БАЛАНЫ ТҰТЫҒУДАН АЛДЫН-АЛА САҚТАНДЫРУ Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық /болдармау шаралары/ жұмыстар жүргізілуі қажет.
Баланың ерте жасынан-ақ үлкентер /ересектердің/ сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анқы және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Онық ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.
Тұтығу еліктеуден де пайда болуы мұмкін. Сондықтан тұтығатын адамдардан аулақ ұстауға тырысу керек. Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы нерв жүйесі жағдайының маңызы зор /жақсы болуының/. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударады қажет етеді. Баланы психикалық, физфикалық жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек.
Жанұядағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы жанжал «ұрыс-керіс, баланы қорқыту, қатал жазалаусияқты жағдайлар».
Баланы мөлшерден тыс көп сөйлеуге де болмайды. Өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз тіркесін түсініксіз, таныс емес сөздерді талап етеді, мазмұны мен формасы жағынан қиын, көп тақпақтар жаттауды тапсырады.
Баланы 4 жастан кейін ғана артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алатынын естен шығармаған жөн. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайда баланың сөйлеу дамуының артта қалушылығы байқалады.
Баланың ойлау қабілеті сөйлеу мүмкіндігінен артып кетеді. Балада өзінің ойын айту үшін қарапайым сөздік қоры мен грамматикалық /тәсіл/ әдістері жетіспейді. Ақыры баланың сөйлеуінде кідіру, тоқталу, мүдіру пайда болып, арты тұтығуға соғуы мүмкін.
Баланың көңіл-күйіне әсер ететін жағдайларды болдырмау керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар, әкелер, аталар балаларын киноға, циркке, театрға жиі апарады, телевизорды көп қарауға рұқсат етеді. Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға апаруға мүлдем болмайды. Біріншіден, бұл жастағы балалар үшін көркем фильмдер жоқтың қасы, екіншіден, бір жарым сағаттық сеанс бала үшін өте ұзақ.
Кинодан, театрдан, цирктен кейін ашуланған, шаршаған, қажыған бала көргенін айтып сұрастыра бастайды. Мұнда ол кейбір дыбыстарды, буындарды жұтып қояды, мүдіреді, дыбыстарды немесе сөздерді қайталады, асығып ойын айтамын деп шатастырады. Ақыры оның сөзінде тұтығуға әкеп соғатын мүдіріс пайда болады.
Жоғарыда айтылғандар театр мен циркке мүлде апаруға болмайды деген ойдан аулақ. Бірақ пьесаның мазмұнымен алдын-ала таныс болып, баланың жас ерекшеліктеріне сай келетіндігін анықтап барып көрсетуге, апаруға болады.
Кейде балаларда тұтығу қорыққаннан пайда болады. Баланы қорқытатынын біле тұрып бөлмеде, қараңғыда т.б. жерлерде жалғыз қалдыруға болмайды. Балаға қорқыныштың себептерін түсіндіріп отыру керек. Бөлмеде үйде қалдыру үшін жиһаздардың асты-үстін, бөлменің бұрыш-бұрышын көрсетіп, қорқатын жағдайдың болмауына көзін жеткізу керек. Егер бала иттен, мысықтан қорқатын болса, оларға жақындатып, қолынан тамақ бергізіп үйрету керек.
Сол қолымен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олардан оң қолымен істеуді талап ететін болса, кей жағдайда балада тұтығу пайда болады. Сондықтан оларды қайта үйретуге болмайды.
Егер баланың сқйлеуі дұрыс болып, нерв жүйесінің әлсіздігі байқалмаса, қайта үйретуді ертерек бастаған жөн. Мұны абайлап жұмсақтап, бірте-бірте қорықпай, жазаламай жүргізу керек. Бірақ баланың сөйлеуіне зер салып отыру қажет, тұтығудың азғантай белгісі байқалса-ақ қайтадан сол қолымен орындауына жол берілуі керек. Дегенмен баланың өз еркімен қайта үйрену үлкен жетістікке жеткізеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұтығу қалай таралады?
2. Тұтығудың қандай белгілері бар?
3. Тұтығуды жою үшін комплексті әсер ету неге керек?
4. Тұтығудың алдын алуға бола ма?
5. Логофабия деген не?
6. Тұтығатын балаларды «сөйлеу режимін» қащан және қандай мақсатпен ұйымдастырылады?