіптерді меңгеруі тиіс.
Психологиялық кеңес – жекелеген сұрақтарды шешу, проблеманы талдау, нұсқау беру мақсатында өткізілетін арнайы ұйымдастырылған психологтың әңгімелесуі. Кеңес психологтың негізгі қызмет түріне жатады. Мектептегі психолог кеңесі ғылыми негізге байланысты төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |