Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы



бет175/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы.Адам қажеттілігінің күрделілігінжәне оның мотивацияға ықпалын түсінген алғашқа бихевио-истердің бірі Абрахам Маслоу болатын өзінің теориясын жасап , адамдардың қажеттілігін 5 категорияға бөлді (3 сурет). Бұл ой кейін Гарвард психологы Мурретон толықтырылды.

  1. Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүрудің қажетті шарты. Олар тамаққа деген, суға деген, үй жайға деген, демалысқа деген қажеттіліктер.

  2. Болашақтағы қорғалғандықпен сенімділікке қажеттілік. Олар қоршаған ортадан төленетін физилогиялық және психологиялық қауіптерден қорғалғандығы және физилогиялық қажеттіліктері келешекте қанағаттандыруға сенімділік. Болашақтағы сенімділікке қажеттілік сақтандыру полисін және т.б. сатып алу арқылы көрінеді.

  3. Әлеуметтік қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктер адамдармен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсуге деген және т.б.

  4. Құрметке деген қажеттілік. Ол өзін - өзі құрметтеуге, ойлауға, мойындауға қажеттіліктерді қамтиды.

  5. Өзін - өзі көрсетуге қажеттілік. Ол үшін потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және тұлға ретінде өсуі деген қажеттілік.

Мотивация және қажеттіліктер иерархиясы. Маслоу теория бойынша барлық қажеттіліктерді қатаң иерархиялық құрылым түрінде көрсетуге болады.


өзін-өзі
көрсету 2-ші ретті

құрмет

әлеуметтік
қауіпсіздіқ және қорғаныс 1-ші ретті
физиологиялық

Сурет 3.- Абрахам Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы


Адам аштыққа ұшыраса ол ең алдымен тамақ іздейді және содан кейін ғана үйге деген қажеттілік туындайды. Ыңғайлы және қауіпсіз жерде адам өмір сүріп, ол әлеуметтіе байланыстарға ұмтылады, ал одан кейін қоршаған-ардың өзін құрметтеуге деген қажеттілігі туындайды.


Маслоу теориясын басқаруда қолдану. Маслоу теориясы адамдардың жұмыс істеуге ұмтылуының негізін түсінуге көп үлес қосты. Түрлі деңгейдегі басшылар, адамдар мотивациясының қажеттіліктер факторының көп екендігін түсіне бастады. Бірақ уақыт бұрын басшылар қоластындағыларға тек экономикалық ынталандыруды пайдаланған болатын. Қазір жағдай өзгерді мемлекеттің және профсоюздардың арқасанда жұмысшылардың жалақылары және әлеуметтік жағдайлары өсті, нәтижесінде төменгі ұйымдық иерархиялық сатыда тұрған адамдардың өздері, Маслоудың иерархиялық сатысынан жоғары деңгейлерінде тұр.
Көп уақытты сыртқы ортамен жұмыс кезіндегі қажеттіліктер ирархиясы. Халықаралық ортада жұмыс істейтін менеджерлер өздерінің әріптестері мықты өзінің қызметкерлерін қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Әртүрлі елдің қажеттілік ирархиялары түрлі болғандықтан халықаралық дәрежедегі басшылар әр елдің ерекшелігін ескеруі қажет.
Маслоу теориясына сүйене отырып географиялық қағида бойынша басшыларды 5 түрлі тобы жасалды.

  1. Американдық және ағылшындық фирмалардың басшылары.

  2. Жапондық басшылар.

  3. Солтүстік және орталық Европа фирмаларының басшылары.

  4. Оңтүстік және Батыс европа Фирмаларының (Испания, Италия, Франция, Бельгия) басшылары.

  5. Дамушы елдер фирмаларының (Аргентина, Чили, Үндістан) басшылары.

Зерттеудің қорытындысы бойынша дамушы елдер фирмаларының басшылары Маслоудың қажеттіліктер теориясының барлығын қана-ғаттандыруға ұмтылса, Оңтістік - Батыс Европа елдерінің басшылары әлеуметтік қажеттіліктерге көп көңіл бөлген. Оңтүстік – Батыс Европа елдерімен жұмыс істегенде оларға статусын жоғарылату, әлеуметтік құрметтеу, еңбегін бағалау оң ықпал ететіндігі анықталды.
Маслоу теориясына сын Маслоудың адамдық қажеттіліктер теориясы басшыларға мотивация үрдісі туралы көп мәлімет бергенімен, олар тәжірибе жүзінде толық дәлелденбеді. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының 5 деңгейінің қатаң сақталуы көзделді.
Маслоу теориясына айтылған негізгі сын адамдардың жеке ерекшелік-терін ескермегендігі Эдуард Лоулер керсінші және қажеттіліктер иерархиясының құрылымын жасады.
Қорыта келе Митгеллдің сөзін келтіре кетейік: Басшы өзінің әрбір қызметтерінің нені қалайтындығын білуі қажет. Әр адамға әр нәрсе ұнайды, егер басшы қоластындағылар тиімді мотивациялағысы келсе, ол олардың жеке қажеттіліктерін сезуі тиіс.
Ең жоғарғы сұраныс – бұл өзін-өзі көрсетіп, адамның жеке тұлға ретінде өсу сұранысы – бұл ешқашан толық қанағаттанбаған, сол үшін адамның сұраныс арқылы мотивациялану процесі шексіз. Басшының парызы, өзінің қарамағындағыларды қадағалап, олардың қандай белсенді сұраныстары бар екенін дер кезінде анықтап, жұмысшылардың артық еңбегінің нәтижелілігін көтеру мақсатында жүзеге асырып, шешім қабылдауында.
Қауіпсіздікті басқару
Өндірістегі қайғылы оқиғаларды және кәсіби сырқаттарды, сонымен бірге денсаулықты қорғау жөніндегі алдын ала сактандыру іс-шаралары құқықтық қорғау еңбек заңдарында, мемлекеттік сақтандыру туралы ереже жиынтығында, еңбек қауіпсіздігі жайлы стандарттар жүйесінде өз көрінісін табады. Техника қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ұйымның басшыларына жүктеледі.
Өндірісте қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қандай мүмкіндіктер бар? Техникалық қауіпсіздік нұсқаулардың талаптарын орындау мен жұмыскерлерге сол нұсқауларды қалай орындау керек екенін айту ғана жеткілікті бола ма?
Қайғылы оқиғалардың орын алу жағдайларын терең талдау жасаудың арқасында техникалық факторлар оларға сирек жағдайда ғана себеп болатыны анықталды. Онан басқа, көбінесе менеджерді немесе қызметкерлерді алсақ та, барлығы да жеке жауапкершілік алудан қорқып, шын себептерін жасырады, қайғылы оқиғалардың тура себептерін анықтағаннан гөрі, өндірістік объектінің қауіпсіздік жағдайына сәйкес келмегендерді зерттеу және түсіну әрине әрқашанда оңай. Техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға алып келетін жағдайды анықтау үшін қай объектілер қауіпті екенін тауып, оларды бөліп көрсеткен жөн. Әр объектінің қауіпсіздік стандартқа сай келетінін қамтамасыз ету керек. Осылайша, егер қайғылы оқиғаларды тудыруға мүмкіндік беретін жағдайларды қамтыған арнайы каталог бойынша оларды талдасақ, онда басшы еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылу себебі неден болғанын тез анықтай алар еді [2].
Адам мінез-құлқына негізделген қателерді анықтау қиынға түседі. Егер техникалық қауіпсіздік бойынша инженер, сонымен бірге кез келген басшы техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзатын құрал-жабдықтар қолданылып жатыр ма деп сұраса, онда ол көп жағдайда дұрыс жауап алмас еді. Қызметкерлерді қанағаттанарлықсыз оқытқанын немесе нұсқауға қалай болса солай қарағандығын, жұмысқа дайындығы жоқ жұмыскерді жібергенін және соның себебінен осы қайғылы оқиғаның болғанын қай басшы мойнына алады? Қайғылы оқиғаның көбі қызметкерлердің жеке басының кемшіліктерімен түсіндірілетінін кім мойындайды? Алайда дәл осы қателер көптеген қайғылы оқиғалардың негізгі себебі болып жатады. Статистика мәліметтеріне қарасақ, шамамен барлық қайғылы оқиғалардың жартысы жете көңіл бөлінбеушіліктен, жұмыс жүргізу жауапкершілігіне қалай болса солай қараушылықтан болады екен.
Барлық кінәні бір адамға аударып қойып, барлық мәселелер шешілді деп ойлау өте оңай. Бәлкім, кейде бұл мәселелерді шешудің бір нұсқасы болуы да мүмкін, бірақ «адамды осылайша әрекет етуге ұйым қалай мүмкіндік берген?» деген сұраққа жауап іздеген әлдеқалай тиімді. Егер барлық кінәні аударуға болатын адамды тапқанның өзінде, бұл әрекет басшы мен ұйымды жауапкершіліктен босата алмайды. Ол үшін оқиғаның негізгі себептерін анықтау қажет.
Басшы ретінде сіз барлық жарлықтың нұсқауларын дәл орындау арқылы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттеріңізді толық орындаймын деуіңіз де мүмкін, бірақ та бұл басшының өз мәселелерін толық түсінбегендігінен туады, себебі қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті нұсқауларға, техникалық қауіпсіздік бөлімінің бастығына немесе оның қызметкеріне сілтеуге болмайды. Өкінішке орай, бұл сияқты жалған түсінік өмірде жиі кездеседі.
Сондықтан басшылар мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі бойынша санасын ояту және нығайту қажет. Басшы жұмыс істеуші қызметкерлерге талап етілетін барлық мағлұматты түсіндіріп, оны жеткізуі керек және оны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті қадамдар жасағаны жөн. Техникалық қауіпсіздік ережелері анық тұжырымдалуы керек және осы ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік шаралар қолданылуы тиіс.
Ұйымдардағы еңбек кауіпсіздігін басқару жүйелерінде қайғылы оқиға болуы мүмкін жұмысшылардың барлығын үш топқа бөлу жиі кездеседі:
- техникалық қауіпсіздік ережелерін білмегендіктен бұзатын қызметкерлер. Көбіне бұл ұйымдарға жаңадан жұмысқа кіргендер. Олар тәжірибесіз және мамандықты меңгеру кезінде жеткіліксіз нұсқау алғандар;
- қалай әрекет етуді білетіндер, бірақ ережелерді сақтамайтын қызметкерлер. Әр түрлі себептер бойынша жұмыс бабында алаңдаушылық білдіріп, жұмысбасты болып, күйгелектенеді. Кейде қатты шаршағандықтан, жеке келеңсіздіктен, аурудан немесе қатты әсерленуден олар белгілі бір іс-әрекетті орындауға қабілетсіз болады;
- қалай дұрыс әрекет етуді біле тұрса да, бірақ техникалық қауіпсіздік ережелеріне көңіл аудармайтын қызметкерлер. Мұның себебі шамадан тыс жігермен жұмыс істеуден, асығыстықтан, өтірік ерліктен болады. Мұндай қызметкерлер жұмысының тәуекелшіл әдісін қауіпті деп санамайды және олардың қайғылы оқиғаға алып келу мүмкіндігін сезбейді. Жұмыскерлердің қауіпсіздік мәселесіне деген жалған көзқарасы техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзудың негізгі себебі болып табылады.
Қызметкерлерді қажетті техникалық қауіпсіздік ережелерін арнайы оқыту персоналды басқарудың құрамына кіреді және бұл кез келген басшының қашып құтыла алмайтын жауапкершілігі. Техникалық қауіпсіздік ережелерін және денсаулықты қорғау туралы білім алу заң бойынша міндетті болып саналатын оқудың жалғыз бір түрі.
Дегенмен, нақты жұмысқа немесе нақты өндірістік салаға байланысты боп келетін белгілі бір ерекше қажеттіліктер болады, бірақ та оқуға қажеттенетін әр түрлі категориядағы қызметкерлердің тізімі сірә бірдей болса керек. Бұл - жұмысқа жаңа орналасқан қызметкерлер, мереджерлер мен төменгі сатыдағы басшылар, техникалық қауіпсіздікке жауаптылары, кәсіподақ уәкілдері және ұйымның тұрақты персоналы. Ұйымда ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін тұлғалардың проблемасы олардың қауіпті жағдайларға «әдеттенуі» болып табылады. Олардың анау-мынау құбылыстарға қалыптасқан қатынасын өзгерту өте қиын. Сондықтан да кестелік қызметкерлер тұрақты түрде техникалық қауіпсіздік бойынша дайындықтан өтіп тұруы тиіс. Бұл мәселенің біршама шешімін ережелерді өмірге табанды түрде енгізу арқылы табуға болады, бірақ көп жағдайда басқа да шараларды қолдануды қажет етеді. Мысалы, қызметкерлердің осы мәселе бойынша қызығушылығын арттыратын және болуы мүмкін кауіпті жағдайларға көбірек көңіл аударуға ынталандыратын техникалық қауіпсіздіктің жаңа ықшамды сызбасын ұсынуға болады. Әр осындай қауіпті жағдайларды қызметкерлердің жиналысында үлкен мән беріп, талқылап отыру жақсы нәтижелер береді. Осы мәселеде техникалық қауіпсіздіктің қажеттігі туралы персоналдың түсінігін қалыптастыратын және қызметкерлерді осы мәселеге басқа жағынан қарауға көмектесетін видеофильмдер немесе фильмдер қолданған абзал.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, сонымен бірге барлық қызметкерлерді оқытудың пайдалы әдістерінің бірі - олардың нақты жұмыс орнында қауіп төндіретін нақты жағдайларды анықтауға бағытталған тренинг болып табылады.
Басқарудың барлық жүйесінде бақылауға жете көңіл бөлінеді. Техникалық қауіпсіздік ережелерінің орындалғанына сенімді болу үшін, әрбір басшы олардың орындалуына бақылау жүргізуі қажет. Біз техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша қауіпті жағдайды болдырмауға көмектесетін бақылаудың өте пайдалы екі әдісіне тоқталамыз.
Бірінші — «тұрақты үлгі» әдісі. Ол белгілі бағыт бойынша ұйымды тексеріп өтетін және техникалық қауіпсіздік саласындағы кемшіліктерді анықтайтын әдейі оқытылып дайындаған байқаушылардың көмегімен жүргізілетін әдіс. Мұндай мәселені шешуді техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлеріне жүктеуте болады. Мұндағы ең бастысы, техиикалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылу деңгейі белгілі болуы керек, оның артуын болдырмау - бақылаушының міндеті. Әдіс қауіпті жағдайлардың қайғылы оқиғаларға және қақтығысқа алып баруынан бұрын анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші - «сынды жағдайлар» әдісі. Ол қауіпті болады-ау деген жағдайлардың себебін қызметкерлерден сұрау арқылы білуді қамтиды және бұл әдіс қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жоғарыда айтылғанның барлығы, басшының «тікелей стандарттармен» жақсы таныстығын, бұл мәселелердің қаншалықты орындалғанын бағалай алатын, іс жағдайын жақсарту үшін қандай қажетті қадамдарды жасау керек екенін білетін басшылар жайында пікірді білдіреді. Қызметкерлердің іс-әрекеті ұзақ уақыт бойы белгіленген стандартқа сай екендігіне кепілдік беру үшін ол үнемі техникалық қауіпсіздіктің ережелерін бұзбауын тексеріп отырады.
Егер ұйым істі заңдарға және стандарттарға сай жасағысы келсе, онда техникалық қауіпсіздіктің әрбір бұзылуын және олардың дер кезінде тіркелуіне қатаң көңіл аударуы қажет. Тек сонда ғана персонал және техника қауіпсіздігі бойынша мамандар басшыға қайғылы оқиғалардың талдауын және қажетгі статистикалық мәліметтерімен, сонымен бірге оларды зерттеу негізінде жасалған қорытындыларын бере отырып, көмектесе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет