Лекция 8. Дауыстың бұзылуы. Дауыстың органикалық және функционалдық бұзылулары.
ДАУЫСТЫҢ БҰЗЫЛУЫ *Балалардың және жас өспірімдердің дауыстарының бұзылуы олардың жалпы және сөйлеу тілдерінің дамуына елеулі ықпал етеді.
Баланың қалыптасуына және қоршаған ортаға бейімделу, үйрену мүмкіншілігіне дауыс бұзылуының айтарлықтай жағымсыз ықпал жасауы дауыстың қызметінің бұзылуының ауырлығына және ерекшелігіне байланысты. Қазіргі уақытта дауыс шығару аппаратының ауруға шалдығуы анағұрлым көп, әсіресе тілмен айналысатын мамандарда көп тараған.
Дауыстың бұзылу себептері әр түрлі. Оларға өңешті, мұрын жұтқыншағының, өкпенің ауруға шалдығуы; дауысқа шамадан тыс салмақ салуы, есту қабілетінің төмендеуі; нерв жүйелерінің ауруға шалдығуы; сөйлегенде және айтқанда дауыстың гигиенасы дұрыс сақтамауы және басқалары жатады.
Дауыс шығару механизмінде көкірек қуысындағы диафрагма, өкпе, тыныс алу жолдары, кеңірдек, көмекей, жұтқыншақ, мұрын жұтқыншағы, мұрын жолдары белсенді қызмет атқарады. Ауа өкпеден тыныс алқымы арқылы көмейге өтеді. Көмей бір-бірімен бұлшық еттер арқылы байланысқан бірнеше қозғалған шеміршектен тұрады. Шеміршектің біреуі мойынның алдына томпайып шығып тұрады, оны жұтқыншақ деп атайды. Шеміршектерге дауыс шымылдығы, көмейкейге көлбей көлденең орналасқан. Шымылдықтың аралығында дыбыс саңылауы бар.
Адам сөйлеген кезде шымылдық тығыз жақындасып керіледі, өкпеден шыққан ауашымылдықтың арасын жарып өтіп оны тербелуге мөжбүр етеді; дыбыс шымылдығының тербелісінен дауыс пайда болады. Адам үндемеген кезде шымылдық керілмеген, дыбыс саңылауы кең ашылған, өкпеден шыққан ауа еркін шығады, дауыс болмайды.
Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс шымылдығы толық жабылмайды, бір-біріне үйкелісі аз болады. Сондықтан дауыс шығаратын аппаратты сақтау керек болған жағдайда сыбырлап сөйлеуді ұсынады.
Жұтқыншақ, мұрын жұтқыншағы, ауыз қуысы, мұрынның және оның қосымша тыныс қуысы дауыстың жаңғыртқыштығы күшейтіп өзіндік бояуын және дыбыстық сипатын береді.
Дауыстық сипатын беретін белгілер:
-биіктігі дауыс шымылдығының тербелуінің жиілігіне байланысты болатын сөйлеу тілінің мағыналық мәнерлігі мен адамның көңіл күйі үшін қызмет ететін құрал;
-жоғарғы немесе күштілігі қабысу дәрежесіне және дауыс шымылдығының тербелісінің ұзындығына байланысты;
-әуезділгі дауыс шымылдығының тербелісінің түрімен анықталатын және негізгі дауысқа қосылып қосымша басқа бір үн беретін және сазды сыры бар: дауыс белгілі бір сазды сырымен үйлесіп өзіндік бояуын ашады. Дауыстың әуезі адамның жасының ұлғаюына қарай өзгереді.
-дауыс үнінің көлемі, демек дауыстық мөлшері, ересек адамның дауыс үнінің көлемі шамамен 4-5 дыбыстық мөлшерде, ал балалардың дауыс үнінің көлемі 2-3 дыбыстық мөлшерде өзгеруі мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі жас балалардың дауыс шығаратын аппараты әлі толық қалыптаспаған, сондықтан өзіне тән емес үнімен топ алдына жылдам сөйлеуді талап етуге болмайды.
Дауыстың бұзылуының алғашқы белгілері жеңіл қырылдауы мен оның тез шаршауы көмекей қызметінің қажуына салдарынан болуы мүмкін. Бірақ, егер осы ауытқуларды уақытында жоймаса, онда көмейкейдің өзгеруі қалады, демек дауыстың ақаулығын қиындатып жібереді.
Дауыс бұзылуының көпшілігі кейіннен балалардың организмі мен оның сөйлеу тілі қызметінің дамуы барысында пайда болады.
Тек жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың іштен туа біткен ақаулығы мен есту қабілетінің нашарлануына байланысты бұзылуын қосуға болмайды.
Дауыстың бұзылуы өз алдына жеке немесе сөйлеу тілі кемістіктерінің біріндегі ақаулық болуы мүмкін. /Дизартрия, ринолалия, сөйлеу тіл мүшелерінің саңыраулық пен мүкістік кезінде бұзылуы/.