Лекция Интернетке кіріспе



бет16/19
Дата08.02.2022
өлшемі497 Kb.
#123091
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
07-Лекция-Web-прог

Лекция 14. PHP тіліне кіріспе.



  • PHP тіліне кіріспе.

  • РНР тілінің қарапайым элементтері: түсініктеме, тұрақты, айнымалы және функциялар.

  • Айнымалылардың типтері және амалдар приоритеті.

  • Цикл операторлары.

  • Функциялар.

PHP тіліне кіріспе. PHP (Hypertext Preprocessor – гипермәтінді препроцессор) тілі серверде орындалатын сценарий жазуға арналған тіл. Браузер URL-адресте (Uniform Resource Locator – ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) көрсетілген РНР тілінде жазылған Web-құжатты орындау үшін Web-серверге сұраныс жасайды. Web-сервер РНР-процессорын жүктеп, РНР-кодты орындайды ды, нәтижені Web-серверге қайтарады. Ал Web-сервер өз кезегінде нәтижені браузерге терезеде бейнелеу үшін жібереді [5].


Әдетте РНР тілі Web-сервер мен пайдаланушы арасында деректер алмасуда, яғни Web-құжатта форум, қонақ кітабы, тіркелу анкетасы, хабарландыру тақтасы, чат құруда қолданылады.
РНР тілінің қарапайым элементтері: түсініктеме, тұрақты, айнымалы және функциялар.
Операторлар. Еcho (5 + 5) конструкциясы қарапайым (болмаса бір қатарлы) оператор деп аталды. PHP-де әр оператор «нүктелі үтірмен» аяқталады. Осы себепті әр жазудан кейінгі келетін «нүктелі үтір» символы бөлек оператор ретінде қабылданады.
Қарапайым оператор ауыспалы бірнеше қатарды өз ішіне алады. Мысалы.
echo (5 + 5);
echo (5 - 2);
echo (“Hello, world!”);
?>
Қарапайым оператордан басқа тағы құрама оператор да бар, олармен операторлар тізбегін анықтауға да болады. Кейде құрама операторларды көп қатарлы деп те атайды. Құрама оператордың қарапайым оператордан айырмашылығы, ол нүктелі үтірмен аяқталмайды, оның аяқталғанын фигуралық жақша білдіреді.
Түсініктемелер. PHP тілі бізге түсініктеме қоюдың бірнеше түрін береді. Екі қисық сызықтан ( // ) кейін түсініктеме жазу ең қарапайымы болып есептеледі. Осы екі сызықтан кейін PHP машинасы қатар соңына дейін орналасқандардың бәрін өңдемейді. Түсініктемені дәл осылай нөмір (#) символының көмегімен де істеуге болады (UNIX тілінің скрипт түсініктемелері). Сонымен қатар, С++ тілі стиліндегі (/*..*/) түсініктемелерді де қолдануға болады. Түсініктеме берудің түрлі жолдары төмендегі мысалда келтірілген.
echo (“Hello”); // бұл түсініктеме
echo (“Hello”); # бұл да түсініктеме
/* ал бұл көп мерзімді түсініктеме */
?>
Айнымалылар. PHP – де айнымалылар ақша бірлігі ($) белгісінен басталады. Белгіден кейін шексіз әріптік–сандық және белгілеу символдары жазылуы мүмкін. Бірақта ($) кейінгі символ сан, не болмаса белгі болмауы керек. Сол сияқты айнымалыларды мына түрде беруге болады. $n, $n1, $user_Func_5 және т.с.с. Кілттік сөздерге қарағанда айнымалылардың аты PHP-де регистрге сезімтал болады. Мысалға: $user_func, $User_func және $USER_FUNC бұлардың жазылуы бір болғанымен регистрінде айырмашылық бар.
PHP–де айнымалыны пайдаланудан алдын оның типін көрсету шарт емес. Сонымен бірге, айнымалы программа жұмысы барысында түрлі типтер қабылдау мүмкін.
Сыртқы айнымалылар деп басқа скрипттерден кіретін барлық айнымалылырды айтады (браузер және сервермен беріледі). Клиенттің сұрауы WEB–сервер мен PHP-препрцессорына берілгеннен соң, соңғысы сұранысқа байланысты және әрдайым орындауға ыңғайлы анықтамалар қатарын анықтайды. Егер PHP айнымалының айналасын және register_glibals құрастырушысы қосылған болса, PHP айналасындағы сондай аты және мәндері бар айнымалыны құрады. Бұл айнымалылар $HTTP_ENV_VARS массивіне және $_ENV суперглобальді массивіне орналасады.
Тұрақтылар. Тұрақтылар PHP тілінде define (): функция көмегімен жазылады.
define (CONSTANT, value)

Бұл функцияның бірінші параметрі – тұрақтының аты, ал екіншісі - оның мәні. Пайдалану алдында тұрақтының атына жібереді:


define (CONSTANT1, 15);
define (CONSTANT2, “\x20”); // бос орынның коды
define (CONSTANT3, “Hello);
echo (CONSTANT1);
echo (CONSTANT2);
echo (CONSTANT3);
?>
Дәстүрге сай тұрақты аттарын үлкен регистр әріптерімен жазады. Бұл тек қана стиль болса да, оны қолданған жөн.
Айнымалылардың типтері және амалдар приоритеті. PHP айнымалы типінің анықтылығына қарамауға рұқсат береді. Бір ғана айнымалымен, программаның жұмысы барысында қатарды да, санды да өңдеуге болады. Бірақ PHP–де сұрыпталған негізгі тип берілгендері бар, олар айнымалымен жұмыс барысында әсер етуі анық. Айнымалылардың негізгі типтері төменде көрсетілген:

  • Integer

  • String

  • Float (double, real)

  • Array

  • Boolean

  • Object

PHP тілінде айнамалыға тағайындалған типті анықтау үшін gettype функциясы қолданылады. Бұл функцияның бір ғана параметрі болып, ол типін анықтау керек болған айнымалының аты. Осы gettype функциясының қолдану үлгісі төмендегі листингіде берілген.


$var_str = “5”;
$var_num = 5;
echo (gettype($var_str));
echo “
”;
echo (gettype ($var_num));
?>

Осы скрипт орындалғаннан соң, мына нәтижені аламыз:


String
Integer

Цикл операторлары. Цикл операторлары бір амалдың бірнеше рет қайталануына алып келеді. РНР-да цикл операторының төрт түрі бар:



  • while

  • do…while

  • for

  • forreach

Алдыңғы үш цикл операторлары С++ тілінен алынған болса, ал соңғы оператор Реrl тілінен алынған. Бұл бөлімде тек алдыңғы үш цикл операторын қарастырамыз.
While операторында бірінші логикалық шарт тексеріліп, содан кейін барып амалдар орындалады. While операторының жалпы жазылу үлгісі төмендегідей:
While (шарт)
{
оператор;
}
Циклды орындалу тәртібі мынадай, алдымен шарт тексеріледі. Егер шарт қанағаттандырылса, онда цикл орындалады. Цикл операторы шарт қанағаттанғанынша орындала береді. Циклға шарт беруден алдын оның бір кезде орындалатынына көз жеткізу керек, әйтпесе шексіз циклға түсіп қалуы мүмкін.
Функциялар. Функция өз алдына программаның бір бөлігі болып есептелінеді. Бұл бөлікті программаның керек жерінде шақыртып орындатады. Қарапайым түрде функция бірнеше айнымалылардан тұрады. Функция осы берілген айнымалыларды пайдаланып белгілі бір амалдарды орындайды және нәтижені программаға қайтарып береді.
Функцияны Function кілттік сөзі арқылы сипаттайды. Одан кейін фигуралық жақша ішінде функцияның денесі болып табылатын айнымалылар жазылады. Мысалы:
Function Myfunction ()
{
// операторлар
}
Eгер функция аргументі мәндерді қабылдаса, олар функцияның айнымалысында жазылады. Егерде функцияда бір немесе бірнеше аргумент қолданылса, онда айнымалылар үтірлермен бөлінеді:
Function Myfunction ($var, $var1, $var2)

Пайдаланған әдебиеттер





  1. Мазуркевич А. РНР: настольная книга программиста. –М.: Новое знание, 2004. –479 с.

  2. Макинтош Дж. Perl & PHP: библиотека программиста. –Спб.: Питер, 2004. –218 с.

  3. Орлов А.А. РНР: Полезные приемы. –2-е изд. перераб. и доп. –М.: Горячая линия – Телеком, 2006. –272 с.: ил.

  4. http://www.php.net

  5. http://www.apache.org





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет