Фредерик Герцберг мотивациясының теориясы. Бұл теория материалдық және материалдық емес факторлардың адам мотивациясына жасайтын ықпалын анықтау қажеттілігінің өсуіне байланысты пайда болған. Бұл теорияны Герцбергтің түрлі жұмыс орындарында, түрлі кәсіби топтар мен елдерде алынған интервьюлер негізінде жасалған. Интервью беріп жатқандар өздері толық қанағаттанған немесе жұмыста көңілдері толмаған кездегі көңіл күйлерін айтып жеткізген. Олардың жауаптары топтарға бөлінген. Жиналған материалдарды зерттей отырып Герцберг жұмысқа көңілдің толуы, толмауына түрлі факторлармен болатыны жөнінде шешім қабылдаған.
Жұмысқа көңіл толуға ықпал ететіндер:
Осы сыртқы факторлар «контекст факторлар» немесе «гигиеналық факторлар» атын алды. Жұмыспен қанағаттануды шақыратын мотиваторлар жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуіндегі жұмысынының мазмұны мен жеке сұраныстарымен байланысты болды. Жұмысқа қанағаттанбаушылықты шақыратын факторлар жұмыс пен сыртқы жағдайлардың кемшіліктерімен байланысты болған. Осы факторлардан аулақ болуды қажет ететін жағымсыз түйсіктермен байланыстыру оңайға соғады.