Кадрлық саясаттың қасиеттері: 1. Стратегиямен байланысы.
2. Ұзақ мерзімді жоспарға бейімделу.
3. Кадрлар рөлінің маңыздылығы.
4. Кадрлармен жұмыс істеу бойынша өзара байланысты функциялар мен процедуралар шеңбері.
Кадрлық саясат барлық басқару іс-әрекетінің және мекеменің өндірістік саясатының құрам бөлігі болып табылады. Оның мақсаты ұйымдасқан, жауапты жоғары дамыған және сапала жұмысшы күшін құру болып табылады. Кадрлық саясат тек еңбектің қолайлы жағдайын жасап қана қоймай, сонымен қатар қызмет бойынша алға жылжу мүмкіндіктерін және болашаққа сенімділіктің қажетті дәрежесінде қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, кадрлық саясаттың негізгі міндеті күнделікті жұмыста барлық дәрежедегі жұмысшылардың және еңбекші ұжымның әлеуметтік топтардың мүдделерін есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорын шеңберіндегі кадрларды басқарудың стратегиялық және оперативтік аспектілері бар. Қызметшілерді басқару ұйымы кәсіпорынның даму концепциясының негізінде істелініп шығарылады, ол үш бөліктен тұрады:
өндірістік;
қаржылық-экономикалық;
әлеуметтік(кадрлық саясат).
Кадрлық саясат кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара байланысты мақсаттарын, сонымен қатар кәсіпорынның өз қызметшілеріне қатысы мен байланысты мақсаттарды да анықтайды. Кадрлық саясат стратегиялық және оперативтік басқару жүйесімен жүзеге асырылады. Кадрлық саясаттың стратегиялық міндеттері мыналар:
кәсіпорын мәртебесін көтеру;
кәсіпорынның ішкі атмосферасын зерттеу;
жұмысшы күші потенциялдарының даму перспективасын талдау;
жұмыстан шығару себептерін талдап қорыту және алдын-ала ескерту.
Кадрлық стратегияны күнделікті жүзеге асыру және сонымен қатар кәсіпорынды басқару міндеттерін орындауда басшылыққа көмек көрсету, кадрларды басқарудың оперативтік облысына жатады. Кәсіпорынның кадрлық саясаты бұл кадрлық жұмыстың әртүрлі формаларын, оны мекемеде жүргізу стильдерін және жұмысшы күшін пайдалану бойынша жоспарларды біріктіретін тұтас кадрлық стратегия. Кадрлық саясат кәсіпорын мұмкіндіктерін ұлғайтуы керек, жақын арада тұрған технология мен нарықтың өзгеруі талаптарына қарсы бәсекеде болуы керек. Халық шаруашылығының ерекше саласындағы сияқты білім беруде де кадрлар ең маңызды рөл атқарады. «Кадрлар бәрін шешеді» бірақ кадрлар сәтсіздіктің негізгі себебі болуыда мүмкін. Перспективаға есептелген мақсатты міндеттерді таңдаумен байланысты болған уақытта, күнделікті кадрлық жұмыс кадрлық сұрақтардың қолма-қол шешілуіне бағытталған. Кәсіпорын реформасы басқа мақсаттарға жетумен қатар кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың тиімді бөлінуі мен қолдануында яғни олардың санын рационалдауды қарастырады. Бұл кезде кәсіпорынның қабылданған даму стратегиясының орындалуының қамтамасыз ете алатын жұмысшылардың барынша мүмкін санын және осы стратегияны іске асырудың бастапқы сәтіндегі жұмысшылар санының іс жүзіндегі артықтығын анықтау қажет. Қызметкерлерді басқаруда кез келген күрделі процестерді басқару сияқты соған қажетті құралдарды қолданбайынша іске асыруға болмайды. Олар өзара байланысты экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік-психологиялық әдістер, өндіріс талаптарына сай жұмыс қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды тиімді басқаруға тырысушы жетекші өз міндеттерін барынша толық орындайтын мамандарға әрқашан құштар. Кез келген кәсіпорын жұмысшыларының еңбек потенциясын барынша толық пайдалану нарық қатынастары жағдайындағы табысты іс-әрекет үшін ең маңызды фактор болып табылады. Қажет нәтижелерге жету үшін амалдармен қамтамасыз етуде кадрлық жоспарлау кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау процесіне елеулі қолдау көрсете алады. Адамдарды басқару әрбір өндіріс процесіндегі ең күрделі және бір уақытта болатын жүйелердің бірі. Кәсіпорынның қызметкерлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайтын шаралар жүйесі, кадрларды басқару егер бұл процессті ұйымның кадрлық саясатының құрама бөлігі болып табылатын жеке міндеттерге барынша тиімді болады.
Қызметкерлердi басқарудың негiзгi мақсаты: дайындалған бағдарламмаларды жүзеге асыру және кадыр саясатын жүргiзу, жұмыс iстеуге ыңғайлы ауа райын қалыптастыру, мамандардың потенциалды мүмкiндiктерiн жүзеге асыру. Персаналды дамыту үшiн жасаған концепциясына сәйкес, персоналмен жұмыс iстеудегi банктың приоритеттi бағыттары бұл – жоғары санаттағы мамандарға деген банк қажеттiлiктерiн қаматамасыз ету, коллективтiң барлық мүшесiнiң және банктың жалпы қызығушылықтарының теңесуiн қамтамасыз ету.
Ұйымда бiрiнғай корпоративтiлiк ауа райын қалыптастыру үшiн, әрбiр мереке күндерi қарсаңында филиал директорларының, басқарма мүшелерiнiң қызметкерлердi құттықтауы және жаңа жыл қарсаңында жалпы филиалдарының басын бiрiктiрiп кеш өткiзу дәстүрге айналған. Кәсіпорының кадрлық саясатты толығымен 2 фактор арқылы іске асады: ішкі және сыртқы.
Сыртқы факторға мемлекеттік енбек туралы заңы, енбек нарығының даму перспективасы. Ішкі факторға кәсіпорының құрлымы және мақсаты, кәсіпорының териториялық орналасуы, кәсіпорының маральдық-психологиялық атмасферасы, кәсіпорының нарықтағы алатын орны және көлемі. Кәсіпорының кадрлық саясаты сыртқы факторға өте тәуелді, мемлекеттің еңбек туралы заңында жұмыс берушілерге мынадай талаптар қойылады: қауіпсіздік ережесін сақтау, еңбекақы көлемін және тарифтік ставкаларды қадағалау, жұмысқа қабылдау мен шығару ережесін сақтау, медициналық және зейнетақы қорларына салық төлеу. Басқа сыртқы талаптар нарықтағы тұтынушылармен анықталады. Мысалы: қымет көрсету мен сервистің сапасы жоғары болып, көп көңіл бөлініп жатса онда міндетті түрде осы салаға қызметкерлерді дайындау керек. Ортаның сыртқы факторы екі топқа бөлінуі мүмкін: құқықтарының шектеулілігі; еңбек нарығының іс-әрекеті. Кадрлық саясат кәсіпорынның кадрлық концепциясына негізделінеді, өндірістік, қаржы –экономикалық, ғылыми-техникалық, маркетинктік саясат элементтері мен жалпы концепцияның және дамуымен байланысты.
Кадрлық концепция мынадай талаптарға жауап береді:
жалпы кәсіпорынның мақсаттары мен оның құндылықтарын қалыптастыру;
жеке кадрлық топқа қызығушылығын қалыптастыру;
жұмысшының қабілеттілігін анықтау және мативацияға бейімдеу;
мадификацияға дайындау.
Кадрлық саясаттың негізгі рөлі мыналар:
персоналды басқару мен бизнес стратегиясын иновациялау
кәсіпорын дамуы, қызметкердің кәсіби дамуын анықтайды
топтың мативациялық құрамын анықтап және қызметкерді кәсіби қабілеттілігіне қарай кәсіпорынның даму стратегиясына тиімді пайдалану. Кадрлық саясат механизімі бұл жүйелік жоспар, ереже мен нормативтер, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, әкімшілік, экономикалық және басқа да іс-шараларды шешуге негізделген.