Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Құбылғылар әлеміне саяхат



бет84/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Құбылғылар әлеміне саяхат. Қазіргі жүйелеу бойынша кесірткелерге жататын бір тұқымдас

құбылғылар (хамелеондар). Бұрын құбылғылар өз алдына жеке отряд тармағына топтастырылған болса, қазір ол кесірткелердің жеке тұқымдасы деп есептелінеді. Олардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, ұзын құйрығымен ағаш бұтақтарын орап бекінуге бейімделген. Аяқтары ұзын бессаусақты. Ұзын әрі желімді тілінің көмегімен қорегін ұстайды.

Құбылғылардың терісінде болатын бүркеніш рең беретін пигментті клеткалар (хроматофорлар) өте жақсы дамыған. Олар өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларына сәйкес терісінің түсін тез арада өзгерте алады. Сондықтан да, олар құбылғылар деп қазақша орынды аталған. Құбылғылардың көзінің құрылысы да ерекше. Дөңгелек пішінді көзінің айналасында сақина тәрізді тұтас бір ғана қалың қабағы қорғаныштық қызмет атқарады. Құбылғының көзінің тағы бір ерекшілігі- өте қозғалмалы болып келуі, көзі 180 градус бойынша көлденеңінен де, тігінен де еркін қозғала алады. Тіпті оның екі көзі бір-біріне тәуелсіз әрқайсысы өзінше қозғала алады. Міне, көзінің осындай ерекшеліктеріне сәйкес ағаш бұтағында қимылсыз отырып-ақ айналасын толық көре алады. Құбылғылардың 90-ға жуық түрі Африка мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған. Олар ағаш басында тіршілік етуге бейімделген, бір-біріне қарама-қарсы 2-3-тен тұтаса орналасқан саусақтары ағаш бұтақтарын қысып ұстауға өте ыңғайлы. Ең ірі құбылғының (осталети құбылғысы) денесінің ұзындығы 50 см-ден болса, ал ең кіші құбылғы брукезияның денесінің ұзындығы құйрығымен қоса есептегенде 4 см-ден аспайды. Құбылғылардың аздаған түрлері

ұрпағын тірі туып, ал көпшілігі жұмыртқа салып көбейеді. Жыландар әлеміне саяхат. Қабыршақтылар отрядының жыландар отряд тармағының 3000-ға жуық түрлері Антарктидадан басқа материктердің бәрінде таралған. Олардың көпшілігі құрлықта, кей түрлері тұщы суларда, кей түрлері теңізде де кездеседі. Қазақстанда жыланның 18-19 түрі ғана таралған. Жыландардың денесі көбіне жұмырланып келген, аяқтары болмайды, денесі әр түрлі пішінді қабыршақтармен қапталған. Олардың ірі түрлерінің денесінің ұзындығы 10 метрден асса, ең кіші түрінің денесінің ұзындығы 8 см-дей. Көздерінің айналасында қозғалмалы терілі қабақтары болмайды, керісінше көздерін тұтас әрі мөлдір жарғақша қаптап тұрады да, қараған кезеде өңменіңнен өтетіндей көрініс береді. Осыған сәйкес «жылан арбайды» деген ұғым қалыптасқан. Жыландардың үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері бір-бірімен созылмалы сіңірлермен байланысқан. Сондықтан да, олар өз денесінен ірі жемтіктерін тұқтасымен жұта алады. Улы жыландардың (450-дей түрі бар) үстіңгі жағында іші қуысты жұп улы тістері болады. Олардың улы бездері түсі өзгерген сілекей бездеріне жатады. Омыртқа жотасындағы омыртқа саны көп (кейбір түрлерінде 400-ден асады). Жыланның тілі әрі сипап сезу, әрі иіс сезу, әрі дәм сезу қызметін атқарады. Олар ұшы екі айыр тілін оқтын-

оқтын сыртқа шығарып, қайтадан аузына апарып тұрады да, ауыз қуысының үстіңгі жағында орналасқан арнайы якобсон мүшесі арқылы заттардың химиялық иісін дәлме-дәл ажыратады. Жыландардың көпшілігі жақсы жетілген бұлшықеттері арқылы ирелеңдеп алға қарай қозғалады. Ал, аздаған түрлері (эфа, мүйізді сұржылан, техастың сылдырмақты жыланы т.б.) бір бүйіріне қарай ирелеңдеп қозғалады. Жыландар негізінен құрлықта, кей түрі ағаш басында, кей түрлері тұщы суларда және теңіздерде кездеседі. Жыландардың жалғанаяқтылар (айдаһарлар) тұқымдасының 80-ге жуық түрі бар, олардың бәрі де усыз жыландарға жатады. Олар өз қорегін денесімен орап алып, тұншықтырып барып жұтады. Оларда жамбас сүйектері мен ортан жіліктің

қалдықтары сақталғандықтан «жалған аяқтылар» деп аталады. Кейбір түрлерінің аталықтарында клоаканың екі бүйірінде тырнаққа ұқсас артқы аяқтың қалдықтары байқалады. Жалғанаяқтыларға - питондар, айдаһарлар жатады. Олар Африкада, Азияда, Америкада, Солтүстік Африкада, Австралияда, Жаңа Гвинея, Мадагаскар, Малай аралдарында, Индонезияда кеңінен таралған. Қазақстан аумағында екі түрі (кәдімгі айдаһарша, шығыс айдаһаршасы) кездеседі.

Жалғанаяқтылар тұқымдасына жататын түрдің бірі – анаконда ең ірі жылан ретінде көпшілікке белгілі. Ол Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенінің су алабында таралған. Су тартыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шалажансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр жауғанға дейін жата береді.

Жалғанаяқты жыландардың бір түрі – торлы питон Азияның оңтүстік-шығыс аймағында таралған. Ол жұмыртқа салып, денесімен 1-1,5 айдай орап ұрпақ өрбітеді. Жергілікті тұрғындар торлы питонды қолда асырап, кемірушілерді жою үшін және тағам ретінде де пайдаланады. Жыландардың аспидтер тұқымдасының улы 180-дей түрінің көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда (әсіресе Австралияда) кеңінен таралған, Австралия материгінде аспидтер барлық табиғи орта жағдайларында кездеседі. Бұл тұқымдасқа жататын жыландардың уы жүйке жүйесіне әсер етеді. Олардың улы тістері басқа тістермен салыстырғанда ірі болып келеді. Ең улы жылан – австралия аспиды. Аспидтердің көпшілік түрлері жұмыртқа салып көбейсе, кей түрлері

Австралияда көбірек кездесетін түрлері – торлы қоңыр жылан, құмның қоңыр жыланы, қара жылан (қара ехидна), жолбарыс жылан, тайпан, т.б. Жолбарыс жыланның уы 400 адамды өлтіре алуы мүмкін. Ал, тайпан жыланның уынан жылқы бірнеше минуттың ішінде өледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет