Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


АҚШ мен Жапония фирмаларында персоналды басқару ерекшеліктері



бет255/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   292
Байланысты:
менеджмент

3.АҚШ мен Жапония фирмаларында персоналды басқару ерекшеліктері
Әр елдің өз ұлттық дәстүрлерімен байланысты ерекшеліктері бар. Жапонияда менеджерлер өз қызметкерлерінің жұмыс уақытынан тыс өмір жағдайын,отбасын зерттейді, ал американдықтар мұны керісінше жеке өмірге араласу деп санайды. Жапонияда жұмысшыны ұзақ уақыт мерзіміне жалдайды және еңбек ақысы жұмыс жасаған жиынға байланысты жоғарылап отырады. Бұл елде кадр саясаты келесідей принциптер негізінде құралады:

  • іріктеу,таңдау және орналастыру жүйесінің тиімділігі;

  • фирманың тиімділігі және жұмысшының еңбек нәтижесін марапаттау жүргізу;

  • еңбекті мотивациялау және ішкі әділдік пен сыртқы бәсеке қабілеттілік өтемақы жүйесі;

  • дамыту, оқыту, қызметі бойынша өсіру, ауыстыру қажет болған жағдайда жұмысшы еңбегінің жақсы нәтижесі мен қабілетін есепке ала отырып жүргізіледі;

  • кадрларға фирмаға адалдығы үшін арнайы кепілдік мен игіліктерді ұсыну.

Кадрларды басқару саласындағы жұмыс оның жүзеге асырылу жағдайына тәуелді. Мұндай жағдай факторлары мемлекекттік реттеу, нарық жағдайы, технология, ұйым мақсаты мен стратегиясы, оның құрылымы, басқару қағидалары, тартылған персонал мінезі сияқты өзгермелі факторлар болып табылады.
Өндірістің маңызды факторларының бірі жұмыс күші болып табылады, жұмыс күшін тиімсіз пайдалану өндіріс тиімділігіне әкелмейді. Кадрларды тиімді басқаруда өндіріс көлемін 30% немесе одан жоғары көрсеткішке жеткізуге болады. Еліміздің көптеген кәсіпорындарында басшылар әлі де өндіріс тиімділігінің кадрларды дұрыс басқаруына байланысты екенін сезіне алмауда.Кадр бөлімінің қызметкерлері тек іс өндірісімен ғана айналысады - жұмысқа қабылдау бұйрықтарын, басқа қызметке ауыстыруды, жұмыстан босатуларды хаттау, табельдік есептер құрумен, демалыс графиктерін жасаумен, т.б. Нарықтық жағдайда кадрлық қызмет бағытының толық өзгерісін және шетел тәжірибесін зерттеу мен оны Қазақстан нарығына бейімдеу негізінде заманауи кадрларды басқару әдістеріне көшу қажеттілігі туындады.
АҚШ-та фирма персоналын басқару қызметін арнайы кадр қызметі атқарады. Оның құрамына еңбек қатынас бөлімі, жұмысбастылық бөлімі, персоналды басқару, еңбек ақы, еңбек жағдайы мен зақым келтірумен күрес, кадрларды оқыту және дамыту, есеп пен іс өндірісі кіреді. Жұмысты жоғары білікті мамандар атқарады - әлеуметтанушылар, басқару ісінің мамандары, еңбек қатынастары мамандары. Кадрлық қызмет персоналды дайындау мен қайтадаярлау бағдарламаларын жүзеге асырады және жұмыскерлерді мотивациялау іс-шараларын жүзеге асырып, жетілдіріп отырады. Корпарацияларда кадрларды басқару жұмысының негізгі бағыттары мыналар:

  • бос қызмет орындарына үміткерлерді мұқият іріктеу

  • персоналдың үздіксіз және персоналдың кәсіби дайындығы

  • персонал қызметін жүйелі түрде бағалап отыру

  • фирмааралық байланыстың дамуы және маманданған фирмалар желісінің кеңеюі

Жапония компанияларында 2 бөлім бар, олар өзінің функциялары мен құрылымы бойынша батыс ұйымдарына ұқсастығы жоқ.
Оның бірі - жалпы мәселелер бөлімі(сому-бу), ол заңдық мәселелермен, ішкі өндірістік қатынастармен, акционерлермен, мемлекеттік мекемелермен, сауда ассоциацияларымен және туыстық компаниялармен қатынас орнату, құжаттық істермен айналысады.
Келесі бөлім - кадр бөлімі(дзин-дзибу)сому-будың тармағы ретінде қарастырылады, алайда кәсіпорын белгілі бір деңгейге қол жеткізген уақытта одан бөлініп шығады. Кадр мәселелері бойынша орталық бөлімше ретінде қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет