Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050116


Тақырыбы: Атмосфераның жалпылама айналымы



бет6/9
Дата26.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#28806
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: Атмосфераның жалпылама айналымы



Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады. Атмосфера ауа деп аталатын газдар қоспасынан тұрады, сонымен қатар ауада сұйық және қатты бөлшектер де бар. Ауаның фмзикалык күйі оның тығыздығымен, қысымымен, температурасымен т.б сипатталады. Атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ылғалды болып келеді, ягни оның құрамында басқа газдармен қатар газ күйіндегі су (су буы) да болады. Атмосфераның физикалық күйіне байланысты су буы сұйық жөне қатты күйге көше алады. Сондықтан метеорологияда алдымен күрғақ ауа жөне су буы жеке түрде, ал содан кейін ылғалды ауа қарастырылады. Қатты және сұйық бөлшектерден тазартылған құрғақ ауаның құрамы барлық жерде бірдей, шамамен 25 км биікке дейін тұрақты болады. Құрғақ ауа (көлемі бойынша) азоттан-78.08% оттегіден-20,95% аргоннан -0,93% көмірқышқыл газынан -0,03% және басқа да газдардан -0,01% тұрады (2.1 кесте). Басқа газдар неон Ие, гелий Не, метан СН. криптон Кг, сутегі Н, азоттың шала тотығы N2О, ксенон Хе, озон О3, азот қостотығы NО2, күкірт қостотығы SО2, аммиак NН3, улы газ СО, иод І2, радон Rn және т.б.

Тропосфера — жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, полюстерде 6 км, ал орта ендіктерде 10— 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауынінашынның жаууына және басңа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналықтарын құрайды.

Консультация

5 – апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Ауа райы және климат


Климат (грекше: κλίμα (klimatos) — еңкейіс[1]) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Антарктикалық климат — Оңтүстік жарты шардағы поляр облысының климаты. Бұл жер шарындағы ең суық климат. Антарктика жағаларындағы ең жылы айдың орта температурасы 0° төмен, ал суығы —20°, —30° болып келеді. Мұндағы байқалған төменгі температура —50°, —60°. Ал Антарктиданың ішкі аудандарына қарай температура —80°-қа дейін жетеді.

Арктика климаты — Солтүстік жарты шардағы поляр аймағының климаты. Мұнда қысқы поляр түндерінде температура —40°, ал кей түндері —50°қа жетеді. Арктиканың европалық бөлегінде боранды қатты жел соғады. Жаз айларының ең жылы күндерінде әдетте температура 0°, ал —2°, —3°тан, не одан жоғарылауы ете сирек. Материкке жақын жатқан аралдарда жаз айларында кей күндері —10°, —15° болады.

Микроклимат — белгілі бір мөлшері шағын ауданның немесе аумақтың климаты мен климаттық ерекшеліктері.

Нивальдық климаттар — жылдың жылы мезгілдерінде қарлары еріп және буланып үлгермейтін климаттық аймақтар. Жылдан-жылға қалатын артық қар мұздыққа айналады.

Теңіздік климат — бұл континенттік климатпен салыстырғанда ауа температурасының төуліктік және жылдық аз амплитудасымен, бір күннен екінші күнге температураның аз өзгеруімен, күннің жоғары және төмен тұруымен салыстырғанда, максимум және минимум температураның кешігуімен (Солтүстік жарты шарда микимум январьда емес, февральда немесе мартта, максимум июньде емес, июльде немесе августа), жазда салыстырмалы ылгалдылығының үлкендігімен, бұлтты күннің жиілігімен және жауын-шашынның молдығымен, сондай-ақ теңізден соғатын желдің басым болуымен сипатталады.




Тест сұрақтары

Тақырыбы: Ауа райы және климат

Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. Су өткізбейтін екі қабаттың аралығында жатқан жер асты суы

А)қабатаралық су

Б) пластаралық су

С) минералды су

Д) артезиан суы

Е) пластаралық су

2. Су буы қатты күйге айналатын температура

А)0С


Б) 10С

С) –100С


Д) 20С

Е) –50С


3. Жерге түскен жауын – шашынды өлшейтін құрал

А)гидрометр

Б) осадкометр

С) анероид

Д) барометр

Е) сыналық барометр

4. Өзендегі жыл бойғы су шығыны

А)Қатты ағын

Б) жылдық ағын

С) су шығыны

Д) баяу ағын

Е) межень(сабан)

5. Дүние жүзілік мұхит табиғат кешеніне жата ма

А)тек ішкі теңіздері ғана жатады

Б) жатпайды

С) Аралдар тобы ғана

Д) жатады

Е) тек оның жеке бөліктері жатады

6. Дүние жүзілік мұхит түбінің 70 пайызын альп жатқан

А) мұхит жазығы

Б) материк тік қайраң

С) материк тік беткей

Д) мұхиттық жота

Е) шұңғыма

7. Мұхит суында кездесетін балдырлар түрі (мың )

А)5


Б) 6

С) 7


Д) 9

Е) 10


8. Беткейлері ойыс ( батыңқы) етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.

А) астау тәрізді

Б) террасалар

С) жар қабақ

Д) каньон

Е) шатқал

9. Мұхиттағы су массаларының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын

А) мұхит ағыстары

Б) мұхит толқыны

С) цунами

Д) тайфун

Е) су тұздылығы

10. Сулары қоректік заттарға бай, сондықтан фітопланктон мен жоғары су өсімдіктері зор дамыған көлдер

А)евтрофты

Б) эдафикалық

С) мезотрофты

Д) олиготрофты

Е) дистрофты

10. Ар алас, жыл бойыншы құбылмалы стратификация қалыптасқан көлдер

А)Байкал, Ладога, Онега

Б) Балхаш, Зайсан, Марқкөл

С) Женева, Ыстықкөл, Оңтүстік Америка

Д) Канаданың, Сібірдің кейбір көлдері.

Е) жауабы жоқ

11. Микроскопты өсімдік және жәндік ағзалары, олар суда жүзбе түрінде, сумен бірге қозғалады.

А)планктон

Б) нектон

С) бентос


Д) нейстон


12. Өзен атыраулары нешеге бөлінеді

А)2


Б) 1

С) 3


Д) 4

Е) 5


13. Жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да құбылыстар кезінде пайда болатын көлдер

А)тектоникалық көлдер

Б) вулкандық көлдер

С) эолдық көлдер

Д) карстық көлдер

Е) бөгелген көлдер


Реферат арқылы бағалау

6 – апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Әлемдік мұхит
Реферат тақырыптары:

  1. Дүние жүзілік мұхит.

  2. Мұхиттағы ағыстар.

  3. Әлемдік мұхиттағы тіршілік.

  4. Су массалары.

  5. Мұхиттағы өсімдіктер.

  6. Маржан рифтері.

  7. Суық және жылы ағыстар.

  8. Дүние жүзілік су айналымы.

  9. Дүние жүзілік мұхиттың адам өміріндегі маңызы.


Тест сұрақтары

Тақырыбы: Әлемдік мұхит

Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. Тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны

А)аңғар


Б) қолат

С) құраңғар

Д) өзек

Е) жыра


2. Тарамдалып кеткен , теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған атырау

А)дельта


Б) эстуарий

С) атырау

Д) саға

Е) сала


3. Тынық мұхитты нешінші жылдары ашқан

А)1519-1522ж

Б) 1523-1524ж

С) 1254-1525ж.

Д) 1530-1535ж.

Е) 1526-1527 ж.

4. Көлдер мен бөгендер гидрологиясы зерттейтін ғылым саласы

А)лимонология

Б) гидрология

С) тельмонология

Д) гляциология

Е) потимология

5. Жер бетімен әрі жер асты ( топырақ және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты

А)өзен алабы

Б) жер асты өзен алабы

С) өзен алабының ұзындығы

Д) жер беті өзен алабы

Е)өзен алабының орта ені

6. Белгілі бір ерітіндіні ағын сумен араластыруға негізделген. Бұл әдіс негізінен ағыны қатты тау өзендерінде қолданылады, себебі тау өзендерінде көлденең қиманың ауданы мен ағыстың жылдамдығын өлшеу қиынға түседі.

А)иондық тасқын әдісі

Б) көлемдік әдіс

С) гидравликалық әдіс

Д) ағынды қабат

Е) су шығыны

7. Өзен арнасының саяз бөлігі, су тартылған кезде судан босап құрғақ аралға айналады.

А)қайыр


Б) түбекше

С) жағажай

Д) сала

Е) жеңсала



8. Көлденең қима арқылы белгілі бір уақыт аралығында ағып өткен су мөлшері; теше километр немесе теше метрмен өлшенеді

А)ағындының көлемі


Б) су шығыны

С) ағынды қабаты

Д) ағындының модулі

Е) ағынды коэффициенті

9.Үнді мұхитының су бетінің орташа температурасы

А)17С


Б) 18С

С) 15С


Д) 13С

Е) 12С


10. Аралмен бөлінген өзеннің бір бөлігі, әдетте өзеннің негізгі арнасынан айыру қиынға түседі.

А)жеңсала

Б) сала

С) арал


Д) шығанақ

Е)қалдық


11. Өзеннің белгілі бір үлескі жақтауындағы берілген уақыттағы су мөлшерін көрсетеді әрі секундна теше метрмен өлшенеді.

А)су шығыны

Б) ағынды қабаты

С) ағындының көлемі

Д) ағындының модулі

Е) ағынды коэффициенті

12. Шығыңқы немесе көлбеу кең аңғар . Бұл аңғар жазықтағы аңғардың сипаты. Бұл типтің бір түрі- жәшік тәрізді табаны теніс, беткейі құлама аңғар.

А)трапецияға ұқсас

Б) жар қабақ

С) террасалар

Д) астау тәрізді

Е) саңылау

13. Өлшегіш ыдысқа белгілі бір уақыт мөлшерінде құйылатын судың көлемін өлшеуге негізделген

А)көлемдік әдіс

Б) гидравикалық әдіс

С) иондық тасқын әдіс

Д) су шығыны

Е) ағынды қабаты



Үй жұмысы

7 – апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Әлемдік мұхит
Жер гидросферасындағы ең үлкен географиялық нысан дүние жүзілік мұхит болып табылады. Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік дамыған. Мұхиттың органикалық дүниесі 3 топқа бөлінеді. Бентос, планктос, нектоннан тұрады.

  1. Бентос: су қабатына ұзаққа көтеріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер ( өсімдіктер, құрттар, моллюскалар)

  2. Планктон- ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер ( бактериялар, грибоктар, су балдырлары, қарапайымдылар жәнет.б.).

  3. Нектондар- ұзақ қашықтыққа ер кін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).

Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін мұхит суының қабатын түгелдей мекендейді.

Құрлықтағы сияқты мұхитта бір организмдер неорганикалық заттармен қоректеніп органикалық заттарды- продуценттер, немесе, өндірушілер түзеді, екіншілері органикалық заттарды (тенсументтер немесе тұтынушылар) тұтыну есебінен өмір середі.Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты (protos- қарапайым, trofhe- жеймін). Микроорганизмдер, екіншісі- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын ыдырататын, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жанкарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер- организмдер бар. Өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мұхитта молынан табылады. Слайда фосфор мен азот қышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да алкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға тұзды шығарудың орсан зор маңызы бар. Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су балдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік торофилл тканьнан тұрады, осының арқасында көптеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан мұхиттағы өсімдік заттарының массасы өсімдіктермен қоректенетін және бірін-бірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келеді, ал құрлықта болса бұл одан көптеген мың есе артық. 2. Субполярлық ендіктерде поляр мұздары жиектерінің маусымдық миграциясы болады. Жылдың суық бөлігінде бірнеше жүз метрдегі қабатта, су интенсивті араласып (суыну салдарынан) оттекпен және қоректік тұздармен байды. Көктеммен ґазда көп жарық түседі, әрі судың салыстырмалы төменгі температурасына қарамастан ( жылудың еруге кетуінің нәтижесі), мунда планктон дамиды. Бұдан кейін фитопланктонмен қоректенетін зоопланктон дамуының қысқа кезеңі түседі. Осы кезде субполярлық зонада көптеген балықтар ( сельд, треска, пикша, теңіз окуны т.б) жиналады.

Б).Қоңыржай ендіктерде ені жарты шарда судың күшті араласуы, жылу мен жарықтың жеткілікті мөлшері тіршіліктің дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасады. Бұл мұхиттың ең өнімді зоналары. Фитопланктонның максималды даму көктемде байқалады. Зоопланктонның мол болуы – балықтардың мол болуына ( сельд, треска, анчоус, албырт, сардина, т.б.) жадай жасалынады.

В) Субтропиктік және тропиктік ендіктерде мұхиттың бетіндегі судың жоғары тұздылығы болады, бірақ температура жоғары болғандықтан біршама жеңіл болып шығады, бұл араласуға бөгет болады. Қоректік заттарға бар бөлшектер кідірмей түбіне түседі. Қоңыржай зонаға қарағанда оттектен екі есе аз. Фитопланктон нашар дамиды, зоопланктон да аз болады. Субтропиктік ендіктерде су мейлінше мөлдір және интенсивті көгілдір түсті болады.

Экваторлық ендіктерде пассат ағысымен экваторлық қарсы ағыстардың шекарасында судың араласуы болады, сондықтан да бұл қоректік тұздармен оттегіне біршама бай келеді. Қоңыржай зонасының солтүстік мұхиттар шекарасы материктермен аралдар арқылы белгіленеді, су арқылы және бетінде паралельдермен немесе меридиандар арқылы бөлінеді.

Тест сұрақтары

Тақырыбы: Әлемдік мұхит

Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. Су өткізбейтін екі қабаттың аралығында жатқан жер асты суы

А)қабатаралық су

Б) пластаралық су

С) минералды су

Д) артезиан суы

Е) пластаралық су

2. Су буы қатты күйге айналатын температура

А)0С


Б) 10С

С) –100С


Д) 20С

Е) –50С


3. Жерге түскен жауын – шашынды өлшейтін құрал

А)гидрометр

Б) осадкометр

С) анероид

Д) барометр

Е) сыналық барометр

4. Өзендегі жыл бойғы су шығыны

А)Қатты ағын

Б) жылдық ағын

С) су шығыны

Д) баяу ағын

Е) межень(сабан)

5. Дүние жүзілік мұхит табиғат кешеніне жата ма

А)тек ішкі теңіздері ғана жатады

Б) жатпайды

С) Аралдар тобы ғана

Д) жатады

Е) тек оның жеке бөліктері жатады

6. Дүние жүзілік мұхит түбінің 70 пайызын альп жатқан

А) мұхит жазығы

Б) материк тік қайраң

С) материк тік беткей

Д) мұхиттық жота

Е) шұңғыма

7. Мұхит суында кездесетін балдырлар түрі (мың )

А)5


Б) 6

С) 7


Д) 9

Е) 10


8. Беткейлері ойыс ( батыңқы) етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.

А) астау тәрізді

Б) террасалар

С) жар қабақ

Д) каньон

Е) шатқал

9. Мұхиттағы су массаларының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын

А) мұхит ағыстары

Б) мұхит толқыны

С) цунами

Д) тайфун

Е) су тұздылығы

10. Сулары қоректік заттарға бай, сондықтан фітопланктон мен жоғары су өсімдіктері зор дамыған көлдер

А)евтрофты

Б) эдафикалық

С) мезотрофты

Д) олиготрофты

Е) дистрофты

10. Ар алас, жыл бойыншы құбылмалы стратификация қалыптасқан көлдер

А)Байкал, Ладога, Онега

Б) Балхаш, Зайсан, Марқкөл

С) Женева, Ыстықкөл, Оңтүстік Америка

Д) Канаданың, Сібірдің кейбір көлдері.

Е) жауабы жоқ

11. Микроскопты өсімдік және жәндік ағзалары, олар суда жүзбе түрінде, сумен бірге қозғалады.

А)планктон

Б) нектон

С) бентос


Д) нейстон


12. Өзен атыраулары нешеге бөлінеді

А)2


Б) 1

С) 3


Д) 4

Е) 5


13. Жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да құбылыстар кезінде пайда болатын көлдер

А)тектоникалық көлдер

Б) вулкандық көлдер

С) эолдық көлдер

Д) карстық көлдер

Е) бөгелген көлдер


Консультация

7– апта. Бағалау балы – 1,5

Тақырыбы: Әлемдік мұхит

Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік дамыған. Мұхиттың органикалық дүниесі 3 топқа бөлінеді. Бентос, планктон, нектоннан тұрады.



    1. Бентос: су қабатына ұзаққа көтеріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер ( өсімдіктер, құрттар, моллюскалар)

    2. Планктон- ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер (бактериялар, саңырауқұлақтар, су балдырлары, қарапайымдылар және т.б.).

    3. Нектондар- ұзақ қашықтыққа ер кін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).

Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200 метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін мұхит суының қабатын түгелдей мекендейді.

Құрлықтағы сияқты мұхитта бір организмдер неорганикалық заттармен қоректеніп органикалық заттарды- продуценттер, немесе, өндірушілер түзеді, екіншілері органикалық заттарды (тенсументтер немесе тұтынушылар) тұтыну есебінен өмір середі. Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты (protos-қарапайым, trofhe- жеймін). Микроорганизмдер, екіншісі-жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын ыдырататын, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жанкарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер- организмдер бар. Өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мұхитта молынан табылады. Слюда, фосфор мен азот қышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да алкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға тұзды шығарудың орсан зор маңызы бар. Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су балдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік торофилл тканьнан тұрады, осының арқасында көптеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан мұхиттағы өсімдік заттарының массасы өсімдіктермен қоректенетін және бірін-бірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келеді, ал құрлықта болса бұл одан көптеген мың есе артық.



Тест сұрақтары

Тақырыбы: Әлемдік мұхит

Түсініктеме: тест сұрақтарында жалпы жертану курсында өтілетін атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера секілді табиғат кешендері мен олардың құрылымы, құрамы, адамзатпен ара қатынасы т.б. тақырыптарға сәйкес сұрақтар берілген. Студенттер әр тақырып бойынша алған өз білімдерін осы тест сұрақтары арқылы анықтай алады.
1. Өзеннің су режимі нің қалыптасуында орман үлкен рөл атқарады

А) өсімдік жамылғысы

Б) жер бедері

С) климаттық жадай

Д) географиялық орны

Е) геологиялық орны

2. Солтүстік Мұзды мұхитының шұңғымалары

А)жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет