Лекция мәтіні:
1. Басқару мәдениетінің мәні мен түсінігі
Қоғамдық еңбекті дамутудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірісте еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс - әрекетіндегі ерекше түрге білуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективті қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етеді.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін артырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады: еңбек заты , тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейдіжәне түрлендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |