Лекция:: Практикалық: 30 Семинар: 10 Лабораториялық


Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалау



бет4/8
Дата01.04.2017
өлшемі4,29 Mb.
#13006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалау Педагогикалық суретті орындауға бор (түрлі түсті, сангина, соз постел және түрлі түсті бояулар, сонымен қатар қысқа мерзімді суреттер (наброскілер) орындау үшін қылқалам, туш, акварель, гуаш, пламастер пайдалануға болады. Педагогикалық суреттің ерекшелігі мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапйым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалық сурет сабақтың көп уақытын алып кет пес үшін, оған бөлінетін уақыт 1-2 минуттан аспағаны жөн. Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс Істру үшін, педагогикалық маман алушы студент тер көп жаттығулар жасау тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарының әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс. Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушұы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған 1-2 оқушы байқалады, барлық сыныпта алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қетелік жіберіп отырған оқушының жұмыс альбомының бір бұрышынан қателіктің себебін және оны болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындауын ескеру ін қажет. Қандай жағдайда да мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерін нұсқаушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілген жұмыс заттың көлемі мен графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім Алдан Ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білу қажет. Жалпы білім берітін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әртүрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.

Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармалырының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мәні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының қарапайым қарындашты, тушты пайдаланып ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді. Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуаштың, көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуга суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны шығармашылық жұмысында басшылыққа алады.

Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемиешілер шығармаларын көрнекті пайдалану көбінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Бұл сабан барысында шығармалар, диафильмдер, диапозитивтер, эпирорректорлар арқылы көрсетілсе сабан нәтижелі болады. Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі-ол бейне таспаға жазылған оқу киносы. Оқу киносын бейнелеу өнерін оқыту кеңінен пайдалануға болады, онда бей нені жазықтық бетінде тұрғызудың әдістеменлік кезеңдерін, қарандашпен, қылқаламмен жұмыс Істру тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы әрбір іс-қимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағанда тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқияат бақылап қарауға ал керіснше ұзақ мерзімді бинелеу барысын шапшандатылған екпінімен қысқартып қарауға болады

Қазіргі кездегі білім беруі жүйесіндегі реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологияармен жабықталыу барысында екенін белгілі Сондықтан да бейнелеу өнері оқытуда электрондық әдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор. Компьютерлік технологияны түстануды, композицияны түстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады. Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстық көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалық әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің, поэзиялық шығармалардың әсері зор. Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоционалдық қатынасын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді мегеру белсенділігін арттырады.

Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен беелсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратын қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал саналы белсенділік құр айкай-шу болып саналады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасына мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде сылғырттық танытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады.

Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репредукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: “Қолөнер бұйымдары не сімен тартымды?” Бұл сұраққа оқушылыр бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай арап жауап іздейді. Ал “бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген” деген сұраққа оқушвлар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды. Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылды. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнеленген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек.Өз бетімен жұмыс жаңа білімді,іскерлік дағдыны бекітіп,дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді. Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс:заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады.Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшеліктеріне баййланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенім молайту, ар – намысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтану кезінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мпұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші ролінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлестікте, кемшіліктің жіберілу сабептерін анықтап оны бірігіп түзету міселесін ұйымдастырушы болғаны жөн. Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады. Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілікті байқаған мұғалім оқушының жанына келіп “Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып юбара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші” деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай паралель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сбақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландрады.

Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерліке дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен тығыз байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыста нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: “бүгінгі мен кешегін бекітіп, ертеңгіге созыла жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс” деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол-өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалдарына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әртүрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігн бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір – бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақты кейбір кезеңдерін жеке – дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке - дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігігі мен бірізділігі бұзылады.



Бақылау сұрақтары.

1. Веницианова,Аргунов,Сапожников,Чистяковтың сурет мектептердің мысалдары бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі

2. Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалау


11 - лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:

1.Бейнелеу өнер түрлері мен жанры

2. Бейнелеу өнерінің шығармашылық тілі
Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1.Бейнелеу өнер түрлері мен жанры Живописъ – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласының көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.Біреулер портретті,екіншілер пейзажды үшіншілер тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады.Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан.Живописъті мынадайЖанрларға бөлінеді. Натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Натюрморт жанры өнердің дербес жанры ретінде Голландияда туды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де суретшінің оларға деген көзқарасын ашып берді.«Пейзаж » бұл табиғатты бейнелеу дербес жанр ретінде Қытайда Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде Еуропадан ерте қалыптасты. Еуропалық живописъте ол алдымен Италияда пайда болды. Содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды.Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі 19ғ. Соңына тура келді. Пейзаж-қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты. Бұлт торлаған аспан теңіз толқындары ормандар мен таулар жүздеген мыңдаған жылдар бұрын қандай болса сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше керіп түрліше бейнеледі. Голландсуретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкарлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны тіршілік арекеті іздестіретін кеңістік.

Біздің атақты Маринисіміз Айвазовскийде теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш , мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық . Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де -осынау қаһарлы, өлшеуміз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз . Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламнан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып , шебердің талғамын, көз-қарастарын, көңіл күйін береді.Оның үстіне , «Мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар автомобилъ жолдары, жоғары волътті электр желілерінің сорайған діңгегтері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі – осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі мұны қазіргі заманға суретші аңғармай тұра алмайды.

Пейзаж және натюрморт-әлбетте, тақырыптың картинаның құрамдас бөліктері болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауға белсенді қосалқы ролъ атқарады. Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скулъптуралық Египет портреттері ,екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим жәек темпаралық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді. Ол ежелгі Египеттіктерге тіпті қайтыс адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолмен жазылған әрбір портрет шынындыда рухтанғандай болады. Портретке түсірілген бет-әлпетке ой қайғы-күйініш, қуаныш күрделі кейде және қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы –оның түп нұсқасымен ұқсастығы.Бірақ бұл математиктер айтатындай қажетті бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын қуаныш-күйінішін , ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз.Біз суретшінің оған қатынасын сезінуге тиіспіз.Тек бұлардың бәрі ғана бейнені портрет етеді. Осыған ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанын өзінде бізге көз салуға ,ой шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді. Портреттер өзінің сипатты жағынан алуан түрлі болады.

Бір портреттер адамды дәріптеу, оның барынша әсемдікпен сәндікте көру үшін жасалады. Бұл 18ғ. Орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтың портреттері. Екінші портреттер адамды әдептегі күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік , психологиялық портреттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады.Портрет бейне бір портрет картина сияқты болып, өз композициясына портретеліп отырған адамнан басқа , пейзажды алуан тіпті әйгілі картинадағыдай алыс пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізу. Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі.Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. Сәулет өнері ,скулъптура , живописъ өнердің басты үш түрі болып есептелінеді. 19 ғ. Аяғына қарай өнердің бір түрі графика дербес түрге айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де айқын бейнесін тапты.Сәулет өнері

әрқашан да пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.

Ол дәуір идеясы мейлінше күшті өз заманының бейнелеу өнерлерінің мүсін мен сұңғаттың стилъін анықтап отырды.мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер. Египеттік пирамидалар немесеАмерикан үндістері ежелгі храмдары сан мың жылдаған тұрып

бізге дейін жетті.Сәулет өнері бұл адам қызметінің ерекше түрі мұнда техника мен өнер пайда мен әсемдік бірге өрілген.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде біздің сезімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитекторлар жасаған әрбір құрылыста әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар оған ерекше көңіл күй берілген.Ленинградтағы қысқы сарай ол парадтық салтанаттылық құлпырған сәнділік пен байлық әсерін туғызады. Үйдің композициясымен оның құрылысының логикасымен бөліктерімен пропорцияларымен оның деталъдары мен әшекей сипатымен және суретімен анықталады. Мүсін өнері-бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер.Ол шынында адамдарды ,хайуанаттарды ,түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан тастан металъдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек әсіресе скулъптураны тастан шапқан кезде тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет.Оның есесіне ол,архитектура сияқты ұзақ сақталады. Сондықтан көптеген скулъптуралық туындылар ғасырды емес мыңдаған жылдарды басып өтіп мысалға ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты күні бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді.Скулъптураның әсерлік құралдары графикамен және живописъпен салыстырғанда өте шектеулі. Мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды фигуралардың өзімен олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен қимылымен материалмен фактурамен білдіруге тиіс.Скулъптурада материалды таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды.Бұл образдың құрама сипаттамаларының бірі.

Живописъті үйрену ол түрлі әдістерді меңгеру яғни әсем сәнді бояу түстері арқылы нағыз бейне түрін

көрсете білу. Оған үйренуде ең басты міндеттердің бірі алдымен дұрыс көре білу қасиетін түсте болады. Шөп жасыл,қар ақ помидор қызыл.Осы түстер живописъ өнерінде дене түстер деп аталады. Жұмыс барысында суретші осы дене түстерін таза күйінде пайдаланбайды. Бұндай қасиет суретшілерге үлкен тәжірибенің арқасында келеді. Дене түстері жарыққа байланысты жиі өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қызыл түсті қызанды жасыл шөптің үстіне орналастырсақ қызанның дене түсі әлде қайда өзгеріске ұшырайды.

