Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв



бет26/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

7. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв

Қоймадағы материалдық қордың есебiн материалдық жауапты тұлға қойма есебiнiң карточкасында жүргiзедi (Ф№М-17). Қордың әрбiр номенклатуралық номерiне жеке карточка ашылады. Ол есеп қисап бөлiмiнен жартылай толтырулы түрде берiледi.

Қабылданған карточкада қоймашы материалдық қорларды сақтау орындарын сипаттайтын реквизиттердi толтырады. Картточкадағы жазулар заң күшi бар құжаттардың негiзiнде толтырылады.

Есеп қисап бөлiмi бекiтiлген мерзiмде қоймадағы жазулардың дұрыстығын және карточкадағы қалдықтарды тексеру жұмысын жүзеге асырады. Тексеру нәтижесiнде бухгалтер арнайы карточкаға қолтаңбасын қояды.

Құжаттарды бухгалтер “құжаттарды қабылдау-тапсыру реестрi” арқылы жүргiзедi (ФМ-18а). Материалды жауапты тұлғалардың жұмыстарындағы кемшiлiктер мен жетiспеушiлiктердi сонымен қатар тексеру нәтижелерiн бухгалтер бас бухгалтерге ақпараттап тұруы керек.

Материалды-жауапты тұлға қойма есебiнiң карточкаларына жазуды күн сайын кiрiс және шығыс құжаттары негiзгiде түсiредi де, әрбiр жазудан соң қалдық шығарып отырады.

Қойма есебi карточкаларына күн сайын лимит карталарының қорытындылардын түсiрiп отыру керрек. Материалдық қорлардың сорттық есеп жазулары бойынша қойма меңгерушiсi маркетинг бөлiмiне қорлар нормасының бұзылу жағдайында және ұзақ мерзiм бойы қозғалыссыз тұрған материалдар жайлы “Қоймадағы материалдардың қалдық есеп ведомосын” (ФМ-20) толтырып, тапсырады.

Ай соңында материалдардың әр тобы бойынша синтетикалық есебiнiң жинақ ведомосiндегi қалдықтар туралы мәлiмет сомалық түрде материалдардың қалдық кiтабiнiң қорытындысымен салыстырылады. Бұл берiлгендер бiр-бiрiмен сәйкес келуi керек, себебi қоймадағы жазулар (карточкадағы, кейiн материалдың қалдық кiтабiндағы) мен есеп қисап бөлiмiндегi (материалдардың синтетикалық есебiнiң жинақ ведомосiндегi) жазулар бiр құжат негiзiнде құрылған.

Есеп қисап бөлiмi, материалдар қозғалысының есебiне мәлiметтердi материалды жауапты тұлғалардың есебiнен алады. Материалдық қорлардың сандық-сомалық кiтабi негiзiнде есеп қисап бөлiмi жинақ ведомосiн жасайды. Жинақ ведомосi негiзiнде тауарлар мен ыдыстардың сандық-сомалық есебiнiң айналым ведомосi жасалады. Бұл мәлiметтерде негiзiнен цехтардағы ай iшiнде пайдаланылған материалды құндылықтардың қозғалысы, өндiрiлген өнiм түрлерiнiң жалпы саны мен сапасы көрсетiледi. Бұл қалдықтың көп болуы маусымдық сипат алады. Ол қойма шығындарын көбейтедi. Сондай-ақ жинақ ведомостының қорытындысы бойынша материалдардың ақшалай түрдегi айналымдары мен қалдығы шығарылады. Олар топтық айналым ведомосына көшiрiлiп, синтетикалық есепте қолданылады. Жинақ ведомосының мәлiметтерi бойынша материалдар қалдығының кiтап мәлiметтерi салыстырылады. Есеп қисап бөлiмiнде материалды жауапты тұлғаның есебi жасалады. Материалдың ақшалай түрдегi ведомосында есептi кезеңнiң басы мен соңындағы қалдықтары, қоймалар мен материалды жауапты тұлғалар бойынша материалды қорлардың қозғалысы көрсетiледi. Сондай-ақ КДШ орта процентiн есептеу жүргiзiледi.

Қорлардың есебі шот жоспарының 1300 «Қорлар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:

1310 “Шикiзат пен материалдар”

1320 “Дайын өнім”

1330 “Тауарлар”

1340 “Аяқталмаған өндіріс”

1350 “Өзге қорлар”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет