-біріншісі, аймақтық: Андронов мәдениеті Сібір, Қазақстан және Жайық өңірлерінде таралған болса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті тек қана Орталық Қазақстанда кездеседі;
-екіншісі, кезеңдік: Андронов мәдениеті қола дәуірі мәдениетінің бірінші және екінші кезеңдерін (б.з.б. ХVIIIXIII ғғ.) қамтыса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті үшінші кезеңінде ғана ( б.з.б. ХIIVIII ғғ.) үстем болған;
-үшіншісі, Андроновдықтар өлікті жерлегенде аяқ-қолын бүгіп (эмбрион тарізді) көмсе, Беғазы-Дәндібайлықтар қол-аяқтарын жазып көмген.
3-Лекция. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер
Жоспары:
1. Сақтардың мәдениеті мен өнері.
2. Үйсіндер мен қаңлылар.
3. Ғұн мемлекеті, қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы.
4. Археологиялық ескерткіштер.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.
2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк.-Алматы : «Дәуір».1994.-446б.
3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010ж.
4. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ( ежелгі және ортағасырлық кезең)/ ҚР Білім және ғылым министрлігі: Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.-Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007.-431 б.
5. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы.-Алматы: «Өнер», 2003.-551б.
Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, дамудың жаңа кезеңінде адам қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмады. Адамзат қоғамының дамуы өндіргіш күштердің ұштала түсуіне тікелей тәуелді. Сондықтан да адам өндіріс құрал-жабдықтарының неғұрлым сапалана түсуіне мүдделі болды. Осының нәтижесі – темірдің игерілуы болды.
Темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағанда, Қос өзен – Тигр және Евфрат бойындағы елдермен Египет жеріндегі жұртшылық темірді б.з.б. үшінші-екінші мың жылдықтарда білген. Темір құрал-саймандар Қазақстан территориясында б.з.б. VIIIVII ғғ. жасалған. Оған жазба деректерде белгілі болып жүрген атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың мекендерінен табылған семсер, қанжар сияқты темір заттар толық дәлел.
Жалпы әлем тарихында темірді игеру орасан зор жетістік.
Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, темірді қорыту үшін 1530 градус жылу қажет. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мұмкін болмаған. Сондықтан да темір алу, оны пайдалану оңайлыққа соқпаған. Археологиялық зерттеулер адамдардың темір қорытуда “шикізат үрлеу” тәсілін қолданғанын дәлелдеп отыр.
Темір дәуірі кезінде ғұмыр кешкен ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштер бүкіл Қазақстан аумағынан жолығатын төбе-төбе обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдарымен өтіп бара жатқан кез-келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды.
Зерттелген темір дәуірінің обаларынан алынған материалдардың өзі сол кездегі өмір сүрген ру-тайпалар туралы толық болмағанмен, олар туралы көптеген мағлұматтар береді. Екіншіден, темір дәуірінің қола дәуіріне қарағанда артықшылығы бар. Ол темір ғасырындағы ру-тайпалардың аз да болса жазба деректерде аты-жөндерінің және олардың қандай жерде түрған мекен-жайлары туралы хабарлардың сақталуы.
Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған.
Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:
1.Тиграхауда сақтары – ол шошақ қалпақ киген сақтар;
2.Хаомаварға сақтары – жүзімнен (хаома – жүзім) сусын қайнатушылар;
3.Парадарайя сақтары—теңіздің арғы жағында тұрушы деген ұғымды берген.
Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі – 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т.б. деп те атайды.
Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер депте аталады.
Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп аталған.
Қорыта айтқанда, б.з.б. VIII-IV ғғ. темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз...
Достарыңызбен бөлісу: |