Ашық қызыл түсті бояуының түрі төмендейді.осындай өзгерістерді құбылмалы дене бояу түрлері деп атайды. Құбылмалы дене бояу түрлері дене бояу түріне қарағанда әлде қайда күрделі болып келеді.Табиғи ортаның өзгеруіне байланысты жарық, сәуле құбылмалы дене бояу түрлері де өзгеріске ұшырап отырады. Бұндай жағдайды табиғат көрінісін бейнелеп жатқан суретшілердің жұмыстарынан жиі байқаймыз.егерде табиғаттың белгілі бір көрінісін суретші екі мезгілде таңертең түсте жазатын болса онда жазылған екі картинадағы көріністер екі түрлі болады,алғашқы картинада суық бояулар түрі басым соңғы картинада жылы бояулар түрі көп болады. Сол себептен де осы өзгеріске орай суретшілер табиғи көріністі бір мезгілде бейнелеуге тырысады. О:Таңсықбаевтің картиналарында таңертеңгі сәтттер көп бейнеленген әсіресе күн шықпай тұрғандағы мезгілдер суретші күніне жарты сағаттан жұмыс істеп тұрған яғни таңғы бестен нұсқа арқылы жұмыс жүргізіп отырған Суретші ең алдымен дене бояуларын не себептен өзгеріске ұшырап жатқандығын түсінуі тиіс. Табиғи орта жарық күші ауа райы осы мәселелерді толық меңгергеннен кейін жазылар картина эстетикалық жағынан әсем болады.Шынында да көп нәрсе әсіресе денелер мен денелер мен орта қайткен күнде де табиғи немесе физикалық химиялық байланыстарда болып отырады. Себебі күннің түсуі әсерінен Жарқын жатқан бояу түстері бір-біріне әсер етсе яғни бір бояу түрі екінші бояу түрін өзіне жатады. Бір жылдың ішінде төрт мезгіл белгілі өздеріне сай бояу түстері бар. Қыс мезгіліҮлпе ақ қардың түсіне сай табиғат көрінісіне ақ бояуға бөленсе жаз мезгілі жасыл жапырақтарға шалғындарға көмілген жайма шуақ жасы-көк бояу түсіне енгендігін байқаймыз немесекүзде сары алтынға қапталған күз мезгілін еске аламыз.Міне осыған байланысты суретшілердің қызметінде көп кездесетін .

Бір терминнің түрі ол колорит.колоритті меңгермеген суретші өз маманының беделді азаматы бола алмайды.Колорит-дегеніміз бірнеше бояу түсі. Колоритті ажырата білу өте сирек кездесетін қабілет. Орыс сурешілері арасында бұл жағынан Суриков айрықша көзге түскен. Суреткер өмір шындығының ақиқаттығына әсемдік арқылы береді десек де адамды жан-жақты жарасымдыдамытып жетілдіру мұраты алдыменен ақылды орындалмақ.

Балалардың түс туралы түсінігін қалыптастырудағы мұғалімніңнегізгі міндеті оларды табиғат әлеміндегі әр алуан түстерді көре білуге дағдыландыру. Бұл нұсқаға көптеген түс дақтарын байқау, оларды қолда бар бояу арқылы қағаз бетіне түсіру деген сөз.

Түсті игерудегі алғашқы қадам қылқаламды дұрычс ұстап , оған бояуды жұқтыра білуден басталады . Екіншісі- түрлі түс қопасын жасайтын түр тапқышты ( палитра ) қолдана білуді меңгеру .

Живопистегі түстер көбінісе қылқаламға жұқтырылған бояу қоспасына да байланысты болады. Бояу құрамында су неғұрлым көп болса , жағылған бояу соғұрлым мөлдіреп түседі. Бұл тек бір қабат жағылған бояуға тән. Егер түс дақтары көп араласып кетсе , онда бояу түсі куүңгірт тартып , жойыла бастайды. Сол себепті акварель живописін бір қабатты бояу қоспасымен салған орынды. Бұл тұста қолданылған қағаздың бояу астынан көрінуінің де маңызы бар. Сондықтан бояу мен қағазды дұрыс таңдап , олардың өзіндік ерекшеліктерін акварель жұмыстарында ұтымды қолдана білген жөн.



2. Бейнелеу өнерінің шығармашылық тілі Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие прпоцесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалыққ іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымның жаңа жеістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.

Бейнелеу µнері сабаќтарында оқыту әдістерін ерекшеліктері сурет салудың қалай дамитынын анықтайды. Дайын үлгілерге негізделген оқыту қалыптасқан дағдыларды тудырады. Бейнелеудегі кескіннің қасиеттерін беру әдістерін жетілдіруге бағытталған арқылы мұндай дағдыларға өзгеріс енгізіп, графикалық бейнені жетілдіре түсіруге болады. Мұғалім тарапынан дұрыс басшылық болмай, бейнелеу қаракеті дамымайды.

Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбетімен, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс - әрекетті талап етсе, екінші жағынан эстетикалық бағыт бейнелеу өнері сабағына тән қасиет .

Бейнелеу µнері сабаѓы арќылы баланыњ елестету, ой-ќиялын дамытумен тығыз байланысты.

Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылықта, тұжырым да, адамның дүниетанымы да іс -әрекетінен мотиві ретінде көрінеді.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өз бетінше және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.

Мұндай талаптардың бірі –сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап,оның ерекшеліктерін анықтайды.

Әсіресе, бейнелеу µнері сабаѓында балалар сәндік композиция мен тақырыптық суреттерді өз бетінше шешкен саңызды. Балалардың зейінін сурет салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрменді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар, бақылау, эскиздер т. б.

Балаларға еркін ,елестету тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу. Соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқќты қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге жүреді.

Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі үнемі шыдамдылық пен сурет салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық – шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау тұлғаның қоршаған әлемді тануына белсенді формасы екендігі белгілі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.

Бейнелеу µнері пєнініњ мұғалімі балаларды оқытуға үйретуді, оқушының танымдық қажеттілігін сақтап, ќабілетін дамытуды және ғылымдардың негізін игеру үшін танымдық құралдармен қамтамасыз ету тиіс.

Қабілет туа біткен қасиет емес, ол даму процесінде ғана өмір сүреді және нақты іс - әрекетсіз дами алмайды. Кез – келген іс - әрекетке деген қабілет әр адам бойында бар, бірақ та туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарды әртүрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды, талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.

Әр бір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс - әрекетіде қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу іс -әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекеттер фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл – күй болып табылады.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттілік әр адам бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында шығармашылық пен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады. Бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Бейнелеу қабілетін дамыту ұшін маңызды мәні бар анатомо физиологиялық ерекшеліктерді қарастырған жөн.

Кез келген саладағы қабілеттілікті дамыту да үлкен роль жоғарғы дәрежелі нерв қызыметінің үлесіне тиеді. П.И.Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғарғы дәрежеләі нерв қызыметінің екі типі көркемдік және ойшылдық (ақыл – ой) туралы жазған болатын.

Бірінші – көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді.

Екінші – ойшыл типте ойлау абстракциялы, сәндік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.

Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қажеттігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады

Бейнелеу қажеттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараты құрылысының да маңызы зор. Көздің анатомиясындағы немесе физиологиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды.

Мұндай адам айналасындағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живопись құралдарымен бере алмайтыны айқын. Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыра алатын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым өткір болады. Кеңістікті көру көздің микро қозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.

Бейнелеу процесіндегі заттардың формасын және олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, бала көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады. Мыс: Тоты құстың қиял ғажайып бейнесін көз алдына елестетіп, бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы түсінігі болуын ал содан соң тоты құстың қиял ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетінін ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілерімен біріктіре отырып, бір тұтас образ жасауы керек.

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін (барлық бөліктері мен детальдарын, олардың ара қатынасын сақтай отырып) бере алмайды. Алғашқы суреттерде, көбіне өте елеулі детальдар болмайды. Бейнеленетін кейіпкерлердің психологиялық жай – күйін балалар оңайлатылған, қарапайым детальдар мен беруі мүмкін

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асару арқылы оқушылардың интелектуалдық, эсмоциналдық, эстетикалық, іскерлік, комуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйлеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.

Сабақ үнемі бір сарынды жоспарланбай әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырып отырылуы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әртүрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан арап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнер туралы әңгіме сабақтарында сәулет, грфика, кескіндеме, Мусін, сәндік қолөнерлермен танысады.

Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұзымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жасалған әртүрлі гүлдерден гүлшоғаның композициясын орындау.

Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймай, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады?Әр минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа арап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі сабақта қолданылады. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әр топта 4-5 оқушыдан болады. Мысалы: “Наурыз мерекесін бейнелейік” деген тақырыпқа көп фигуралы композиция құрау сабағы.

Шығарма композициясының эскизін топ мүшелері бірлесе отырып жобалайды. Осыдан кейін жазықтық бетіне келісім бойынша әрбір оқушы бір бей нені өз бетімен орындайды. Соңында әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке топтың жетістіктерін бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірлатас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді.

Оқытуды ұйымдастырудың дербес түрі бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс негізінен 3-4 сынып оқушыларымен өткізіледі. Берілетін тапсырманың шамамен алынған түрлері: тақырыптық сурет салу сабақтарында табиғат көріністегі тәулік мезгілін /таң сәрі, тал түс, кеш/ көрсету, сәндік сурет сабақтарында белгілі бір ою-өрнектер топтамаларын пайдаланып композиція жасау немесе белгілі бір бұйымды безендіру, өнер туралы әңгіме сабақтарында белгілі суретшілер шығармаларының мазмұнына талдау жасау, тапсырмаларын орындау, үйірмелеріндегі дербес жұмыстарды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т.б.3-4 сынып оқушыларына осындай дербес орындайтын тапсырмаларды беру, оларды өздігінен ізденуге, зерттеу жұмыстарына бейімдейді.Оқушылардың өзіндік жұмысы білімді, икемділікті берік игеруге ғана мүмкіндік жасамай, сонымен қатар, ол жеке адамның құнды қасиеттерін өзін-өзі басқарады, ізденушілікті, көздеген мақсатына жетуге ұмтылушылықты қалыптастырады.

Мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болатын болса, оны ұйымдастыру әрқашан жаңа заманның өскелең талаптарына сай үнемі ізденіске негізделуі қажет. Сабақты белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі деп. қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, икемділік, іскерлік дағдылары дамиды, қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Бақылау сұрақтары.


  1. Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

2. Педагогика ғылымында оқытудың әдістері

3. Проблемалық әдіс


12 - лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:

  1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістері

  2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері


Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары,әдістері мен міндеттері туралы жалпы түсінік Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістері Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып өтейік. Педагокалық энциклопедияда “Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды”,-деп берілген.Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс-белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұатй отырып оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп жаңа білім меңгеруге ықпал жасауы тиіс.

Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің сапалы түрде қолданылатын тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді тыңдап алып, шебер пайдалан отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір-бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін.

Мысалы:


  1. Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шығармаларынк көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіс әдістемелік тәсілге айналады.

  2. Өнер туралы әңғіме сабағында оқушылар белгілі бір көрнекіліктер арқылы суретші шығармаларын зерттеп, талдап нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме ауызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып табылады.

Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және тәрбиелеу мақсат-міндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдалануы мүмкін.Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланылатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейік. Ауызша әдіс- сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру сабақ кезеңінде басым орын алады.

Мұғалім ауызша баяндайтын материалын адын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайтьын, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән-мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.Сабақтың ауызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқарылатын іс-шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.Мысалы, 1-2 сыныптардағы заттан қарап бейнелеу сабақтарында жаңа сабақты баяндауға 8-10 минут уақыт бөлінсе, ал 2-3 сыныптарда 10-13 минут уатық бөлінуі мүмкін. Ал өнер туралы әңгіме сабақтарында сабақтың көптеген уатыты (30-35 минут) ауызша әдіске беріледі. Әрине бұл сабақтарда ауызша әдістен басқа әдіс-тәсілдер пайдаланбай деген сөз емес, ауызша әдіс көбінесе көрнекілік әдіспен жетеленіп отырады. Ауызша әдісте сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелесу сабақтары қызықты өте түседі, оқушылар тек тыңдаушы болып қана қалмай, өзін сол мәселеге қатысушы, араласушы ретінде сезінеді. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазсұнын, өзара байланысын анықтауға талпындырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа шабыттандырып өздеріне сенімін молайтады, мәселе туралы жеке пікірлерін құрау дағдыларын қалыптастырады. Ауызша әдісте оқушылардың болашақ машықтық жұмысына шығармашылық көзқарасын, қиялын, шабытын ояту үшін тақырып мазмұнына байланысты поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқып, оны қысқаша талдау үлкен нәтиже береді. Түсіндіру-жаңа білімді, ереже –заңдылықтарды, бейнелеу құралдары, материалдармен жұмыс істеу ережелерін ауызша айтып көрсету немесе бейнелеу өнеріне байланысты жаңа бейтаныс сөздердің (терминдерді) мағынасын ашып айту болып табылады. Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағындағы натюрморт жанры туралы әңніме барысында “натюрморт” француз сөзінен алынған “өлі табиғат” деген ұғымды білдіретіндігін түсіндіреді. Түсіндіру, әсіресе жаңа сабақ мазмұнын ауызша әңгімелеу барысында жиі қолданылады, бірақ бұл түсіндірулер ауызша әңгімелеу жүйесін бұзбай кезеңімен қолданылғаны жөн. Сонымен қатар түсіндіру сабақтың машықтық кезеңінде де орын алады.

Түсіндіру мынадай талаптарға сай болуы керек:


  • жүйелі түсіндіру;

  • дәлелдер келтіру;

  • өлшемдік, түстік салыстыру, мысалдар келтіру;

  • сұрақтарды нақты тұжырымдау.

Әңгімелесу-ол оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім тақырыпқа байланысты әңгіме туындататын сұрақты мұқият ойластырып дайындайды. әңгімелесу жаңа білімді, іс-әрекетр ережелерін жеңіл меңгеруге жол ашады. Проблеманы түсінуде, шешуде мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ынтымақтастықта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдік қорын тексеріп байқауына болады.

Әңгімелесу арқылы оқушылардың ой-өрісі, өзіндік жеке пікір құрастырып, оны жариялау, комуникативтік қабілеттері дамиды, яғни сөйлесу, пікірлесу мәдениеті қалыптасады.

Әңгімелесу нәтижесі көбінесе қойылатын сұрақтардың мазмұнына байланысты. Мұғалім оқушылардың әңгімелесу барысында жауаптары толық, аяқталған болуын қадағалауы тиіс.

Әңгімелесу бейнелеу өнері пәнінің заттан арап бейнелеу сабағында заттардың көлемін, құрылысын, түстік ерекшелігін талдауда, жекелеген өнер туындыларын, композициялық, мазмұндық құрылымына талдау жасауда, оқушылардың аяқталған практикалық жұмыстарын талдауда кеңінен өткізіледі.

Оқу-тәрбие барысында дидактикалық талаптарға сай жоспарланған әңгімелесудің мынадай мүмкіндіктері бар:



  • ой-өрісті, тілі дамыту;

  • оқушылардың білімін тексеру;

  • оқуғы ынтасын арттыру;

  • сөйлеу, сөйлесу мәдениетін дамыту;

  • тәрбие беру;

  • оқытуды ізгілендіру.

Педагогика ғылымында оқытудың әдістері Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптардың алғашқы сатысында кеңінен қолдану өте маңызды. Ол оқушылардың құбылысы, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауына, заттардың құрылысын, қасиетін өз беттерімен немесе оқытушылардың көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау, салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері сабағында көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, экранды бейнелеу, дыбыстық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.



Демонстрациялау-ол заттың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын зерттеу, қатар тұрған нәрселердің пропорциялық қатынасын, кеңістікте орналасуын көрсету, табиғат көрінісін, көңіл-күйін көрсету. Демонстрациялау кезіндегі бақылау, талдау, зерттеуді жүйелі жүргізу керек. Ол заттардың немесе табиғаттың жалпы бейнесін жекелеген ерекшеліктеріне көшу.

Оқушылардың демонстрациялаған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рол атқармай жетекші рол атқаруы қажет. Иллюстрациялау-ол заттың, құбылыстың көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсетужәне сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілі мен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне баланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабан барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім Алдан Ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроектор, киноаппараттар, бейнемагнитафон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын артырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымн, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.Бұл тәсілдің тағы да бір ерекшлігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің өсімдіктердің түстерінің өзгеруі барысын немесе қас-қағымды тез орындалатын жұмыс барысын баяу көтсетуге болады.Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдануына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, “Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік” тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грам пластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. “Табиғат көрініс бейнелейік” деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шулы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестеуіне көмектссуге болады. Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады. Практик алық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асару, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабан тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағаздарды бояу, сулы қағаздарды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Нобайлар, эскиздер орындау заттан арап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады. Машықтық әдісті сабан барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы,жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы,қажет болған жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады.Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы,жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.

Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізгі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеу обьектісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практикалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе сыныптан тыс ұзақ уақыт мерзімде орындауға берілуі мүмкін.

Мысалы, “Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реалізм және сюреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет” деген немес Қанапия Телжановтың “Көкпар” шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі.

Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын, өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жтнақталған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талап зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінен басқа педагогика ғылымында тағыда оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері, оқутыдағы бақылау әдістері де зерттеліп көрсетілген.

Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану да маңызды, олар ойын, сайыс, көрме т.б. соның ішінде:


  • тірілген туынды-туынды оқиғасын кеңістікте ойнап көрсету;

  • мазмұн мен көңіл күйді көшіру-ол музыканы жазықтық беті не көшіру;

  • ұстап тану-жұмылу көзбен белгілі бір бұйымды Остап тану және мүсіндеу;

  • ауада сурет салу-белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;

  • ауызша сурет салу-музыканы, поэтикалық шығарманы ауызша суреттеу.

Сабақ жүйесінде енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды.

Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты кеөріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеу дағдысын ұйымдастырады. Осыған орай акадлемик Б.М. Неменский өз еңбектерінде “мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілден оушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық білікті, оқытушы мен оқушының арасында іскерлік бір лікті қалыптастырады” деген. Репродуктивтік әдіс Ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы біліммен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.

Репродуктивтік әдіс өткен білімді, іс- әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.

Мысалы,1-сыныптағы “Ұлттық киімдерді әшекейлік” тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру әдісін қайталап,осы сабақтағы безендіу жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады. Репродуктивтік арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін танула мүмкіндік жасайды.Бұл әдісті әр оқу тоқсанның немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.Пробемалық әдіс-оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекет проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабан мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әркет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.Мысалы, 2-сыныпта “Көктем келді” тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтардың жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдік түске айнала береді?Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді? 4-сыныптағы “Затқа қарап сурет салу” тақырыбындағы сабақта көк құмыраға түскен сары алманың сәулесі қандай түс болады? Немесе К.Муллашев “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? Деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға болады. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.

Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдан ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К.Муллашевтың “Жер және уақыт” шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден оны тексеру жолдарын құрыстыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.

2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері Саналылық пен белсенділік принципі - Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмірмен тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып иабылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырад. Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғай-шу болып қалады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділікжаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық танытып, ал кейінгі өзіндік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кірімеді. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдердің шебер пайдалана білуі керек.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белседілігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: «Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?» бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал «бұл бұйымдар қандайөрнек түрлерімен безендірілген?» деген сұраққа оқушылар өткен сабақтардаалған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнелеген ою-өрнек элемнттерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. Өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс: заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттеріне дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, ар-намысына тимей байыпты сынау. Мұғлімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп «Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші» деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекшісызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табанысәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді:



  • оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылыған айқын түсіндіру;

  • оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және жеке зерттеуге мүмкіндік жасау;

  • бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты пайдалану;

  • мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескерту;

  • бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету.

  • Сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

Жүйелілік және бірізділік принципі - Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланысытырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: «бүгінгі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс» деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол - өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кезеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастырыу тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілілігі мен бірізіділігі бұзылады.

Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырыптың мазмұндық құрылымына, тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап байланыс көзін іздеу қажет.

Дегенмен, мынандай байланыс көзінің үлгілерін ұсынып көрейік. Мысалы, сәндік сурет, көркем құрастыру және тақырыптық бейнелеу, заттан құрап бейнелеумен тығыз байланысты, ал бейнелеу өнері туралы әңгіме барлық қалған тарау сабақтарымен байланыста болады. Осы көрсетілген әр сабақтың түрлері бірін-бірі толықтырып, оқушылардың жалпы бейнелеу өнері бойынша түсініктерін байытады.

Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөнінде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемесбұрын оны мұқият қарап, құрылысымен танысыпсодан соң оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол белгіленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе құбылыстың құрылысының ырғақтылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мән беріледі.

Сонымен, сәндік сурет салуды меңгеру үшін басқа да сабақтармен байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады.

Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуі керек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптық композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмыстарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.

Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағдарламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сыныптарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мавзмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелерсынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақтала ма деген сұрақтар туындайды.

Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пәнін оқу бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрсатыруда осы материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдардың оқытудағы білімдік, танымдық мөлшерін анықтап жоспарлайды.

Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша «Түстану» тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді:



  • 1 сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы және суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;

  • 2-3 сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл қоңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зеленый) т.б. акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қоюға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды;

  • 4 сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі тереңдетіп «түсті рең» және олардың үйлесімділігі, зат реңінің фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық реңді нәрсе одан әрі ашық болып, ал ашық фондағы сол ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің түстік шеңберде орналасу реті жөнінде мәлімет алады. Бояулардың бір-бірімен араласу ерекшеліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардың қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.

Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік принципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.

Түсініктілік және сәйкестік принципі - Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкіндігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне, жеке іскерлік қабілетіне сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындығын білуі тиіс.

Оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік принципін сақтамау оқушылардың жаңа білімді, іскерлік дағдыларды қабылдап, меңгеруіне қиындық туғызады, қызығушылықтарын азайтады. Мысалы, 1сынып оқушылары заттан қарап бір немесе екі заттан тұратын бейне салуы мүмкін, бірақ ол заттардың көлемін жарық, көлеңке түсіріп көрсете алмайды. Немесе 1 сыныптағы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша сурет салу сабағында оқушылар ертегі мазмұнын түсініп әңгімелей алғанымен, оған байланысты композициялық заңдылықта құрастырыпбейне жасау қиындыққа түседі. Дегенмен, жекелеген ертегі кейіпкерлерін бір-бірімен композициялық байланыссыз бейнелеген жұмыстар орындаулары мүмкін.

3-4 сыныптарда оқушылар жазықтық бетінде бейнелеген тақырыптың суреттерінде образдық кейіпкерлерінің арасында қарапайым композициялық байланысты көрсете алу дағдысын меңгереді. Бірақ ол образдардың көркемдік, пластикалық тақырыпқа эмоционалдық қатынасы болуы мүмкін.

Сөйтіп оқушылардың осындай материалды меңгерудегі мүмкіндікиерін алдын ала ьолжау мұғалімнің сабақ барысын жоспарлауда түсініктілік және сәйкестік принцрипін сақтауына мүмкіндік жасайды. Ал бұл дидактикалық принципті сақтау оқушылардың жаңа материалды қабылдауына нәтижелі етеді.

Қабылдау – психологтардың айтуынша дамның көз алдындағы бейне адам санасына айна тәрізді шағылысу емес, қабылдау әрқашан өткен тәрбиемен байланысты. 1-2 сынып оқушыларының көріп қабылдау тәжіриибесі 4 сынып оқушыларына қарағанда әрине өте аз. Баланың көріп қабылдауын байыту арқылы біз оның елестету қабілетін де байытамыз. Ал елестету қабілетін дамыту арқылы біз оның қиялының да дамуына себепші бола аламыз.

Бұл психологиялық қабілеттер тек көркемдік іс-әрекетбарысында дамиды. Соның ішінде бейнелеу өнері де кенже орында қалмайды. Дегенмен оқыту барысында түсініктілік және сәйкестілік принципіне байланысты мәселені реттеу, ұйымдастыруда мұғалім оқушылар мүмкіндігін мүлдем төмендетіп алмауын да қарастыру қажет. Оқушыларды белгілі қиындықты жеңуге бағыттап, белсенді жұмысқа жұмылдырып отыруы керек, сонла ғана оқушылар біліктілік және іскерлік дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өз күшімен жеңген қиындық пен шығармашылық жұмыстан қуанышьы көңілге бөленеді.

Мысалы, бастауыш сыныптарда сәндік суретжәне көркем құрастыру сабақтарында берілген үлгі сызба бойынша қағаздан бүктеп (оригами) көлемді бейне жасайды, бүктеудің бірнеше үлгілерін көрсетеді. Содан соң мұғалім оқушыларға үлгі сызбасыз түрлі-түсті қағаздардан бейнелер бүктеп шығарудытапсырады. Бұл оқушылардң жеке ынтасын оятып, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауына ұйытқы болады.

Кейбір педагогтар бірінші және екінші сынып оқушылары тек үлгі арқылы жұмыс істеуі керек деген пікірді ұсынатыны белгілі. Жалпы өнерді шығармашылық сырымен көркем де мәңгі деп бағалайтын болсақ, онда үлгіден көшіру, тек үлгі арқылы жұмыс істеу ешқашанда сырлы да көркем шығармашылық дүние тудырмайды. Оқушының тек үлгіге сеніп жұмыс істеуі оның өз бетімен шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытпайды, яғни өз бетімен ойлауы тежеледі.

Бұл жерде түсініктілік және сәйкестілік принципін оқу барысында іске асыруда мұғалім әр баланың жеке ммүмкіндігін, қабілетін де ескеруі қажет, өйткені сынып оқушыларының қабілеттері бірдей болуы мүмкін емес, кейбіреуі жаңа білімді тез арада меңгерсе, кейбіреуі үлкен қиындықпен меңгереді, кейбіреуі жұмыс әдісін тез игерсе, енді біреулері сол әдісті ұзақ уақыт игере алмай, жұмыс уақытын созып алады. Сондықтан да мұғалім жаңа білімді игерудегі міндетті деңгей мен мүмкіндік деңгей арасын айқын көрсетіп жұмысқа бағыттанғаны дұрыс.

Оқытудың дидактикалық принциптері жөніндегі ойымызды қорыта келіп айтатын сөз – осы көрсетілген принциптер бір-бірімен өте тығыз байланыста бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да оқыту мен тәрбиенің нәтижелі болуы осы жүйенің бұзылмауына байланысты демекпіз.

Бақылаусұрақтары


    1. Жүйелілік және бірізділік принципі

    2. Түсініктілік және сәйкестік принципі


13- лекция. Таќырыбы: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі,

Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы
Жоспары:

  1. Педагогика ғылымдарының негізін салушы И.Песталоций ,Ж.Руссо.

  2. Чех педагогы Ян Амос Коменский,ағылшын педагогы философы Джон Локк»Тәрбие туралы ойлар»кітабы


Лекция маќсаты: Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Педагогика ғылымдарының негізін салушы И.Песталоций ,Ж.Руссо. 19 ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суретсалу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Дұрыс ойлану үшін қошаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі – сурет салу деді.

Песталцци сурет салуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, суретсалу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидтің еңбектері аса жоғары танымал болды.

И.Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:

1. Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы;

2. Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;

3. Елестетуді дамытуға арналған жаттығу;

4. Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы;

5. Перспективада бейнелеуге жаттығу.

19ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол кезде олар жасаған әдістеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланады. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам бсын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.

Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.

11 ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың сурет салу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде 18 ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.

Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.

Осы оқу орындарының бәрі кәсіби-суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілерінде қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.

1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлесқосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П.лосенко және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.

19 ғасырдың басында орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А.Кипренский.

18 ғасырдың бірінші жартысы мен 19 ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейлегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналады.

1834 жылы А.П.Сапожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П.Сапожников әдістемсінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды.

1804жылы училище, гимназияларға орта мектептерде сурет пән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курсашылып, ресей мектебін бейнелеуөнері маманы бойынша мұғалімдерменқамтамасыз етіп отырды.

Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелу 1970 жылдардың аяғы, 1980жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я.Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық езімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравстенного развития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілген автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адагершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды. 20 ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г.В.Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.

Педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие прпоцесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалыққ іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымның жаңа жеістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.

2. Чех педагогы Ян Амос Коменский,ағылшын педагогы философы Джон Локк»Тәрбие туралы ойлар»кітабы Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1670 ж.ж.) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.

Әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.

Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.

Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады.

Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композицтя – көркем құрал. Ол комподзиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарынөз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілегенсоң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырды.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орьалықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет