Лекция Эконометрикаға кіріспе. Эконометрика анықтамасы


Лекция. Сызықсыз регрессия



бет10/18
Дата07.02.2022
өлшемі171,83 Kb.
#84364
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
kazedu 201585

6 Лекция. Сызықсыз регрессия.

Көптеген жағдайда шынайы өмірде экономикалық үрдістер сызықсыз регрессиялық тәуелділіктермен сипатталады.


Сызықсыз эконометрикалық үлгілерді құрғанда сызықсыз функционалдық тәуелділіктер қолданылады (дәрежелі, көрсеткішті, логарифмдік, тригонометриялық, әр түрлі дәрежелердің көпмүшелері және т.б.).
Сызықсыз регрессияның екі класы ажыратылады:
1. Айнымалыларға ( факторларға) ХК қатысты сызықсыз, бірақ эконометрикалық үлгінің белгісіз коэффиценттері бойынша сызықты.
Сызықсыз регрессияның бұл класы квазисызықтық регрессиялық тәуелділіктер деп аталады. Әрі қарай сызықсыз тәуелділіктердің бұл класының ерекшеліктері мен артықшылықтары көрсетіледі.
2. Айнымалыларға ( факторларға) ХК қатысты сызықсыз және эконометрикалық үлгінің белгісіз коэффиценттері бойынша да сызықсыз. Әрі қарай сызықсыз тәуелділіктердің бұл каласының ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері көрсетіледі.
Полиномиальді квазисызықтық регрессиялық тәуелділікті қарастырайық .
Ŷ = b0+ b1X+ b2X2
Y → ҚР жалпы ішкі өнімі, Х → өнеркәсіптің дамуына инвестиция.

b0, b1, b2 үлгі параметрлерін анықтау үшін келесідей қалыптасқан теңдеулер жүйесі құрылады:




Σ Yі = nb0+b1 ΣXі+b2 ΣXі2
Σ Yі*Xі=b0 ΣXі+b1 ΣXі2+b2 ΣXі3
Σ Yі*Xі2= b0 ΣXі2+b1 ΣXі3+b2 ΣXі4

Көрсетілген жүйені нақтылау үшін жұмыс кестесі құрылады





жылдар

tі

Yі

Xі

Xі2

Xі3

Yі* Xі

Yі* Xі2

Xі4




























Σ

























b0, b1, b2 үш белгісізі бар үш теңдеулер жүйесін шешкенде үлгінің бұл параметрлерін анықтаймыз. ҚР жалпы ішкі өнімінің өнеркәсіптің дамуына инвестициядан тәуелділігінің сызықсыз эконометрикалық үлгісін аламыз.


Әрі қарай алынған үлгіні детерминация және корреляция коэффиценттері көмегімен бағалау жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет