Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері



бет32/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
ДАУЫС БҰЗЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дауыс бұзылуы органикалық және функционалдық болып бөлінеді. Бұндай бөлінуі арнайы емдеу мен логопедиялық жұмыстың тәсілдерін іріктеп алу үшін маңызы бар.
Функционалды бұзылу /көмейкейдің уақытша өзгеруімен байланысты/, сондықтан түзету жұмысының барысында дауыс бұрыңғы дұрыс қалпына келеді.
Органикалық бұзылуда көмейкейдің құрылысындағы: дауыс шымылдығындағы және жалғамалы құбырындағы өзгерістердің тұрақталып қалатындығы байқалады. Түзету жұмысында логопед дауыстық қатынас қызметін ойдағыдай қалпына келтіреді, бірақ қанша дегенмен де дауыстық сапасына бұрыңғы қалпына едәуір айырмашылығы болады.
Дауыстың функционалды бұзылуы ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі.
Балалардың дауысына шамадан тыс салмақ түсуден пайда болатын бұзылудың ең көп тараған түрі спатикалық дисфония деп аталады. Дисфония баланың бес жасындағы шамадан біліне бастайтындығы байқалады, ал 8-10 жастың аралығында өте жиі болады. Дияфония қатты айқалап сөйлейтін, ұшқалақ мінезді даурықпашы балаларда жиі пайда болады. Бұндай балаларда әдеттегідей таңертең дауысы таза және анық болады да, кешке қарай біртіндеп қарлығып қырылдауы күшейді.
Қағида бойынша дауысқа ауырлық түсуімен қатар бала айқалаған кезде жұтқыншақ безі ісуінің /тонзиллит/, көмекей безі ісуінің /аденоиды/ тамақтың қабынуы /ларингит/ ұзаққа созылған ауруы байқалады. Дауыстың кенеттен бұзылуы баланың аллергиямен ауруынан да болуы мүмкін. Сондай-ақ дияфония баланың жүрген ортасындағы және тұрған жайдың ішіндегі шаң тозаңының, түтінің, шудың сөйлеген кезде тигізетін зиянынан да болуы мүмкін.
Баланың көмейкейіндегі органикалық өзгеруі дауыс шымылдығының ортасында түйін пайда болады. Бұндай түйіндер 5 жастан 10 жасқа дейінгі ер балаларда жиі байқалады. Ол түйіндердің пайда болуына себептер дауыстың дамып жетілуіне балалардың мінез құлқындағы ұшқалақтың ерекшеліктері мен ата-аналарының және тәрбиешілердің немқұрайды қарауынан әлі жетілмеген дауыс аппаратына шамадан тыс салмақ түсіруі. Бұлармен қатар сөйлегенде тыныс алуы да бұзылады. Ол үстірт, зорланып және әлсіреп шығады. Дауыстың қырылдауы оның тұрақтылығымен сипатталады.
Балаларда сонымен бірге функционалды афония /дауыс шықпау/ да байқалады. Оның ерекшелігі көмекейдегі патологиялық өзгерісі тұрақсыз болады, және жөтелгенде дауыс дыбысы шығады. Бұндай жағдайда дауысты емдеудің және жаттығудың ықпалымен қалыптасады. Функционалды бұзылуға сондай-ақ дауыста және дауыс шығаратын аппаратта болатын патологиялық өзгерістерімен қоса кәмелеттік жас-жасқа толған жас өспірімдердің дауысындағы физиологиялық өзгерістер де жатады.
Дауыстың органикалық бұзылуы орталық және шеткі болып екіге бөлінеді.
Орталық бұзылуға дизартриямен шалдыққан балаларда байқалатын афония мен дисфония жатады.
Шеткі бұзылуға көмекейдің патологиялық өзгерістерінің салдарынан болатын дауыстық ақаулығы жатады. Бұл бұзылудың себептеріне тамақтың қабынуы, күйік, зақым, ісіктер, жұмсақ таңдайдың жартылай салдануы, таңдайдың жарығы, көмекейдің ауырып жазылғаннан кейінгі немесе микрохирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы және басқа себептері жатады.
Көмекейдің және дауыс шымылдығының анатомиялық өзгерістеріне байланысты органикалық афония мен дисфония пайда болады. Афонияға шалдыққан бала сыбырлап сөйлейді, дауысының дыбысы тіпті жөткірінгенде де шықпайды. Дисфонияға шалдыққан баланың дауысы реңсіз бір сарынды, қарлығыңқы, ыңылдап естіледі, дауысы келте қайырылып үзіледі.
Егер дауыстың бұл сияқты бұзылулары баланың жас кезінде пайда болса, онда айналасындағылармен қатысып сөйлесуі едәуір қиындайды, әлеуметтік байланысы қысқарады.
Сөйлеу тілі де жеткілікті дамымайды. Сөздік қоры, сөйлеу тіліндегі грамматикалық құрлысының, дыбыстардың айтылуындағы дамуы кешігеді.
Сондай-ақ денсаулығы және психикасы әлсірейді, көңіл-күйі бұзылады, өзінен-өзі басқаруы ауытқиды.
Шеткі бұзылуға кейде нашар еститін және саңырау балалардың дауыстыларының ақаулықтары да жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет